Тізбектер мен прогрессиялар тақырыбында элективті курс құрастыру


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Таңат Роза
«Тізбектер мен прогрессиялар» тақырыбында элективті курс құрастыру»
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5B012600 мамандығы - «Математика-физика»
Петропавл, 2022
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті
«Математика және информатика» кафедрасы
Дипломдық жұмыс
«__» 2022 жылы
қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі
А. А. Таджигитов
Дипломдық ЖҰМЫС
«Тізбектер мен прогрессиялар» тақырыбында элективті курс құрастыру»
5B012600 мамандығы - «Математика-физика»
Орындаған М(б) -15-қ
тобының студенті: Р. Таңат
Ғылыми жетекші
ф. м. ғ. к., доцент: А. А. Таджигитов
Петропавл, 2022
Аңдатпа
Бұл дипломдық жұмыста квадрат үшмүше туралы мәліметтер қарастырылады. Квадрат үшмүше түбірлері, көпмүшенің дәрежесі, коэффициент, Виет теоремасы, қысқаша көбейту формулалары. Толық шешімі бар мысалдар келтірілді.
Аннотация
В дипломной работе рассматриваются данные о квадратных трехчленах. А также корни квадрата трехчлена, степень квадрата, коэфициент, теорема Виета, краткие формулы умножения. Приведены примеры с подробным решением.
Annotation
In the thesis work examines the data on the squares of the three-member. The roots of the square of the three-member, the degree of the square, the coefficient, the Viet theorem, brief formulas for multiplication. Examples with a detailed solution are given.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕТізбектер тақырыбы ежелгі дәуірде пайда болды және математика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың аттарымен байланысты әртүрлі тізбектерді зерттейді. «Сандық тізбектер» тақырыбы негізгі мектеп бағдарламасына енгізілген және қарапайым сандық тізбектердің ішінде - арифметикалық және геометриялық прогрессияны зерттеуге баса назар аударылады.
Ал, нақты өмірде біз әртүрлі тізбектерді жиі кездестіреміз. Олардың көпшілігі басқа ғылымдарда қолданылады. Мысалы, Фибоначчи сандары ежелгі тарихтың хронологиясы мен периодталуында, сәулет, өнер, музыка, биология, астрономияда, бағаны болжау кезінде қолданылады, Грек вазалары мен спиральды галактикалардың пішінін, күнбағыс пен ұлулар үйінің құрылымын анықтайды, Фэн Шуйдің негізін құрайды. Бүтін сандар тізбегі бойынша Н. Слоунның анықтамасында 2300 бүтін сандар тізбегі жинақталып, ретке келтірілген, демек олардың қолданылу аясы өте көп деп айтуға болады .
Енді орта мектеп алгебрасы курсындағы «Арифметикалық және геометриялық прогрессия» тақырыбын алатын болсақ, бұл тақырыптар тізбектерден бөлек оқытылады, тек тоғызыншы сыныпта ғана және мектеп бағдарламасының басқа бөлімдерімен аз үндеседі. Бірақ, соған қарамастан, арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін шешу есептері мемлекеттік емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеулерінде жиі кездеседі. Оқушының білімі жеткілікті жоғары деңгейде болуы үшін прогресті зерттеуде оның танымдық белсенділігін арттыру қажет.
Геометриялық және арифметикалық прогрессиялар алгебраның мектеп курсында ғана емес, өмірде де өте маңызды рөл атқарады. Мұның маңыздылығы, бір қарағанда, мектеп курсының шағын бөлімінде және оның өмірде кең қолданылуында жатыр. Мысалы, химияда температураның арифметикалық прогрессиямен жоғарылауымен, ал химиялық реакциялардың жылдамдығы геометриялық прогрессия бойынша жоғарылайды.
Математикалық сауаттылық пәндері бойынша ҰБТ тапсырмаларында арифметикалық және геометриялық прогрессияларды қолдануға арналған есептер жиі кездеседі, бірақ мектептегі практикалық сабақтарға аз уақыт бөлінеді. Сондықтан, оқушы мектеп курсында бұрыннан белгілі болған материалды қайталай алатындай, тіпті көптеген жаңа және қызықты нәрселерді ала алатындай етіп осы тақырыптардың толық сипаттамасын беру өте маңызды. Бұл осы дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Бұл тақырыпты оқуға аз сағаттар бөлінген, сондықтан дипломдық жұмыста жасалған зерттеулер мұғалімдер мен оқушыларға ең маңызды бөлімдеріне тоқтауға көмектеседі, уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : «Тізбектер мен прогрессиялар» тақырыбын зерттеу әдістемесін жасау, осы тақырыптар бойынша элективті курс құрастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
1. Осы тақырып бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау.
2. «Тізбектер мен прогрессиялар» тақырыбын зерттеуге қажетті әдістемелік материалдың мазмұнын әзірлеу.
3. Сабақ өткізу және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен сабақ жоспарларын дайындау.
4. Гипотезаны және әдістемелік ұсынымның тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізу.
Қойылған міндеттерді шешу және бастапқы болжамдарды тексеру үшін келесі әдістер қолданылды:
1) нормативтік құжаттарға шолу (білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, бағдарламалар т. б. ) ;
2) қазіргі білім беру бағдарламасы бойынша тақырыпты ұсыну форматтарын талдау;
3) жүйелік әдіс;
4) оқыту құралдарын қалыптастырудың педагогикалық және әдістемелік әдістері.
Зерттеу объектісі - мектептегі математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні - Тізбектер ұғымын қалыптастыруға бағытталған мектеп математикасындағы «Прогрессия» тақырыбының сабақтарының мазмұны.
Практикалық құндылығы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz