Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра


ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы:«Әбіш Кекілбаев-қазақ дәстүрін дәріптеген қаламгер»
Секциясы: Әдебиет
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
2020-2021 оқу жылы
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Әбіш Кекілбаев-қазақ дәстүрін дәріптеген қаламгер
2. 2 Ұлтын сүйген жазушы
III. Зерттеу бөлімі
3. 1 Қаламгердің ырым тыйымға бағытталған туындылары
3. 2 Ә. Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесі
3. 3 Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
III. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Қазіргі уақытта адамгершілік қасиеттің таразыға түскен тұсында берер мағынасы мол екенін айта түсемін. Менің пайымдауымша жастарға үлгі болатын еңбектерін мейілінше мектеп оқулығына енгізе түссе нұр үстіне нұр болар деп едім . Осы жобаны жазар кезде көптеген ойыма түйген түйіндерім көп болды. Адамның адамгершілігі адамдығында екенін ұға түстім. Адамгер шілікті бойымызға дарыта түссек нұр үстіне нұр болар еді. Адамынан заманы озған тұста біз адами құндылықты жоғалтып алғандаймыз.
Аннотация
Я хотел бы сказать, что сегодня имеет большой смысл уступить равновесие морали. Думаю, было бы здорово, если бы молодые люди могли как можно больше включать свои образцовые работы в школьные учебники . . . Когда я писал этот проект, у меня было много идей. Я понял, что человеческая мораль в человечности. Это был бы свет, если бы мы внушили нам человеческий дух. Как будто со временем мы утратили человеческое достоинство.
Annotation
I would like to say that today it makes a lot of sense to yield to the balance of morality. I think it would be great if young people could include their exemplary works in school textbooks as much as possible . . . When I was writing this project, I had a lot of ideas. I realized that human morality is in humanity. It would be light if we instilled in us the human spirit. As if over time we lost our human dignity.
Зерттеудің мақсат-міндеттері:
Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы адами қасиеттерге бағытталаған шығармаларын зерттеу.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
- Жазушының қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
- Жазушы шығармалары бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
- Cыныптacтарыма «Әбіш шығармаларындағы адами құндылықтар» туpaлы aйту, iздeну жұмыcыммeн тaныcтыpу.
Зерттеудің болжамы:
Зерттеу жұмысы ұрпағын қарапайымдылық пен еңбекқорлыққа, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ыстық ықыласы мен шексіз қамқорлығын, өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігін үлгі еткен жазушының аманатын көкейімізге түйіп, көңілімізге бекіту.
Зерттеудің кезеңдері:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің өзектілігі:
Жазушының жанынан шыққан еңбектеріне қарап, қазақтың қаймағы бұзылмаған ырым тыйымдарын зерттеп, зерделегеніне таң қалып, таңдай қаға аламыз. Жазушының қай шығармасын, әңгімесін алсақ та, мән мағынаға ие . Кеңінен таразыланған, қамтылған
Зерттеудің жаңалығы:
Жазушы мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу. Жазушының жазу стиліндегі бір саның шығарма тақырыбына атау болуы, жазушының ерекшелігін көрсетеді.
І. Кіріспе
Сөз өнерінің қақпасын өлеңмен қағып, кейін көркем прозада әлемдік мәдениет қазынасына мол үлес қосқан Әбіш Кекілбаев қаламгерлік қуаты мол, кестелі сөз шеберлігі жоғары талантты тұлға, көп қырлы суреткер. Сөз өнерінің тізгінін ұстаған әрбір суреткердің ең асыл арманы мен мақсат-мүддесі өз халқын әлемге таныту болса керек. Бұл тұрғыда Әбіш борышы өтелген бақытты жазушының бірі. Оның қаламынан туған шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылды. Өз халқының талайлы тағдырын, жүріп өткен жолын, мұңы мен сырын, жаны мен арын, тұтас табиғатын төрткүл дүниеге танытты. Көрнекті жазушы Кекілбаевтың мұрасы - ұлттық интеллектуалдық қазынаға айналды. Бір ғана мысал, 1982 жылы әдебиеттің ғасырлық кезеңін саралап отыратын Еуропаның ұйымы шығарған «Соңғы жүз жылдықтың атақты жүз қаламгері» деген портрет-плакатта Толстой, Әуезов, Достоевский, Чехов, Маркес, Хемингуэй, Паустовский, Федин, Айтматов, Ғамзатов сынды әлемдік тұлғалар қатарынан Әбіш те орын алды. Немістің кітап баспасы жүргізген сауалнама-хаттамасында «XX ғасырдың таңдаулы жазушылары» тізіміне де енді. Сөйтіп таңдамалы туындылары әлем жазушылары мен сыншыларының назарын аударды, шоқтығы биік шығармашылығы жоғары бағаланды.
Әбіш Кекілбаев XX ғасырдағы қазақ қауымының, түркі әлемінің заңғар жазушысы, кешегі Мұхтар, Сәбит, Ғабит сияқты алдыңғы толқын жазушылардың мұрагерлерінің бірі, бұл күнгі қазақ әдебиетінің туын ұстаушылардың бірі, бірі болса бірегейі. Жұмекен Нәжімеденов 1968 жылы-ақ Әбіш туралы: «Ол - ақылдың, мол білімнің, терең сезімнің тұнбасы. Тұнба қашан да салмақты, қашан да баяу. Ол ақса ырғып ақпай- ды, ырғалып ағады, көпірудің орнына тұңғиықтана түседі. Алыстан орман ғып көрсетіп, жетіп келсең, бес түп ши тұратын сағым мінез оның талантына жат. Онда жалтылдап көрінетін жез -құбылмалылық жоқ. Ол көңілді арбайды, бірақ көзді алдамайды, ал шынайы өнердің асыл мұраты - сол, кімді де болса алдамау ғой. Алдамаған жерде ақиқат та бар» деген.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Әбіш Кекілбаев -қазақ дәстүрін дәріптеген қаламгер
Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Рухани жаңа кезең - 60-жылдарда әлемдік әдебиет Үлгілеріне көз тіге отырып, ұлттық мүделлі шығармашылық өмірлерінің күре тамыры етіп ұстанған талантты да сауатты жазушылардың алғы шебінде Әбіш Кекілбаев болды.
«Өзге замандас жазушылары секілді, Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі әдет-ғұрып, дәстүр-тағлымдарын егжей-тегжейлі, кейде қызыға суреттеуге құмбыл, ол көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына ерекше мән берді, бірақ арзанқол экзотика жетегінде кетпеді, сол детальдардың әлеуметтік- философиялық мән-мағынасына үңіліп, халық өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысты. Ол қазақ жерінің өзге аймақтарына ұқсай қоймайтын осы түбектегі өмір, тірлік, салт-сана туралы, ежелгі аңыз-әңгімелер, ата-бабалар тағдыры жайында, даланың қым-қуыт бояулары төңірегінде қызыға, қызына әңгімелейді екен. Болашақ жазушының сәби санасына жарық дүниенің сәулесі түсе бастаған тұс кешегі сұрапыл соғыстан соңғы жылдар еді. Шыбықты ат қып мініп шауып жүрген бала кешегі көшпелі елдің әлі қаймағы бұзылып үлгермеген жалпақ тілін құлағына құйды. Ескі ауылдың өзін көрмесе де, әлі өшіп, жойылып үлгірмеген жұрнағын көрді. Қыз ұзатып, бала үйлендірген; өлік жөнелтіп, шілдехана жасаған, той-тойлап, ас берген елдің қалың ортасында жүрді. Болашақ жазушысын ел ішінің алтын бесігі осылай асықпай тербете берді. Ал ол болса домбырадан дыбыс сауып, үн сауылдатқан бір тума күйшілер Мұрат, Шамұғұлдардың перне қуалап, шанақ бетінде ыршыған сері саусақтардың кірпік қақпай қадала отырып, ыңыранған сыңсыған күй астарынан қадым заман қойнауынан жеткен баба- лардың шерменде сырын тыңдай берді, тыңдай берді. Сол зор күрсініс шым-шымдап бойға тарап, шымырлап жүрегін торлады. Содан барып шығармаларына халық дәс- түрінің тағылымды тұстарын көптеп арқау ете бастады.
2. 2 Ұлтын сүйген жазушы
Қазақ бойынан тектілік көрсек, ол тектілігіміздің атадан балаға мұра болып келе жатқанының куәсі. Әбіш әлемі сол тектіліктің туы іспеттес бейне. Әбіш қазақтың рухын көтере отырып, барлық өмірін қазақтың қазақ екенін көрсете білуге арнады. Рухани жаңа кезең 60жылдарда әлемдік әдебиетіне көз салсақ, талантты, жан жақты, үнемі ізденісте болған тұлға Әбіш деп әбден айта аламыз.
Өзге жазушылар сияқты Әбіш Кекілбаев жазушымыз қазақтың түпкілігіне, ес кілігіне, құмбыл құбылыстарына, көшпенділер өмірін қазіргі бізге, әр деталіне басты назар аудара отырып жеткізе білді. Қазақ халқының басқа ұлтқа ұқса майтын ұяңдығын, кең жүректі қонақжай меірбандылығын, туған жерге деген махаббатының шексіздігін аша түсті. Жазушы өз өмірін яғни, соғыс атты сұм кезеңмен көзін ашқаны баршаға аян. Бүлдіршін болсада соғыстың соңғы жылдары ызғарлы екенін бастан өткерген еді. Сол уақыттағы халықтың құм қуыт тіршілігі ащы болып, күн көру күйі нашар болса да, арманына еш кедергі бола білмеді. Бірақ, қашанда, қандайда жағдай болмасын салт дәстүрді бағалайтын халыққа бұл кедергі бола білмеді. Адамгершілікті қашанда алғы шепке қойған қазақ қазақтығын жоғалтпағанының куәсі болды. Қарт ауылдың таңымен оянып, шыбықты ат қылып міне жүрген бала қиялы адамның адамды ғы адамгершілікте екенін санасына сіңіре білгенін көреміз. Адамгершілікпен қоса, қазақтың салт дәстүрін сақтай отырып, ырым тыйымның адам жанына қуаныш сыйлай білетінінің, болашаққа жақсы ниетпен қадам басатынының дәлелі екенін ұққан еді. Бір ауыз сөз адам жанына медеу бола біліп, арманына қанат бітіретін жазушы жаны түсінді. Сол уақыттағы сөз саптауы бөлек, жаны жайсаңдардың жанында жүріп, адамның бойындағы ізгі қасиет адамгершілік екенін бала қиялы қорытындылады.
III. Зерттеу бөлімі
3. 1 Қаламгердің ырым тыйымға бағытталған туындылары
Жазушының жанынан шыққан еңбектеріне қарап, қазақтың қаймағы бұзылмаған ырым тыйымдарын зерттеп, зерделегеніне таң қалып, таңдай қаға аламыз. Жазушының қай шығармасын, әңгімесін алсақ та, мән мағынаға ие . Кеңінен таразыланған, қамтылған. Барлық еңбектерін ақтар отырып, мына бір әңгімесіне тоқтала кетуді жөн көрдім. Шағын әңгіменің арқауы қазақтың ырымға деген сенушілдігінің, ырым арқылы болашақты болжай білгенінің, жанына медеу бола түскенінің куәсі. Қазақ ырым тыйымдары қазіргі уақытқа дейін сақталып келеді. Ырыммен біз өмірімізді өлшейміз. Жазушы сол ырымның қазақтың қанына сіңген әдет екенін көрсеткісі келгендей. Көрсетеде білді. Сол әңгіменің бірі Тасбақаның шөбі әңгімесінен көруге болады. Әлі жетіле, толыса түспеген бала қиялымен адамды алға жетелей түсетін, арманға жол ашатын ырымды ұштастыра байланыстыра түскен. Әңгімені оқи отырып, ырымның адамға тигізер пайдасының мол екенін аңғаруға болады. Әңгіме шағын болсада мағынасының мол екені аңғарылады. Әңгімеде арқау болған ырым, қазақтың біте қайнасқанының көрінісі. Тіршілік иесімен адамзатты байланыстыра білген. Табиғатқа жанашыр болудың жолын дәріптеген. Тіршілік иелерін сақтап, қорғай білген адамзаттың алдынан жақсы жол ашылатынын баса айта білген. Табиғаттың адамға берер тағылымы мол екенін ырыммен байланыстырған. Адами қасиет, адамды адам қылатын адамгершілік жайлы кеңінен айтылған.
Жазушының тағы бір әңгімесіне тоқтала кетсек, бұл әңгімеде мән мағынаға толы. Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді көрсете отырып, келер ұрпаққа паш етті. Тағы бір әңгімесіне тоқтала кетсек, адамгершілік жайлы айтылған. Керек адам яғни, адамның адамға жақсы қасиетпен керектігі. Адамда туа біткен, жүре пайда болатын қасиеттердің жаңарады. Сол арқылы түсінігін қалыптастырады. Адамның адам болып туылып, адам болып өтуін насихаттаған. Адамгершілік асыл қасиет. Адамгершілік рухани тәрбие. Адамгершілікті осы әңгімеге арқау еткен. Адмгершілікке, қайырымды лыққа тәрбелеудің осы әңгіме мысалы дерсіз. Адам адамға керек. Не үшін керек деген әлбетте бізге ой туады. Адам адамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені адамның күні адаммен деп айтар едім.
ІІІ. Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz