Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Жамбыл облысы Қордай ауданының білім бөлімі

№20 Алмалы орта мектебі

Тақырыбы : «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар»

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық

Орындаған: Ерікова Ләззат - 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: Нуралиева Назира



Қарасай батыр ауылы -2018 жыл

Мазмұны

1. Абстракт (аннотация)

2. Кіріспе

3. Негізгі Бөлім

3. 1 Әбіш Кекілбаев- өмір жолы

3. 2 Қызмет жолындағы өмір

3. 3 Қаламгердің қазыналы туындылары

3. 4 Үркер романы туралы . . .

4. Қорытынды

5. Пайдаланған әдебиеттер

Абстракт

Оқушыларға арналған ғылыми жоба тақырыбы «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар»

Бұл тақырыпты алуымның мақсаты: Əбіш Кекілбай сынды жазушының шығармаларымен таныса зерттей отырып, еліміздің тарихы жайлы ой қозғау. Бұл жобаның мазмұнында бүгінгі ұрпақ қазақ елінің өткен тарихы жайлы, туған елі жайлы не біледі деген сұрақ туындайды. Жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты арнасы- туған халқымыздың əдебиетін тереңірек зерттеу, жұмыстарын жүргізе отырып, болашақ құрпақтың бойында туған елге деген патриоттық сезім қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні елбасы «Рухани жаңғыру- Болашаққа бағдар» атты мақаласының өзі үшінші жаңғыруға бет алып отырғанымыздың дəлелі. Туған елінің тарихы үшін алаңдап өткен жазушының əдебиеттен алатын орны ерекше деп білеміз. Ғылыми жоба аясында көп ізденуді, зерттеуді талап ететін ауқымды іс-шараларды оқушылар мен бірлесе отырып күш салдық. Зерттеу кезеңінде материалдарды ғаламтор көздерінен, түрлі əдістемелік құралдар мен əдебиет кітаптарынан алуды жөн көрдік. Бұл зерттеудің біз үшін маңыздылығы көп ізденуді талап етті. Оқушылар зерттеуге қатыса отырып қыруар материал жинақтап, өз білімдерін жетілдіре түсті. Ғылыми жобаны аяқтай отырып, жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы аса маңызды болды деп есептеймін. Осы жобаны қолданбалы курстарда қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге қолдануға ұсына отырып, бұл жобаның қаншалықты маңызды және тиімді екеніне көз жеткіздім. Нәтиженлі жоба әрдайым өз жемісін береді деп сенеміз. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігінің арқасында жұмыс нәтижесін көріп отырмыз. Ғылыми жобалар бұл күнде оқушыларда ерекше қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан да алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын одан ары жалғастырамыз, оқушы сұранысын қанағаттандырамыз. Зерттеудің мақсаты: Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмір жолымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, адам жанын ізгілендіру,
қазақ халқының туған елінің тарихын кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат мұрасы жайлы зерттеу жүргізу арқылы, өз заманының жанашыр қаламгері Әбіш Кекілбай болғанын түсіндіру, өз өмірін елінің туған жерін, тарихын жазуға арнаған тұлға ретінде, қаламгер ретінде көрінуі, әдебиет сахнасынан алатын орны ерекше екені көзделді.

Жазушының дүниедегі ең жақын бауыры - оқырман. Бар жан сырын тек оған сеніп айтады.

Жазған-сызғанымның бас-аяғын түгендеп алдарыңызға ұсынып отырмын. Көңілдеріңізге қонып жатса шексіз қуаныштымын”

Абстракт

Научный проект для учащихся по теме «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар»

Выбрал эту тему для того чтобы, изучая творчество писателя Абиша Кекилбаева, поделиться размышлениями об истории народа В основе содержания проекта возникает вопрос, что знает наше поколение об истории народа, о родной земле. Писатель всегда выражал мысли и чаяния народа. Исследуя его произведения молодежные люди всегда должны помнить о его безграничном вкладе в духовное развитие казахского народа и знакомясь с творчеством пробуждать в себе патриотические чувства, любовь к родной земле. Всегда мудрый и думающий о истории своего народа, он являлся не только выдающимся писателем, но и политиком, настоящим гражданином своей страны. Работая над проектом, нам пришлось много искать, узнавать о жизни и творчестве писателя. Исследуя жизнь и творчество нам пришлось обращаться к интернету и художественной литературе. Изучили огрмное количество материала о нем, с каждым разом расширяя. Работу над проектом, считаю мы проделали большую работу, это видно по результату нашей работы. Этот проект могут использовать и литературы на курсах прикладной это доказывает всю значимость и важность проекта. В данное время многие ученики проявляют интерес к таким проектам. Поэтому в будущем мы продолжим работу над проектом, чтобы удовлятворить интересы учащихся. Цель исследования изучить историю казахского народа оставить для будущего поколения о выдаюющемся писателе казахского народа который внес неоценимый вклад в культорное и духовное развитие будет расти на его произведениях. Любовь к своей родине и народу живет во всех его произведениях.

Abstract

The theme of the scientific project is «The hative land is holy, The owner of the talent land»

The Aim of my chosen theme is to theme is to think about our country`s history by researching creativity of the Famous writer Abish Kekilbei. This project`s content is to show for our generation the Kazakh people`s history The main

Кіріспе

Әбіш Кекілбаев- әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Ол 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

Әр шығармасын жүрегінің қанымен жазып, елінің абызы биігіне көтерілген ғұлама, бүгінгі қазақ әдебиетінің құзар шың қаламгері Әбіш Кекілбаев - Хан тәңірі сынды. Ұлы Абайының Қарқара, Мұхтарының кестелі сөздің мұзарты Ғабитінің мақтауын жеткізіп болған қазақ, қазақ әдебиеті енді солар арқылы мақтанып жатса, сол биік деңгейді аласартып алмау жолында аянбай күрес салып келе жатқан жанқияр жалғастықты күйттейтін күштер арасынан алдымен Әбішін атайды. Атайтыны - солардан қалған ұлы өнегені айнымай әспеттеп жүрген адал шәкірт, абзал мұрагер де - Әбіш. Бітім болмысы өзге қаламгерге ұқсамаған, бәдені бөлек, бәсіресіне бәс жок, бірегей тұлға.

Әбіштің қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп - тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы - халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. Қазақтың атбегілеріне арнаған шығармасы қандай болса, «Автомобиль» де сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады. Өндіріс пен геология тақырыбына жазған шығармаларында да - «Ұйқыдағы арудың оянуы», т. б. - халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш - барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы.

Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен саяси қызметі

Әкесі Кекілбай соғыстан оралмаған. Әбіш анасы Айсәулемнің қолында өседі. Бала күнінде көргенінің бәрі оның жазушы болуына әсер етеді. Қиялшыл бала мектепке бармай тұрып сауат ашады. Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында жалғасады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитенінің мақтау қағазымен марапатталады. Кейін мектепті тәмамдаған соң 1957 жылы қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі.

Жұбайы Клара мен мектеп қабырғасында танысады. Жұбайының мамандығы дәрігер. Бүгінде 2 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп отырған ана.

Әбіш Кекілбайұлы - ақын, прозашы, драматург, әдебиеттанушы, сыншы, тарихшы, философ, сценарист, энциклопедист, өлкетанушы, жаратылыстанушы, дінтанушы, өнертанушы, аудармашы, редактор, депутат, аса көрнекті мемлекет қайраткері. Тәуелсіздікке тізесі бүгілгенше қызмет еткен азамат. Бір адамның бойына осыншама білім мен білікті, ой мен зейінді кім берді деген сұрақ көп жанның қызығушылығын тудыратыны рас.

Газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып, киностудияда бас редактор, Қазақ ҚСР Мәдениет министрінің орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Әбіш «Құрмет белгісі» (1989), «Отан» (1999), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2004) мемлекеттік наградаларымен, «Содружество» (2003) орденімен, сондай-ақ төрт медалмен марапатталды. 1987 жылы Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының, 1995 жылы Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, 2009 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атанды.
1990 жылғы сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының үлесіне еліміздің егемендігі туралы тұңғыш Декларация, бір жылдан кейін мемлекеттік Тәуелсіздік туралы, тілдер туралы заңдар, тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясын қабылдау бақыты тиді. Міне, осы тағдырлы шешімдерді талқылау, қабылдау барысының ең кереғар пікірталас додасының дәл
ортасында Әбіш Кекілбаевтың нанымды деректері мен ұтымды, өтімді сөздері депутаттарды тек ымыраға келтіріп, бір ауыздан дауыс беруге жұмылдырып қана қоймай, Жоғарғы Кеңестей мемлекет институтының мәртебесін, беделін халық алдында көтеріп отырды. Ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Бостандық ұлтты бодандықтан да қатты сынайды» деп, осынау ұлтымыз ішінде жас тәуелсіз мемлекеттің Ақордасының керегесі кең, уығы тең, шаңырағы биік болуына Елбасымен бірге барлық күшін жұмсады.
2015 жылғы 10 желтоқсанда 76 жасында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев кенеттен қайтыс болды.

Қаламгер шығармашылығы

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды. 1962 жылы «Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Содан бергі уақытта проза, әдеби сын, көркемаударма, көсемсөз, драма, көркем аударма саласында жемісті еңбек етіп келеді. Таңдамалы шығармаларының он екі томдығы, көсемсөздері мен сұхбаттарының, замандастары туралы толғаныстары мен мезгіл мінберінен сөйлеген сөздерінің бес томдығы жарық көрді.

Жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты арнасы-халық тарихы. Қаламгердің халықтың өткен тарихы туралы «Күй», «Ханша Дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәйгеторы» секілді орта көлемді эпикалық шығармалары мен «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдары, «Абылай хан» пьесасы -қазақ әдебиетінің елеулі жетістіктері. «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) тарихи романдар циклі үшін жазушыға 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол Қазақстанның Халық жазушысы.

«Үркер», «Елең-алаң» романдарының тақырыбы мен идеясы туралы әдебиеттану ғылымын да кеңестік дәуірде қалыптасқан пікірлер бар. Ол пікірлер бойынша, «Үркер» мен «Елең-алаң» тақырыбы - Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы - Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. Романда суреттелетін оқиғалардың қалың тобын саралағанда, бұл пікір дұрыс. Бірақ мынаны ескеру керек: «Үркер» мен «Елең-алаң» - тарихшындығын, адамсырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кеңқұлашты күрделі романдар. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның бір ғана тақырыбы, бір ғана идеясы болуы шарт емес. Шығармада негізгі тақырып пен идеяны толықтырып тұрған басқа да көптеген жеке тақырып, қосымша идеялар бар. Қазақстанның Ресейге қосылуы - сол тақырыптардың бірі, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы - сол идеялардың бірі. Күрделі шығармадағы әр алуан жеке тақырыптардың басын біріктіріп, бір бүтін күрделі болмыс деңгейінде тұтас қан өмір құбылыстарының тобы - оның негізгі тақырыбы. Осы тұрғыдан келгенде, мынадай тұжырым жасауға болады: «Үркер» мен «Елең-алаң» романдарының негізгі тақырыбы - қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы - ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі.

Автор тарихи кезең оқиғалары арқылы кейіпкерлерінің психологиясын, ішкі және сыртқы саясат бағыттарын бағдарлау, таразылау қабілетінің ауқымын танытады. Тарихи оқиғалардың түпнегізінде жатқан көкейкесті ой-мұраттардың ерекшелігін, жеке адам мен тарих арасындағы қатынастың саяси-әлеуметтік және психологиялық алғышарттары мен нәтижелерінің сырларын танытады. Соған орай, тарихи оқиғалар мен өзектес, тамырлас алуан сипаттағы саяси-әлеуметтік құбылыстар және қаһармандардың іс-әрекеттерінің түпнегізінде жатқан объективтік, субъективтік мүдделер романның тақырыптық-идеялық өзегіне айналады. Шығарманың тақырыптық-идеялық бітімі саяси-әлеуметтік мазмұн тереңдігі мен ерекшеленеді.

«Үркер» мен «Елең-алаң» романдарының композициясы күрделі. Композиция дегеніміз - көркем шығарманың мағыналық-құрылымдық жүйесі деген түсінікті білдіреді. Роман композициясының ерекшелігін сипаттайтын екітүрлі тәсіл бар: а) оқиғалар ағынын хронологиялық кезеңімен баяндау; ә) оқиғалар ағынын Әбілқайыр ханның ой сарабына салып суреттеу. Кейінгі жағдайда оқиға желісі Әбілқайыр ханның өткенді еске алған монологі арқылы тартылады. Осы екі тәсілдің ретті қайталануы шығарманың мазмұнын пішінге көшірудің, басқаша айтқанда, композиция түзудің үлгісі болып табылады. Романға арқау болған қат-қабат, шытырман оқиғаларды осындай тәсілде кезең-кезеңімен, рет-ретімен белгілі бір құрылымдық жүйеге түсіруде өлшемді, мөлшерлі үйлесім бар. Ол -жазушының келісті композиция түзудегі шеберлігінің нәтижесі.

Тарихи тұлғалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Қазақ әдебиеті
Әбіш Кекілбаев прозасы
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz