Басты сот талқылауының ашылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы
Тақырыбы: Басты сот талқылауының жалпы шарттары
Орындаған: Юп-17-5 студенті
Таңатаров Б.Е.
Рецензент: доц. Алибеков С.К.
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Жалпы сот талқылауының түсінігі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .5
Сот талқылауының құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Сот процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру ... ... .19
2.2 Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардың
қарсылық білдіру құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Сотта қылмыстық іс жүргізу табиғатына зер салсақ, оны қозғалыс , іс-қимыл, даму деп түсінілетін процесстен бөлежарып қарауға болмайтынын көреміз. Демек, қылмыстық процесске реттелген үйлесімді жүйесі бар серпінділік тән. Әрбір ісқимылдың қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жалпы құрылымында өз мәні мен орны бар. Іс - қимылдар белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді көздейді. Алайда, мақсаттар мен міндеттерге процесске қатысушылар - өзіндік құқықтар мен міндеттер иелерінсіз жетуі мүмкін емес.
Әдiлеттi сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (өз бостандығын), сот және заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізінде әрекет етеді. Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды.
Сотталки лауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізі қаланған және заңды үкім шығара білуі керек.
Қылмыстық сот процесін жүргізу соттардың жұмыс жасау уақыты шектелмейді.
Сот шешімі - қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу, алдын ала тергеу жұмыстары, алдын ала тыңдауға арналған дайындық және белгіленген жұмыстарды тындау, басты сот талқылауы, апелляциялық іс жүргізу, үкімді орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің негізгі сатыларының бірі.
Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап, оған сай жазасын береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Қазақстан Республикасының ҚР ҚІЖК - нің 40 - тарауы, яғни басты сот талқылауының жалпы шарттарында талқылауды басынан соңғы сатысына дейін арналған.
Басты сот талқылауының жалпы шарттарымен, қылмыстық заңмен бекітілген нормаларымен істің мән - жайын ашып, ерекшеліктерін анықтайды, олар тұрақты және барлық қылмыстық іс жүргізудің алғашқы кезеңін өзгеріссіз қалдырады.
Басты сот талқылауының ашылуы. Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын сондай - ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.
Сот шешімі - қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу жұмыстары алдын ала тындауға арналған дайындық және белгіленген жұмыстарды тындау бас сот талқылауы апелляциялық іс жүргізу үкімді орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің негізгі сатыларының бірі.
Істі жүргізу сатысында көп қылмыстық істер қаралып шешіледі; жанжақты орындалады: қылмыстық іс объективті және толық зерттеледі; кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы туралы: сондай - ақ сезіктіні айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екені анықталады. Көрсетілген әрекеттердің барлығы да қатаң колетитуциялық принциптер бойынша жүргізілуі тиіс.
Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап оған сай жазасын береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
1 СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Жалпы сот талқылауынын түсінігі мен мағынасы
Сот отырысы тағайындалғаннан кейін қылмыстық іс сот тақылауы сатысына өтеді.
Сот талқылауы - сотталушыны кінәлі деп тану және оған қылмыстық жазалау шарасын қолдану үшін оқиғалық және заңды негіздердің бар немесе жоқ екендігін анықтау бойынша соттың басты рөл атқаруы негізінде, оның қатысушыларының құқықтық қатынастары мен қызметінен құралатын қылмыстық процестің сатысы болып табылады.
Сот талқылауы - қылмыстық сот өндірісінің негізгі және басты сатысы. Оның барысында тұтастай алғандағы қылмыстың процестің қорытынды міндеттері шешіледі.
Сот талқылауының басты міндеті қылмыстық істі дұрыс және әділетті негізінен шешу. Сот үкімінде сотталушының кінәлі немесе кінәлі емес екендігіне оған жазаны қолдану немесе қолданбау туралы сұрақтарға тиісті жауабы берілуі тиіс.
Мемлекет пен сотталушының арасындағы қылмыстық - құқықтық қатынас, яғни мемлекеттің заңмен бекітілген тәртіпте сотталушыны кінәлі деп тануға және әділетті жазалауға деген құқығы, оның белгілі бір құқықтық шектеулерге ұшырауы туралы тартысы сот талқылауының негізгі пәні немесе нәрсесі болып табылады.
Сот талқылауы сатысының әлеуметтік - құқықтық маңызы мыналардан өз көрінісін табады:
Біріншіден, қылмыстық сот өндірісінің нақ осы сатысында процестің қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиісті дәрежеде қорғау қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, осы сатыда сотталушы мен мемлекеттің арасындағы қылмыстық құқықтық дау негізінен өзінің шешімін табады.
Үшіншіден, қарастырылған сатыда азаматтарды отандық заңдарды бұлжытпай орындау рухында тәрбиелеу міндеті барынша толық және айқын жүзеге асырылады.
Төртіншіден, сот талқылауы сатысы заңдарды нақты бұзатын және бұзуы ықтыймал тұлғаларға өте тиімді алдын алушылық ықпал ете алады.
Сот талқылауының барысында қылмыстық сот өндірісінің барлық қағидаттары барынша айқын және толық өз көріністерін табады. Осы сатының шеңберінде олар айрықша қоғамдық маңызға ие болады, ал олардың кейбіреулері өздеріне тән ерекшеліктермен әрекет жасайды деп айтуға болады. Бұл жағдайды өзінің мазмұны бойынша материалдарды сотқа дейінгі дайындау шарттарынан айырмашылықтарға ие болатын сот талқылауының жалпы шарттарымен түсіндіруге болады.
Сот талқылауының жалпы шарттары - заңмен бекітілген және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына негізделген, сот талқылауы сатысының мәнісі мен табиғатын сипаттайтын ережелер немесе шарттар болып табылады.
Құқықтық әдебиеттерде әдетте осы шарттардың қатарына төмендегілерді жатқызады:
1) сот талқылауының тікелей болуы (ҚПК-нің 331 б.);
2) сот талқылауының ауызша болуы (ҚПК-нің 331 б.);
3) сот талқылауының үзіліссіздігі (ҚПК-нің 331 б.);
4) сот құрамының өзгертілмеуі (ҚПК-нің 332 б.);
5) сот талқылауына төрағалық етушінің басшылық жасауы (ҚПК-нің 334 б);
6) сот талқылауына қатысушы тараптардың дәлелдер ұсыну құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету (ҚПК-нің 334-бабы);
7) сот талқылауына қатысушылардың кең шеңбері (ҚПК-нің 335, 336, 337, 338, 339 б.б.);
8) сот талқылауының шегінің болуы (ҚПК-нің 340 б.);
9) заңмен бекітілген процедуралардың және соттың іс-әрекеттері мен шешімдерінің процесуалдық нысандарының сақталуы.
Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы - сот талқылауында барлық дәлелдер тікелей, яғни аралық сатыларсыз зерттеледі дегенді білдіреді. Бірінші сатыда істі негізінен қарайтын сот сотталушы адамның, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдауға, сарапшылардың қорытындыларын жария етуге және зерттеуге, заттай дәлелдемелерді тексеруге, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуға, заңда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, дәлелдемелерді зерттеу жөнінде басқа да сот іс - әрекеттерін жүргізуге міндетті болып табылады (ҚПК-нің 350 б.). Сот талқылауының ауызша болуы дегенді қылмыстық істі сотта талқылауға қатысты барлық мән - жайлар негізнен ауызша сөйлеу арқылы жүргізіледі, жазбаша құжаттар міндетті түрде жарияланады деп түсіну қажет.
Сот талқылауының үзіліссіздігі ретінде - сот талқылауының демалыс үшін белгіленген уақыттан басқа үзіліссіз жүргізілуін және нақ сол істі қарап жатқан судьялардың сол істі қарап болмайынша, басқа істерді қарауына жол берілмейтіндігін атап көрсетуге болады.
Сот құрамының өзгертілмеуі - істі бір судья немесе судьялардың сол бір құрамы қарауы тиіс. Егер судьялардың бірінің сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкін болмаған кезде ол басқа судьямен ауыстырылады, ал істі талқылау ҚР ҚПК-нің 333 бабында көзделген жағдайларды қоспағанда қайтадан басталады (ҚПК-нің 332 б.). ҚР ҚПК - нің 333 бабы бойынша талқылау үшін ұзақ уақытты қажет ететін істі алқалы қарау кезінде запастағы судья тағайындалуы мүмкін. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешім қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бірі шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл жағдайда істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы судья судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына кірген кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Сонымен бірге, шығып қалған судьяның орнына кірген запастағы судья кез келген сот әрекетін жаңартуды талап етуге құқылы.
Сот талқылауына төрағалық етушінің басшылық жасауы оның әділ соттың мүддесінде объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының тендігін қамтамасыз етуі үшін заңда бекітілген барлық шараларды қолдануынан, істің жай-күйін жан-жақты және толық зерттеу үшін қажетті жағдайлар жасайтындығынан көрініс табады. Сот талқылауына төрағалық етуші сондай - ақ сот отырысы күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді. Сот талқылауынан іске қатысты емес нәрселердің бәрін алып тастай отырып, сот процесінің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз етеді (ҚПК-нің 334 б.).
Сот талқылауына қатысушылар құқықтарының теңдігі тараптардың (айыптаушы, сотталушы, қорғаушы, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері) дәлелдер ұсыну, дәлелдерді зерттеу және мәлімдемелер жасау барысында тең құқықтарға ие болатындығынан көрініс табады.
Сот талқылауына қатысушылардың кең шеңбері оның шарты ретінде, жария сот өндірісінің барысында барлық мүдделі тұлғалар, сондай-ақ көрсетулері, қорытындылары, жазбаша құжаттары дәлелдеу құралы бола алатын өзге де тұлғалар оған қатысады алады дегенді білдіреді.
Сот талқылауына қатысушылардың арасында тек мемлекеттік айыптаушы, сотталушы, оның заңды өкілі және қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың заңды өкілдері және шарт бойынша өкілдері болып ғана қоймайды, сонымен бірге сарапшылар, мамандар, куәлар, сот отырысының хатшысы, сот приставы және өзге де тұлғалар да болады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауына қатысуға кәмелетке толмаған сотталушы оқыған немесе жұмыс жасаған кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның, кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияның және инспекцияның, ал қажет болған реттерде өзге де ұйымдардың өкілдерін тартуға сот құқылы.
Сот талқылауының шегі - қылмыстық істі қараудың шекарасы болып табылады. Қылмыстық істі сотта талқылау тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі (ҚПК-нің 340 б.).
Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол беріледі. Егер айыптауды өзгерту сотталушының қорғануға деген құқығын бұзатын болса, сот істі қосымша тергеуге жібере алады. Егер басты сот талқылауы барысында алдын ала тыңдау сатысында бастапқы айыптауды негізсіз өзгертуге байланысты айыптауды неғұрылым ауыр айыптау етіп өзгерту қажет болса, онда істі тағылған айыптау шегінде қарау үшін сот айыптаушы тараптың бұл жөніндегі өтініші бойынша, процестің басқа қатысушыларының пікірін ескере отырып, сот талқылауын жеті тәулікке дейін мерзімге кейінге қалдыра отырып, істі жаңадан алдын ала тыңдау өткізе алады.
Егер айыптауды өзгерту сотталушының жауаптылығын ауырлататын бөлімдерін немесе белгілерін алып тастаудан көрініс табатын болса, сот істі талқылауды жалғастыруға құқылы.
Заңмен бекітілген процедуралардың және соттың іс - әрекеттері мен шешімдерінің процесуалдық нысандарының сақталуы - дегеніміз сот заңмен бекітілген ережелерді қатаң басшылыққа алуы тиіс және өзінің іс-әрекеттері мен шешімдерін тиісті процесуалдық нысанда рәсімдеуі тиіс дегенді білдіреді. Заңда бектілген ержелер бойынша сот талқылауы кезінде сотпен шешілетін барлық мәселелер бойынша сот ұйғарым (немесе қаулысы) шығаруы тиіс.
Істі қосымша тергеуге жіберу, істі қысқарту, бұлтарпау шарасын таңдап алу, өзгерту немесе күшін жою, бас тартулар туралы, сараптама тағайындау туралы сот шешімдері және жеке ұйғарымдар кеңесу бөлмесінде шығарылады және сот құрамының барлық мүшелерінің қолы қойылған жеке құжаттар ретінде жасақталады.
Бұлардан өзге барлық ұйғарымдар мен қаулылар соттың (немесе судьяның) қарауы бойынша жоғарыда көрсетілген тәртіпте немесе судьялардың сол жерде кеңесуінен кейін қабылданған шешімді сот талқылауының хаттамасына енгізу жолымен шығарылады. Сот талқылауының барысында шығарылған ұйғарымдар (немесе қаулылар) жариялануы тиіс.
Әрбір сот отырысында хаттама жүргізіледі және хаттама ҚР ҚПК-нің 347 - бабының талаптарына сай болуы тиіс. Сонымен бірге сот талқылауының хаттамасы аса маңызды іс жүргізу құжаты екендігін және ол заң талаптарына қатаң сай жасақталуы тиіс екендігін естен шығармау қажет.
Сот талқылауының хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
а) сот отырысының орыны және уақыты оның басталу және аяқталу уақыты көрсетіле отырып қандай істің қаралып жатқаны;
ә) соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сот шақырған басқа да адамдар;
б) сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы;
в) соттың әрекеттері жүргізілу реттері бойынша;
г)іске қатысатын адамдардың арыздары, қарсылықтары және өтінішхаттары;
д) соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарған қаулылары;
е) қаулылардың кеңесу бөлмесінде шығарылғанын нұсқаулар;
ж) іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені;
и) айғақтардың егжей - тегжейлі мазмұны;
к) сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары;
л) сот отырысында жүргізілген қарап-тексерулердің және дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі басқа әрекеттердің нәтижелері;
м)іске қатысатын адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерді нұсқау;
н) тараптардың сот жарыссөзінде сөйлеген сөздерінің және сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны;
о) үкімнің жарияланғаны және оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы белгі.
Сот талқылауының кезінде жауап алудың дыбыс-бейне жазбалары қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда фонограмма сот талқылауының хаттамасына тіркеледі. Заңда бекітілген талап бойынша хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін - бес тәуліктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған төрағалық етуші мен хатшы қол қоюға тиіс. Сонымен бірге төрағалық етуші процесс қатысушыларының хаттамамен танысуына мүмкіндік жасауы тиіс.
ҚР ҚПК-нің 348-бабына сәйкес тараптар және басты сот талқылауында жауап алынған адамдар басты сот талқылауының хаттамасына бес тәулік ішінде ескертулер беруге құқылы. Сот талқылауының хаттамасына берілген ескертулер төрағалық етушімен, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) бойы болмаған кезде осы соттың судьясымен қаралады, ол ескерту берген адамды нақтылау үшін шақыртуға құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша судья олардың дұрыстығы немесе оларды қабылдамау туралы уәжді қаулы шығарады. Хаттамаға жасалған ескертулер және судьяның қаулысы сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы әділеттілік тек әділ сот арқылы ғана жүзеге асады. Әдiлеттi сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап коймайды сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын) сот және заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізінде әрекет етеді. Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда қылмыстық жазаға тартылып негізсіз айыпталмайды.
Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес сонымен қатар алған білімін іс жүзінде жүзеге асыруға жеке істерінде алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастыру басты сот процесін білікті өткізу екі жақтың өтініштерін дұрыс шешу қорытынды кезеңде негізі қаланған және заңды үкім шығара білуі керек.

Қазақстан Республикасының ҚР ҚІЖК - нің 40 - тарауы яғни басты сот талқылауының жалпы шарттарында талқылауды басынан соңғы сатысына дейін арналған. Басты сот талқылауына мыналар жатады:
дайындық бөлімі
сот тергеуі
сот жарыссөзі
сотталушының соңғы сөзі
үкім шығару
Сот талқылауының тікелей болуы сот іске қатысы бар адамдардың барлығын тыңдап дәлелдерді жариялауы тиіс. Сот отырысы кезінде келтірілген дәлелдердің негізінде ғана сот үкім шығара алады. Сот төрешісі тек материалдық дәлелдемелермен және басқа да іс хаттамасымен танысып қана қоймайды сонымен қоса ол міндетті түрде оларды қарауға сотталушылардан жәбірленушілерден жауап алуға сараптыларды тыңдауға хаттамалар мен езге де құжаттарды тексеруі тиіс. Соттың өзімен зерттелмеген және хаттамада көрсетілмеген дәлелдерге сот жүгіне алмайды.
Сондай - ақ жәбірленушіден куәгерден заңсыз салынған мәлімдемелері қабылдауға жіберілуі мүмкін ал егер сот құрамы өзгертілген жағдайда сот отырысында алынған дәлелдер үкім шығаруға негізсіз себебі сот талқылауы сот әрекетін жаңадан төрағалық етушіні сот төренісін прокурорды қорғаушыны және басқаларын таныстырудан бастауы керек.
Ауызша түрде жауаптармен тергеу жұмыстарының хаттамасы тексеру актілері өзге де құжаттарды тексеру жұмыстары сот талқылауының басты шарттарының бірі. Сот міндетті түрде сотталушыдан жәбірленушіден куәгерден жауап алған кезде ауызша сұрақ қойып одан жауапты ауызша алып оны ауызша талқылайды. Сонымен қатар процестегі жекеленген істер жазбаша орындалады.
Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы сот отырысына қаты сын стырғандардың іс жөнінде заңда көрсетілген дәлелдеуге негіз болатын мәлімдемелер мен дәлелдерге қанық болады. Бұл - куәгерлердің айыпталушының жәбірленушінің және басқаларының жауаптары. Тек ерекше жағдайларда ғана яғни ҚР ҚІЖК - нің 353 - бабында көрсетілген жағдайда ғана олардың айғақтары жария етілуі мүмкін.
Жариялылық - бұл сот талқылауындағы сөз бостандығы. Сот отырысына халықтың қатысуына сот процесінің жүруіне естігендері мен көргендер жайлы бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісуге болады. Сот кеңесінен басқа процестің барлығы да жариялылық принципі негізінде жүзеге асады.
Сот талқылауының үзілмеуі басталған іс жөнінде шешім қабылдамайынша сот басқа іске көшуі мүмкін емес. Жан - жақтылық сот тергеуі істің барлық мүмкіндіктерін айыпталушыны әшкерелейтін де ақтайтын да шараларды тексеруі тиіс.
Істің толықтылығы істі дұрыс дәлелдеуге қажетті және жеткілікті мән - жайларды зерттеу үшін шараларды қолдануға міндетті.
Объективтілік - бұл күні бұрын пішілген ой шығару бейтараптық айыптау немесе ақтау тараптарының біржақтылығы. Сот құрамының өзгертілмеуі істі бір сот төрешісі немесе сот төрешілерінің сол бір құрамы қарауы тиіс. (ҚР ҚІЖК 312 - бап). Сот төрешілерінің бірінің сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкін болмаған кезде ол басқа сот төрешісімен ауыстырылып істі қайтадан бастайды. Тек ҚР ҚІЖК - нің 313 - бабын да қарастырылған жағдайларда ғана сот төрешісі ауыстырылады. Запастағы сот төрешісі сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап қатысуы шарт егер сот төрешілерінің бірі денсаулық немесе т.б. себептермен кету жағдайларында сот төрешісі алмастырылады.
Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы сот төрешісін шақырту істі талқылаудың дайындық кезінде шешіледі. Сот отырысының дайындық кезеңінде запастағы сот төрешісін шақыру не шақырмау мәселесі шешіледі.
Төрағалық етушінің басты сот талқылауындағы өкілеттігі. Сот отырысын басынан аяғына дейін төрағалық етеді. Төрағалық етуші барлық сот талқылауында сұрақтар қойып ұжымдық шешімге байланысты кеңесті басқарады. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде қабылданған шешімді хабарлайды. Ол сот отырысында процестің жүру тәртібін хабарлайды және де процестің заң негізіндегі тәртіп пен реттілікті сақтауын қамдайды. Төрағалық етуші сот отырысына басшылық жасайды әділ соттың мүддесіне объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып істің жай - күйін жан - жақты және толық зерттеу үшін қажетті жағдайларды жасап соттың тәрбиелік әсерін қамтамасыз етеді. Төрағалық етушіге сот отырысы залындағы тәртіп міндеттеледі (ҚР ҚІЖК 314 - бап).
Төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді.
Ескерте кететін бір жайт төрағалық етушінің шешімі сот талқылауына қатысушы адамдардың барлығына да міндетті. Осылардың бірі төрағалық етушінің іс - әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіру сот отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР ҚІЖК - нің 314 - бабының 3 - бөлігі).
Сотталушы адамның басты сот талқылауына қатысуы. Басты сот талқылауы сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Сотталушы келмеген кезде іс кейінге қалдырылуы тиіс. КР ҚІЖК - нің 315 - бабына сәйкес сот дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны келтіруге сондайақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы мысалы ешқайда кетпеу қолхаты күзетпен ұстауға өзгертіледі. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот істі қорғаушының міндетті түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.
Бір ескере кететін жайт мынадай ерекше жағдайларда сотталушы болмағанда ісі талқылауға жібере алады: егер сотталушы ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болса немесе сотқа келуден бас тартқан жағдайларда ғана жол беріледі.
1.2 Сот талқылауының құрылымы мен мазмұны
Басты сот талқылауы дайындық бөлімінен, сот талқылауынан, тараптардың жарыссөзінен, сотталушының соңғы сөзінен, үкімді немесе өзге шешімді шығарудан және жариялаудан тұрады.
Сот талқылауының дайындық бөлігі - уақытылы және тиімді сот талқылауы үшін алғышарттарды қалыптастыру мақсатындағы соттың (немесе судьяның) негізгі рөл атқаруымен жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардан және оның қатысушыларының қызметінен тұратын сот талқылауының бөлігі. Басты сот талқылауының дайындық бөлігі ҚПК - тің 350-363 баптарымен реттеледі.
Сот талқылауының бұл бөлігі төрағалық етушінің сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот тақылауын ашуымен және қандай қылмыстық істің және оның ашық немесе жабық сот отырысында қаралатыны туралы хабарлауынан басталады.
Сот талқылауының бұл бөлігінің ерекшеліктері мынадан көрініс табады.
Біріншіден, сот әрекеттерінің кезектілігі іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету логикасымен шартты болады және олардың немесе соттың қалауы бойынша өзгертіле алмайды. Барлық іс жүргізушілік әрекеттерді кезектілікпен орындамай және сот талқылауының бұл бөлігінде шешілуі тиіс сұрақтарды анықтамай, сот тергеуін заңға қатаң сәйкесті түрде жүргізу үшін жағдайларды қалыптастыру мүмкін болмайды.
Содан кейін сот отырысының хатшысы сотқа басты сот отырысына қатысуға тиісті тұлғалардың келгені туралы және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды. Осыдан кейін төрағалық етуші сот отырысына қатысу үшін аудармашы шақырылған болса, аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Сонымен қатар төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығын ескертеді, бұл туралы аудармашыдан қолхат алынады. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу міндетті әрекеттердің бірі болып табылады. ҚПК - тің 355 - бабы бойынша төрағалық етуші сотталушының жеке басын және оған айыптау актісі көшірмесінің табыс етілгенін - етілмегенін және қашан нақты табыс етілгенін анықтайды. Соңғы мәселе заңда көзделген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz