Материалдық қорлар
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Материалдық қорлардың түсінігі мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Материалдық қорларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Қорларды сатып алуды құжаттау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4. Қорлар деңгейін жоспарлау және бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Материалдық қорлардың түсінігі мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Материалдық қорларды есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Қорларды сатып алуды құжаттау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
4. Қорлар деңгейін жоспарлау және
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жылдарына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігемен оқшауланатын ғылым болып
табылады.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын
алады. Ол кәсіпорынның және ұйымның қаржылық жағдайын сипаттап және
басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды,
айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Сонымен,
бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау
және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Бухгалтерлік есеп
кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген
өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Тек ғана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және
шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтежесін анықтауға болады. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есебі Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және субьектінің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамассыз ететеді.
Бұл тақырып қазіргі таңда актуалды болып табылады. Осыны дәлелдейтін
болсам, қай ұйымды, кәсіпорынды алсақта олардың қарамағында есепте
көрсетілген материалдық қорлардың есебін ұйымдастыруды бағалауға ерекше
көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезде материалдық
қорлардың бағалауын таңдау мұқият түрде жүзеге асырылып, ұйымның,
кәсіпорынның мүдделерін ескере отырып есеп саясатында бекітіледі.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты – материалдық қорлармен
жыбдықталудың есебін сатып алу, сақтау қабылдау тәртібін, сатып алынған
қорлардың өзіндік құнын анықтау, сонымен қатар босатылған шикізаттардың
құнын есептеу, қорлардың шығындарын есепке алу, және оларды басқару.
1. Материалдық қорлардың түсінігі мен жіктелуі
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз
сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар
қорлары болуы қажет.
Қорларды есепке алу атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,
Қорлар – бұл:
1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға
арналған шикізат немесе қорлар нысанындағы активтер.
Материалдық қорлар - бұл кәсіпорынның шынайы материалдық мүліктері
түріндегі айналым құралдарының бір бөлігі. Материалдық қорлар кәсіпорындар
сату үшін немесе өндіріс процесінде пайдалану үшін, басқа да шаруашылық
қажеттіліктері үшін шығарылады және сатып алынады.
Материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте
пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар,
қорлар; сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар
(детальдар); отын; ыдыс және ыдыстық қорлар, қосалқы бөлшектер және басқа
да қорлар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған
дайын өнім, тауарлар.
Материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер
тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау
орындарындағы жағдайын қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық
операцияларды толық және дер кезінде құжаттау, көліктік-дайындау шығындары
мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау,
көліктік - дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және
дұрыс болуын бақылау, ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге
қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы қорлардың
қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір - бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай - ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да қорлар есебін дұрыс ұйымдастырудың
ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау
болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын
міндеттеріне қарай қорлар:
- шикізаттар;
- негізгі қорлар;
- көмекші қорлар;
- жартылай фабрикаттар және тағы да басқалары болып бөлінеді.
Негізгі қорлар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның
материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар - деп бұрын азды - көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
қорлар жатады.
Негізгі қорлардың қатарына - өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші
өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалары жатады.
Өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін қорлар жартылай фабрикаттар деп аталады. Қорлардың бұл түрін әрі
қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен
айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай
фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі
қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда -
шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші қорларға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және
жөндеуге керекті басқа да қорлар жатады. Көмекші қорлардың негізгі
қорлардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды.
Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі қорларға өзінің
қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі қорлардың түсін тағы да басқа
жақтарын өзгертеді. Қорлардың бұл түріне бояулар-ды, әктерді (известь)
жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық
қорлар, қосалқы бөлшектер, кұрылыс қорлары, тағы да басқалары есептеледі.
Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй - жайларды жылытуға
пайдаланатын қорлардың барлық түрі жатады.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар
еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек
заттары өндіріс процесіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны
өндірілетін өнімнің материалдық негізін кұрай отырып, өнімнің өзіндік құнын
құрайды.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша
барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан
пісіргенде ұн) құрайтын қорлар болса, көмекші қорлар өндірілетін өнімнің
өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін
құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім)
көмекші қорлар негізгі қорларға қосымша пайдаланылады.
Бірақ қорларды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие,
өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған қорлардың санына (мөлшеріне),
технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып
келеді.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1 "Қысқа
мерзімді активтер" бөліміндегі 1300 "Қорлар" бөлімшесінің негізгі, активті
мүліктік шотын пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық
шоттар ашылуы мүмкін:
1310 "Шикізат және материалдар";
1311 "Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,
конструкциялар мен бөлшектер, детальдар";
1312 "Отын";
1313 "Ыдыс және ыдыстық материалдар";
1314 "Қосалқы бөлшектер";
1315 "Басқа да материалдар";
1316 "Қайта өңдеуге жіберілген материалдар";
1317 "Құрылыс материалдары".
1310 "Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін
салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет
шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді
шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне
септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

конструкциялар және бөлшектер" шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар
және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар
және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1312 "Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке
алынады.
1313 "Ыдыс және ыдыс материалдар" ыдыстың барлық түрі (цистернаны,
бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
1314 "Қосалқы бөлшектер" жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.)
арналған запас бөлшектер есепке алынады.
1315 "Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау
бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б
есепке алынады.
1316 "Қайта өңдеуге жіберілген материалдар" шотында сыртқа өңдеуге
берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға
енгізілгені есепке алынады.
1317 "Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
ХҚЕС - на сай шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір
шоттар бойынша синтетикалық шоттар және материалдық есебі бойынша
аналитикалық (талдамалық) шоттар аша алады. Мен негізге алған ААА ЖШС-де
әр материал түріне синтетикалық шоттың ашылған үлгісі берілген. Бірақ
материалдардың барлық түрі ХҚЕС-ы шоттарына сәйкес 1310 шотта есепке
алынады.
2. Материалдық қорларды есепке алу
Қорлар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық
субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді.
Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс
сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай
қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлар түрлері, сорттары
бойынша бөлек сақталуы тиіс. Қорлардың маркасы, сорты, көлемі,
номенклатуралық номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған қорлардың мөлшері
және тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, қорларға
байланып немесе жапсырылып қойылады.
Қоймадағы және цехтағы қорлардың аналитикалық (талдамалық) есебі
белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша
жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі
жүргізіледі. Қорлардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек
карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты мөлшері,
көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есептеу бағасы
көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған қорға шаруашылық
субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен
(реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма
меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып
тұрғаны жайлы деректер толтырады.
Қорлардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол қорларға жауапты
адам жүргізеді. Кейбір жағдайда қорларға жауапты адамның келісімі
бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізуге болады. Мысалы басқа адамға,
яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Қорлардың түрі
номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық субъектісінің қоймаларында
бұл карточканың орнына қорлар есебін тиісті түрде жүргізуге
дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай
жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер
болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы
құжаттардың негізінде қорлардың кіріске алынуын жэне есептен шығару
операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына
жазып, онда материалдық қорлардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып
отыруы керек. Бұл карточкада қорлардың калдығы әрбір операциядан кейін
шығарылып отырылады.
Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжатгары Құжаттарды
қабылдау-өткізу құжатына тіркеледі. Қорларға жауапты адамның келісімі
бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында
және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда
қүжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер
орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде
орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы,
қорларға жауап бе-ретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізуі орталық
бухалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары
белгіленген уақьпта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек.
Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі
белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп қорлардың ай соңындағы қалдық
тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгерісі бар қорлар
бойынша жасалынып, онда тек қана қорлардың сандық қалдығы көрсетіледі.
Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы қол
қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы
жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.
Қорлардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен
жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі Қоймадағы
қорлар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі
(бастығы) карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша қорлардың
келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп
жазады. Тізімдемеде қорлар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары
бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде
көрсетіледІ. Бухгалтерияда қорлардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу
бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған қорлардың жалпы сомасы анықгалады.
Егер пайдаланатын қорлар номенклатуралары аз болған жағдайда қорларды алған
адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға
болады. Мұндай карточкалар тек 1 айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға
тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы
ашылып, оған қорлардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының
құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай
сайын қорлардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі санды
карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте қорларға жауапты адамның
жауапкершілігіндегі қорлардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте
қорлардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар
негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған қорларға
босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп
мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған) қорлардын алғашқы құжаты
тіркелмейді.
Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан
кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректері кәсіпорында
белгіленген есептік топтар бойынша топтастырылады. Материалдық қорлардың
кірісі мен шығысы бойынша жүретін қорлардың талдамалы есебінің жинақтаушы
ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:
А) Өткен айдағы ведомосте алынған ай басындағы қалдық;
Ә) Құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша қорлардың
кірісі;
Б) Құжаттарды өткізілу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша материалдық
қорлардың шығысы;
В) Есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.
Жинақтау ведомосі бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру
үшін пайдаланылады. Қойма есебі қорлардың талдамалы есебі карточкаларында
және қалдықтар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес
келуі керек. Өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабымен жинақтау
ведомосі) бір ғана құжаттардың негізінде жүргізілген. Бухгалтерияда
жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс кезінде) немесе материалдық жауапты
адамдардың материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің
негізінде Қорлардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы деген №10 ведомосі
жасалады. №10 ведомосі талдамалы есептің деректерін материалдық қорлардың
талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұштастыруға арналған. Келіп түскен
материалдық қорлардың құны жинақтамалы шоттардың немесе есептік топтардың
кесімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте
сатып алынған материалдық қорлардың нақты құнының олардың есептік бағасы
бойынша құнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. №10 ведомост қорлар
шығыстарың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді. №10 ведомост бірнеше
бөлімнен тұрады. Нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде
келіп түскен, қорлардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер
әртүрлі журнал ордерлерден (№6, №10, №3,№7,№1 және т.б) көшіріледі. Мұнда
жүктерді жеткізу жөніндегі шығындарды , тиеп түсіру жұмыстарының шығынын,
темір жол алымдарына төлемді және қорларды сатып алу құнынан тыс жұмсалған
басқа шығындарды қоса алғанда, материалдық қорларды сатып алуға және
әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі. Одан кейін нақты құнның есептік
баға бойынша құнан ауытқу сомасы мен проценті анықталады. Ауытқулар сомасы
дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы айырмасы, ауытқу проценті – бұл
ауытқу сомасының қорлардың есептік құнға қатынасы. Ауытқу + немесе -
таңбасымен болуы мүмкін.
Қорлардың бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде
жүргізіледі. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері
енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары
пайдаланылып, есеп беру жұмысы кысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері
қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында
қорлардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп
келді. Жалпы бухгалтерияда қорлардың әр номенклатуралық нөміріне бөлек
карточка ашылады. Қорлардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат
деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай
соңында әр карточка бойынша қорлардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің
қорытындысы шығарылып, олар қорлардың айналым тізімдемесіне жазылады.
Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған
деректер қайталанады.
3. Қорларды сатып алуды құжаттау тәртібі
Өндіріс процесі қорлар сатып алудан басталады. Қорлардың тиімді деңгейі
анықталды делік, (қорлардың деңгейін анықтаудың әдістерін кейінірек
қарастырамыз) жауапты қызметкер (қойма-меңгерушісі) қорлардың физикалық
санына бақылау жүргізеді және олардың сақатлуын қамтамасыз етеді. Қойма
меңгерушісі қоймадағы қорлардың әр түрі бойынша тиімді деңгеймен
қамтамасыз етілуіне жауапты және қорлардың әр түрі бойынша сандық есебін
жүргізуге міндетті. Бұл есеп мәліметтері, егер есеп қолмен жүргізілсе,
қойма карточкаларында, ал автоматтандырылған ортада қоймадағы есеп
файлдарында жинақталады. Қойма карточкасында материалдың түрі, сақталу
орны, материалдың коды және солардың негізінде осы карточкада жазулар
жүргізілетін құжаттар болуы керек. Үлгісі келесі болуы мүмкін.
Қойма қызметкері келесілерге жауапты, қорлар:
- қолдануға қолайлы болуына;
- өрттен, ұрланудан және сапасының төмендеуіне қорғалуына;
- экономды сақталуына.
Материалдық қорлар тапсырыс деңгейіне жеткенде, қойма меңгерушісі
қамтамасыз ету бөліміне хабарлауға міндетті.
Бұл үшін сатып алуға талапты жазбаша түрде құжаттау керек (бұл
қоймадағы қалдықтар туралы анықтама болуы мүмкін). Бұл құжатта қандай
реквизиттер болатынын кәсіпорын өзі шешеді, бірақ бізге мыналарды
көрсеткен дұрыс сияқты: құжатты құрған күн; оның нөмірі, материалдың аты,
оның коды, қажетті материалдың саны және оның сипаттамасы. Сонымен қатар,
бақылауды қамтамасыз ету үшін, құжатты құрған адам, өзіне көшірмесін
қалдыру керек екенін ескерген жөн. Құжаттың үлгісін кәсіпорын өзі жасауы
мүмкін немесе дайын регистрларды қолдануына болады. Құжаттың үлгісін
жасауда қосымша реквизиттер қосуға болады, сөйтіп құжатты қорлардың
қозғалысының басқа да бөлімдерінде қолдану үшін, мысалы, бұл талапты сатып
алуға тапсырыс ретінде тауар жеткізушілерге жіберуге болады.
Қамтамасыздандыру бөлімі жауапты тұлғаның рұқсат қолы бар сатып алуға
талаптыалғанда, белгілі қызметкерлері бөлім мәліметтеріне негізделіп,
керекті жеткізушілерді таңдап сатып алуға тапсырыс құрады, ал тапсырыста
жеткізушіге аталған қорларды жеткізу туралы өтінішін білдіреді. Егер
кәсіпорын – да қамтамасыздандыру бөлімі болмаса, бұл қызметтерді көбінесе
кәсіпорын-ның директоры өзі орындайды. Тапсырыс телефон арқылы берілуі
мүмкін, бірақ қорлардың көлемі, тапсырыс берілген, қорлардың атауы,
белгіленген бағасы және жеткізудің күні туралы мәліметтер тіркелуі керек,
осы құжаттың көшірмесін қоймаға жіберу қажет, қабылданған тауарларды
берілген тапсырыспен салыстыру үшін. Егер жеткізуді кәсіпорын өзі жүзеге
асырса, жеткізу уақытына автокөлікпен қамтамасыз ету керек. Қандай
жағдайда болмасын тапсырысты қабылдауды бақылау қажет, себебі осы бақылау
кәсіпорын – ды тапсырыс берілмеген тауарды алудан, артық қорлардан,
артықшылық нәтижесінде қорлардың ескіруінен, өте қымбат немесе сапасыз,
стаып алулардан сақтайды.
Кәсіпорында сатып алулар туралы есеп беруді енгізуге болады. Тапсырыс
берілген қорлар саны және жеткізу мерзімі туралы мәлімет, менеджрлерге
қоймалардың жұмысын дұрыс жоспарлауға, өндіріс процесінде қандай-да бір
өзгерістер болғанда неге сенуіне болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Есеп берулерде сатып алуларға ағымдағы талаптар берілген тапсырыстар,
жеткізушілерге тапсырыстар туралы мәліметтер болуы қажет. Шағын
кәсіпорындарда сатып алулар туралы есеп берулер қорлар туралы материалдық
есеп берулермен біріктірілуі мүмкін.
Тауар келіп түскенде, қабылдау бөлімі (қойма) келіп түскен тауарды
саны мен сапасы бойынша жеткізушінің накладнойының мәліметтерімен және
жеткізуге берілген тапсырыстың көшірмесімен салыстырады, сонымен қатар
жеткізуші мен тапсырыстың номерін салыстырады. Содан кейін қойма
меңгерушісі тауар туралы толық мәліметті тауарды қабылдағаны туралы
хабарламаға немесе қабылдау актісіне жазады.
Практикада қабылдау актісі қабылдау кезінде жеткізушінің құжаттарындағы
және нақты қабылданған тауарлардың саны мен сапасында айырмашылық шыққан
кезде толтырылады. әдетте жеткізуші накладнойды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz