Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бала қиялын дамыту.
Орындаған:Байджанова З.А
Тексерген: Кошкимбаева Р.Х.
Паволдар қаласы 2021 оқу жылы
МАЗМҰНЫ:
І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қиял туралы жалпы түсінік
2.2 Қиял түрлерi
2.3 Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
2.4 Бала қиялын дамыту жолдары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы еселестету (бейнелер) болумен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы (заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар және т.б. ) елестетулер болды. Біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақты да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде тәжірибе мен білімнің негізінде қиял арқылы жасалады. Бұл елестетулардің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулері деп аталады.
Адам іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзендердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құбылыстарды іске асырады, күрделі машиналар мен тұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны өндіріске ендіреді, яғни, өмір үшін қажеттінің барлығы іске асырылады.
Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, Африка, Австралия, Индия т.б.) бізде түрлі жаңа елестетулер пайда болды. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. "Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады" (М. Жұмабаев). Бес жасар Асан үстелдің үстіне шығып алып, көзін қолымен көлегейлеп, үңіліп, алысқа қараған болады. Ол өзін дауылды асау теңізде жүрген үлкен кеменің капитанымын деп есептейді. Бұл секілді көріністерді Асан талай рет теледидардан көрген, мамасы да осы жөнінде әңгіме айтқан. Міне, енді оның өзі көрген - білгендерінің негізінде, өзінше қайтадан өңдеп, бір елес тудырып отыр.
Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестерде соғұрлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген - мақұлықтар енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды. Әдетте күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп айта алмаймыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемнің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Қиял дүниені жылпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерді көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.
2.1 Қиял туралы жалпы түсінік
Қиял деп елестетудің негізінде бұрын-соңды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз (Қ. Сейталиев) .
Адамдардың өмірінде қиялдың ерекше рөл атқаратындығын айта келіп, көптеген ғалымдар, жазушылар және суретшілер басымызда шын мәнінде жоқ нәрсенің бейнесі қалай жасалатындығын түсінуге ертеден бері талпынған болатын. Қазіргі ұшақты ойлап тапқанға дейін сиқырлы ұшқыш кілем - ұшақ туралы халық аңыздары мен ертегілерінде айтылған еді. Олар адамдардың ұшу туралы алғашқы түсініктерін жинақтады. Бірақ ерте кезде адамдарда ұшақ туралы аңыздар, түсініктер қайдан пайда болды? Осы идеяны ғылыми түрден түсіндіре алмаса да адамдар құдіретті "қимылдың күші" барлығы туралы ойға келді. Бұл құдіретті қасиет тек ерекше дарынды адамдарға берілді, олар шабыттың нәтижесінде тамаша өнер шығармаларын, күрделі техника саласында жаңалықтар жасай алады. Осы теория бойынша тек дарынды адамдар жаңа ойларды айта алады, идеяларды ұсына алады.
Адамның жаңаны ойлап табуы - бұл белгілі білімнің, өзгертілген және жаңарған, жетілген түрі. Фантастикалық бейнелер үшін материал әруақытта жер бетіндегі шындық құбылыстар болып табылады. Адам өзінің күнделікті іс-әрекетінде жаңа бейнелерді және заттарды жасап ғана қоймайды. Адам санасында қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін қайта жаңғырту арқылы (басқа адамдардың айтқаны арқылы) жасай алады.
Қиял - адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамыды.
Қиялдың іс-әрекеті естің елестетулері негізінде іске асады. Бұл елестетулер қиял елестетулерінің жасалуына материал болып табылады. Қиял үрдістерінде бізде міндетті түрде болатын қажетті елестетулердің қайта жаңғыртылуы іске асады.
Бірақ қиялдың үрдісі тек елестетулерді қайта жаңғыртумен және оларды механикалық біріктірумен шектелмейді. Қиял үрдістерінде ес елестетулері қайта өңделеді, сонымен, қайта өңдеудің нәтижесінде жаңа елестетулер жасалады.
Қиялдың жүйкелік - физиологиялық негізі адам миында бұрын ұйымдасқан уақытша байланыстардың жандануы және бұл байланыстардың жаңа тіркестерге ауысуы деп білеміз.
Қиял іс-әрекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі - елестетулердің жекелеген бөліктері мен элементтерінің бөлшектенуі.
Одан әрі қиялдың жинақтаушылық іс-әрекеті іске асады. Бөлінген елестеулердің элементтерін басқа елестетулермен немесе елесстетулердің элементтерімен араластыру және біріктіру жүреді. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер - қиял еелестетулері жасалады.
Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинация болып табылады. Агглютинация деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе бөлімдерінің біртұтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтады. Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйелдің (басы мен омырауы), балықтың(құйрығы) және көк балдырлардан (шаштары) жасаулы.
Қиялдың күрделі талдаушылық пен жинақтаушылық іс-әрекеті, ерекше белгілері жазушылардың көркем әдеби бейнелерді жасауынан айқын көрінеді. Әрбір көркем бейне бөлімдердің, элементтердің немесе тұтас елестетулердің бір бейнеге өзіндік бірігуі болып табылады.
Л.Н.Толстой Наташаның бейнесін жасауда (" Соғыс және бейбітшілік") кейбір мінез бітістерін өзінің әйелі Софья Андреевадан, басқаларын - әйелінің апасы Татьянадан алғанын жазды. Жаңа бейнені жасауда қиялдың қызметі қарастырған заттар мен құбылыстардың ұлғайтып немесе кішірейтіп көрсетуі мүмкін. Мысалы, орыстың былиналарында (батырлар жырында) батырлар "тұрған орманнан биік, қозғалатын бұлттан аз-кем төмен" деген әсірелеуді (ұлғайтуды) көруге болады. Осындай алыптар мен ергежейлілердің бейнелері Свифттің "Гулливердің саяхаты" романында жасалғанын білеміз.
Жалпы батырлық эпостан сол халықтың басынан кешірген сан-алуан тарихи өмірін тұтастай көруге болады. Әрине, батырлық эпоста тарихтың жекелеген оқиғалары, кейбір елестері ғана суреттелмейді, онда халықтың ғасырлар бойғы мұрат-мүдделері, арман-мақсаттары бейнеленеді.
Тарихи шындық немесе қиялдан туған әутәуір, әр кезде өмір сүрген батырлардың ерліктері халық эпосының негізгі өзегі болады, тереңі идея, мазмұнды мағына береді. Сөйтіп, эпостағы халық батырларының қаһармандық сом тұлғасын жасайды. Бұл жәйт барлық халықтардың эпосына тән. Қазақтың батырлық дастандары туралы да дәл сол пікірлерді айтуға болады. Жалпы, қазақ елінің ауыз әдебиеті өте бай десек, соның ішінде ең көрнекті орын алатыны - көнеден келе жатқан дастандар - батырлық жырлары.
Эпоста батыр жалғыз суреттелмейді. Батырлық жырлардың үлкен бір ерекшелігі мұнда әрқашан батырмен бірдей тұлғаланып, бірдей тұрақты суреттелетін күрделі бейнелер бар, ол батырлардың жары, ең сенімді серігі (Құртқа, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым т.б. ) олар да батырлардың өзі сияқты ел қамын жеген өрендер.
Батырдың екінші бір егізіндей бірге суреттелетін сенімді серігі - оның астындағы тұлпар аты. Ат қасиетін суреттеу, оның батырға жасайтын достық әрекеттері, батырды тілеген жеріне "көзді ашып - жұмғанша" алып баратын құстан жүйрік шабысы - бәрі де батырлық жырлардан ең көрікті орын алады. Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғынның Тарланы, Қамбардың Қарақасқасы және т.б. аттар жайындағы суреттер осы пікірімізді дәлелдейді. Рас, батырлар жырындағы тұлпарлардың барлығы да жүйрік. Бірақ Тайбурылдың жүйріктігі бәрінен асып жатады. Қобыланды " Әйт, жануар, шу" дегенде:
Аршындап бурыл гулейді,
Табаны жерге тимейді.
Тау мен тасқа өрледі,
Төрт аяқты сермеді.
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі.
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі ... - (Қазақ эпосы. Алматы. 1958, 75-бет) - десе Тайбурылдың түс кезіндегі жүрісі оның сайын үдеп кетеді. Тайбурылдың бейнесін жасау ұлғайтылып көрсетіледі. Бұл қазақ эпостарына тән тәсіл.
Жаңа қияли образ жасауда, әсіресе, батырлар жырларында, қиял - ғажайып ертегілерінде әсірелеп, ұлғайтып көрсету тәсілі (әдебиет теориясында гипербола деп аталады) кеңінен қолданылады.
Неше түрлі фантастикалық қиял - ғажайып жағдайда көрінетін тұлпардың бәрі де еңбек адамының үйретіп, өсірген жануарлары болып келеді. Мұндай тұлпарлардың шындықтан тыс әрекет жасайтыны, от дарясынан көзді ашып жұмғанша секіріп өте шығатыны бары рас. Бұл, әрине, халық қиялының жемісі және "осындай тұлпарлар болса екен" деген оның арманы болып табылады.
Халық арасына көп тараған, мазмұны әрі қызық, әрі қиял-ғажайып оқиғаларға құрылған көркем де әдемі ертегілердің бірі - "Керқұла атты Кендебай". Кендебай қанша мықты батыр болса да Керқұла тұлпардың көмегінсіз мақсатына жете алмайды. Сондықтан ертегіде Керқұла тұлпар айырқша, әстерлеп суреттеледі. "Ол көзді ашып жұмғанша айшылық жерді алты-ақ аттайтын, теңізді көл, дарияны шалшық, тауды қырат құрлы көрмейтін" тұлпар деп, ерекше әсірелей суреттей келіп, оның ең басты қасиеті адам ойын түсініп, адамша сөйлеуі.
Қиял үрдістерінде естің елестетулерін өңдеу іске асып ғана қоймайды, сонымен қатар адамның ой-түйіні іске асады, кейбір міндеттер шешіледі. Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады. Қиял үрдістері физиологиялық жағынан бірінші және екінші сигналдар жүйесінің өзара әрекетіне тікелей байланысты.
Қиял арқылы жасалған, нақты бейнеде белгілі бір дерексіз теориялық ой-пікірлер өте жиі ашып көрсетіледі.
Белгілі бір жағдайда әрбір суретші, ақын, сазгер шығармашылық үрдісінде бір мәселені шешеді, белгілі бір нәрсені өзі шешуге әрекеттенеді немесе басқаға түсіндіреді. Бірақ өзінің ойларын жалпы және дерексіз ұғымдарда емес, нақты бейнеде ашып көрсетеді. Мысалы, "Аққу, Шортан һәм Шаян" атты мысалында Н. А. Крылов бейнелі түрде төмендегі ойды ашып көрсетеді: " Жолдастарда бірауыздылық болмаған жағдайда, олардың ісі алға баспайды". Әрбір поэтикалық шығармада, әрбір көркем суретте, сазды әуендерде біз негізі ойды, негізгі идеяны көре білеміз. Қиялдың елестетулерінде дерексіз ұғымдарды нақтылауды біз әртүрлі аллергорияларда, метафораларда және басқа символистік бейнелерде кездестіре аламыз. Мәселен, жаңа машинаны жасауда жаңалық ашушы алғашында оның жеке бөліктерінің және бейнесін жасайды.
Ойлау іс-әрекетінде осы жекеленген елестетулерді ол болаашақ машинаны бір күрделі түрге біріктіреді.
Қиял үрдістеріндегі бұл ерекшеліктің жүйке - физиологиялық негізі бас мидың қыртысы жұмысындағы жүйелілік болып табылады.
Ертедегі гректердің жасаған мифологиясы көп жағдайда олардың ойлауының жеткіліксіз дамуымен және білімнің шектеушілігімен түсіндіріледі.
Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. (К.С.Жұмасова). Қиял - адамға ғана меншікті психикалық процесс, жануарларда функция болмайды, өйткені, бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция. Қиялдау үшін адамның басында белгілі білім қоры, нақты образдар, тұрақты елестер болады. Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен де, еңбек әрекетінен де тауып алуға болады.
Қиял - аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Адамның еркі де қиялмен байланысты. Қиял - еңбек үстінде күшті болады. Еңбек - тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажетті процесс.
Қиял - алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс. (Сәбет Бап-Баба)
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесіөзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Л.С.Рубинштейнннің пікіріне зер салсақ, шығармашылық қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады:
1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым;
2) Қиял өзіне негіз болған деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуі керек. Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ тәжірибелік жағынан пайдасыз.
Қиял - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдар қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық қасиет. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.
2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты.
3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшеліктеріне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.
4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Қиял - мәселені суреттеу,жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді.
5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырды.
Қиял бейнелері адам қажеттілігінен тәуелді бола отырып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
2.2.Қиял түрлерi
Қиял қызметi əрқилы деңгейде көрiнуi мүмкiн. Оның көп түрлi болуының басты себебi ең алдымен əр адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Əрекет дəрежесiне орай қиял енжар жəне белсендi болып, екiге бөлiнедi. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсiз не болуы мүмкiн емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын əрекет қажеттiгiнен ажыратады. Бұған мысал ретiнде жатып алып, бос қиялмен нəтиже бермес арманға шомған Н. Гогольдiң "Өлi жандар" поэмасындағы Манилов бейнесiн келтiруге болады. Ш. Айтматовтың "Ақiрет" романындағы Авдий Каллистратов та осындай кейiпкерге меңзес. Енжар қиял ниеттелген не ниетсiз болуы мүмкiн. Ниеттелген енжар қиял ерiк күшiмен байланыспаған бейнелер пайда етедi. Мұндай бейнелер əлi болары не болмасы белгiсiз армандаудан келiп шығады, ол жеке адамның қажетсiнуiне байланысты. Мысалы,жарысқа түсетiн спортшы, емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны айтпаса да белгiлi. Əлбетте, бiрi жеңiс тұғырына көтерiлгенiн, екiншiсi "5" алғанын елестетедi.
Енжар қиялдауда адам, əдетте, тек өзiне жағымды, ұнамды арманға түседi. Ал егер мұндай арманшылдық өнiмдi iс-əрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмiрiнде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.
Ниетсiз енжар қиял сана қызметiнiң босаңсып, не зақымдануынан, мүлгiген хəлде, ұйқыда жəне т.б. жағдай-ларда белгi бередi. Ниетсiз қиялдың аса жарқын көрiнiсi галлюцинациялық кейiпте, адамның жоқ затты бар етiп, одан шошынып, не қорқып, күйзелiске түскенiнен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсендi қиял жасампаз жəне шығармашыл келедi.
Жасампаз қиял негiзiнде алдын ала берiлген көрсетпелердi басшылыққа ұстаумен қандай да бейнелердi түзу жатады. Бұл қиял түрi қалаған оқу жұмысының тiрегi ретiнде көркем əдебиет оқығанда, гео-графиялық не тарихи карталармен танысқанда, сызылмалар мен iс жобаларын оқығанда өте қажет. Жасампаз қиял бейнелерiн жазба не заттық құжаттар күйiнде берiлген басқа адамдар сөзiнен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық жүйедегi (сөз, сан, сызылма, нота жəне т.б.) iздердi өзiнде бұрыннан қорытылған бiлiмдерiмен толық-тырып отырады. Қандай да бейне, кейiпкердi жасауда автордың көркемдiк шеберлiгi, образ құрастырудағы əдiстерi мен тəсiл байлығы үлкен рөл ойнайды.
Сондай-ақ жасампаздық қиял бейнелерiн тұрғызуда адамның көңiл күй жағдайын да ескермеске болмайды.Күштi эмоциональдық кейiп жасампаздыққа кедергi ықпалын тигiзедi. Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсiп, өзiнiң не оқып отырғанын түсiнбей, мəнiн, мазмұнын қабылдамай-тын қалыпқа енедi. Сырқаттан, наша не iшiмдiк əсерiнен болған психикалық ауытқулар да бастапқы мазмұнға сай келмейтiн бейнелердiң тууына себепшi болады.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзi.Мұндағы ''жаңа'' түсiнiгi екi-талай мəнге ие: объективтi жаңалық жəне субъективтi жаңалық. Объективтi жаңа бейне - бұл заттық не идея күйiнде дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - əрбiр жеке адамның оқу, тəрбие, күнделiктi тұрмыс жағ-дайында өз басы үшiн ашатын жаңалығы. Қажеттiктердi қанағаттандыру жолында көрнекi елес туындыларын белсендi, мақсат бағдарлы пайдалану - шығармашыл қиялдың негiзгi қасиетi. Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзiлiп жатқан бейне нақты болмыс дүниеде əлi жоқ, ол ендi ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай жаңа бейненiң жасалуы тек жеке адамға керектiлiгiнен ғана емес, сонымен бiрге қоғам мүддесiне, сол қоғамның даму деңгейiне тəуелдi келедi. Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы мүмкiн емес. Шығар-машыл қиял өнiмi бiрдейiне заттасқан күйде бола бермейдi, бiрақ сол зат бейнесi оның сол уақыт не дəуiрде практикалық iске аспауынан саналық қалыпта сақталады.
Жасампаздық жəне шығармашыл қиялдар арасын-дағы айырмашылықты салыстырмалы сипатта деп түсiнген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz