Типтік образ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:Типтік оброздарға мысал келтіру
Орындаған:Камал.Н
Тобы:1701-59
Тексерген:Сапарбаева Қ
Жоспар
1.Типтік образ
2.Типтік орбазға мысал
Қөркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардын бәрі -- бір-ақ ұғым -- образ. Бейнелеу -- образдылық болса, бейне -- образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардын, бәрінің сарқып кұяр сағасы біреу, ол -- образ. Ал "образ -- эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті"**.
Біз енді осы образ дегеннін, өзін пайымдамақпыз. Образ жасау -- тек таланттыға ғана тән әрекет. Ал "талантты жазушының әр образы -- тип" дейді Белинский. Демек, біз тип туралы толғаймыз.
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің, шығармасындағы әр кейіпкердің, болмыс-бітімінде бір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады. Сонда бұл белгілі бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде танылады. Тип сыры осында
.Р. Мүстафин, Ой мен тіл, "Қазақ әдебиеті" газеті, 1959, № 48.
** Л. И. Тимофеев, Әдебиет теориясының непздері, М, 1966, 60-бет.
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип -- әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзі-нен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында "жалпы" мен "жалқының" бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында деп білу керек.
М. Әуезовтің "Абай жолында" ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі -- тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып байқайық, бұл кім? Аса күрделі бейне: әбден дараланған, бүкіл ішкі-тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқ-самайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл репе Құнанбай -- жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен күллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім, әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай -- жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы. С. Мұқановтың "Бо-такөзіндегі" Амантай мен Асқар, Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлкесіндегі" Игілік пен Жұман, Ғ. Мұстафиннің "Қарағандысындағы" Мейрам мен Әлібек, X. Ес-енжановтьщ "Ақ Жайығындағы" Хакім мен Құныскерей... Тағы кім керек?.. Осылардың әрқайсысы, әлгі айтқанымыздай, әрі бір адам, әрі бірнеше адамның жиынтығы.
Дәл осы арада Алексей Толстойдың "суреткер жекелеген Иван мен Сидорды ғана ұғып қоймай, миллиондаған ивандар мен сидорлардан солардың бәріне ортақ бір кісі -- тип туғызуы қажет" дегенін ескерсек, „әдеби типтің байыбына бара түсер едік. Және мұндай пікірді бір А. Толстой емес, "толстойлардың" бәрі айтқан: Доде өзі жасаған Лабассендрдың "кез келген кафеден он данасын" кездестіруге болатынын айтса, Флобер "менің бейшара Бобариім дәл осы сәтте француздың жиырма селосында қатарынан зар шегіп, жылап отырғанды" деген; Мольер "менің Тартюфым әшейін бір мырза Тар-тюф қана емес, бүкіл адам баласыньщ барлық тартюфтарының қосындысы" деген болса, Чернышевский өзінің "Не істеу керек" романында "жаңа ұрпақтың өзіне жүздеп кездесетін кәдімгі кісі секілді кісілерінің" қасиетте-рінен құрап бір бейне жасағысы келгенін айтқан; ал Горыкийдің типке қояр талабы осылардың бәріне түйін-тұжырым секілді: "Егер сіздін, суреттеп көрсеткіңіз келгені дүкенші болса, бір дүкеншіде отыз дүкенші жатсын; поп болса, бір поп отыз поптан құралсын: мұныңызды Херсондағылар оқыса, Херсон попын, Арзамастағылар оқыса, Арзамас `попын көретін болсын".
Типтік образ жасаудың осы шарттарынын, бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдын, образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік-тағдыр заңдылықтары танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай мен Дәркембай солай жасалған. Әйтпесе, дәл осындай адамдар ақиқат өмірдің өзінде дәл осынау сом тұлға, мықты мінез қалпында болды дөп ұғу қате. Әрине, осыларға бір жағы болмаса бір жағынан ұқоайтын итбайлар мен игіліктер, амантайлар мен дәркембайлар болды, бірақ олардың бәрі мыналардан әлдеқайда шағын, қораш, ұсақ, күйкі болатын. Ал әдебиеттегі әлгібір үлкен Итбай -- өмірдегі ұсақ итбайларды, Игілік -- игіліктерді, Амантай -- амантайларды, Дәркембай -- дәркембайларды түгел қамтып, тұтастыра көрсететін биік шоқы -- қарауыл төбе іспетті. Типтендірудің тамашалығының өзі осында, әдебиеттегі бір адам арқылы өмірдегі мың адамды бір-ақ қамтып танитындығымызда жатыр. Адам бар жерде мінез бар. Ал өмірдегі алуан түрлі мінездін, әдебиетте жинақталған бір тұтас типі бар, Өмірге қарап өнерді бағаласақ, өнерге қарап өмірге де "үкім" айтамыз: зымиян болса -- Құнанбай, сараң болса -- Қарабай, аңқау болса -- Мыр-қымбай, жалқау болса -- Судырахмет дейміз. Өмір мен өнердің бұлайша астасуы, өнердің өмірге айналуы -- ұлы құбылыс. Бұл құбылыс сөз өнерінде тек типтендіру тәсілімен, нәтижесінде нағыз тип арқылы ғана болмақ.
Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қараті отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Айталық, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz