Сенсорлық дамудың бала өміріндегі маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
I ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІК

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2. Сенсорлық дамудың бала өміріндегі маңызы ... ... ... ... ... ...
8
II ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ
М.МОНТЕССОРИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ОҚУ ҚЫЗМЕТІМЕН БІРГЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНДАҒЫ НӘТИЖЕСІ

2.1. М.Монтессори жүйесімен балалардың сенсорлық сезімдерінің әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
2.2. Мектепке дейінгі балалардың сенсорлық дамуын ұйымдастырылған оқу қызметінде және бос уақыт кезінде М.Монтессори жүйесімен зерттеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...
31
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
33

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау - дұрыс ұғуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ.Жарықбаев былай деген: Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады [1].
Педагогика ғылымы мен практиканың өзара қатынас мəселесі, олардың өзара байланысы - педагогиканың ең жалпы, ғаламдық мəселесі. Ол мəселенің шешілуі педагогика ғылымының дамуы мен педагогикалық инновациялардың сапасына, сондай-ақ білім беруді қайта құрудың жетістігіне (табысы), ең соңында білім беру жүйесінің тиімділігіне де байланысты болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметі және Монтессори жүйесімен ұсақ кол моторикасын дамыта отырып ойлау, сөйлеу сенсорлық қабілеттерін жетілдіру.
Міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы туралы ақпараттарды оқулық, басылым көздерінен және ғаламтор желісінен қарастырып, жинастыру.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы туралы жинастырылған ақпараттарды іріктеу.
-Іріктеліп алынған материалдарды мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық тәжірибе барысында жүзеге асыру.
- Жүзеге асырылған негізделіп алынған материалдарды мектепке дейінгі ұйымда іске асырылуын зерттеу.
- Зерттелген материалдардан ең тиімді әдіс-тәсілдерді талдау.
- Талданған әдіс-тәсілдерді қорытындылап, нәтижесін шығару.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Педагогтар арасында əрбір педагогикалық зерттеу тәрбиешінің барлық жұмыстарының нақты қиындықтарын ескеріп, əрбір оның қадамын тəптіштеп жазып көрсетуге бағытталу керек деген пікір бар. Бұл көзқарасқа сəйкес кез келген дидактикалық немесе əдістемелік зерттеу балабақшадағы тікелей жұмыс үшін жасалымдар, ұсыныстар белгілеуі қажет, ал тәрбиешінің міндеті осы ұсыныстарды дəл орындауға тірелуі керек.
Курстық нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің күнделікті өмір процесінде және бос уақытойын барысындағы іс-әрекеті.
Курстық жұмыстың пәні: Психология
Курстық жұмыстың практикалық маңызы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуын ұйымдастырылған ойындардың көмегімен дамытсақ, балалар заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі тезірек қалыптасатын болады.

Мектепке дейінгі шақта балалар алға-кейін, жоғары-төмен, алыс-жақын, солдан-оңнан тағы басқадай кеңістікке қатысты түсініктерді игереді және оларды өмірдегі түрлі жағдайларда басшылыққа алады, заттарды формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.

Курстық жұмыстың методологиялық негіздері. Ғылымның міндеті -- барлық осы материалдарды, соларға сəйкес материалдарды жəне тұтас əрекеттерді негіздеу. Бұл негіздемеге енетін білімдердің жинақталуы ең жоғары дəрежеде болу керек жəне онымен теориялық білімге деген мұқтаждық анықталады.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Болжам. Егер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде М.Монтессоридің жүйесінің сенсорлық дамыту әдістемесін оқу қызметінде және бос уақытында қолдансақ, баланың сенсорлық қабілетін дамытуға күш салсақ, онда баланың сенсорлық білімінің алғашқы фундаменті қаланатын болады.
Баланың сенсорлық қабілетін дамытуға көрнекі құралдарды пайдалансақ, мектепке дейінгі шақтағы баланың түсті ажыратып, атауға үйренеді, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа реңк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастырады, сондай-ақ заттарды түсіне қарай салыстыруға үйретеді, суретті қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады [2, 155 б.].

I ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СЕНСОРЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІК
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшелігі
Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез.
Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Бұл әлемді танудың құралы болып саналатын сенсорлық даму. Педагогика және балалар психологиясы саласындағы көрнекті мамандар (М.Монтессори, е. и. Тихеева, О, Декроли және т. б.) өз еңбектерінде сенсорлық қабылдауды интеллектуалды дамудың маңызды факторларының бірі ретінде қарастырды. Яғни, баланың сенсорлық мәдениеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ақылды болады.
Мектепке дейінгі жаста баланың кез - келген әрекеті - ойын, танымдық, физикалық-негізгі сенсорлық дамуды қажет етеді. https:www.defectologiya.prozhurn alsensornoe_razvitie_detej_zachem_ i_kak_razvivat
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емеc Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы матеиалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстыруданбасталады.
Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бастапқы оқу (әсіресе 1 сыныпта) барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. [2, 120-121 бб.]. оқулық мысалға
Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты - баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады. Сенсорлық мәдениет ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді, ол баланың дамуы түбегейлі жануарлар баласының дамуынан айырмашылығы барын ескермеді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз өзінен өзі болса, ол үстіртін, толыққанды емес болады. Мұнда адамзаттың сенсорлық мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді. Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда сенсорлық этоландары туралы - заттардың сыртқы қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс пайдаланылады. Сенсорлық үлгілерді меңгеру - ұзақ және қиын процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру - бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде өлшем бірлік ретінде қолдану. Осы оқулықта пішін, көлем және түсті қабылдау аясында балаларды сенсорлық тәрбиелеу туралы сөз болмақ. Осы қасиеттермен таныстыру балабақшадағы сенсорлық тәрбиелеудің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл түсінікті, өйткені дәл пішін, көлем және түс заттар мен құбылыстар туралы көруді қалыптастыру үшін маңызы зор. Пішін, көлем және түсті дұрыс қабылдай білу мектептегі көптеген пәндерді меңгеруге қажет [3]. журнал
Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады. Бір жас кезінде негізгі міндет балаға заттардсырың қасиеттеріне назар аударуын дамыту, жеткілікті байлықты және сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда, бұл мақсатқа тағы бірі қосылады- балаға заттың пішіні, көлемі және кеңістікте орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап мұндай дағдылар бала үшін нақты мән бере бастайды (кішкентай-бұл бір қолмен ұстауға болатын нәрсе, үлкен - екі қолмен, домалақ - толықтай алақанмен ұсталады, төртбұрыш - затты саусақпен екі жағынан ұстайтын нәрсе т.б.). Осы кездегі сенсорлық тәрбиелеу - жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі. Барлық жаңа әсерлер түсімін қамтамасыз ете отырып, ол тек сезім мүшелерінің дамуына ғана емес, баланың қалыпты тұлғалық және психикалық дамуы үшін өте қажет. Әсерлер түсімі шектеулі болса, балалар жалпы дамуын кідіртетін сенсорлық ашығуға тап болатыны белгілі.
Екі-үш жасқа келгенде сенсорлық тәрбиелеудің міндеттері күрделене бастайды. Жас баланың сенсорлық эталондарды меңгеруге дайын емес болса да, онда заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы ақпараттар қорлана бастайды. Бұл ұғымдардың әр алуан болғаны маңызды. Бұл дегеніміз-баланы қасиеттердің барлық негізгі түрлерімен - алты түспен (көгілдір түсті алып тастаған жөн, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) , ақ және қара түспен, шеңбер, төртбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру деген сөз.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу тәжірибесінде балаларды екі-үш түспен және пішінмен таныстырып, балалардан оларды есте сақтап, дұрыс атауын талап ету сияқты ескірген беталыс әлі де кездеседі. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай оқыту баланың сенсорлық дамуына аз себеп болады, заттардың қасиеттері туралы ақпараттардың аясын шектейді. Онымен қоймай, әртүрлі қасиеттерді жаттау олардың басқа түрлеріне балалар назар аудармайды. Нәтижесінде қабылдаудың өзіндік қателіктері пайда болады: егер бала мысалы, сары түсті білсе, бірақ қызыл сары түсті білмесе, ол қызыл сары түсті қателесіп сары деп қабылдайды. Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыра отырып, есте сақтауларын және олардың атауларын қолдануды талап етпеген жөн. Бастысы, бала заттардың қасиеттерін олармен әрекеттесу барысында ескере білсе болғаны. Егер ол үшбұрышты бұрыштама немесе шатыр деп атаса, оқасы жоқ.
Балалар мынадай сөздерді түсінсе жеткілікті: пішін, түс, мынадай. Мұнда заттардың көлемімен таныстыру артық. Көлемнің мүлдем маңызы жоқ. Ол басқа заттардың көлемімен салыстыруда қабылданады. Баланың назарын заттардың қасиеттеріне аудару үшін заттармен мынадай әрекеттер ұйымдастырған тиімді: қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін заттарды пішіні, көлемі бойынша орналастыру керек, олардың ұқсастығы немесе ұқсамайтынын анықтау керек. Мұны балалар алғашында көзбен орындай алмайды. Сондықтан оларға заттарды пішіні мен көлемі бойынша салыстыру үшін бірінің үстіне бірін қою ұсынылады. Сыртқы салыстырудан балалар біртіндеп көзбен салыстырға ауысады.
Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс - заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруді ұйымдастыру басталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшелігі
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
-Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет ( Сызба 1.1.).
Сызба 1.1.

Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
Ерте бала аутизмі бар балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуы
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер