Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1-бөлім. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері . . . 5
1. 1. Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру . . . 5
1. 2. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері . . . 9
2-бөлім. Адамгершілік санасын қалыптастыру жолдары . . . 13
2. 1. Адамгершілік қасиеттері мен саналары . . . 13
2. 2. Бастауыш мектепте пәндер арқылы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыру . . . 17
2. 3 3- сынып бағдарламасы мен оқулығына талдау . . .
2. 4 Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың адамгершілікті қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен . . .
2. 5 3- сынып бағдарламасы мен оқулығына талдау . . .
3-бөлім. Практикалық бөлім . . . 21
3. 1. Психологиялық ойындар мен жаттығулар . . . 25
Қорытынды . . . 28
Әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым - қатынас құралы ретінде жан - жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т. б. нормалар.
- педагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Диплом жұмысының мақсаты:
Тәрбие әдістері - тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Диплом жұмысының объектісі:
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал - жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.
Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:
Бұл еңбекті жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.
Зерттеу мiндеттерi:
1. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;
2. “Адамгершiлiк мәдениетi” ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
1-бөлім. АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
1. 1. Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ. Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді. Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады. Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді. Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек) ;
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар) ;
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір) ;
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру) :
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия) .
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
- Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға
талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады. Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
- Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін
арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
- Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды
құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т. б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек.
1. 2. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері .
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы. Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады. Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-жақты толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның, ұжымның, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл -парасатымен, жеке бастын өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырсады.
Қоғам мүшелерінің бәріне тән, ортақ біркелкі мінез-құлықтың болуы мүмкін емес, әр адам өзінше жеке тұлға. Ертеде грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биолгиялық факторлар мен қоса әлеуметтік факторларда әсер етеді деген. Адам өзіне тән биологиялық құрлысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи даму нәтежиесінен де пайда болады. Сонымен адамның жалпы дамуына өзара байланысты екі бағыт: биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз даму барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлға - дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және әлеуметтік функцияларды (қызметтерді, болмысқа, адамдарға өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қтысты) атқарады. Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқы, іс-әркетімен, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады. Жеке тұлғаға тән қасиет- ақыл, ес яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Тұлға жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырудың нәтежиесінің көрінісі жеке тұлғаның ең маңызды белгілері:саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, жеке бас қадір-қасиеті, даралығы жатады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығын, оның өзіне тән ерекшелігін сипаттайды. Даралық адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (салмақты, жігерлі) шығармашылық қызмет әрекетінің, қабілетінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлік өкілін, оның сапа -қасиеттеріне қатынасын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл есі дұрыс адам индивид бола алады. «Жеке тұлға» түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осында. Ал жеке тұлға сапалары адамның өмірі барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін «даму» және «қалыптасу» ұғымдарының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Даму - бұл жеке тұлға сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді меңгереді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз - ең алды мен оның қасиеттері мен санасындағы сапалық өзгерістерді айтамыз. Адам дүниеге келген соң дене жағынан дамып, яғни дене мүшелері мен нерв жүйелері өседі. Адамның жеке тұлға болып дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан саналық өзгерістер (танымдық, сезімдік және моральдық), сонымен осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды. Сонымен даму дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесімен психикасының дамуындағы, танымдық, шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, яғни сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі. Қалыптасу -түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтежиесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді меңгеруін білдіреді. Жеке тұлғаның табиғи дамуы көпсанды әр сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдаумен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иеі ретінде сипаттайды. Мыс; нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі үйдегі және көпшілік арасындағы қалпы т. б. Өсе келе ол білімді меңгереді, жұмыс істеуге ептіленеді. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнің сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субьект, яғни тарихи қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек «адам» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік сапа мен қасиеттердің бірлігін айтады. Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл- ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады. Тәрбие - біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиетін қалыптастыру жеке - дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дұниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол. Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата- аналар мен жұртшылыққа әрекетін қадағалап, бағыт - бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы. Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал ететін факторлар жұйесінде өзін өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Тәрбиедегі даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін белсенді түрде қатыстыру. Олардың болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу. бұндағы көздейтін негізгі мақсат, тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзін өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жұргізу. Осындай жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін береді. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары, олардың өзара байланысы. Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарыжете түсінуді қажет етеді. Философия ғылымында заңдылық деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz