Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫ ШЫРШЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ГУМАНИТАР ПӘНДЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ӨЗБЕК ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

“Тіркеуге алынды”

Оқу жұмыстары бойынша декан орынбасары

Нафасов А

“”2022 жыл

5111300- Ана тілі мен әдебиеті (Қазақ тілі мен әдебиеті) бакалавриат білім бағыты II курс ҚТА-20/1-топ студенті Қошқарбаев Ернардың “Мағжан Жұмабаев- лирик ақын” тақырыбына жазған

КУРС ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекші :

Ж. Байзаков

“Өзбек тіл білімі” кафедрасының

Оқытушысы

“Қорғауға ұсынылсын”

“Өзбек тіл білімі” кафедрасы меңгерушісі,

доц. А. Шофқоров

“___”2022 жыл

Шыршық - 2022

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Мағжан лирикасының тақырыптық арналары . . . 5

  1. Ақын поэзиясындағы сезім көріністері . . . 6
  2. Табиғат көрінісінің ақын өлеңдерінде бейнеленуі . . . 16

ІІ тарау. Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері . . . 24

2. 1. Ақын өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер бейнесі . . . 25

2. 2. Ақын өлеңдерінің құрылысы30

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38

КІРІСПЕ

Курс жұмысының өзектілігі . ХХ ғасырдың басы қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Өйткені үлкен-үлкен оқиғалар, тарих сахнасындағы ұлы бетбұрыстар, саяси-әлеуметтік өзгерістер әдебиетке, соның ішінде қазақ әдебиетіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. «Қазақ әдебиетінің өркендеу дәуірі» болып саналатын осы кезеңде Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды ірі-ірі қаламгерлер өмір сүрді. Олардың шығармашылығында әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болмай қалған жоқ. Әсіресе, олардың арасында сол кездің өзінде талай шығынға ұшыраған, поэзиясында да, прозасында да өзіндік ерекшелігі байқалып тұратын қаламгер ол - Мағжан Жұмабаев еді.

Қандай қаламгерлердің болмасын шығармашылық бет-бейнесін толымды ашуда әсіресе лииканың маңызы зор. Бұл жұмыста Мағжан Жұмабаевтың лирикалық өлеңдері талдап түсіндіріледі. Бұл жұмыста Мағжан Жұмабаевтың жалпы шығармашылығы емес, тек қана поэзиялық шығармаларына тоқталамыз. Өйткені ақынның қайраткерлік табиғатын ашуда ең алдымен үлкен рөл атқаратыны, ол - оның өлеңдері.

Тақырыптың өзектілігі - ақын туралы пікір білдірген ғалым-жазушылардың айтқан ой-тұжырымдарын салыстыра отырып және оның өлеңдерін терең зерделеу арқылы ақын Мағжан Жұмабаевтың шынайы таби, атын аша түсу. Бұларға қосу оның лирикалық шығармаларының жалпы адамзатқа ортақ сабақтастығын аша түсумен байланысты. Сонымен бірге ақын жырлаған тақырыптарды рет-ретімен талдаудың маңызы зор деп білеміз.

Жұмыстың жаңалығы - ақын өлеңдері сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла отырып, олардың ішкі мән-маңынасын ашы арқылы Мағжан Жұмабаевтың жалпы адамзаттық тұрғыдағы ақын екендігі көрсетілді.

Жұмыстың мақсаты - Мағжан өлеідеріндегі шынайы да нәзік лиризмнің маңызын айқындау. Ұлы суреткер поэзиясындағы лирикалық жанрдың маңызын ашып көрсету.

Жұмыстың осы мақсатына жету үшін ақынның поэзиялық шығармаларына жан-жақты талдау жасалып түсіндірілді.

Жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері мен ой-тұжырымдары басшылыққа алынған. Практикалық негізінде мазмұн мен пішіннің бірлігі принципі, сипаттау және кешенді түрде талдау жұмыстары жасалынды.

Жұмыстың құрылымы : Курс жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау

Мағжан лирикасындағы тақырып арналары

Қайсыбір шығарма туралы пікір айту үшін біз ең алдымен оның тақырыбы жайлы сөз қозғаймыз. Өйткені, іргетассыз үй болмайтыны секілді, тақырыпсыз шығарма да болмайды. Өйткені сені мазалаған қандай да бір жағдай болмаса, шығарма қайдан тусын?

«Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн» [40; 147] демекші, біз жұмысымыздың бірінші тарауында Мағжан шығармаларының тақырыбы жөнінде сөз етеміз.

Ал енді тақырып дегеніміздің өзі не? Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтатын болсақ: «тақырып - жазушының (ақынның) шындық болмыстан таңдап, талдап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы» [40; 149] . Ал «шындық күрделі болса, одан туған шығарма да - күрделі. Өмірдегі оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр алуан. Тіршілік жалғасып жатқан мәселелерге толы болса, суреткердің ой-өзегі де біреу емес, бірнешеу» [40; 154] . Мағжан өмір сүрген кезең дәл осындай шым-шытырық оқиғаларға толы болды. Поэзиның шағын түрлерінде бірнеше идея мен бірнеше тақырыптың болуы шарт емес десе де, Мағжан өлеңдерін толықтай бір шығарма деп қарастыратын болсақ, біз бұдан бірнеше тақырыпты бөліп қарастырған болар едік.

«Мағжан Жұмабаев - лирик ақын». Бұл - біздің жұмысымыздың негізгі тақырыбы. Осы тақырыпқа орай біз Мағжанның тек қана өлеңдерін талдап түсіндіреміз. «Поэзиялық шығармаларға, өлең-жырларға айрықша тән қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоционалдық, сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем етіп бейнелеу» (Зәки Ахметов) [35; . . . ] болса, Мағжан өлеңдері бұл талаптарға толықтай жауап беретіні тағы шындық.

«Лирика - шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі . . . Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс - субъективті нәрсе; бірақ сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері [40; 307]

«Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. (Зейнолла Қабдолов) . Ал «Лирикалық қаһарман - ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі. Лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін айқындайтын ақынның қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеалдары, өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын өзінше түсініп сезінуі.

Лирикалық шығармада көбіне-көп қоғамдық күрделі ой-пікірлер, ақынның жеке адамға деген жылы сезімі, не болмаса, назары түскен табиғаттың бір көрінісін сезінуі - бәрі тығыз байланысып жатады» (Зәки Ахметов) [35; ]

« . . . Бірақ ақын өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын көрсетеді.

Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді» (Зәки Ахметов) [35; ] .

Енді біз Мағжан өлеңдерін өз заманын қаншалықты сипаттап бере алғандығын тексереміз.

1. 1. Ақын поэзиясындағы сыр мен сезім көріністері

Сезім - ұлы күш. Адамды кейде абайсызда қателікке ұрындыратын да осы сезім. Іштегі асау сезімді жасыра алмағандықтан, тарихта талай адамдардың қаны төгілген. Талай ақындар іштегі сезімді тұсаулай алмай, ұмытылмас жырлар туғызған. Яғни керемет поэзиялық шығармалардың тууына ең алдымен асау да албырт сезім себеп болған. Осыдай әдебиетте лирика пайда болған.

«Бар адамды бір адамның (ақындығының), «қуанышымен қуантып, қайғысымен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлетер . . . «Ұлы ақын, - дейді Белинский, - өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, - жалпы жрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар». [40; 312] .

Иә, бұл әрине шындық. Ақынның қай өлеңін алып қарамаңыз, сіздің айтар ойыңызды дөп басып айтқанына таң қаласыз. «Актердің ұлылығы - фильмде көл-көсір жас төгіп, жылай алғанында емес, көрерменді жылата білгенінде» дегендей, Мағжан шығармаларын оқып отырсаңыз да, бүкіл жан-дүниеңіздің қалай алай-түлей боп кеткенін сезбей қаласыз. Кейде бір әдемі нәрсені көргенде оны қалай сипаттауды білмейғ аузыңызға сөз түспей жатады. Ал Мағжан өлеңдерін ақтарсаңыз, сіз өз көңіл-күйіңізге байланысты айтпақшы болған сөзіңізді адаспай табасыз. Бәрі жазылған, өзіңіздің қайғы-мұңыңызды шерткіңіз келсе, біреуге оны ұнататыныңызды айтқыңыз келді ме, ерте көктемде табиғаттың ажарланғанын көріп, қуанышыңызды көрсеткіңіз келді ме? - міне, осының бәрі Мағжан өлеңдерінде толып жатыр. Тек, сөз мәнісін ұғар, сөз қадірін білер жан болсаңыз болды.

Әбділда Тәжібаев өзінің «Өмір және поэзия» деп аталатын еңбегінде Белинскийдің мына сөздерін келтіреді. «Поэзия - үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлық, сезімнің бораны мен толқыны, шексіз толы махаббат, тәтті қамығу, ләззат таба егілу, көз жасына көмілу, әлдеқайда, шегі жоққа тарықса да ынтық ата ұмтылу» [6; 11] .

«Ал ақын рухтың қасиетті шөлмегі, жаратылыстың таңдаулы сүйіктісі, табиғат сырын сақтаушы, сезім күйшісі, әлемдік өмірдің алтын домбырасы. Ол сәби шағынан-ақ өзін басқалардан көрі әлеммен туыс, қандас көреді, балауса, жігіт шағында-ақ сол әлемнің тілсіз сөздерін, құпия сөздерін ұғымды тілге ауыстыра бастайды . . . » [6; 12] . «Лирика атаулының бәрі, лирика жазушы түгелімен ұлы сыншы көрсеткен өлшеуге сай болады екен ұғым шықпасқа керек» (Ә. Тәжібаев) десе де, дәл осы өлшеуге Мағжанды сай болады деп толық айта аламыз. Не үшін? Оны өлеңдерін толық талдап болғанда ған түсінесіз.

Біз бұл бқлімде ақынның махаббат лирикасы мен көңіл-күй лирикасы туралы сөз етеміз.

Сонымен, ақын махаббат тақырыбына арнап қандай өлеңдер жазды. Олар: «Сүйгеніме», «Құр қалыппын», «Гүлсімге», «Сүй, жан сәулем», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Шолпы», «Сен сұлу», «Біраз Фетше», «М-ға», «Сүйгенім анық», «Хор сипатты қарындас», «Жас сұлуға», «Г . . . ге», «Көңіліңді ашар», «Сәуле», «Гүлсім ханымға», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «З . . . ға», «Махаббат не?», «Айрылғанда», «Тірілдім», «Жұлдызды - жүзік, айды алқа ғып берейін», «Р . . . ға», Шериаздан Елеукенов «Мағжан» атты монографиясында былай деген еді: «Мағжанға тағылған көп айыптың бірі - оның ғашықтық тақырыбына қалам тербеуі. Қисынын тауып, өңін айналдырып дегендей, мұны да Мағжанды жаңа заманға жат кісі етудің құралына айналдырды. Ондай жалақорларға махаббат тақырыбына тыйым салсаң, дүние жүзінде неше ақын бар, бәрін де айыпта немесе қолыңнан келсе поэзияны мүлде жап деушілер табыла қоймайды.

Жастықтың аты жастық. Ол опалаң-топалаң заманға қарай ма? Мағжан ақын жүрегі де жастықтың мастығына елтіді, махаббат отының майын еріді» [15; 48] . «Жас ақын жастық қуаты мен жігерін, лапылдап тұрған сезімін, жандырып жіберердей лебін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын әлі келгенше асыра жеткізді» (Әбділда Тәжібаев) [7; 4] . Бұл бір кездері: «Оның махаббатқа» арналған (өлеңдерінің көпшілігі сүю тақырыбы) жырларынан шын махаббат лебін сезу, сұлулық сымбатымен, келісімдер күйін тану мүмкін емес. Онда идеал жоқ, нәпсі ғана бар, онда қызығу, құмарту ғана бар. Өйткені оған махаббат өмір емес, өткінші «қызық», өлер жанның қысқа мерзімдік қана «ләззаты», оның махаббатын хайуан «махаббатының» ұғымы десек те қиянат жасаған болмаймыз» деген ақынның сөзі. [6; 49] .

Ақынның «Сүйгеніме», «Құр қалыппын» деген екі өлеңі оның алғашқы өлеңдер жинағы «Шолпанға» енген. Яғни, бұл өлеңдер бозбала шақтың жемісі. Бұл өлең Зылиқаға арналса керек. Себебі Шериаздан Елеукеновтың кітабында Мағжанның Зылиқамен кіщкентайынан бірге өскендігі айтылады. «Зылиқа мен Мағжан алғаш рет 1905-1906 жылдары шамысында Қызылжар медресесінде кездескен сияқты. Бір жағынан, бұлардың туыстығы бар. Мағжанның анасы Гүлсім Әмірбекқызы Құрманбаймен бауырлас. Зылиха күйеуі Хасанға Мағжанды апайының баласы деп таныстырады» [15; 56] .

Күн болған көңілімде сенің сәулең,

Болып ем өмірімше сорлы әурең.

Міне, мен сені тастап кетпекшімін,

Қош енді, жанып-күйіп сүйген сәулем.

Әсіресе, өлеңнің з-жолы Ш. Елеукенов келтірген тағы бір мәліметке сәйкес келеді. «Өстіп жүргенде балаң жігіт оқуға аттанады. Шет жерде жұргенде қыз көңілден ұмыт болады. Шет жері - Үпі, я, Омбы» [15; 56] . Қалай болғанда да ақынның балалық махаббаты, пәк сезімі өлеңде сондайлық шынайы түрде жеткізілген.

Жандым-күйдім сені ойлап, дамыл көрмей,

Еш жанға сенен басқа көңіл бермей.

Сен - бір жақ, жалған - бір жақ,

Қатар қойып,

Сені іздедім жалғаннан қолым сермей.

Міне, жас жүректен шыққан пәк сезім. Ілия Есенберлин айтады ғой: «Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан, немес ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін біріншісі емес, екіншісі - әйтпесе бәрі де апат болар еді . . . Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да - бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса - ол тез арада құрып бітер еді» деп.

Міне, Ілияс Есенберлин үшін ұлы техникалық жаңалықтар таң қалдырар нәрсе емес. Оның құрмет тұтаны - сүйіспеншілік, махаббат. Ілияс Есенберлиннің өзі махаббат туралы көп ойларын айтып кеткен. Жалпы қай ақын болсын, махаббатты айтпай өте алмайды. Тіпті ақын емес дегендердің өзі махаббатына бір шумақ болсын жыр арнайды ғой. Ал енді шабыты кемелінен асып жатқан Мағжанға махаббат туралы жазба деп қалай айта аламыз. Әйелді сүю күнә ма? Тіпті ақын Мұхтар Шахановтың өзі:

«Әйелдерге немқұрайды қарайтын

Еркекті мен санамаймын еркек деп», -

деген ғой. Сонда ақын Мағжан Жұмабаев нағыз ер болып шықпай ма? Әйел туралы, махаббат туралы көп жырлау айып па? Тіпті қайсыбір ақын ағамыз туралы әлдебіреудің былай дегені бар еді ғой:

«Махаббаттың жанынан

Ұзай алмай барады ән».

Қиын ғой ұзау. Ақынға да қиын ғой. Біреуді сүйіп тұрып оны жырламау. Мүмкін емес. Сондықтан да ақын жырлай береді.

Қош, сәулем, бермен қара, сорлыңды көр,

Амандас мен кетейін, қолыңды бер.

Алдында құлаш жайып қарсы алатын

Сүйген жарым - мейірімді ол қара жер.

Жиырмаға шықпай жатып, өлімді аузына алса, ақын жүрегі болашақ өмірінің оңай болмасын сезген шығар. «Хас ұлылардың тағдыры қашанда қасіретке толы» демекші (Шоқан Әлімбаев) ақынның ұлы жүрегі тағдырының қасіретке толы болатынын сезген шығар. Болмаса аузынан ана сүті кетпеген бозбала жігіттің «Сүйген жарым - мейірімді ол қара жер» деуі неліктен? Түсініксіз . . .

Ақынның өмірлік ғашығына арнаған тағы бір өлеңі - «З . . . ға» деп аталады. Кейбір жерлерде бұл өлеңді Зейнепке арналған деген түсінік берілсе, ал Шериаздан Елеукенов ақынның немере інісі ҒадылшаҚаһарманұлының «Сүйген сұлу» атты естелігіне сүйеніп, бұл өлеңнің Зылихаған арналғандығын растайды. Себебі өлеңде ақынның ғашығынан балалығын бірге өткізгендері, сабақты бірге оқысқаны айтылады.

Алысқа, ұзақ жолға шыққанымда,

Сарғайып, мені күтіп қалып едің,

Талпынып, өнер іздеп, шетке кеттім,

Күткенге аз күнге емес, көпке кеттім.

«Жолдағы жарым қаша келеді», - деп

Сен сорлы күте-күте қасірет шектің.

Бұлар - шын ғашықтар. Мағжан сүйген қызына ішіндегі жан сырын ақтарып, осындай жолдар сыйлайды. Ал Зылихасы оны сарғая күтуге ант береді. Бірақ Мағжан оқудың соңына түсіп кетеді де, Зылиханы ұмытқандай болады. Қыз амалсыз ерге шығып кетеді де, Мағжан болса:

Жолығар ұзын жолда талай адам,

Сұлу да, сүйкімді де, жақсы-жаман.

Іш өртеніп, жүрегім шын елжіреп,

Дәл сендей басқа жанды сүю арам, -

деп қала береді. Жаратқан ақынының сертінен айнып, күнәлі болуын қаламады ма, айналып келгенде Мағжан өзінің сүйіктісі Зылихаға үйленеді. Сол кезде ақын өзінің күнәсін жуу үшін:

Ұшуға іңкәр,

Тұра ма тұлпар,

Бір жерде ылғи шаң жұтып?!

Жел едім, ұштым,

Талайды құштым,

Кетіппін сені ұмытып.

Алдағаным жоқ.

Арбағаным жоқ.

Сен сөзіме, сұлу қыз!

Тап сол сағат

Сүйгенім хақ,

Куә мынау көп жұлдыз!, -

деп ақталады. Сүйген жарына Зылихасы тергеп жатсын ба? Өзі де осы күнді жылдар бойы күткен шығар. Тіпті тұрмыста болған күннің өзінде ақынмен ұшырасу үшін түн ішінде іздеп баруы сүйгендігінің белгісі ғой. Болмаса «тоғыз жолдың торабында тұрған» ақынға кез келген адам жылы қабақ танытуы мүмкін бе? Мағжанның өз сөзімен айтар болсақ:

Көрдің де сен, аштың таза құшағың,

Құшағыңда жас балаға ұқсадым.

Сол кезімде бар күнәдан пәк болып,

Дегенім рас: «Сенсің жарым, қосағым».

Өкінішке орай, ақын содан кейін де біраз уақыт жоқ болып кетеді. Тағы ұмытады. Осы аралықта ақын біраз уақыт Гүлсіммен бірге болады. Бірақ ол да ұзақ уақыт бірге болмайды. Ақын сонда ғана түсінеді:

Білдім: маған жар екенсің сен ғана,

Білдім: саған жар екенмін мен ғана.

Соңғы кезде сені көрмей, жібегім,

Ашып көрші, жүрегімде мың жара.

Сірә осы тұста . . . Сабированың мына сөзін келтіре кеткен артық болмас: «Ғашықтық сезімге тән ұнату, құлай сүю, сүйіспеншілік зарын кешу, ләззат рахатына бату, бір кездесуге құмарту, жалт еткен ықылас, түңіле безу, махаббат жолында жан қию секілді алуан сезімдер, күйлер, мұң қайғылар Мағжан өлеңдерінде жүректен қан, тілден «у» ағызған сыр болып төгіледі».

«Мағжанның махаббат лирикасының шоқтығы - Гүлсім сұлуға арналған өлеңдер. Бұл циклдан екі жастың небір ғашықтық дастанға бергісіз махаббат тарихын зор тебіреніспен оқисың. Сезімге түскен ғашықтық шоғы от боп тұтанып, өрттей лапылдап, жалындап барып, күрт сөнеді . . .

. . . Бұл өлең - сөз салу. Арнау. Тіпті арбау десе сыяды. Әуелі махаббатқа көз бастайды деген бар. Тегі, екі жастың әлденеше рет еріксіз қадалып, қарасып қалған сәттері болса керек. Сондағы іштей біліскенді енді ақын сыртқа шығарып, жария етеді. «Кей уақыт көзіңізге көзім түссе, Ойнайды аласұрып неге жаным?!» - дейді. Бұл жолдарда инабаттылық, ізеттілік бар да, сонымен қабат алай-тұлей ұйытқыған сезім, құмарлық ынтығу бар. «Адам тіліне аспандағы бұлт айналады». Ақынның қойған сұрағының өзі әйел байғұсты қалтыратып арбады ма, - кім білсін . . . » дейді Ш. Елеукенов[15; 217] . Ал өлеңнің екінші шумағы туралы ғалым былай деген еді: «Ақын әйелдің күлген күлкісінің өзін биік бағалаған. Соны жеткізем деп символикалық машығына барады. Ғашықтық көлемдегі теңеулерге жүгінеді. Сол теңеулер арқылы сұлу мінезін өрнектеп, паң тұлғасын көз алдыңа алып келеді» [15; 217] .

Иә, Мағжанның сүйгені қатардағы көп қыздың бірі емес. Ақын серінің:

Жиылған осы тойға қалың қыздан,

Ішінде қара басың хан Қадиша, -

дегеніндей, Гүлсім де қалың қыздың ішіндегі ерекшесі еді. Ол:

Жұмақтағы кәусар судан,

Бетіндегі алтын будан,

Періштелердің жырынан,

Жұмақ суы сылдырынан,

Жапырағының сыбдырынан,

Тәңірінің дәл өз нұрынан

Жаратылған періште еді,

Мекені оның ғарышта еді.

Ақын Гүлсімнің бейнесін бүкіл қазақ қыздарына үлгі еткісі келген шығар.

Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны - махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық хикаясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабытын толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп-жұмыр дүниелері». [9; 491] .

Иә, Мағжан Жұмабаевтың махаббат тақырыбына арнаған өлеңдерін оқыған сайын қайта-қайта оқи бергіңіз келеді. Бүкіл адамға ортақ сезім-күйлерді қарапайым ғана сөздермен, бірақ жан-дүниеңізді түгел баурап, олардай қылып қалай жазған. Сөзбен сурет салу дегеніміз сірә осы шығар. Егер ол

Махаббат - бір тәтті у,

Ішер жүрек, болар мас.

Дүниедегі у мен шу

Мас жүректі оятпас.

Махаббат - бір тәтті у,

Ішер жүрек, төгер жас, -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Мағжан - сыршыл ақын
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Қазақ лирикасында өзіндік үнімен танылған ақын Н. Бегалиевтің ақындық табиғаты
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz