Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кәсіпорын экономикасы және менеджменті кафедрасы
Султанова Г.И

ТӘЖІРБИЕ
БОЙЫНША ЕСЕП
6В04103 Есеп және аудит мамандығы

Жетекшісі: Султанова Г.И

(баға) (қолы)

Комиссия мүшелері : Білім алушы: Аманкелдыева А.Е.

ж
(қолы) (күні)

Қарағанды 2022

Мазмұны

Кіріспе

4
1.Практика базасымен танысу.Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу

5
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу

11
1.2 Қорлар есебі

13
1.3 Ақша қаражаттарының есебі

17
1.4 Сатып алушылар мен және тапсырыс берушілер мен дебеторлық берешекті есепке алу

21
2 Еңбекақы толеу арқылы персоналмен еңбек айырусыды есепке алу

22
2.1 Жетекшілермен және мердігерлермен есеп айырысуды есепке алу
26

2.2 Есепті рәсімдеу
28

3 Қорытынды

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деп аталады және бұл тақырыпты таңдауымдағы мақсатым, мен осы жұмысымда сан қырлы бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы, яғни нарық заманындағы атқаратын рөлі, маңызын, жалпы мәнін және мазмұнын ашып көрсету. Жылдан-жылға еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі даму үстінде. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызмметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Бұл мәселелерді шешудің жолын 1-ші тарауда, яғни, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері арқылы қамтуды қарастырмақпын.
Ал осы тараудың бірінші бөлімінде - бухгалтерлердің атқаратын міндеті мен бухгалтерия құрылымы олардың қалай ұйымдастырылу керектігі жайында болмақ. Мұнда кез-келген жағдайда бухгалтер өз міндетін адал атқарып, қабылданған заң актілері мен нормативтік ереже нұсқауларды қатаң сақтап және оларды дәлме-дәл сапалы түрде орындауы қажеттігі туралы жазылған. Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері қарастырылғын, яғни мұнда есеп үлгілерінің шаруашылықта қаншалықты маңызды рөл атқаратыны және оларды қалай жүргізу жөнінде. Жалпы, бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады. Есеп үлгісі ең әуелі есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру мен жеңілдеуіне байланысты болуы керек, сонымен қатар, есеп регистрлары пайдалануға болып, мүмкін болатын қателер мейлінше азайтылуы керек.
Ал, екінші тарауға келер болсақ, бұл тарауда бухгалтерлік есепте ерекше рөл атқаратын кәсіпорындардың есеп саясаты. Аталған тарауда қарастырылатын мәселе есеп саясаты жөнінде елімізде бухгалтерлік есеп стандарттарының бірінші тарамағында Есеп саясаты және мұның маңызын шешу туралы ресми құжат қабылданған. Бұл құжатта есеп саясатының мақсаты, қажеттілігі, тәсілдері мен ереже әдістері туралы айтылған.
Осы тараудың алғашқы бөлімі есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптері жайында, яғни кез-келген жүйеде өзінің принциптері мен әдіс-тәсілдері болатыны белгілі, мұнда есеп саясатында да бірнеше есеп принциптері қабылданған және бұларға қорғау барысында жеке-жеке тоқталып өтемін.
Кез-келген ортада шаруашылық операциялары дұрыс жүргізілуі үшін оларды құжаттармен ресімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып табылады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те атаймыз. Оған қоса бұл құжаттардың атқаратын міндетін, қызметін, оның түрлерін соңғы, яғни 2-ші тараудың екінші бөлімінде қарастыратын боламын.

1 Практика базасымен танысу.Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (баспатқы құжаттан бастап бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін (форма), есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 1995 жылғы 2732-Бухгалтерлік есеп жөніндегі Жарлығында салынған. Бұл заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді.

1.1 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу

Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан жетілдіріп отырады.
Кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалерлік есеп кәсіпорынның өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесі мен талдау жүргізу үрдісіне экономика - математикалық әдістерді, әртүрлі модельдерді, мақсатты - бағдарламалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын еңгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек. Кәсіпорындарда нақтылы орын алған шаруашлық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қабылданған шешімді көрсетеді. Яғни бастапқы құжаттар шаруашылық фактілерінің іске асқандығын мәлімдейтін ақпараттық ағын болып табылады. Шаруашылық фактілерінің орындалуын көрсететін құжаттар дәл және осы сәтте жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қолдары қойылуы керек. Бастапқы құжаттар жасап, өз қолдарын қоюшы жауапты адамдар, құжаттардың өз уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты екендігін дұрыс түсіну қажет.
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар кәсіпорынның бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру, жетілдірілген әдістер мен амалдарды ұғымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты бухгалтерлік есеп жұмысының маңызы мен сипаты өзгеріске түсті. Бухгалтерлік есеп объектілерінің көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру, жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы, тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен атқарылатын көптеген жұмыстардың көлемі азайып, компьютерлік жүйемен атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп принциптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістер мен амалдар кеңінен қолданылуда.
Мұның барлығын да сапалы даярлаған, іс-тәжірибеден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындығы, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп ұйымдастырулы жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау мен тексеруді, талдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі бола бастады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты қандайда шаруашылық субъектілері болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақтау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін, еліміз бойынша бухгалтерлік есепке тән төмендегідей кезеңді жұмыстар атқарылуында бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің жолддары белгіленуі керек. Бұларға:
Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану.
Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп принциптерін сақтау.
Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір кәсіпорындарға тән ұйымдастыру бағытын жасау.
Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап, мұның өзін менджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының бағытын негіздеу.
Есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшандату және пайдаланушылар талабын орындау.
Кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды даярлау мен қайта даярлау, бұлардың кәсіби білімін жетілдіру.
Ендігі жерде осы жоғарыда айтылғын бухгалтерлік есеп жұмысын ары қарай жетілдіруге байланысты қойылған талаптардың қысқаша маңызына тоқталған жөн.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің құқығын негіздеп, бухгалтерлік, есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, сондай-ақ есеп үрдісін ұйымдастырудың негізін салғандығын білген жөн. Кімде-кім болмасын есеп-хисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бұлардың жіктелуі, меншіктің түрлері акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.
Бұхгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудегі бағыттар жөніндегі (принцип) жинақталған құжат болып табылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мұның маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлерінің (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау, өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде қолданылады.
Кәсіпорындарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, сондай-ақ бұлар өздеріне тән және ыңғайлы болып танылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуіне болады. Ішкі ереже-нұсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық құпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана бастады. Осыған орай еліміздегі есеп жүргізу үрдісі қаржылық есеп және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп пен басқарушы есеп өрісі бұларды қолдану мен қалыптастыру бағыты жекелей дамитын болды.
Қаржылық есеп қаржы жөніндегі қорытынды есеп (отчет) ақпараттарын пайдаланып, арнайы шешімдер қабылдау мақсатында жасалынады. Есептің бұл түрі тиісті заң актілері мен стандарттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми қабылданған басқа да нормативтік құжаттары негізінде жүргізіледі.
Басқарушы (өндірістік) есеп кәсіпорын қызметі мен өндірісін тиімді басқару және осы және болашақтағы кезеңдерде арнайы шешім қабылдау сатылған өнімдердің қаржылық нәтижесін шығару, жаңа технология енгізу мен мұның тиімділігін есептеу, маркетингтік шешім қабылдап, өндірілген өнімдерді, кімге, қашан, қаншаға сататындығы жөніндешешім қабылдау мақсатында жүргізіледі. Басқарушы есептің әдістемелік жолдары кәсіорындардың өз ерекшеліктеріне қарай жасалынады.
Қаржылық және басқарушы есеп жүйесінің екі бағыттағы мақсатты іске асыруына байланысты бухгалтерлік есеп счеттары да екі қатарлы: бухгалтерлік баланс жасау үшін қолданылатын қаржылық есептегі счеттар, басқарушы есепте қолданылатын операциялық счеттар болып классификацияланады.
Есеп пен маркетингтік жүйе арасында үйлесімді негіз қалыптастырып, жүйелі түрдегі есеп атқаратын рөлі зор. Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші кәсіпорындар базарлы сауданың жеңімпазы болғысы келетіндігі рас. Сондықтан кәсіпорындар тұрақты сатып алушылар іздеп, бұлардың төлем өтеушілік қабілеті мен беделі және атағын зерттейтіндігі мәлім. Осыған орай тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын халықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің бұларды жеке саудаға салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалыық және стратегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, мұның негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы кезеңіне жатады. Бухгалтерлік есепті компьютерлік жүйеге көшіру, есеп жұмысына жұмсалатын шығындарын азайтып, тез арада қажетті ақпараттар ағынын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан кәсіпорындар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеу және т.б. ақпараттард механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір кәсіпорында бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.
Зерттеулерге қарағанда, алдымыздағы жақын кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша шамамен 200 мыңға жуық бухгалтерлер мен аудиторлардың білім дәрежесін жетілдіріп, бұларды қайта даярлау керек. Қазіргі кезеңде бухгалтерлік есеп пен аудит мамандығын тек жоғары жаңадан құрылып келе жатқан кәсіби бухгалтерлердің институтында даярлаған жөн.
Сапалы және кәсіби жағынан білімді даярланған бухгалтерлер осы заманның шешуші тұлғасына айналды.
Бухгалтерлер мен аудиторлар, т.б. қаржы мен салық жүйесінде қызмет атқарушы мамандар даярлау және бұларды қайта даярлау, білімін жетілдіріп отыру үшін сапалы шығарылған оқулықтар мен оқу құралдар қажет. Бұл проблема күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Әсіресе мемлекеттік тілде жазылған іргелі оқу құралдары мен оқулықтар жүйесін жасай алмай келеміз. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне байланысты халықаралық стандарт талабына сай мамандар даярлауға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жоқ. Бухгалтерлік есеп мамандарын даярлауды қалыптастырушы жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен кітаптар шығару, оқыту процесіне қажетті электронды оқулықтар пайдалану, аудио-көру, т.б. ақпараттық ағын қалыптастыру мәселелерін шешіп отырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі, нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.

1.2 Қорлар есебі
№2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді. №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: Құрылыс салуға жасалған шарттар IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-Ауыл шаруашылығы IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады. (b) ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады. (b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады. Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Босалқылар - бұлар: Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c) өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Босалқыларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға кіргізілген жағдайда (18-Түсім ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады. Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді.

1 3. Ақша қаражатының есебі

Бухгалтерлік есепке тән көрсеткіштер синтетикалық және аналитикалық счеттар бойынша жинақталып, есеп регистрлары мен арнайы кітаптар үлгісіне жазылады. Шаруашылық фактілерінің көрсеткіштері есебін жүргізуге арналған бастапқы құжаттар экономикалық маңызына қарай топтастырылып, арнайы белгіленген есеп регистрларына түсіріледі.
Кәсіпорын басшылары мен есеп көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушылар шаруашылық процесі жөніндегі қажетті ақпараттарды тікелей есеп регистрларынан алып пайдаланады. Бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады.
Тиімді және сапалы жасалған есеп регистрлары немесе есеп жүргізудің үлгі моделі төмендегідей мақаттарды шешуді қамтамасыз етеді:
Шаруашылық процесі жөніндегі қажетті ақпараттар алу;
Бухгалтерияға тапсырған бастапқы құжаттарды топтастыру мен тіркеу;
Бастапқы құжаттарды дайындау мен бұларды өңдеу, содан соң есеп регистрларына жазу барысында есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру;
Есеп мәліметтерін жинақтау мен тіркеу жұмысындағы қателерді болдырмау немесе кеткен қателерді барынша азайту; басқару шешімін қабылдауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік стандарттар
Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принциптері
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында
Ұйымның бухгалтерлік есептің мәні және ұйымдастырылу тәртібі
Жалға алынған негізгі құралдардың есебі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және қайта бағалау
Өңдірістің бухгалтерлік есеп негіздері және ерекшеліктері
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары
Пәндер