Құран мен намаздың парызы


Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Философия және психология факультетінің
«5В020600 -Дінтану» мамандығы
Философия және мәдениет теориясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Философия және мәдениет теориясы
кафедрасының меңгерушісі
С. Б. Балшикеев
«08» қараша 2021 ж.
Бітіру жұмысын орындауға арналған тапсырма
СтудентТілеубайқызы Райхан
Т. А. Ә.
_IV, Р-41, «5В020600 -Дінтану»», күндізгі__
курсы, тобы, ББ, оқу нысаны
1. Бітіру жұмысының тақырыбы: Намаз жасау мен Құран оқудың адам жанына анықтама ықпалы.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректорының «05» қараша 2021ж. № 1454 бұйрығымен бекітілді.
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: «03»мамыр 2022ж.
3. Жұмысқа бастапқы деректер (заңдар, қолжетімді дерек-көздер, зертханалық-өндірістік деректер)
4. Бітіру жұмысында әзірлеуге жататын мәселелер тізбесі
1)
5. Графикалық материалдар тізбесі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. )
1)
6. Ұсынылатын дереккөздер тізбесі
1)
7. Бітіру жұмысын орындау кестесі
Тапсырманың берілген күні: «17» қыркүйек 2021ж.
Ғылыми жетекші Колумбаев Б. Е
қолы Т. А. Ә., ғылыми атағы, лауазымы
Тапсырманы студент Тілеубайқызы Райхан қабылдады. қолы Т. А. Ә
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Тарау. Намаздың діндегі орны. . 5
1. 1 Намаздың мәні мен маңызы. . 14
1. 2 Намаздың адамға берер пайдасы. . 29
2. Тарау Құраның ислам дініндегі шығу тарихы . 34
2. 1 Құраның құрылымы . . 41
2. 2 Құран және Ғылым . . . 46
2. 3 Құран мен намаздың парызы50
Қорытынды . . . 58
Пайдаланған Әдебиеттер тізімі. . …. 60
Қосымшалар. . …62
Кiрicпe
Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзатты жоқтан бар еткен, оның ең көркем түрде жаратып, тура жолдан адасып кетпеуі үшін өз тарапынан әр түрлі мұғжизалармен елшілерін жіберген Алла Тағалаға шексіз мақтау мен мадақтар болсын. Оның құллы әрі елшісі, пайғамбарлар мен елшілердің ақырғысы, шынайы мүміндердің көз қарашығы, тас болып қатқан жүректі өзінің мейірімі мен рақымдылығымен жібіткен пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын. Әрі оның отбасы мен сахабаларына және оларға ізгілікте ергендерге Алланың сәлемі болсын.
Жер бетінде өмір сүріп жүрген кез келген жұмыр басты пенденің қайдан келгені, қайда баратыны, не үшін өмір сүріп жүргені толғандыратыны рас. Көкейде ұялаған мұндай сауалдарға жауапты Алла кәләмі болған Қасиеті Құран кәрімде: Адамдар мен жындарды тек Өзіме ғана құлшылық жасасын деп жараттым деген аяттан табамыз. Яғни, адам баласының ең әуелгі міндетті - Алланы танып, оған иман келтіру және ізгі амалдар жасау. Адам баласының күллі жамандық атаулыдан тьятынһәм мағыналы, мәні терең құлшылық - намаз екені даусыз. Баршамыз намаз діннің тірегі және мүміннің миғражы екенін және бұл ғибадаттың құндылығы мен ерекшелігі әр берекеті де жоғары екенін жақсы білеміз. Десек те, намаздың құндылығы мен маңыздылығы жоғары екенін, хадис пен фиқһ кітаптарының ең үлкені бөлігі дәл осы намаз жайындағы риуаят пен иждиһәдтардан тұратындығынан білсе болды. Ертеректе намазды адамдар өте сирек, оның өзінде қарттар ғана, шамалары жеткенше оқитын еді. Көпшілік адам намаздың сырт көрінісін ғана білетін. Шариғат білімін егжейлі - тегжейлі бойына сіңірген адамдар өте аз - тұғын. Қазіргі таңда Алланың қалауымен шариғатты қалаған адамдар үшін намазды үйренуіне және орындауларына мүмкіндік туды. Көптеген елді мекендерде үлкен мешіттер бой көтерді. Намазхандар саны көбейді. Бірақ сонымен бірге кәміл намаз оқуда қайшылықтарда етек алды. Осыларды ескере отырып өскелең ұрпаққа намаздың мәні мен маңыздылығын және оны дұрыс орындауды тағы бір мәрте азды - кемді түсіндіріп кетуді жөн көрдік. Намаздың дұрыстығы оның сыртқы және ішкі парыздарының түгелдей қатысуына тәуелді. Демек, оларсыз кез - келген намаз дұрыстық таппайды. Негізгі қайнар көздерді басшылыққа алып, Құраннан, хадистен, сахабалардың қанатты сөздерінен дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып, намаздың ішкі және сыртқы парыздарын ашықтап түсіндіруге тырыстық. Осы дипломдық жұмысымызды ислам жалауын желбіретіп, фиқһ ілімінің ірге тасын қалап, оны дамытуға орасан зор еңбек сіңірген имам Ағзам Әбу Ханафиның салып кеткен сара жолы Ханафи мәзһабы негізінде баяндадық.
Зертттеу тақырыбының өзектілігі: Аллаһтың бар екендігі мен даралығын бiлiп растау - ен үлкен парыз. Осыдан кейін парыздың ең үлкені және ең маңыздысы - намаз. Намаз жүректің нұры, рухтың күші, мұсылманның кереметі. Намаз сөздікте «дұға ету», «жаксы дұға ету» деген мағынаны білдіреді. Аллаһ Тағала Құранда: إن صلاتك سكن لهم
«Оларға дұға ет. Сенің дұған оларға рақымшылдық», - дейді. Шариғатта намаз - тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл - козгалыстар мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты. Намаздың діндегі орнын, мәні мен маңызын және намаздың адамға берер пайдасы Құранның ислам дініндегі шығу тарихы, құрылу жолының ерекшеліктері Құран оқудың артықшылығын түсіндіру.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері. Ғылым көп қырлы, салалары әр түрлі, кең ауқымды, біз өмірлік қызметіміздің барлық салаларын қамтиды. Ғылым білімдердің, сол білімге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе. Қазіргі біздің заманымыздағы ғылым техниканың, нано жәнеайти техналогияның дамуы мен барлық салаларда математикалық есептеулер, статестикалық мәліметтер, дәлдік нақтылық пен есептелген жоспарлар, бағдарламалар жүйесін қалыптастырады. Теориялық және логикалық жүйелерде нәтижелі және тұтас болды. Өйткені ғылым адасулар мен қателіктерге жол бермейд.
Зерттеу нысанасы. - Намаз жасау мен құран оқудың адам жанына әсері.
Зертеу болжамы . Ислам діні және одағы мұсылмандар үшін ең маңызды міндетті.
Зертеу әдіснамалары. Ислам діні туралы ақпаратты түсіндіре отыра Намаз жасау мен құран оқудың адам жанына әсерін зерттеу, Намаздың діндегі орның көрсету, Намаздың мәні мен маңызын ашып ішкі және сыртқы парыздарын көрсету. Құранның ислам дініндегі шығу тарихын зерттеу. Құран құрылу жолының ерекшеліктерін көрсету.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. кiрicпeдeн, екі бөлiмнeн, қoрытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
Бірінші бөлімде- Намаздың діндегі орның, мәні мен маңызын. Намаздың адамға берер пайдасын аңықтау.
Екінші бөлімде- Құраның ислам дініндегі шығу тарихы, Құраның құрылымы, Құран және Ғылым, Құран мен намаздың парызы.
I Тaрaу. Намаздың діндегі орны
Намаз - діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз - өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол - жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Қысқасы, намаз - жұмақтың кілті.
Сондықтан намазды дұрыс орындау - мұсылмандар үшін ең маңызды міндет.
Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазға былайша анықтама берген: «Уа, үмбетім һәм сахабаларым! Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз - Алла Тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі, пайғамбарлардың сүннеті, періштелердің ең сүйкімді ісі, жер мен көктің нұры, тән саулығының қайнар көзі, ризық-несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені, жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы, қабір әлемінде Нәкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде - жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртында киер тәжің. Алла Тағала мүміндерге намаздай маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла Тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рүкүғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұрады. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүміндерге сыйлады. Ақиқатында, намаз - иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы».
Аллаһ тағала:"Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер"- десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) :«Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп оны үйреткендерің»- деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р. а. ) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», - деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) : «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», - деген.
Құран немесе Құран Кәрім (араб. : القرآن, al-qurʾān, [qurˈʔaːn] ) - Ислам дініндегі негізгі киелі кітап болып саналады, бірақ басқа сенімдегілер мен сенбейтіндер үшін ешқандай киесі жоқ. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[3], иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.
Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ. ж. ) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді. Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.
Намаздын мәні мен маңыздылығынын тағы бiр сыры ол Митраж оқиғасы. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мираж түнінде көзіне жас алып, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға - тілектер жасады. Алладан оларға кешірім етуді сұрады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Уа, Құдайым, мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдiң. Үмметіме де осындай бiр нығмет сұраймын», - деді. Алла Тағала: «Намаз мүміндердiн миғражы», -деп Пайгамбарымызды (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы хабармен қуантты. Миғраж түнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш сый жасалды.
Бiрiншiсi, «Бакара» сүресінің сонғы екі аяты уахи етiлдi. хабармен қа Екiншiсi, Қиямет күні Пайғамбарымызға (Оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) үмметін шапағат ету шарапаты берілді. Үшіншісі, бес уақыт намаз парыз етілді. Өткенi намаз -миғраждағы кездесуде арада Жәбiрейiл перiште болмай Пайгамбарымызға (Оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағала тікелей бұйырып, парыз қылған және сонымен араға ешбір дәнекер салмай, тек Алламен ғана бірге болуға арналган ерекше кұлшылык. Намаз аркылы жетiлетiн кемелдiк, тыныштык, көңiлдiң алаңсыз рахатқа кенелуi және Алла Тағалаға жақындық деген сезімге басқа ғибадатпен қол жеткiзiлмейдi.
Дүниеде намаздың мәртебесi ақыретте Алланы көру мәртебесiмен бiрдей болары сөзсіз. Өйткені кұлдардың дүниеде Аллаға ең жақын болатын сәтi ол намаз. Сондықтан бүкіл ғибадаттар кұлды намазға дайындау үшiн баспалдақ тәрiздi десек, орынды сөз болары анық. Исламнан бұрынгы Алла Тағала тарапынан келген діндерге, тарихқа көз жүгіртер болсақ оларда да намаз құлшылығы болған.
Пайғамбарымызга (Оған Алланың салауаты мен сәлемi болсын) бес уақыт намаз парыз болмай тұрғанда, тек таң ертен күн шықпай тұрғанда және ақшам күн батқаннан кейiн, күнiнен екi рет қана намаз оқитын. Содан кейiн жоғарыда сөз кылғанымыздай миғраж түнiнде бес уақыт парыз болды. Намаздын парыз болуы Кітап, Сүннет және Ижмамен тұрақтанған.
Намаз құлшылықтың ең ұлығы екендiгiн осыншалықты өсиет еткен Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды көзiнiң нұрына балаған. Өзі намазды шын жүрекпен, жан дүниесiмен берiле оқып, рукуғ пен сәждеде ұзақ уакыт тұратыны соншалық аяқтары iсiнiп кететiн кездері де болатын. Намаздан алған рухани ләззатын: «Маган (дүние нығметтерiнен) жұпар иіс пен әйел баласы сүйдiрiлдi, ал намаз - көзiмнiң нұры, рухани ләззатым», -деп жеткізген еді. Әбу Хұрайра (р. а) бірхадисте:»Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке алынатыны-намаз, -деп хабар берген. Осы хадистiн өзi намаздын бұл дүиеде де, ақыретте де алар орнының маңызды екендігін баян етедi. «Фатиха» сүресі Құранның негiзгi ұстанымдарын қалай қамтыса, намаз да сол секiлдi барлық ғибадаттарды толық қамтиды. Айталык, намазға тұрған адам iшiп жемегендіктен, ораза ұстағандай күйде болады. Сол сияқты намазда зекет те бар. Ол уақыттын зекеті. Намазда қажылықта бар. Өйткенi намаз оқуға ниеттенген адам қасиетті Қағбаға бет бұрады. Намазда куәлiк сөзi (шаhадат) де бар. Ол әр бір отырыста айтылады. [1; 12] . Сонымен қатар, осы жоғарыдағы тілге тиек еткен мәліметтерге қарайтын болсақ, намаз исламның барлық тіректерін өз бойына жинаған, мүминдердің миғражы болған ерекше құлшылық екендігіне иланамыз.
Ендiгi кезекте намаздың маңыздылығынан хабар беретін киссаларға тоқталсақ.
Біріпші киса:
Бiрде Хазіреті Али таң намазына ұйықтап қалып, ояңған соң қатты өкiнедi. Өзiн-өзi кешіре алмай күні бойы күйiнедi. Ертесіне таң атпай оны: «Тұр намазынды окы!» - деп бiреу оятады. Атып тұрған Али: «Сен кiмсiң, қайдан жүрсiн?» - деп сұрайды. «Шайтанмын». Хазірет Али: «Онда неге маған жақсылық жасағың келiп тұр?» Шайтан: «Бұл жақсылык емес. Жақсылықты саған кеше жасап қойыппын.
Сенi таң намазының сауабынан калайын деп ұйықтатып тастап едім, сен оянғасын қатты өкiндiң. Оныңды көріп тұрған Алла өкінішінді ескеріп, саған он сауап жазды. Әйтпесе сен таң намазынды оқып, бiр ғана сауап алған болар ең, әттен! Ал, ендi тез тұр да намазынды оқы. Тиесiлi жалгыз сауабынды ал!», - депті.
Екінші кисса:
Хазіреті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) окыған намазы барлық жаманшылықтан тыйылуға ыкпалды, құдіретті намаз болатын. Сол себепті де Пайғамбарымыздың (Оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) намазы ғашықтыққа толы Намаз мәселесіне келгенде Ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық ойы мен көңiлiн бөлетiн. мен елені бол Айша (р. а) Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды калай окығандығын айтқанда, кеудесiнен қайнаған қазанның дауысындай дауыс шығатынын айткан. Бул Хазіреті Пайгамбардын (Оган Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаздағы Аллаға деген ықыласының көрiнiсi еді.
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәрбиесін көрген Хазіреті Али (р. а) намазға тұрған кезде жүзi бозарып, өз денесiнен, өзгенін бәрінен сытылып шығып келетін. Бір шайқаста аяғына оқ тиiп, қатты ауырғандықтан оны суырып ала алмай кояды.
Сонда Хазіреті Али (р. а) :
Мен намазға тұрайын, сол кезде оқты суырып алындар! - дейдi. Сахабалар солай істеді. Ол намазда тұрғанда ешқандай киналмастан оқты суырды. Али (р. а) шынында да ешбір ауырғанын сезбедi. Намазды аяқтап, сәлем берген соң:
Не істедіндер? - деп сұрады.
Олар:
Оқты суырып алдык, - дедi.
Хазіреті Алидiң жан-тәнімен беріліп оқыған намазының рухани ләззаты денесiндегi ауру-сырқаттарын сездірмей жiбердi. Мiне, Алла Елшіс (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен намаз осындай намаз болатын.
Абдуллаһ ибн Аммар (р. а) риуаят еткен хадисте:
«Сахабалардың бiрi ең iзгi амалдын не екенін білуге құмартады.
Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын) :
«Намаз», -деп жауап кайтарады. Ізгi амал қылуды құмартқан сахаба:
Намаздан кейiнгiсi қайсысы? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұған да Намаз ден жауап қайырады. Үшiншi мәрте Одан да абзалырагы бар ма? - деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : Намаз, - деп жауап қайырады. [1; 13-14]
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзiне үш қайтара қойылған сұрақка бiр ғана «нама деп отырып, намаздын аса маңызды құлшылык екенін ескерткен.
Намаз құлды Аллаға жақындатады. Рух пен ерік күшін арттырады. Адамды сабырға, шүкір етуге үйретеді. Күн сайын белгілі уақытта намаз оқыған мүмин дүниеқұмарлық, жамандық пен мақтаншақтықтан қорланған болады. Шынайы оқылған намаз ықылас, тақуалық пен тамаш мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етеді. Құран Кәрімде былай баяндалады: «(Әрі) Сабырмен (табандылықпен), (әрі) намаз оқумен (Алладан) жәрдем тілеңдер. Шынында, бұл аса үлкен (ауыр, машақаты мол іс) . Бірақ хашиғыйндар (шын көңілімен бас иіп, құрмет тұтқандар) үшін олай (ауыр) емес»28. Яғни, намаз оларға ауыр келмейді, керісінше, олар ләззаттанып, рахат сезімге бөленеді, тіпті, намаз оларға үйреншікті іс болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz