Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының жіктелуі


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ. . 3
1. Калькуляциялау түсінігі мен қағидалары . . . 4
2. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерінің түрлері . . . 7
3. Калькуляциялаудың процесстік әдісі . . . 8
4. Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. …… . . . 12
5. Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау 16
6. Айнымалы шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау мен есепке
алу «директ-костинг» жүйесінің ерекшелігі . . . 18
7. Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
нақты және нормативтік әдістері . . . … 21
8. «Стандарт-кост» жүйесі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау……… 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 29
КІРІСПЕ
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау - басқару есебінің негіздерінің бірі болып, кәсіпорын шығындарын дұрыс бөлу және іске асырумен өнімнің бірлік құнын анықтау мақсаты болып табылады. Яғни әрбір ұйымды дұрыс басқару үшін ең алдымен жедел ақпарат қажет. Сол ақпаратты өндіріс саларынан алады, содықтанда әрбір өнімге кеткен шығындарын азайту жолдарын табу кәсіпорынның ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Шығындарды тарату және азайту жолдарын табу үшін халықаралық тәжіребеде әрқилы әдістер қолданады. Осы әдістерге талдау жасау арқылы кәсіпорын өзіннің өндірісіне лайықты әдісті таңдау да ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Өзіндік құн бухгалтерлік есепте шығын мен табыс туралы есеп, салықтар бойынша есеп беру, қаржылық есеп беру мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорынның, ұйымның өндірген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін таңдау үшін, әрбір әдіске талдау жүргізу тиімді әдісті анықтау және де халықаралық деңгейде басқарушылық бухгалтерлік есепті жүргізу, яғни өнім деңгейін жоғарғы сапаға жеткізу, одан максималды пайда табу жолын іздеу.
Өндіріс шығындарын есепке алу әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау - жиынтық құжаттарды қабылдауы мен өндірісте анықталған шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Шығындарды есепке алу әдісі мен калькуляциялау кәсіпорынның қалауынша таңдалады, оған кейбір факторлардың әсеріне: бұйым саласы, технологияны қолдану, өнім ассортименті және т. б. жатады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы халықаралық есеп стандарттарына толығымен көшкендіктен және де ана тіліміздегі әдебиеттері аз көлемінде болғандықтар қиыншылықтар кездесті.
- Калькуляциялау түсінігі мен қағидалары.
Калькуляциялау - бұл өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқаруда өте маңызды, себебі ол өнімнің өзіндік құнын азайту және бәсекелестігін арттыру үшін ішкі резервтерді уақытында қолдануға мүмкіндік береді. Калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен олардың нарықтағы сұранысын есепке ала отырып, өнім, жұмыс және қызмет бағасын бекіту үшін қолданылады.
Калькуляциялауда нақты өнім түрін өндіру мен сатуға, сондықтан жұмыс және қызмет бірлігін орындау (жүктерді тасу, жөндеу жұмыстары және т. б. ) кәсіпорынның ақшалай түрдегі шығындары біріктіріледі.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде калькуляциялау кейбір өнім(жұмыс, қызмет) түрлері бірлігінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі ретінде анықталады. Калькуляциялау барысында шығарылған өнім санымен өндіріске кеткен шығындар салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны анықталады.
Калькуляциялау міндеті - олар тасушылардың бір бірлігі, яғни сатылатын өнім (жұмыс, қызмет) бірлігіне кеткен шығындарды анықтау.
Калькуляциялаудың алғышарты болып калькуляциялаудың алдында болған өндірістік шығындар есебі(өндірістік есеп) табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белгілі бір түрде дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірістік басқарудағы қажетті болып табылатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Өзіндік өндірісте ертеден қолданған калькуляциялау жүйелері дайын өнімнің қорын бағалау мен жартылай фабрикаттардың құнын білуі мақсат етілді, себебі ішкі өндірістің және сыртқы есеп беру құрылымның табысын анықтау үшін қажет болды. Мәселенің маңыздылығына қарамастан бұрынғы калькуляциялау жүйелері басқарушылық есеп берудегі шешім қабылдауына қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыра алмаған, қазіргі калькуляциялау жүйелері баланстырылған болып келеді. Олардың құрамындағы ақпарат дәстүрлі есептеулерді шығаруға ғана емес, сонымен қатар экономикалық болжау жасауға мүмкіндік береді, мына жағдайларда:
- Өнімді өндірудің келекшектегі мақсаттылығы;
- Өнімге тиімді баға бекіту;
- Өнімнің тиімді ассортиментін өндірі;
- Технологиялар мен станок паркін жаңарту мақсаты;
- Басқару қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау;
Қазіргі калькуляциялаудың негізі кәсіпорынның шешімдерінің орындалуын немесе жоспарға жауапты орталықтардың шешімінде жатыр. Берілген калькуляциялау қолданулар өзіндік құнның жоспарлы міндеттерінің ауытқуын талдау, кейінен жоспарланған өзіндік құнды және экономикада эфективті технологияны ендіру мен технологиялық процесстерді жүзеге асыру үшін қолданылады.
Калькуляциялау трансфертті баға белгілеудің негізгі болып табылады. Трансфетті баға бір кәсіпорынның бөлімдері расындағы коммерциялық операцияларын жүзеге асыруға қолданылады. Көбінесе трансферттік бағаның актуальді қалыптасуынан кәсіпорын бөлімдері сыртқы сатып алушыларға өз мүмкіндіктері арқылы шығуы мүмкін. Осы жағдайда трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруы ұйымның қаржылық жағдайына тәуелді болады. Егер бөлім өнімді толығынан кәсәпорынның ішінде тұтынса, онда трансферттік бағаны есепке алынады және ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Осыдан өндірістік есеп беру мен калькуляциялау басқарушылық жүйеде тек өнімнің өзіндік құның анықтау ғана емес, сенымен қатар өндіріс саласында негізгі элемент болып табылады.
Калькуяциялау тауардң бәсекелестікке қабілеттілігі мен сапаның бақылауында маңызды роль атқарады. Калькуляциялау өндірілген өнімнің түрлері бойынша құралады, кәсіпорында номенклатуралық шығын баптары жұмыс пен қызмет бойынша бекітіледі(бірақта шығындарды есептеу өнімнің түрлері бойынша ғана емес, сонымен басқа да есеп беру объектісі бойынша) . Бсқарушылық есепберудің маңызды шешімі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнын калькуляциялау - өндірілген өнімнің өзіндік құны берілген өндірістік шығындар бойынша есептен шығарылады. Шығындарды есепке алғаннан кейін айлық есеп беру жүргізіледі.
Басқарушылық есеп беруде ай сайын жалпы өткізілген өнімнің және детализацияланған көрсеткіштердің құнның анықтау. Мысалы, өнім түрлері бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны, өнімнің өзіндік құны.
Өнім(жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау №7 „Тауарлы-материалдар қорын есепке алу“ бухгалтерлік есеп беру стандартында және әдістемелік ұсынулар арқылы ұйымдар басқармасымен, сонымен қатар №2 „Қорлар“ ХҚЕС-ты бойынша ұйымдастырылады. Өзіндік құнын калькуляциялау кезінде өндіріске өткізілген тауарлы-материалдар қор базасы, шығындарды тарату тәсілдері мен басқа да кәсіпорынның есеп беру саясатының элементтері жылдағы есеп беру өзгеріссіз қолдануы қажет.
Қазіргі жедел өзгеретін нарық жағдайларына байланысты кәсіпорынның басқармасына дұрыс шешімдерді қабылдау үшін, кәсіпорынның іс-әрекетіне талдау жүргізу қажет, сондықтанда берілген көрсеткіштері, оның ішінде өзіндік құн жайлы ақпарат, кәсіпорынның дамуына әсер етеді.
Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру мен нарыққа шығаруға кеткен шығындардың ақшалай көрінісі. Өнімнің (қызмет, жұмыс) өзіндік құны кәсіпорынның шығындарынан қалыптасады, олар өнімнің (жұмыс, қызмет) өндіру процессінде табиғи ресурстарды, шикізат пен материалдар, отын қуат, негізгі құралдар, еңбек ресурстарын қолдануымен байланысты.
Өнімнің өзіндік құнына кіреді:
- Еңбек шығыны, кәсіпорындағы өндірілген өнім, өндірістегі құрал мен заттар еңбек шығыны (дайындау мен игеру өндірістік шығындар; өндірістегі техникалық шарттар шығыны; технологиялық қамтамасыздандыру; дайындау мен даярлау шығындары; салықтар, өндірісті басқаруға жұмсалған шығындар т. б. ) ;
- Өнімді нарыққа өткізу шығыстары: орамы, тасмалдау мен тасу, дельдал қызметіне сыйақы, сыйақы мен комиссиондық жиындар, жарнама шығындары;
- Кәсіпорын өнімін нарыққа өткізуге байланысты өндіріске қатысы жоқ шығындарды өзіндік құнға енгізу арқылы оларды есептен шығару(жерді жалға алу, суға, камуналдық шығындар) ;
Сонымен қатар өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына өнімнің бұзылуы мен сынуы кіреді. Ол өнімнің ішкі өндірісінің тоқтап қалуынан, материалдардың жетпеуінен, жұмыскелердің жұмыс қабілетінен уақытша айырылып қалуынан төлемдерді төлеу шығындары пайда болады.
Басқарушылық есеп беру жүйесі арқылы өзіндік құн тәртібін қалыптастыруы оңша регламенттелмеген. Осы өзіндік құнның мақсаты салық төлеу емес, ол басқарушылықтын кәсіпорынның толық шығындар жайлы мәлімет алу үшін қалыптасады. Сондықтан берілген есеп беру жүйесінде өзіндік құнды есептеу үшін әртүрлі әдістер қолдануы мүмкін. Кәсіпорынға өзінің шығындарын басқаруға маңызды болып келеді, ол өнімнің өзіндік қалыптастыруға әсер етеді, яғни оған өзіндік құн жайлы нақты ақпарат қажет. Басқарушылық бухгалтерлік есеп жүйесінде оындай ақпарат қалыптасады.
Толық өзін құнын қалыптасу процессі №1 суретте көрсетілген.
Тікелей еңбек шығын- Тікелей материалдық шығын-
дары және аударымдар дар
Үстеме шығыстар
Өндірістік Өткізу Әкімшілік шығыстар
өзіндік құн шығыстар
Толық өзіндік құн
Тікелей еңбек шығын+материалдар+үстеме шығыстар =өндірістік өзіндік құн+өткізу шығыстары+әкімшілік шығыстар = толық өзіндік құн+рентабельдік пайыз = келісім құны.
- Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерінің түрлері.
Өндіріс шығындарды есепке алу әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау - жиынтық құжаттарды қабылдауы мен өндірісте анықталған шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Шығындарды есепке алу әдісі мен калькуляциялау кәсіпорынның қалауынша таңдалады, оған кейбір факторлардың әсеріне: бұйым саласы, технологияны қолдану, өнім ассортименті және т. б. жатады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады. Калькуляциялау әдісі өндіріс саласының түріне, оның қиындығына, аяқталмаған өндірістін қалдығына өндіріс іс әрекет циклына өндірілген өнімнің номеклатурасына байланысты болады.
Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдісі 3 топқа бөлінеді:
- Шығындарды есепке алу объектісі бойынша:Процесстік әдіс; Қайта бөлісу әдісі; Тапсырыстық әдіс;
- Шығындарды есепке алу толықтылығы бойынша:
- Толық өзіндік құнды калькуляциялау;
- Толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
- Шығындарды тексеру мен жедел есеп беру бойынша:
- Нақты өзіндік құнды есепке алу;
- Нормативтік шығындарды есепке алу;
3. Калькуляциялаудың процесстік әдісі.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процесстік жүйесі біртекті немесе бірдей өнімді сериялы немесе массалы өндіретін немесе үздіксіз өндірістік цикл қолданатын өндірістерде қолданылады. Шығындар процесстік калькуляциялау технологиясында әр өндірістік бөлімшенің жеке өндірістік кезеңдерін орындайтын кәсіпорындарда да қолданады.
Кәсіпорындарда шығындарды есептеу калькуляциялаудың процесстік әдісін әртүрлі өнімді өндіруде қолдана алады, егер өндірістік процесстегі қайталанатын тұрақты операцияларды бөлу мүмкіндігі болса. Көбінесе процесстік әдіс өнеркәсіпте және энергетика салаларында қолданылады.
Осы салалар өндіретін массалық түрі, дамытушы емес цикл, өнімді өткізу номенклатуралық шектеулер, жалғыз өлшем бірлігі мен калькуляциялау, аяқталмаған өндірістін болмауын немесе аса маңызды емес мөлшерін мінездейді.
Процесстік калькуляциялау жүйесін қолданғанда өндірістегі белгілі тапсырысты бөлек өнім бірлігін шығындармен байланыстыру мүмкіндігі жасалмайды, керісінше бір өнімнің өзіндік құнын есептеуге болады, оны белгілі кезең бойынша өндірістік өзіндік құнды осы кезең аралығында өнім санына бөлу арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, берілген кезең бойынша өзіндік құн тапсырысы барлық өнімнің орташа түзу өзіндік құнына алынады.
№2 суретте шығындарды калькуляциялаудың процесстік әдіс схемасы көрсетілген, ал өндірісте шығындарды калькуляциялаудың процесстік жүйедегі өзіндік құнын өзгеруі №3 суретте бейнеленген.
№2 сурет
Аяқталмаған өндірістін қоры
Процесс А Процесс В Процесс С
Аяқталған өндіріс Дайын өнім қоры
№3 сурет
Процесс А
Дебет Кредит
Материалдар 300 000 В процессіне тапсырылған
Еңбекақы 100 000
Аударымдар 18 900
Үстеме шығыстар 20 000
Жиыны 438 900 438 900
Процесс В
Дебет Кредит
А процессінен
қабылданған 438 900
Өзіндік шығындар:
-Материалдар 111 000 С процессіне тапсырылған
-Еңбекақы 212 000
-Аударымдар 40 068
-Үстеме шығындар 135 500
Жиыны 937 468 937 468
Процесс С
Дебет Кредит
В процессінен
қабылданған 937 468
Өзіндік шығындар:
-Материалдар 300 000 Дайын өнім қорына тапсырылған
-Еңбекақы 130 000
-Аударымдар 24 570
-Үстеме шығындар 21 000
Жиыны 1 413 038 1 413 038
1320 Дайын өнім
Дебет Кредит
С процессінен
қабылданған 1 413 038
Технологиялық процесстерде өзіндік құнын калькуляциялау процесстік әдіс қолданылады, ондағы сериалы және жаппай бір түрлі немесе ұқсас өнімдерді өндіріс цикілінда тұрақты өндіру. Шығындарды калькуляциялаудың объектісі процесстік әдісте қолданбайды, бөлек өндіріс процесс әрбір өндіріс топтары мен өнімнің бір операциядан екінші операцияға өнімделуі бойынша ауысуын технологияның жүзеге асырулар қарастырылады. Соңғы бөлімше өндірісті аяқтайды және дайын өнімді складына өнімді тапсырады. Белгілі уақыт кезеңінде өндіріс бөлімшелері өнімнің есеп беру кезеңіне, тапсырысты орындауға бекітілген уақыт қажеттілігі емес, ал шығындарды жалпылау бойынша анықталады. Әрбір бөлім бойынша бөлек шот 1340 „Аяқталмаған өндіріс“ атты шотта ашылады. Кезең аяғында не басында өнімнің шартты аяқталуы қайтадан есептеледі.
Процесттік калькуляциялауда дайын өнім мен аяқталмаған өзіндік құны есепті мерзім соңында технологиялық процесстердің ерекшелігіне байланысты екі әдісі есептеледі:
- Орташа бағалау әдісі;
- ФИФО әдісі;
Осы әдістер бойынша мысал қарастырайық:
Орташа бағалау әдісі бойынша мысал:
Компания өнім өндіреді. Материалдар процесс басында еңгізіледі, ал қосылған шығындар (өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы плюс үстеме шығыстар) процесс барысында таратылады.
Ай басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы 6 000 бірлік,
материалдарға қатысы бойынша 100% қосылған шығыстарға қатысы бойынша 60%-ға дайын, материалдардың құны - 24 000 тг., қосылған шығыстар - 15 300 тг.
Ай ішінде өндіріске 16 000 бірлік басталды; 18 000 бірлік өндірілді, ай аяғындағы аяқталмаған өндіріс - 4 000 бірлік.
Ай ішіндегі шығындар - 139 000 тг., оның ішінде:
- материалдар - 64 000 тг.,
- қосылған шығыстар - 75 000 тг.
Ай аяғындағы аяқталмаған өндіріс материалдарға қатысы бойынша 100%-ға дайын, қосылған шығыстар бойынша - 75% .
Бастапқы
А. Ө.
Б. б.
Дайын өнімнің
Б. б.
А. Ө.
ай аяғына
Барлық
б. б.
1б. б.
Өзінд. Құны
Дайын өнімнің өзіндік құны:
- Материалдар = 18 000 × 4 = 72 000 а. б.
- Қ. Ш. = 18 000 × 4, 3 = 77 400 а. б.
- Барлығы: 149 400 а. б.,
- немесе 18 000 × 8, 3 = 149 400 а. б.
Ай соңындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құны:
- Материалдар = 4 000 × 4 = 16 000 а. б.
- Қ. Ш. = 3 000 × 4, 3 = 12 900 а. б.
- Барлығы: 28 900 а. б.
ФИФО әдісі бойынша мына мысалды қарастырайық:
Б. б. Д. Ө. минус
б. б. А. Ө. бастапқы
Барлық
б. б.
Дайын өнімнің өзіндік құны:
- Ай басындағы А. Ө. өзіндік құны - 39 300
- Материалдар - 12 000 × 4 = 48 000
- Қ. Ш. - 14 400 × 4, 3103 = 62 069
Барлығы: 149 369 тг.
Ай соңындағы А. Ө. :
- Материалдар - 4 000 × 4 = 16 000
- Қ. Ш. - 3 000 × 4, 3103 = 12 931
Барлығы: 28 931 тг.
Процесстік калькуляциялау бойынша шығындар тапсырысқа емес балама немесе эквиваленті өнімге жатқызылады. Осы мақсатпен есепте дайын және аяқталмаған өнім біртұтас базаға жинақталады.
4. Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.
Тапсырыстық әдіс өзінің атауын өндірістегі калькуляциялау объектісі өндірілген өнімдерге, істелінген жұмыстары мен қызмет тапсырысына байланысты болды. Ережеге сәйкес әрбір тапсырыс бөлек тапсырыс иесі, тұтынушы, мердігер болу қажет. Әдіс тек қана арнайы шарттар қолдануы мүмкін, осыдан негізгі материалдар, негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақысы мен одан аударымдар және басқа да шығыстардың белгілі бір өнім, қызмет немесе жұмысты көп не аз мөлшерде жеңіл идентификациялау болып табылады.
Тапсырыстық әдіс қолданылады:
- Бірлік немесе кішігірім сериалы өнімді өндіру немесе жұмыстын орындалуы ең маңыздысы өндірістегі өнім түрінің ерекше болуы не басқа тапсырыстардың мәнді болуы талап етілсе;
- Қиын немесе ірі өнімді өндіруде;
- Өндірістегі ұзақ мерзімді технологиялық циклде;
- Үлкен көлемде әр түрлі өнім өндіруге, оның көп бөлігі қайталанбайтын және үлкен көлемде бөлек тапсырыстар бойынша шығарылғанда;
- Технологиялық маманданған жұмыс орындары мен белгілі операциялардың тұрақты бекітілуін қамтамасыздандыра алмауы мен жұмыс орындарын бөлшектегенде;
- Ережеге сәйкес әмбебап құрал-жабдықтар мен биінулерді қолдануда;
- Жинақталған және дәлелденген операцияның үлесі үлкен көлеміне байланысты болуда;
- Жұмысшылар арасында жан жақты жоғарғы маманданған жұмысшылардың бар болуында;
- Ұзақ мерзімді өнімді өндіру;
Калькуляциялау объектісі тапсырыстық әдіс бойынша бірлік өнімге өндірістік тапсырысы мен белгілі өнімнің, жұмыстын, қызменттін саны болып табылады. Тапсырыстарды бір арнайы өнімге және бірнеше кішігірім сериялық өнімдерді өндіру тапсырыс иесінің осы немесе басқа бір өнім түрін дайындау келісім шартына сүйене ашады. Тапсырыстарды арнайы бланктерінде ашады (оның орындалуында қатысушы цех саны), осыдан кейін тпасырыстарды цех орындалушыларға немесе бухгалтерияға өткізіледі. Өндірістегі шығындарды жинақтағанда барлық алғашқы құжаттар тапсырыс номерімен қамтамасыздандырылған. Құжаттарды жинақтағанда шығындарды цехтің жұмысшыларының орындаған жұмыстары тапасырыста және калькуляциялау баптарына сәйкес толтырылады. Осыдан жартылай фабрикатсыз өзіндік құнын калькуляциялау нұсқасы қолданылады, яғни әрбір цехтін жұмсаған шығындары жартылай фабрикаттарды бір цехтан екінші цехқа ауысуын есепке алмауын көрсетеді. Тапсырыс аяқталғаннан кейін тапсырыстық әдіс бойынша нақты өзіндік құны анықталады, осыған шейін бүкіл шығындар аяқталмаған өндірісті құрайды.
Тапсырыстық әдістін кемшілігі қиын өнімді өндіру, қайталанатын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарға материалдардың мөлшері, еңбекақы шығындарын ұйымдастыру қиындылығы, өндіріс барысында алдын ала шығындарды реттеуге және калькуляциялау нормасын бекітуге қиыншылық туғызады. Осы кемшіліктерді жою мақсатында ұзақ мерзімді өндіріс циклде (кеме құрылысы, ірі машиналар құрастырк) үлкен көлемдегі өнімдерді өндіру кезінде тапсырыстарды бөлек сала (агрегаттар, құрастыру элементтері) бойынша ашуға ұсыныс жасалады, олар аяқталмаған құрылымды ұсынуы қажет. Кішігірім сериялы өндірісте тапсырысқа сондай өнімнің саны кіреді, қандай ағымдағы ай ішінде шығаруға жоспарланған. Барлық салаларды және бөлшектерді есепке алу, белгілі өнімді немесе бірнеше өнімдерді өндіруге қолдануы бойынша топтарға бөлу қажет. Бөлшектер мен байланымдардың шығыстарын есепке алуды бірнеше түр бойынша тапсырыстық әдіс қолдануы; екіншіден түр бойынша нормативтік әдісі, яғни өндірісте сериялы немесе массалық ретті арқылы осы өнімді өндіру. Осыдан өнімнің құны, дара ретті бойынша өндіру және есептелген тапсырыс арқылы шығындар жинақталады, және жалпы байланымдар мен бөлшектердің құны нормативтік әдіс арқылы өзіндік құн массалық немесе сериялы ретте есептеледі. Кәсіпорынның экономикалық салада жұмыс істейтін қызметкерлер өндірісте шығындарды есепке алу нормативтік әдіс өндіріс элементтін жеке шарттарында және кішігірім сериялы өндірісте қолдануы ынталандырылуы қажет. Тапсырыс бойынша шығындарды топтастыру және әрбір тапсырысын өндірістік есепке алу картасында өзіндік құнды есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz