Географиялық карталарды топтастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Козыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Петропавл қ.
2022 ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Козыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі(Доскенова. Б. Б)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01507 (5В01507) -«География және тарих» мамандығы бойынша
Кажыкен Ж. Т
«География және тарих сабақтарында карталардың әдістемелік маңызы»
Орындаған: Кажыкен Ж. Т
Ғылыми жетекшісі
География аға оқытушы Байбусинова. С. Б
Петропавл 2022
КІРІСПЕ
Карта дегеніміз, 1) жер бетінің, жұлдыздық аспанның немесе олардың жеке бөліктерінің кішірейтіліп, арнаулы деректер толық көрсетіліп жазықтық бетінде кескінделуі. 2) Белгілі бір ақпарлар тізбегі жазылған бланкалар 3) Шығыс халықтарының туындысы саналатын ойын карталары. 4) Ресторандағы тағамдар мен сусындар тізімі. 5) Почталық ашық хат. Карта шығару үшін қалпын өзгертпейтін тегіс бетте (алюминийге жапсырылған ватманда, пластинада жасалған қара, ақ штрихты, немесе солғын реңді, не түсті бояулы баспа түп нұсқасы пайдаланылады. Кейінгі кезде жұқа мөлдір пластинкаларда қара, ақ диапозитивтер түрінде жасалған баспа түп нұсқалары кеңінен қолданылып келеді. Оларды пайдалану репродукция жасамай-ақ процестерді одан әрі жалғас-тыруға мүмкіндік береді. Сызылған түп нұсқа арнаулы фоторепродукциялық аппараттармен суретке түсіріледі. Негативтердің саны картадағы керекті штрихтық элементтердің бояуларының санындай болады. Картаның солғын реңді жерлерін кескіндеу (рельеф пен фотоиллюстрацияның бояуын жұқарту) авториптік не контактілі растрлардың көмегімен, ал түсті бояулы түп нұсқалар жарық фильтрі мен түсті бояулы корректрлеуші оптикалық аспаптармен репродукцияланады. Даяр негативтер техникалық және жіктегіш ретуштан өтеді, ол үшін карта мазмұнындағы әрбір штрихтың элементтерді ажыратуды оңайлататын ашық түсті арнаулы макет пайдаланылады.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйесін реформалаудың маңызды бағыттары қатарынан білім сапасын көтеру мәселесі жетекші орын алады. Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық деңгейге көтеру мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін арттыру сияқты факторлармен байланысты.
Соңғы жылдарда педагогикалық процесті ізгілендіру тенденцияларын күшейтуі математика пәндерін оқытуға аса көңіл бөлініп, болашақ ұрпақтың техникалық білімдерінің терең болуын талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:
«Білім беру реформасы -Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, Жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік мамандар даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестіктердің қатысуымен ең жоғарғы стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.
Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет», -делінген.
Зерттеудің мақсаты: География мен тарих пәнінде карталардың әдістемелік маңызын анықтау. Карталар мен пландарда ашық кен, үйінді, бөгет, қорымдар және т. с. с. объектілер арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Горизонтальдар мен шартты белгілерге қосымша ретінде картада төбелердің ұшар басындағы, суайрықтарының бұрылыстарындағы, ойпаң жерлердегі өзіне тән нүктелердін биіктіктері жазылады. [1] Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобус-тарда материалданған. Картографиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында жоғары оқу орындары мен Картографиялық кәсіпорындарында жүргізіледі. Әрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар біліммен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады.
Зерттеудің міндеті. Картаны құрушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйреніп, сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап ашып көрсетеді. География мен тарих пәндерінде картаның маңыздылығын түсінеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамды бөліктеріне - картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография, картометрия жатады. Картаны жобалау және құру, картаны безендіру, картаны жасау және картаны пайдалану әдістемесі кіреді.
Зерттеудің объектісі. Мектептердегі география мен тарих пәнінің оқыту процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы.
- Егер жоғары сыныпта тарих пен география сабағында карталарда талдай алса, сабақта тиімді қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісі дамытылатын болса, онда олардың география мен тарих сабағында білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Картографиялық ақпараттану - картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау, тарату мәселелерін қарастырады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - География мен тарих пәндерінде карталарды үйретудің және оны оқытудағы әдістемелік тәсілдердің мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні -Картаның жалпы даму тарихына, жоғары сыныпта география мен тарихта оқытудың әдістемелік тәсілдеріне, картаның ерекшеліктеріне шолу жасалынды.
Зерттеудің методологиялық негізі - Жоғары сыныптардағы картаны үйрету, сабағын жүргізудің қажеттілігі мен пайдасын анықтап көрсетті.
Курстық жұмысымда зерттеу әдістерінің келесі түрлері қолданылды:
Әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және талдау;
Педагогикалық жұмыста озық тәжірибені талдау және қорыту;
Жоғары сыныптың география мен тарих сабағына бақылау және талдау жасау.
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. География сабағында карталардың әдістемелік маңызы.
1. 1 География сабағында карталардың әдістемелік маңызы. География сабағындағы картаның атқаратын маңызды рөлі.
1. 2 Географиялық карталарды топтастыру.
1. 3 Оқушыларды жаңа картамен таныстыру
2. Тарих сабақтарында картамен жұмыс істеу әдістемесі.
2. 1 Тарих сабақтарында картамен жұмыс істеу әдістемесі. Тарихи карталармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері.
2. 2 Оқушылардың тарихи картамен жұмыс істеу кезіндеалатын білімдері мен іскерліктері
2. 3 Тарихи карталардың сабақта тиімді қолданылуы.
Тәжірибелік бөлім 58
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 66
Қосымшалар 68
1. 1. География сабағында карталардың әдістемелік маңызы. География сабағындағы картаның атқаратын маңызды рөлі.
Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес. Карта - көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады. Карта - географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы. Карта - географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Қартамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау) .
Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру. Кескін картамен жұмыс жасау. (Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру) Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру. Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады. Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді. Жоғары сыныптарда кескін карта күрделі картографиялық жұмыстар жасауға, яғни, картограмма құрастыру, карта диаграммамен экономикалық картосхема жасауға пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық салаларының орналасуын өткенде оқушылар кескін картадан шартты белгілерді пайдаланып, шикізаттардың орналасқан аудандарын, ескі және жаңа өнеркәсіп аудандарын, көрсетеді. Мұғалім кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең ақыры, кескін картамен жұмыс, оның күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта кескін картамен мектепте барлық сыныптар жұмыс жасайды: жылдан - жылға география пәнін оқығанда ол бірте - бірте күрделене түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен жұмысты кескін карта арқылы орындай алады. География сабағы бойынша жүргізілетін практикалық жұмыстар арқылы географиялық және топографиялық карталармен жұмыс істей білу, тұрғылықты жердің планын құру және т. б. біліктілігі қалыптасады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.
Жергілікті жерде бағдарлау мен қарапайым түсірілімдер жасау;
белдеулік уақытты, жергілікті уақытты анықтау;
табиғатқа бақылау жүргізу, ауа райын болжау, бақылау;
Мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар өлкетану жұмысында кеңінен пайдаланып, тереңдетіп отырады. Мысалы, табиғатқа саяхатқа шыққанда түрлі практикалық жұмыстар жасап, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі. Әр түрлі практикалық жұмыстарды жүргізу арқылы олардың іскерлігі жетіле түседі, теориялық білімдерін іс жүзінде асыруға үйренеді. Мұның өзі географиялық білімін тереңдете түсуіне, географиялық құралдарды пайдалана білуді үйретеді. Ал, кейбір қарапайым құралдарды өздері жасап алуға үйренеді. Бұлар мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ал, кейбіреулерін өлке зерттеу кезінде жүргізетін болады. Қалай болғанда да географиялық білімді іс жүзіне, тәжірибеге асыру болып табылады. Мысалы: Табиғатқа саяхатқа шыққанда келген жерінің географиялық координатасын білу; Күннің биіктігін өлшеу; Азимут арқылы жол табу; жан-жақты бағдарлау; Кез келген заттың биіктігін және қашықтығын арнаулы құралсыз-ақ өлшеу білу; Топографиялық картамен бағдарлау; Жергілікті заттарға қарап бағдарлау т. б .
Практикалық жұмыстар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзіреттіліктерді шешуді қамтиды. Сондықтан практикалық жұмыстарды өз мәнінде ұйымдастыру оқушы білімінің сапасын көтеруге көмектеседі және шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен айналысатын оқушылардың дараланып шығуына ықпал жасайды. Қорыта келгенде георгафия сабақтарында практикалық жұмыстарды орындатуды түрлендіріп өткізуге әртүрлі бағытта ұйымдастыруға болады.
Қазіргі кезде географиядан практикалық жұмыстар жүргізуге арналған жұмыс дәптерлері шығарылып, пайдаланылып жүр.
Практикалық есептер мен тапсырмаларды оындауға оқушылардың мүмкіндіктері жеткілікті. Кейбір логикалық ойлауы мен сөйлеу қабілеттері төмен дамыған оқушылар үшін ауызша жауаптардан қарағанда практикалық есептер мен тапсырмаларды орындау тиімдірек. Олар өздерінің теориялық білім деңгейлерін практикада жақсы дәлелдеп жақсы бағаларға қол жеткізе алады. Бұл арқылы оқушылар өз қабілеттеріне сенімін арттырып, пәнге қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге қол жеткізеді.
география пәнінің үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, географиялық картада жер қыртысының көп бөлігін, гидросфера мен атмосфера биосфераны қамтитын географиялық қабықтағы барлық құбылыстар мен нысандар кірген.
Екіншіден географиялық картада адамның өмірі мен қызметіне байланысты әлеуметтік құбылыстар қамтылған жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар картографиялық үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез келген нысанның географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға береді. Картографиялық үлгілердің бірінші маңызды қасиеті, онда қамтылған нысандардың орны жоғары математикалық дәлдікпен нақты көрсетіледі. Екінші маңызды қасиеті көрнекілігі мен шолулығы. Картографиялық өнімнің шолулық қасиеті арқылы географиялық картада қамтылған аумақты оқырман бір көргеннен шолып өте алады. Көрнекілік қасиетіне сүйеніп дайындалған оқырманның шартты белгілердің көмегімен картада қамтылған аумақтағы нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін ой елегінен өткізіп, жылдам анықтай алады. Ол үрдісті кез келген картадағы құбылыстар мен нысандардың сан-дық және сапалық қасиеттерінің іріктеліп жинақталып алынуы жеңілдетеді. Жоғарыда айтылған бірде-бір географиялық карта мен глобустарға тән қасиеттер, жер бетінің ешбір үлгісінде кездеспейді (Аэрофото кескіндеу, ғарыштық кескіндеу, суреттер, математикалық үлгілер) .
Сондықтан, карталардың географиялық шындықты танып білуде маңызы зор. Картографиялық үлгі ретінде карталар коммуникативтілік, жеделдік, танымдық, болжамдық қызметімен ерекшеленеді. Географиялық картаны дерек көзі ретінде пайдалана отырып, ақпараттық берілуінің жүзеге асырылуын географиялық картаның коммуникативтілік қызметі дейміз. Географиялық картаның көмегімен навигациялық жол құрылысын салу, басқа да практикалық есептер шығару мүмкіндігін, жеделдік қызметі дейміз. Оқып үйренетін құбылыстардың болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігін географиялық картаның болжамдық қызметі дейміз. Карта - табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру, пайдалану әдістемелері туралы ғылым.
Картометрия - картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын (ауданы, көлемі, биіктігі, ұзындығы, бұрышы) өлшеу жұмыстарын жүргізу әдістерін жасап шығарады.
Картаны безендіру - картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға даярлауды оқытып үйретеді. Зерттейтін нысандары жағынан картографияның ерекше саласына топография жатады. [2] Картографияның міндеті - халықты шаруашылықпен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету. Қазіргі талап географиялық білімнің құзіреттілігін арттыру. Яғни практикалық жұмыстардың санын арттыру емес, географияны оқытудың дәстүрлі әдістемесінен басқа оны өмірде өз қажеттілігіне жарата білу біліктілігін қалыптастыру. Алған білімді практикада пайдаланбаса артық жүк болып қала беретіні бар.
Әрбір сынып бойынша орындалатын практикалық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: 6 сыныпта оқушылары көкжиек тұстарын анықтау, азимут, географиялық координаталарды анықтау, сызба сызу, шартты белгілермен жұмыс тәрізді жұмыстарды орындаса, 9 класс оқушылары Қазақстанның шаруашылық құрылымы сызбасын құрастыру, халықтар тығыздығын анықтау, статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып диаграмма құру тәрізді күрделенген тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыстарды орындау барысында оқушылар мерзімдік баспасөз материалдарын, әлемдегі өзгерістер жүйесін де меңгереді. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесуіне өзіндік көзқарастарын қалыптастырады.
Практикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бұрыннан келе жатқан сабақ жоспарының модельі сақталғанымен, сабақ барысында әр ұстаз өзінің шығармашылық даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше түрлендіріп отырады. Практикалық жұмыстар оқушылардың әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын іздестіруіне мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады.
Сабақтарда ұйымдастырылатын практикалық жұмыстар сол тарауда өтілген барлық материалдарды қамтитындай етіп алынса, оқушылардың білім деңгейін анықтауға да мүмкіндік туады. Сабақ барысында қатынаспаған немесе өз білімін көрсете алмаған оқушылар практикалық жұмыста материалды қаншалықты меңгергенін анық көрсетеді және оқушы білімін бағалауда да талас тумайды.
Географияны оқытуда практикалық жұмыстардың маңызы ерекше. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттырады, алған білімін практикада қолдануды қалыптастырады.
Бағдарламада қарастырылған сарамандық жұмыстар оқушылардың өмірде маңызы бар іскерлік пен танымдылыққа қаруландырады: әртүрлі тақырыптық карта, диаграмма, график, кесте, бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Мекетептегі географияның еркшелігі тақырыпты жақсы меңгеру үшін түрлі географиялық ақпарат көздерін пайдалана білуі қажет: картографиялық, статистикалық, мәтінді талдау, оқу жұмысында әртүрлі тәсілдерді меңгеру. Туған жер табиғатын оқытуда оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Топография - географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана отырып жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді. Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих, экономикалық география мен жаратылыстану ғылымдарының ішінде физикалық география, ландшафтану, геология, климотология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану ғылымдарымен тығыз байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны жөнінде деректер алады. Жер бетінде жүргізілетін әр түрлі кескіндеу жұмыстарының нәтижесінде жер бетін оқып үйренуге негіз болатын ірі масштабты карталар құрылады.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып, табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Жер бетінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кескінін карта дейміз.
Географиялық карта жер бетінің толық немесе белгілі бір бөлігінің үлгісі (моделі) болып табылады. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасанды кескінін үлгі (модель) дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу мүмкіндігі болмай немесе қиын болғанда оның үлгісі жасалады. Географиялық карталар шындықтың бейнелі - шартты белгілі үлгісіне жатады. [3]
Өндіріс пен ғылымның әр түрлі салаларында және мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында пайдалануды географиялық картаның танымдық қызметі дейміз. Белгілі бір құбылыстарды картаға талдау жасау негізінде оқып үйренуді картографиялық зерттеу әдісі дейміз. Қазіргі кезде географиялық карталар ғылыми зерттеу ретінде кеңінен қолдануда. Білімнің көптеген саласында құбылыстарды оқып үйрену бұрынғы картаға талдау жасап, ондағы деректерді бақылау жүргізу нәтижесінде анықталған құбылыстардың ерекшеліктерімен салыстырулар арқылы жаңа карта құрылады. Қоршаған ортаның шындығын анықтауда оның аясы кең, алуан түрлі.
Білімнің көптеген салаларында құбылыстарды оқып үйрену бұрын жасалған алғашқы картаға талдау жасалудан басталып, іс жүзінде жүргізген бақылаулармен салыстырып беттестіру кезеңіне өтеді де, жұмыс жаңа картаны құрумен аяқталды. Танымның мұндай жолы, негізінен, жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі жер туралы ғылымға тән. Олар: геология, физикалық география, геоморфология, зоогеография, өсімдіктер географиясы, топырақ географиясы. Географиялық картаның белгілі бір аймақтағы әр түрлі құбылыстардың арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланысын анықтау бағытындағы кешенді зерттеулерде де маңызы зор. [4]
Мысалы, ғалымдар жер сілкінуді болжауға ұмтылғанда геотермальды сулардың геохимиялық құрамының өзгеруі мен жер қыртысында басталмақ қозғалыстың арасында байланыс барын анықтады.
Картографиялық әдістерді пайдалана отырып табиғат құбылыстарын зерттегенде жүйелік кешендік принциптерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде картографиялық әдіспен жүргізілетін зерттеулер әлеуметтік ғылымдарда да кеңінен қолданады.
Картасыз өндірісті дамытуға қажетті географиялық жағдайға баға беріп, қоршаған ортаны қорғап жағдайын жақсарту, өндіргіш күштерді тиімді орналастыру мүмкін емес. Жергілікті жерде карта бағдарлау қызметін атқарса, көлікте темір жол, автомобиль жолдарын салып, құбыр төсеуге, кеме қатынасы мен аэронавигация кеңінен қолданылады. [4] Географиялық карталардың атқаратын рөлі.
Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
Карта - саяхат, жррықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
Карта - географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
Карта - географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі.
Қорыта айтқанда, карта оқушының ойы мен көзқарасын ары қарай дамытып жетілдіретін көмекші құрал болуы тиіс.
Қартамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:
Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау) .
Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру.
Кескін картамен жұмыс жасау. (Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру. )
Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру.
Міне, сонда ғана оқушының география пәніне деген қызығушылығы артып, өз бетінше терең білім алуына жол ашылады.
Енді «Карталарды мазмунына және масштабына қарай жіктеу» тақырыбын оқытудың әдістемелік үлгісіне тоқталайық.
Сабақтың мақсаты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz