Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

[1, 15 б. ] . книга или журнал

Орта мектептегі химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы АКТ

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
3: 3
Кіріспе: 1
3: Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздері
Кіріспе: 1. 1
3: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы
Кіріспе: 1. 2
3: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарты
Кіріспе: 1. 3
3: Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мазмұны мен әдістері
Кіріспе: 2
3: Химияны оқытуда АКТ қолдану әдістемесі және эксперименттік жұмыс нәтижелері
Кіріспе: 2. 1
3: Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Кіріспе: 2. 2
3: АКТ қолданудың нәтижелері, артықшылықтары мен кемшіліктері
Кіріспе: Қорытынды
3:
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3:

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманның педагогикалық ғылымы білім беру мазмұнын жаңаша қарастырып, қоғамның объективтік мұқтаждықтарына сәйкес дамыту және тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын кеңінен қолдану мәселесін өзекті етеді. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін жетілдіру тек оқытылатын пәндердің мазмұнын өзгерту арқылы ғана емес, оларды оқыту әдістемелерін өзгертуді, әртүрлі әдістемелік тәсілдердің қолданылу аясының кеңеюін, сабақ барысында білім алушылардың іс-әрекеттерін белсендендіру мақсатында нақты өмірмен байланысты жағдаяттарды қолдана отырып студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жағдайлар жасауды талап етеді.

Болашақ мамандарға қоғамның қоятын талаптары жылдан жылға кеңеюде, қазіргі қоғамда өзін-өзі тіжірибеде көрсете алатын жан-жақты дамыған тұлға қажеттігі Қазақстан Республикасының білім беру саясатын анықтайтын нормативті-құқықтық құжаттарда белгіленген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» делінген [1] .

Осыған орай жоғары оқу орындарының оқытушыларының алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.

Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Бірқатар ғалымдардың (Д. И. Кавтарадзе, М. В. Кларин, A. B. Хуторской) пікірлеріне сүйенсек, қазіргі заман ғылымында жоғары мектептерде интерактивті оқыту әдістерін кеңінен қолдануға үлкен ықылас танытылады, себебі олар студенттердің бірлесіп белсенді түрде іс-әрекеттер жүргізуіне бағытталған. Жоғары оқу орындарында АКТ әдістерін қолдану мәселесі күрделі әрі сан қырлы. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын саралайтын болсақ, олардың көпшілігі символикалық интеракционизм теориясының идеяларына (Дж. Г. Мид, Г. Блумер, Д. М. Болдуин, Ч. Кули және т. б. ) сүйенеді, бұл білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға негіздеме болады.

А. Е. Авдюкова, Л. Н. Вавилова, В. А. Вакуленко, Ю. Е. Водопьянова, П. Д. Гаджиева, В. В. Гузеев, Л. К. Гейхман, О. А. Голубкова, Т. Н. Добрынина, В. К. Дьяченко, Е. В. Коротаева, Д. С. Ермакова, Д. Н. Кавтарадзе, С. Г. Корниенко, М. В. Кларин, Г. Б. Корнетов, Л. Н. Куликова, Д. И. Латышина, Т. А. Мясоед, В. В. Николина, Т. С. Панина, О. В. Петунин, И. Е. Уколова, О. Н. Шевлюкова, С. А. Шмаков, Т. Л. Чепель, А. В. Хуторский және т. б. зерттеулерінде интерактивті оқыту әдістерін игеру және қолдану мәселесі қарастырылады. Қазіргі уақытта "интерактивті оқыту әдістері" жаңа мазмұнға толықтырылып, басты бағыттары айқындалады: өзара әрекеттесу (П. Д. Гаджиева, Д. И. Кавтарадзе, М. В. Кларин, Т. А. Мясоед, Б. Ц. Бадмаев) ; тұлғалардың қарым қатынас жүргізу біліктерін дамыту (Л. К. Гейхман, Л. В. Зарецкая, Д. А. Махотин) ; адамдардың әлеуметтік тәжірибелерін дамыту (Л. Н. Куликова) ; білім беру үрдісіне қатысушылардың арасындағы оқу-педагогикалық ынтымақтастықтың дамуы (Е. В. Коротаева, А. Ю. Прилепо, Н. Е. Щуркова) . Сонымен бірге оқу орындарында АКТ әдістерін қолдану мүмкіндіктері толық зерттелмеген.

Орта мектепте АКТ әдістерін қолданудың ғылыми әдістемелік негіздерін анықтау мәселесін шешу бірқатар қарама-қайшылықтармен байланысты:

  • оқушылардың оқу іс-әрекеттерін өзін-өзі дамыту ортасы ретінде қарастыру мен оларды жетілдіру құралдары мен әдістерін іздестіру арасындағы;
  • АКТ әдістерін оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде қолданудың артықшылығы мен оларды орта мектептің тәжірибесінде қолданудың ғылыми теориялық және әдіснамалық негіздеменің жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігі арасындағы;
  • жоғары мектеп түлектеріне деген қазіргі заман талаптары мен олардың кәсіби қызмет орындарында өздерінің қабілет мүмкіндіктерін көрсету арасындағы.

Жоғары көрсетілген қарама-қайшылықтарға сүйене отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбы таңдалды: «Орта мектептегі химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы АКТ».

Зерттеу жұмысының мақсаты - мектептегі химияны оқыту барысында АКТ пайдалану, оның теориялық негіздерін анықтау мен әдістемелік тиімділігін тексеру.

Зерттеу міндеттері:

  • АКТ мәні мен маңызын ашып көрсету;
  • инновациялық технологиялар жіктемесін жасау;
  • оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану мүмкіндіктерін айқындайтын технологиялар бойынша химиялық сабақтардың жоспарын жасау және оны мектептегі оқу үдерісіне еңгізу.

Зерттеу нысаны: орта мектепте химияны оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Орта мектепте химияны оқыту кезінде АКТ әдістерін оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде қолдану.

Зерттеудің болжамы орта мектепте химияны оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үрдісі тиімді болады, егер:

  • оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін АКТ әдістерін қолданудың теориялық - әдіснамалық негіздері анықталса;
  • оқушылардың өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан АКТ әдістерінің мәні айқындалып, жіктелу жүргізілcе;
  • орта мектепте химияны оқыту кезінде АКТ әдістерін қолданудың қағидалары белгіленсе.

Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттері қойылды:

1. Орта мектепте химияны оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында АКТ әдістерін қолданудың теориялық - әдіснамалық негіздерін айқындау.

2. «Спирттер» тақырыбы бойынша оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру тұрғысынан интерактивті оқыту әдістерінің мәнін ашып, жіктелуін қарастыру.

3. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді АКТ әдістерін қолданудың педагогикалық жағдайларын құрастыру және негіздеу.

4. Химияны орта мектепте оқыту кезінде АКТ әдістерін оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру құралы ретінде қолдану мүмкіндігін эксперименттік тексеру.

Белгіленген міндеттерді шешу және ұсынылған болжамды тексеру үшін өзара байланысқан кешенді зерттеу әдістері қолданылды: теориялық: зерттеу пәніне сәйкес ғылыми әдістемелік әдебиеттерді сараптау; эмпирикалық: педагогикалық эксперимент, бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, зерттеу нәтижелерін салыстыру, баяндау мен талқылау; статистикалық: математикалық статистика әдістері, педагогикалық эксперименттің мәліметтерін кесте түрінде рәсімдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Орта мектепте химияны оқыту кезінде АКТ әдістерін қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды;
  • Интерактивті оқыту әдістерін көрсетілген бағытта қолдану мәні мен жіктелуі қарастырылды;
  • Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін АКТ әдістерінің функциялары мен принциптері негізделді;
  • «Спирттер» тақырыбын оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін интерактивті оқыту әдістерін қолданудың педагогикалық жағдайлары белгіленді;
  • АКТ әдістерін химияны оқыту кезінде қолдану мүмкіндігі эксперимент жүзінде тексерілді.

Орта мектепте химия бойынша білім беруді жетілдіру мақсатында АКТ әдістерін қолдану кезінде зерттеудің теориялық маңыздылығы келесіде:

  • оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру тұрғысынан орта мектепте АКТ әдістерінің жіктелуі нақтыланды;
  • АКТ әдістерін қолдану үшін «Спирттер» тақырыбын оқыту мазмұны сұрыпталды;

Дипломның құрылымы: Зерттеу жұмысы екі бөлімнен бес тараудан және қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі . . . бет.

  1. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялық негіздеріОқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны, құрылымы

Танымдық белсенділік ұғымы және оны қалыптастыру мәселесін көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазған. Бұл мәселенің түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

Көне құл иеленушiлiк құрылыс кезінде әсіресе Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болған, соның нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель еңбектерiнде өзінің даму жолын бастады [9, 10] .

Аталған тұжырымдамаларда ақыл-ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Тіпті Сократтың оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендігі белгілі. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн-эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана беріп қоймай, шәкiрттерiмен пікірталас жүргізе отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын қорытындылай бiлуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырды [11] .

Соңынан осы iзденiмпаздықтың дамуына көне Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай рөл атқарады деген пiкiр айтты. Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде-ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой-тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне айрықша көңiл бөлген.

Орта ғасыр кезеңінде дiннiң уағыздалуы нәтижесінде адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.

Осыған байланысты орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай-ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ -жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны әбден белгiлi.

Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң даму жолын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Өкінішке орай бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.

Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой-өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғам «о дүниеге» дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, маңызды шешімдер қабылдауға қабілетті, белсендi, ой-өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерiн қажет ете бастады.

Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық белсенділіктің ғылыми-теориялық түсініктері Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк,

Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро, А. Лавуазье, И. Г. Песталоцци, И. Кант және т. б. еңбектерiнде айтылды [12-21] .

ХVI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень: «Тәрбиешi баланың бойындағы қабiлеттерін бастан-ақ еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың бір-бірінен алуан түрлі ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған бағыт беріп, мақсатын жалғастырып отыруын қалаймын», - деп, оқытудағы танымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзгіден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасауы қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы мен қызығушылығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.

Бұл ғалымнан кейiн танымдық іс-әрекет ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо,

И. Г. Пестолоцци және т. б. мұраларында өз жалғасын тапты.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн

Я. А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы - сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой-өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды. «Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды-бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.

Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және соны қолдану нәтижесінде өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап көрсетті.

Ұлы ғалым Я. А. Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздық қабілеті туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотиві пен ұмтылысы туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы танымдық iзденiмпаздықтың аса қажеттiгiн атап өттi [22] .

Белгілі ғалым Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.

Ж. Ж. Руссо идеясын И. Г. Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.

ХVIII - ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына

И. Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.

И. Г. Песталоции оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк - психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әртүрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

  • биологиялық (П. К. Анохин, В. М. Бехтерев, Н. А. Бернштейн, А. Илиади, И. М. Сеченок т. б. ) [23-27] ;
  • психологиялық (Б. Г. Ананьев, М. Я. Басов, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов т. б. ) [28-31] ;
  • педагогикалық (Ш. А. Амоношвили, Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Г. И. Щукина т. б. ) [32-34] .

Биологиялық аспект - белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. Ол өзiн-өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым-қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез-құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П. К. Анохин) . Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс-әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.

Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С. Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым - қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк - адамның жаңа қарым -қатынасына айналады, бұл-адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым-қатынас иесi болған жағдайда болады.

С. Л. Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды» [35] . Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:

  • объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық;
  • объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты;
  • тапсырмаларды қою;
  • iс-әрекетке объектiнiң қалыптасуы;
  • мәселенi шешуге бағытталуы.

Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.

Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:

  • белсендiлiк баланың таным iс-әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi;
  • белсендiлiк субъектiнiң iс-әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi;
  • белсенділік жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты -объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр-бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу-орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.

Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т. И. Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс-әрекет ретiнде ашады. Танымның жоғарғы деңгейi-өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.

Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл-ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.

Ақыл-ой белсендiлiгi қарапайым iс -әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:

  • ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы-зерттеу iс-әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
  • интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д. Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде [36] .

Ақыл-ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процестер құрайды. Н. С. Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi [37] .

Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы

Д. Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.

Танымдық белсендiлiк - жалпы танымдық іс-әрекет феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады. Қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологиялар
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz