Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

[1, 15 б. ] . книга или журнал

Орта мектепте химия сабақтарында компьютерлік презентациялық материалдарды қолдану

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
3: 3
Кіріспе: 1
3: Орта мектепте химиялық білім беруде электрондық құралдар туралы түсінік қалыптастыру
Кіріспе: 1. 1
3: Жаңа буынды оқытуда электрондық құралдарының әдістемелік кешені
Кіріспе: 1. 2
3: Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
Кіріспе: 1. 3
3: Оқу үрдісіндегі гипермәтіндік және мультимедиялық ақпараттық технологиялар
Кіріспе: 1. 4
3: Электрондық оқыту құралдарын пайдаланудың ұтымдылығы және жіктелуі
Кіріспе: 1. 5
3: Ақпараттық білім беру үдерісінде электрондық оқыту құралдарын пайдаланудың дидактикалық шарттары
Кіріспе: 2
3: Орта мектепте химиялық термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін әзірлеу әдістемесі
Кіріспе: 2. 1
3: Орта мектепте «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытуда қолданылатын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдаланып оқыту әдістемесі
Кіріспе: 2. 2
3: Орта мектепте химия пәнінен «Термодинамикаға кіріспе» тарауын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдаланып отырып оқыту бойынша жүргізілген педагогикалық экспериментті саралау және талдау
Кіріспе: Қорытынды
3:
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3:

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білімді әрі жаңаша адамдар - бұл ХХІ ғасырдың адамзат дамуының негізгі қозғаушы бағыты. Ал білім алушының жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасы бар тұлға болып қалыптасуы, оның ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады. Қазіргі заманауи мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, педагогикалық технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы керек, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінің жауапкершілігіне жүктеледі. Бүгінгі таңда қоғамдағы адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы болашақ тұлғаның білім алуында өте маңызды рөл атқарады, өйткені - жаңа ғылыми-техникалық ақпараттардың көлемі қарқындап өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең алдымен жас балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын қолдана отырып, жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастырады.

«Қазіргі заманғы жас жеткіншектер ақпараттық технологиямен тұспа-тұс әлемдік стандартқа сәйкес келетін жаңа білім беру өте қажет» деп тұңғыш президентіміз Елбасы атап айтқандай, еліміздің жас ұрпақтарына білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне пайдалану және оның тиімділігін жетілдірудің мәні зор. Өйткені, ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асырады. Оқушы - оқу үрдісінің басты субъектісі, сол себепті жас ұрпақтың жетілуіне, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы оқу үдерісіне жүйелеу және түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқытудың әдіс-тәсілдерінің үйлесімділігінің нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мектеп химия курсында, термодинамикаға кіріспе тарауы жеке - жеке тақырып болып әр сыныптарда оқытылып келеді. Аталмыш тарауды оқыту барысында дәстүрлі оқыту әдісі қолданылуда. Дәстүрлі оқыту балалардың қызығушылығын арттырудан үлкен рөл атқарады деп айтуға келмейді. Бірақ дәстүрлі оқытудың қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды. Тек білім алушылардың қызығушылығы артуына электронды кешендердің, жаңа технологияның көмегіне жүгінудің қажеттілігін айтуға болады.

Сол себепті бүгінгі электрондық білім беру дәрежесі және оларды химияны оқытуда пайдалану шамасының арасындағы қарама-қайшылықтарға қатысы білім берудің анағұрлым ұтымды технологияларын іздестіру көкейтесті мәселе болып саналады. Сондай-ақ оқу-ағарту саласының жетік және оларға арналған компьютерлік оқыту бағдарламасының көптеп енуі, екінші жағынан мектепте химияны оқытуда электрондық құралдарды қолдану мәселесі теориялық жағынан әзірленіп, әдістемесінің жасалмағандығынан пайда болған қайшылықтар бар. Осындай наразылықтарды зерттеу тақырыбын « Орта мектепте химия сабақтарында компьютерлік презентациялық материалдарды қолдану» деп таңдауымызға негіз болды және оның көкейкестілігін дәлелдейді.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты электрондық құралдар кешенінің «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытудағы рөлі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Зерттеудің обьектісі - Өскемен қаласы әкімдігінің А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде химиялық бөлімге байланысты оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні - орта мектеп химия пәні.

Зерттеудің мақсаты - орта мектеп химия курсында электрондық құралдар кешенін әзірлеп, сабақта компьютерлік презентациялық материалдарды пайдалану әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер орта мектеп химиясында термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін пайдалануды жандандыруға бағытталған әдістемелік ұстанымдар мен тиімділік шарттары айқындалса, онда білім алушылардың білім сапасын жақсартуға мүмкiндiк туады, өйткенi заманауи оқыту түрлерін пайдалану әрбір білім алушының мүмкіндіктерін ескереді және өзiндiк әрекетке басымдылық бере отырып ұйымдастырылады.

Зерттеудің мақсаты мен ғылыми болжамына сәйкес мынандай негізгі міндеттер алға қойылады:

  • Термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электронды құралдар кешенін қолдану туралы ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауы туралы білімдерін жетілдіру барысында электрондық құралдардың кешенін әзірлеу;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесін дайындау;
  • Химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесін қойылған педагогикалық эксперимент барысында тексеріп көру.

Педагогикалық зерттеуге қойылған міндеттерді шешу барысында мынадай зерттеудің әдістері мен түрлері пайдаланылды:

1. Теориялық бөлімде: ғылыми-педагогикалық, психология-педагогикалық ғылыми әдебиеттер мен ғалымдардың педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау, білім берудің қазіргі жаңаша өрбіген қоғамдағы даму стратегиясына арналған құжаттармен танысу, оқыту үдерісін жобалау;

2. Практикалық бөлімде: Қазақстан Республикасындағы орта мектептердегі химия пәнінің оқытылуының жай-күйін анықтау, педагогтардың озық іс-тәжірибесімен танысу;

3. Зерттеу жұмысында педагогикалық эксперимент жүргізу, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент нәтижелерін арнайы бақылу және сұрыптау.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: таным, адам әрекеттерінің теориясы, оқытуды гуманизациялау идеясы, адам мен қоғамның қоршаған ортамен бірлігі және қарым-қатынасы туралы диалектикалық ғылыми ілім.

Зерттеудің жетекші идеясы - қазіргі таңдағы жоғары білімді, білікті, әрекеттің әртүрлі сферасында жаңа талаптарға сай өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетiн іс жүзіне асыра алатын іскер тұлғаны дамыту.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері : теориялық-әдіснамалық қағидалар; материалистік диалектиқалық негізгі заңдар; табиғаттағы сабақтастық туралы философиялық қағидалар; химиялық, физиқалық білім беретін құжаттар жиынтығы.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің оқу-тәрбие үдерісіне байланысты құжаттары, электронды кешендері, әдіскерлер мен мұғалімдердің озық тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (аналитиқалық-синтетикалық; салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау/педагогиқалық әксперимент, педагогиқалық іс- әрекет) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • Термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін қолдану туралы ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден мәліметтер жинақталып, сабақта түрлі электрондық құралдардың пайдалану жолы теориялық тұрғыдан негізделді;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауы туралы білімдерін жетілдіру барысында электрондық құралдардың кешені әзірленді;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесі дайындалды;
  • Химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесі педагогикалық эксперимент арқылы тексерілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: орта мектепте химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын компьютерлік презентациялық материалдарды пайдаланып оқытуға байланысты әдістемелік ұсыныстар енгізіледі.

Зерттеудің құрылымы: Диплом кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Орта мектепте химиялық білім беруде электрондық құралдар туралы түсінік қалыптастыру

1. 1 Білім беру саласында қолданылатын электрондық құралдар кешенінің рөлі

Қазіргі қоғамдағы адамзат өркениетінің жаңаша дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа кезеңі, сол себепті, адам өмірі мен жасайтын іс-әрекетінің барлық салаларына оқудың электрондық құралдарының енуімен баяндалады. Бұл үдеріс адамзат өмірінің тұрпатын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына көшудің іргетасы мен материалдық негізі болады.

Елімізде электрондық құралдар арқылы білім беруді пайдалану мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасы барысында жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру бәсекелестікке қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастырудың маңызды механизмі ретінде еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауларында толық көрсетілген.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқындап дамуы ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың басты және шешуші бағыттарының біріне айналды. Жалпы, сала аралық деңгейде көптеген жаңа технология бағыттары зерттелді, құрал-жабдықтарды дамытып, даму мен прогрестің түйінді мәселелерін шешуде басты шешуші рөл атқарады.

Заманауи қоғам дамуы барысында ақпараттық мәселелердің бірқатар ерекшеліктері байқалады: жаһандық әлемдегі ақпараттық ресурстарды пайдалануға бағытталған зияткерлік ғылыми еңбектің жоғары маңыздылығы, біріккен ғылыми-зерттеудің міндеттерін шешу мен ортақ жобаларды жүзеге асырудағы мықты мамандар мен шығармашылық ұжымдар арасында қол жетімді және жылдам қарым-қатынасты жүзеге асыруға деген зор қажеттілік, ғылым, техника, білім беруді толық қамтитын үдерістердің интегративтік сипаты қарастырылады [1] .

Қазіргі қоғамда адамзаттың кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерінің деңгейлерінің үздіксіз көтерілуі ақпараттандыру үдерісімен сипатталады. Ғылыми және өндірістік технологиялармен салыстырғандағы ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласы ретіндегі электронды құралдардың негізгі сипаттамалары:

  • техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдардың динамикалылығы (техника, ақпараттандыру мен коммуникацияның жаңаруы тез жүруде) ;
  • электронды құралдарын құрайтын компоненттердің техникалық және технологиялық деңгейі үнемі жоғарылауына байланысты ақпараттық жүйелерді жасақтаушылар мен пайдаланушылардың біліктіліктері үздіксіз көтерілуінің қажеттілігі;
  • қазіргі заманғы электронды құралдарды пайдалану өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың өзгеруіне айтарлықтай ықпал етуі;
  • заманауи электронды құралдардың мүмкіндіктерін жүзеге асырудың ақпараттық қызметті автоматтандыру салаларында, ақпараттық қарым-қатынас пен ұйымдастырушылық менеджментте пайдаланылуы.

Электронды құралдарының көптеген білім беру жүйесінде пайдалануға тиімді дидактикалық мүмкіндіктері белгілі. Олар білім беру үдерісінің қарқындылығын арттырып, білім алушының ой-өрісін дамытып, танымдық іс-әрекетін белсендіріп, білімін өз бетімен шыңдап, ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Негізгілері:

  • қолданушы мен электронды құралдары арасындағы интерактивті диалог қолданушының әр сұранысына жүйенің жауаптық әрекеті және керісінше, соңғысының берген мәліметі қолданушының әрекетін тудырады;
  • танылып, зерттелетін нысан, үдеріс туралы оқу ақпаратын компьютерлік көрнекілендіру (нысанды, оның құрамдас бөліктерін немесе олардың моделдерін, үдеріс немесе оның моделін, шынайы әлемде жасырылған болса да, зерттелетін үдерісті графикалық түрде сипаттау, экранда көрнекі беру) ;
  • танылатын, зерттелетін шынайы немесе «виртуалды» нысандар, олардың қатынастарын, үдерістерді, құбылыстарды компьютерлік модельдеу (экранда шынайыға мүмкіндігінше сәйкес келетін ақпараттық-сипаттамалық, көрнекі моделді беру) ;
  • ақпаратты берілетін материалға қатысты синхронды немесе асинхронды дыбыспен қамтамасыз ету;
  • ақпаратты гипермедиа негізінде беру - аудио-, анимациядық, мәтіндік ақпаратты біріктіріп беру технологиялар;
  • ақпараттың үлкен көлемін архивтеу, сақтау, тез қол жеткізу мүмкіндігімен тарату, көбейту;
  • есептеу, ақпараттық-ізденушілік қызметті автоматтандыру;
  • тәжірибе нәтижелерін бір бөлігін немесе тұтас тәжірибені бірнеше мәрте қайталау мүмкіндігімен өңдеу;
  • оқу қызметін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық басқару және меңгеру нәтижелерін бақылау үдерістерін автоматтандыру [2] .

Қазіргі таңда білім беру саласында аталған керемет мүмкіндіктерді тек тұтынып қана қоймай, оларды тиімді пайдалану көздерін тауып, ұлттық этноерекшеліктерді, этнопедагогика талабын, рухани сұраныстарға жауап беретіндей, қоғамның тәрбие, білім мен ғылымға қатысты сұраныстарын қанағаттандыратындай етіп жасақтауға атсалысу әрі сауатты, намысты, жігерлі азаматтардың алдында туындайтын өзекті мәселе деп білеміз.

Сондықтан еліміздің, әсіресе ауылдық жерлердегі орта мектептердегі білім алатын әрбір жеткіншектерге осы аталған электрондық құралдар кешені (компьютерлер, ғаламтор, интерактивті тақта және т. б) қол жетімді болуы керек.

1. 2 Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері

Электрондық оқыту құралы (ЭОҚ) - бұл компьютерлік және телекоммуникациялық техниканы пайдалана отырып жұмыс жасайтын және тікелей білім алушыларды оқытуда қолданылатын білім беру ресурстары, ол графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөйлеу, музыкалық, бейне, фото және басқа да ақпараттың жиынтығы болып табылады.

Оқу мақсатындағы электронды құралдарды жіктеу білім беру және электронды басылымдар мен бағдарламалық құралдарды пайдаланудың жалпы қабылданған әдістеріне негізделген. Оқу мақсатында қолданылатын электронды құралдарды төмендегіше ажырату керек:

- жалпы мақсаттағы сервистік бағдарламалық құралдар: күнделікті есептеулерді автоматтандыру, білім беру құжаттамасын жобалау, тәжірибелік зерттеулердің деректерін өңдеу үшін қолданылады. Оларды зертханалық, практикалық сабақтарда, білім алушылардың өз бетінше орындайтын және ғылыми жобалық жұмыстарын ұйымдастыруда қолдануға болады;

- білім алушылардың білім деңгейін бақылау және өлшеуге арналған бағдарламалық құралдар: бірқатар құрал-жабдықтардың жүйелері бар - қабықшалар, олардың көмегімен бағдарламалау негіздерімен таныс емес мұғалім белгілі бір оқу тақырыбы бойынша сұрақтар мен мүмкін жауаптардың тізімін жасай алады. Мұндай бағдарламалар арқылы мұғалім жеке бақылау тапсырмаларын беру және олардың дұрыс немесе дұрыс емес орындалуын тексеру бойынша күнделікті жұмыстан босатуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе жаппай білім беру жағдайында өте ыңғайлы болып келеді. Білімді бірнеше және жиі бақылау мүмкіндігі бар, оның ішінде өзін-өзі бақылау, бұл қайталануды ынталандырады және сәйкесінше оқу материалының қажеттігін бекітеді;

- электрондық тренажерлар: бұл практикалық дағдыларды, біліктілікті дамытуға арналған. Электрондық тренажерлар мақсат міндеттерін шешу біліктері мен дағдыларын пысықтау үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда олар тақырыптың теориясы туралы қысқаша ақпарат алуды, өз бетінше әртүрлі деңгейлерде жаттығуды, бақылауды және әр уақытта өзін-өзі бақылауды қамтамасыз етеді;

- математикалық және имитациялық модельдеуге арналған бағдарламалық құралдар: эксперименттік және теориялық зерттеулердің аймағын кеңейтуге, химиялық экспериментті есептеу экспериментімен толықтыруға мүмкіндік береді. Мұндай құралдар өте қымбат тұратын зертханалық жабдықты сатып алу қаражатын азайтуға мүмкіндік береді, оқу зертханаларында жұмыс істеу қауіпсіздігі деңгейі өте жақсы деңгейде төмендейді;

- қашықтықтан қол жеткізу зертханаларының және виртуалды зертханалардың бағдарламалық құралдары: оқу үдерісінде виртуалды зертханаларды пайдалану бір жағынан білім алушыға нақты зертхананың жоқтығынан білдірмеу мүмкіндігі және құрал-жабдықтармен, оқу материалдармен тәжірибелер жүргізуге, тәжірибелер жүргізудің практикалық дағдыларын алуға, компьютерлік модельмен және бірыңғай құрал-жабдықтардың жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысуға, ықтимал салдарлардан қорықпай, нақты жағдайда қауіпті процестер мен құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді;

- ақпараттық-іздеу анықтамалық жүйелері: енгізу, сақтау және мұғалімдер мен оқушыларға әртүрлі ақпаратты ұсынуға арналған. Мұндай жүйелердің қатарына материалды иерархиялық ұйымдастыруды және белгілі бір сипаттамалар бойынша ақпаратты жылдам іздеуді қамтамасыз ететін әртүрлі гипермәтіндік және гипермедиа бағдарламаларын жатқызуға болады. Сондай-ақ түрлі дерек көздер базалары, үлкен ізденіске қол жеткізеді. Деректер базасын оқу үдерісінде оқу материалының мазмұнын меңгеруді және оны талдауды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Оқу дерек көздер базасы қажетті ақпаратты іздеу және талдау мақсатында білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін ұсынылады;

- автоматтандырылған оқыту жүйелері (АОЖ) : әдетінше, білім алушыларды теориялық материалмен таныстыруды, оқыту мен білім деңгейін бақылауды қамтамасыз ететін салыстырмалы түрде шағын көлемдегі оқыту бағдарламалары болып табылады;

- электрондық оқулықтар (ЭО) негізгі электрондық оқыту құралдары болып табылады. Мұндай оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және пәннің құрамдас бөлігіне толық сәйкес келуі керек. Сонымен қатар электрондық оқулықтар интерактивті кері байланыс жағдайында оқу үдерісінің дидактикалық циклінің үздіксіздігі мен толықтығын қамтамасыз етеді;

- сараптамалық оқыту жүйелері (СОЖ) : жасанды интеллект идеялары мен технологиялары негізінде іске асырылады. Мұндай жүйелер өте күрделі мәселелерді шешудегі әрекеттерді модельдейді. Сараптамалық оқыту жүйелері жаңа білім алуға, білім алушының сұранысына жауап беруге және белгілі бір пән саласындағы мәселелерді шешуге қабілетті.

- зияткерлік оқыту жүйелері (ЗОЖ) : неғұрлым жоғары деңгейдегі жүйелерге жатады және жасанды интеллект идеялары негізінде іске асырылады зияткерлік оқыту жүйелері білім алушылар қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, оны қою мен шешу қағидатын іздестіруден бастап, шешімнің оңтайлылығын бағалауға дейін оқу міндетін шешудің барлық кезеңдерінде басқаруды жүзеге асыра алады. Мұндай жүйелер, әдетте, табиғиға жақын тілде диалогтық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар диалог барысында белгілі бір әрекеттердің дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар шешім табу стратегиясы, іс-әрекеттерді жоспарлау, бақылау әдістері және т. б. талқылануы мүмкін;

- кәсіби қызметті автоматтандыру құралдары (өнеркәсіптік жүйелер немесе олардың оқу аналогтары) : кәсіби қызметті автоматтандыру құралдары (қолданбалы бағдарламалар пакеттері, CALS-жүйелер және т. б. ) электронды оқыту құралдарының құрамында тек оқу пәні ретінде ғана емес, сонымен қатар кәсіби бағытталған міндеттерді шешуде оқыту құралы ретінде де қарастырылады [3] .

Аспаптық құралдар - бағдарламалау тілдерін білмейтін пайдаланушыларға өздерінің компьютерлік оқыту құралдарын құруға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалар кешені.

Компьютерлік оқыту құралдарын құру үшін қолдануға болатын құралдардың келесі топтары бар:

- гиперсілтеме немесе мультимедиалық қосымшалардың (презентациялар, анимациялық роликтер, ғаламтор желісіндегі жарияланымдар, дыбыстық жазбалар және т. б. ) белгілі бір түрлерін жылдам дайындауға арналған мамандандырылған бағдарламалық құралдар болып табылады. Мамандандырылған бағдарламалық құралдарға әдетте мыналар жатады: Macromedia Flash; Microsoft PowerPoint және т. б. ;

- авторлық құралдарды әзірлеу оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасауға арналған;

- әмбебап бағдарламалау тілдері.

Электрондық оқулықтың анықтамасы бойынша спекцификасы нәтижесінде визуалды және аудио ақпарат сапасын жоғарылатады. Осы сала бойынша қазіргі кезең мультемедия технологиясының мүмкіншіліктері өте көп.

Электронды оқулықтың құрамдас бөлігі болып келетін компьютерлік құралдардың негізгі түрлері:

- жалпы қолданылатын сервисті бағдарламалары, оқушының білім, білік дағдысын бақылау барысында арналған программалық құралдар;

- электрондық тренажерлер;

- электрондық оқулықтар;

- интеллектуалдық оқыту жүйесі;

- кәсіптік автоматтандыру құралдар;

- эксперименталды оқыту жүйесі;

Электронды технологияның тағы бір ерекшелігі, дарынды балалармен тұрақты жəне жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады:

  • өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;
  • бақылау формалары: толықтыруды қажет ететін тестілер;
  • балама жауаптары бар тестілер (шешім дұрыс немесе дұрыс емес «иə», «жоқ») ;
  • таңдамалы тесті (бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалынады) ;
  • диктант ретінде құрастырылған тесті (мəтін оқытып отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады) ;
  • сəйкестілік тесті (өзара байланысқан фактілерді табуға құрылған) [4] .

Электронды оқулық жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни мəтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық жəне басқарылатын анимацияларды пайдалануға, дыбысты қосарлап қамтуға оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электрондық орта оқушылардың экспериментке бейімділігін, құрылымдық ойлау қабілетін қалыптастыра алады, мұның бəрі білім алудың шығармашылық сипат алуына бейімдейді.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, біз орта мектепте оқытылатын бағдарлама бойынша электрондық оқулығын сабақта пайдаланамыз. Əр сабаққа арналған бейнекөрініс электрондық оқулықты қамтылуы қажет. Бұл электрондық оқулық жоғары сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар, əсіресе алгоритм, логика, интернетке шығу, сайт құру.

Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:

  • бақылаусыз оқыту;
  • бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
  • қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Биологияны интерактивті оқыту
Ақпараттық коммуникация
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
Электрондық оқыту құралдарының функционалдық сипаттамалары
Электронды оқулықтардың құрылымы
Электрондық оқулыққа жүйелік талап
Заманауи оқыту технологияларының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz