Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жобаның мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Оқыту барысында оқушылардың гумандық қасиеттерін қалыптастырудың мүмкіндіктері

2. 2 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3. 1 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін

сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

ІҮ. Қортынды

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ғылыми жобаның өзектілігі: Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Сондықтан да болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесінің ізгілік бағыт алуы, атап айтқанда оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін айқындап, оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану қажеттілігі туындайды. Соңғы кезде қолға алынып жатқан білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барлық білім беру жүйесінің, әсіресе мектептің міндеті. Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.

Оқу - тәрбие үдерісінде мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның игеретін жетістіктерін де атап өткен.

Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының гумандық қасиеттеріноятуға қалыптастыруға болады. Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру. Осы гумандық қасиетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің тәрбиелік маңызы зор. Адамгершілік қасиет- бұл адамның саналы әрекеті. Адамгершілік қасиетті оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруға болады.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мектепте оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру

Міндеттері:

- Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

- Оқыту барысында оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімділігі.

- оқыту барысында б астауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерінің тәрбиелік мәні

- Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін пайдалану.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу

Кіріспе

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тажібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтардың еңбектерін оқушының дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.

Еліміздің егемендік алуына байланысты өз ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту мәселесінде ғасырлар бойы жинақталған, асыл мұра ретінде осы күнге дейін жеткен озық ой-санамызды қорытып бір жүйеге келтіру, оны жалпы халыққа тарату, жастарымыздың бойында ең алдымен мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерімізді ұлттық дәстүрлер негізінде қайта тәрбиелеу-бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.

Өйткені бүгінгі педагогикалық жоғары оқу орындарында халықтыңбүкіл тарихында қалыптасқан қазақ ұлтының ұлттық тәрбиесі идеясы кеңестік дәуірдің өміршеңдігінен оқу жоспары мен бағдарламасынан, білім берудің жалпы мазмұнынан тыс қалып қойды деуге болады. Сондықтан бүгінгі таңда жаратылысында дана-ақылгөй, ілтипатты, сыпайы қасиеттер туа дарыған өз ұлтымыздың психологиясы мен педагогикасын ғылыми негіздеу, оны қайта жаңғырту негізгі мәселелердің бірі болды.

Дегенмен біздің ұлтымыздың мәдениетінде, тарихында, әдебиетінде, этнографиясында, халықтың білімінде, өмір тәжірибесінде педагогикалық озық идеялар молынан кездеседі. Дана халық өзінің болашақ ұрпағына даналық сөздерін қалдырмауы, ұрпақтан-ұрпаққа үлкен бір қамқорлықпен іріктеп сақтап, асыл ойларын паш етіп, төкпей-шашпай жеткізу халқымыздың даралық тұлғасы деп білеміз. Бұл ойларды біз ең алдымен халқымыздың ауыз әдебиетінен, ұлттық мәдениетінен, ұлттық тілінен, тарихынан ағартушы педагогтарымыздың озық ой-пікірлерінен, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымыздан сұрыптап аламыз.

Халық педагогикасының материалдары жинақталып ғылыми түрде жүйеленіп қазақ этнопедагогикасы аталуы тың мәселе болғанымен бұл ғылым үшін жаңалық деуге де болмайды. Себебі бұл мәселе ғалымдарымыздың бүгінге дейінгі еңбектерінде қаралып келді.

Осы педагогикалық ой-жүйелерін бір ізге келтіру, оның бағдарламасын жасау, жоспарын, мазмұнын қалыптастыру мәселесін ғалымдарымыз әсіресе соңғы 10-15 жыл көлемінде қолға ала бастады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында білім ошақтарының барлығында да халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихын жүйелеп ұсынуда педагог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Оқыту барысында оқушылардың гумандық қасиеттерін қалыптастырудың мүмкіндіктері

Білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге гумандық қасиеттерін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осындай тәлім-тәрбие беруде сабақта, сабақтан тыс уақытта жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Сонымен оқушыларды ана тілі пәнін оқыту барысында рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жолдарын қарастыру керек. Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.

Еңбек ету арқылы адамның көзқарасы, эстетикалық сезімі, адамгершілік қасиеті, ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі.

Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ертеден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болған. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан дүниесін, тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады.

Сол себептен де баланы ерте бастан еңбекке ертеден тәрбиелеу жанұяның қасиетті борышы. Жас ұрпақты рухани адамгершілік қасиетке тәрбиелеу халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселелері ретінде де жырланды.

Жас ұрпақты халқымыз жалпы гумандық қасиетке тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнер тамған" нақты кәсіп иесі болуды. "Еңбекке үйренем десең, ерінбе, өнерге үйренем десең жиренбе", "Еңбек елдің көркі", деп халық мақалдарында насихаттап отырған. Бұл мақал-мәтелдердегі сөздерде еңбектің тәрбиелік рөлінің зор екенін, еңбек дағдысын бала бойында қалыптастыруға жігерліктің қажет екенін нақты түсінген.

Қоғамның ең басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу, қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады. Ол үшін әрбір адам еңбекке лайықты тәрбиелеу керек, мектептегі еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.

Ал, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты қалыптастырудың, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік жағынан қалыптастырудың негізгі кезі болып табылады.

Мектепте оқушыларды рухани адамгершілік қасиетке тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі біріншіден - еңбекке сүйіспеншілік пен және еңбек адамдарына құрметпен қарау.

Екіншіден, оқушыларды қазіргі қоғамдағы халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы атқарылатын еңбектің, еңбек түрлерімен таныстыру, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері, алуан түрлі және жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылып отырады.

Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау, оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың еңбекке ынтасы мен қабілетін дамыту.

Оқушыларды еңбекке психологиялық, практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын қалыптастырып тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындай білуге үйрету. Бұл өте күрделі процесс - мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.

Еңбек етуге әдеттену - бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғарғы деңгейі, еңбек процесін құштарлық еңбек етуге әзірлік, жұмысты істеп білу деді Н. Крупская - демек өз күшіңді және басқалардың жағдайын есептей білу. Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал отбасында балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін күшейту, қалыптастыру. Еңбектің мәні, еңбектің рөлі, еңбексіз ешнәрсе өздігінен істелінбейтіндігі туралы халық мақал-мәтелдері арқылы әрбір сөз мағынасына ұғындыру.

"Ердің атын еңбек шығарар", "Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады", "Еңбек етте міндет ет", "Еңбек еткен емеді, еңбексіз не өнеді", "Жалқауға жан жуымас, жалқауға мал құралмас", "Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді", "Ексең егін, ішерсің тегін", "Еріншектің ертеңі бітпес", "Жалқау жыламсақ келеді", т. б. еңбек туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер көптеп саналады.

Оқушылардың ұжымдық еңбекте дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеттері арта түсіп, дарындылығы толық ашыла түседі. Ұжымдық еңбекте тәртіп, мінез-құлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасып отырады. Бұндай еңбек ете білуде оқушылардың достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершіліктері нығая түседі.

Егер ұжымдық еңбектің дағдылары оқушылардың бойында дұрыс қалыптасса, ол мектеп бітіргеннен кейін де ары қарай ұжымдық қатынастың нормаларын өз бойында дамытып отырады.

Бала бойында еңбек мәдениеті дағдыларын қалыптастыруда рухани адамгершілік қасиеттің тәрбиеік мәні зор. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші, атқарылатын жұмыстың сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға ұқыптылықпен қарау. Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту, еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі.

Халық шаруашылығында атқарылатын жұмыстардың көбісі, әсіресе өндіріс орындарында жұмыстарды автоматты түрде (роботтар) атқару жұмыстары, ол жұмыстардың кәзіргі кезде электроникамен байланысты екендігі, оның үстіне қазіргі кезде барлық жұмыс салалары компьютерлік технологиямен атқарып жатқандығы белгілі. Сондықтан бұл жұмыстарды орындау үшін барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді.

Сол себептен кәзіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде, оқу орындарында оқыту мен тәрбие жұмысының барысында оқушылар мен студенттердің ынтасын арттыру, олардың ғылыми техникалық білімді берік игеруге және тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.

Осы бағытта жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының сапасы жоғары болып оқушылардың сабаққа ынтасы артып, қабілеттері күшейеді, олардың ой-өрісінің дамуына мүмкіншілік туады, жалпы еңбек тәрбиесінің құндылығы артады.

Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін технология пәні - жас өспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады.

Қазіргі таңда заман талабына қарай бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды ізгілікке, имандылыққа баулумен қатар оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, экономикалық білімдер беру, оқушылардың еңбекке қызығушылықтарын ояту, оқушылардың мінез- құлықтарын қалыптастыру міндеттері жүктеледі.

Бастауыш сыныптардағы өтілетін еңбекке баулу сабағында оқушылар еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі- еңбек екені, еңбек ету арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек.

Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып сналатындығы белгілі екені ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдылығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамның қимыл - әрекеттерінен, қарым-қатынастарынан шығады.

Жақсылы пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ұждан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.

Ал адамгершілік жиынтығы-борыш (парыз) болып табылады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптасыруда адамгершілік тәрбиесін тиімді қолдануға болады.

Яғни:

  • адамдардың адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;
  • ата-аналардың балалары алдындағы немесе балаларының ата-аналары алдындағы борышы;
  • жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы, т. с. с.

Адамгершілік борыш идеясы - бұл тәрбие процесінің саналық негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - жақсы атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз.

Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарды бұзу-жамандықтан басталатын мәжесінен аттау екенін сезінуі қажет. Жалпы адамгершілік тәрбиесі-қоғамдық талаптарға сай келетін ізгілік-инабаттылыққа орай түсініктер, пікірлер, сезіммен сенімдер, мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне байланысты міндеттерді шешеді.

Жалпы адамгершілік тәрбиесі тұтас алғанда баланың жеке басын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған процес екені тағыда еске сала отырып, ол оның Отанына деген, адамдардың еңбектеріне, өз міндеттеріне, және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді десек.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу үдерісінде мектеп - олардың патриоттық, жолдастық, ұжымдық, болмысқа белсене қатысты еңбек адамдарын құрметтеу сезімдерін қалыптастырады.

Жалпы жек адамды, адамгершілік жағынан оның өмірге алғашқы келген күннен басталады.

Мектеп оқушыларында адамгершілік элементтерінің негізі олардың мектеп жасына дейінгі кезеңдерінен бастап-ақ қалана бастайды. Сондықтан бастапқы сезімдері мен түсініктері бала бойында ерте бастан пайда болады.

Сонымен қатар мектепке дейінгі жаста қалыптасқан адамгершілік мінез - құлықтың барлық іс-әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мене үлкендер арасындағы өз ара қарым-қатынастарында шешуші ықпал етеді. Әр баланың жеке басының жан-жақты дамуында оның моралдық дамуына үнемі иқамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған ұстаздардың мектеп өміріндегі күнделікті көңіл бөлінуі арқылы іске асырылады.

Осыған орай, баланың жеке басының қалыптасуында балалар ұжымы, міндеттері өзара ұштасып жатады.

Сондықтан мектеп оқушыларын адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу мәселелері күнделікті өмірдегі қолданылып келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісінде, атап айтар болсақ ойын және оқу еңбегінде жоспарлы түрде іске асырылып отырылады. Мәселен ойын әректінде оқушыда-ұнамды әдеттер мен өзара қарым-қатынастар және адамгершілік сезімдері қалыптасып отырады.

Сонымен бірге балалар еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін бағалау, сондай-ақ ұжымдық, жауапкершілік сезімдері сияқты қасиеттері бала бойында қалыптасып отырады.

Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері қашанда толық пайдалана бермейтін мүмкіндіктер бар.

2. 2 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы-бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу ісінде оларды рухани дамытуға баса назар аударғанымыз жөн. Қәзіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе- мектеп оқушыларын гуманды қасиеттер негізінде тәрбелеу.

Қәзіргі уақытта Республикамызда оқушыларды тәрбиелеу ісінде адамның ішкі жан дүниесімен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты көптеген жұмыстар жүзеге асуда. Халықтың дәстүр, рухан - мәдениет негізінде жас ұрпақтың ізілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыру басты нысана болып отыр.

Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Оқыту сабақарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негіздей өткізіледі оның бірінші ерекшелігі міне осында.

Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр-түрлі үйірмелерге жазылады.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне байланысты болады.

Үшінші ерекшелігі жас шамасы әр-түрлі оқушыларды қамтитындығында.

Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе - оқушылардың гумандық қасиеттерін қалыптастыру. Ізгілік тәрбиесінде оқушының назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне балу көзделеді.

Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиесі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру ісінде ақыл-ой тәрбиесінен кейінгі маңызды рол атқарады.

Адамгершілік дегеніміз- жағымды мінез құлықтық нормаларымен ережелерінің жиынтығы.

Мінез деп-адамдардың жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбие әсерінен қалыптасып, оның ерік күшінің өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз. Ал адамгершілік жиынтығы-борыш (парыз) болып табылады.

Яғни:

  • адамдардың адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;
  • ата-аналардың балалары алдындағы немесе балаларының ата-аналары алдындағы борышы;
  • жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы, т. с. с.

Адамгершілік борыш идеясы - бұл тәрбие процесінің саналық негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - жақсы атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарды бұзу-жамандықтан басталатын мәжесінен аттау екенін сезінуі қажет.

Жалпы адамгершілік тәрбиесі-қоғамдық талаптарға сай келетін ізгілік-инабаттылыққа орай түсініктер, пікірлер, сезіммен сенімдер, мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне байланысты міндеттерді шешеді.

Жалпы адамгершілік тәрбиесі тұтас алғанда баланың жеке басын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған процес екені тағыда еске сала отырып, ол оның Отанына деген, адамдардың еңбектеріне, өз міндеттеріне, және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді десек. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу үдерісінде мектеп - олардың патриоттық, жолдастық, ұжымдық, болмысқа белсене қатысты еңбек адамдарын құрметтеу сезімдерін қалыптастырады.

Жалпы жек адамды, адамгершілік жағынан оның өмірге алғашқы келген күннен басталады.

Мектеп оқушыларында адамгершілік элементтерінің негізі олардың мектеп жасына дейінгі кезеңдерінен бастап-ақ қалана бастайды. Сондықтан бастапқы сезімдері мен түсініктері бала бойында ерте бастан пайда болады.

Сонымен қатар мектепке дейінгі жаста қалыптасқан адамгершілік мінез - құлықтың барлық іс-әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мене үлкендер арасындағы өз ара қарым-қатынастарында шешуші ықпал етеді.

Әр баланың жеке басының жан-жақты дамуында оның моралдық дамуына үнемі иқамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған ұстаздардың мектеп өміріндегі күнделікті көңіл бөлінуі арқылы іске асырылады.

Осыған орай, баланың жеке басының қалыптасуында балалар ұжымы, міндеттері өзара ұштасып жатады. Сондықтан мектеп оқушыларын адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу мәселелері күнделікті өмірдегі қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісінде, атап айтар болсақ ойын және оқу еңбегінде жоспарлы түрде іске асырылып отырылады.

Мәселен ойын әректінде оқушыда-ұнамды әдеттер мен өзара қарым-қатынастар және адамгершілік сезімдері қалыптасып отырады.

Сонымен бірге балалар еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін бағалау, сондай-ақ ұжымдық, жауапкершілік сезімдері сияқты қасиеттері бала бойында қалыптасып отырады.

Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері қашанда толық пайдалана бермейтін мүмкіндіктер бар.

Сабақтарда мұғалім оқушыларды еңбек мәдениетіне, еңбекке дұрысқатынас және еңбек ете білуге жауапкершілікпен бірлесе жұмыс істей білуге үйрену арқылы еңбекке шығармашылық қатынас жасауға тәрбиелейді. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылар өздері жасайтын бұйымдардың тәрбиелік мәні бар екенін түсіне бастайды. Сондықтан әрбір жасайтын бұйымдардың әдетте, белгілі бір тәрбиелік құндылығы болуы қажет, және де оқушыларға және басқаларға да пайдалы іс болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттері және оның оқушы тұлғасының дамуына ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz