Коммерциялық банктердің валюта операциялары


ҚaзтұтынУοдaғы қapaғaнды эκοнοмиκaлық Унивepcитeтi
«Қapжы» κaфeдpacы
ΚУPCТЫҚ ЖҰМЫC
«Банк ісі» пәнi бοйыншa
Тaқыpып: «Коммерциялық банктердің валюта операциялары»
Οpындaғaн:Ф-20-3c/κ тοбының
cтyдeнтi Κacapοв Д. Д.
Тeκcepгeн:
Қapaғaнды - 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . 5
1. 1. Валюталық операциялардың түсінігі, экономикалық мәні және жіктелуі. 5
1. 2. Қазақстан республикасындағы валюталық реттеулер жүйесі және нормативті құқық базасы. . 13
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ. 23
2. 1. Валюталық операцияларды жүргізудегі валюталық тәуекелді
басқару . . . 23
2. 2. Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және валюталық операциялардың стратегиялық даму бағыттары . . . 28
2. 3. Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жағдайында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жетілдіру. 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 44
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық экономика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептеледі.
20 ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражатжәне валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды, дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық -қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша қызмет етуін талап етеді. Бүгінгі күні экономиканың басты элементi - валюталық нарық. Валюталық нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық нарық - экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы 10 жылдық тәжірибе көрсеткендей, Республика қаншалықты әлемдік экономиканы интеграцияланса, соншалықты оның ақша-несие саясатында сыртқы экономикалық әсері күшті болады. Экономикасы шикізат өндіруге бағытталған Қазақстан дәстүрлі экспортқа арналған әлемдік баға коньюнктурасына тікелей байланысты. Экспорттық валюталық түсім көлемі тұрақты емес, ал бұл төлем балансы жағдайына және Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай қорытынды шығаруға болады:
Банк жүйесінің экстенсивті дамуының аяқталуы және жаңа сапалы этапқа көшуі, несиенің өсу процесімен және депозиттік нарықтың көбеюімен тең дәрежеде болуы Қазақстан Республикасында валюта операциясы қызметының маңызды екендігін анықтайды. Әлемдік нарықта мұнай бағасының жоғарылығы және доллар активінің теңгеге айырбасталуына байланысты ішкі нарықта шетел валютасының көбейіп кетуін, соның нәтижесінде біздің республикамызда валюталық операциялар көлемінің ұлғаюын бақылау мәселелері тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты валюта нарығының мазмұны мен құрлымдық элементтеріндегі өзгерістерді сипаттай отырып, коммерциялық банктердің валюталық операцияларына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі валюта жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады. Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
-валюталық операциялар түрлерін және оларды жүргізудің ережелерін қарастыру;
-қазіргі валюта нарығының құрылымдық элементтерін және өзіндік ерекшелігін зерттеу;
-коммерциялық банктердің валюталық операцияларын талдау.
- ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды қарастыру және ұсыныстар беру.
Зерттеу пәні мен нысаны. Қазақстан Республикасының валюталық нарығында қалыптасқан субъектілердің әлеуметтік-экономикалық қатынастары зерттеу пәні болып табылады. Зерттеу нысаны - коммерциялық банктердің валюталық операциялары.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында валюталық қатынастарды зерттеген отандық және шетелдік экономистердің еңбектері мен зерттеулері пайдаланылады. Статистикалық жәнне ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Респуликасы Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, Қазақстан Респуликасындағы валюталық нарық туралы жылдық есеп деректері және валюталық нарыққа байланысты түрлі жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ валюталық нарықтың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Валюталық операциялардың түсінігі, экономикалық мәні және жіктелуі
Әр мемлекеттің өз ақшасы бар. Олар айырбас құралы немесе төлем, есеп бірлігі құралы, құнды бірқалыпты сақтау құралы, сонымен бірге төленбеген төлемдерге шара қолдану қызметін атқарады. Яғни, ақша ұлттық валюта ретінде тек ішкі рынокта ғана емес, сыртқы рыноктада үлкен рөл атқарады. Қанша тәуелсіз ел болса, сонша ұлттық валюта болады. Соған байланысты, бірнеше түрлі валюта құрылымы пайыздық қойылым, валюта бағамының режимі, және тағы басқалар болады. Солардың барлығы халықаралық валюта нарығында жинақталады.
Валюталық операция - бұл шетел валтасын сатып алу - сату немесе бір валютаны екінші бір валютаға айырбастау.
Шетелдік валютасы валюта операциясын жүргізудің ең негізгі обьектісі болып табылады және мынадай жағдайда қолданылады:
- Коммерциялық мәміле жүргізуде;
- валюта нарығын құруда;
- төрелік жүргізуде;
- қауіп-қатерді ретке келтіруде [1] .
Шетел валюталық операциясы қолданылатын коммерциялық мәмілелер шетел валютасын иемдену және сатуды таза қаржы операциялары үшін емес тауар саудасын және қызмет көрсету түрлерін жеңілдету үшін қолданылады.
Валюта саудасы банк операцияларының әртүрлі түріне жатқызылуы мүмкін, бірде оның банктердің өз мүддесі үшін жасалатын операцияларына жатқызса, бірде банктің қызмет көрсету түріне жатқызады. Одан басқа, валюта саудасы арнайы валюта биржасында жүзеге асырылуы мүмкін. Валюта саудасымен көбіне банктің қызмет көрсету түріне немесе банк үшін жасайтын операцияға жататыны немесе жатпайтыны коммерциялық банктің түрлеріне және көлеміне байланысты. Валюта саудасының аз ғана бөлігі валюта биржасы арқылы (ал валюта биржасы барлық елдерде бар емес) жүзеге асатындықтан, банкаралық валюта саудасы өз міндетіне алады.
Валюта саудасы әртүрлі валюталық операцияның негізінде құрылады. Барлық валюталық операциялар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан шетел валютасымен операцияларды нақты жіктеу өте қиын, валюталық операцияның бірнеше негізгі түрлеріне жатқызылуы мүмкін (1-сурет)
Валюталық операцияларды мақсатына қарай былай жіктеуге болады:
а) Валюта айырбастау;
ә) Алып-сатарлы және төрелік.
Валюта айырбастау операциясында айырбастауға қатысушы үшін шешуші кезең бола алмайды, яғни түсім оған байланысты емес (тіпті залалдан сақтану үшін ол валюталық қауіп қатерден сақтандыра алмайтынын ескермеген жағдайда да) . Шетел валютасына айырбастау басқа нарықтарда (тауар, қаржы) түсім түсіру үшін қолданылады, мысалы шетелге сатылған тауар есебінен.
ИНКАССО
БАНКТІК АУДАРЫМ
АККРЕДИТИВ
Халықаралық есеп айырысуларға байланысты
Валюталық операциялар
Валюталық арбитраж
Клиенттердің валюталы шоттарын жүргізу
Конверциондық операциялар
Банктің валюталық позициясы
Шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастар
Валюталық қаражаттарды орналастыру және тартумен байланысты операциялар
Сауда емес операциялар
Қолма-қол шетел валютасын сатып алу(сату)
Шетел валютасын инкассациялау
Жол чектерін сатып алу(төлеу)
Ақшалай аккредитивтерді төлеу
Пластикалық карточкаларды шығару және қызмет көрсету
Своп
Спот
Форвард
Сурет 1- Валюталық операциялардың жіктелуі
Алып-сатарлы және төрелік операцияларда керісінше, валюталық операцияның өз әрекеті арқылы түсім түсіру мақсаты қойылады. Жалпы алғанда, төрелік операциялар - бір қаржылық құрамдарды (валютаны) әртүрлі нарықта бір мезгілде сатып алу және сату арқылы қарым-қатынастар арасындағы айырмашылықтан пайда табу мақстында жүргізіледі.
Алып-сатарлық - бағаның валта бағамының, пайыздық қойылымның өзгеруінен пайда табу мақсатымен жүргізілетін қаржылық құралдарды алып-сату операциясы. Осыдан төрелікпен спекуляцияның принципті айырмашылығы шығады.
Халықаралық төлем трансфертінде пайданы аудару, ақша құралдарын және басқа валюталық құндылықтарды бір елден екінші бір елге аудару жүргізіледі. Валюта айырбастау операциясы басқа валюталық операцияның құрылуына мүмкіндік жасайды, себебі олар басқалардан бұрын пайда болған, яғни бір елдің ақшасын екінші бір ел ақшасына айырбастау қажеттілігі туған кезден бастап қолданылады. Ертеде кез келген саяхатшы немесе саудагер шекараны кесіп өту үшін оған өзі баратын елдің ақшасы қажет болған [2] .
Әлемдік валюта жүйесінің құрылуы кезеңінде, яғни XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр ортасына дейін төлем трансферті операциялары басты рөл атқарды, яғни валюталық операциялар халықаралық саудаға қызмет етті. 1960 жылдар төрелік және алып-сатарлық валюталық операциялар дамуының басы болып есептеледі, дәлірек айтсақ, валюталық фьючерс форвард опциондардың пайда болуы мен болады.
Анықталған ұқсастықтарына қарай валюталық операциялардың бөлінуі сияқты валюта нарығына қатысушыларды былай бөлуге болады:
1) Қаржы және тауар нарығына деген операция үшін конверсия қажетті бастапқы кезең болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;
2) Төрелік және алып-сатарлық операцияларды жүргізуші
төрелікдар, спекулянттар:
3) Валюталық қауіп-қатерден сақтандырушы хеджерлер;
4) Барлық қатысушылар үшін валюта айырбастау қызметі бойынша өздері маманданатын қатысушылар.
Егер төрелікдар мен спекулянттар нарықтағы курс айырмашылығынан пайда түсірсе, онда айырбасты жүзеге асырушы тұлға бір нарықта қызмет етеді және бір ғана валютаның сатып алу бағамы және сату бағамы арасындағы айырмашылық есебінен пайда табады.
5) валюталық - қаржылық жүйесінің тұрақтылығын сақтау жәневалюта нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекет аралық ұйымдар. Мемлекеттік ұйымдар, алдымен Ұлттық банк және Қаржы министрлігі, мемлекетаралық ұйымдар - Халықаралық валюталық қор және Бүкіләлемдік банк.
Бір ғана тұлға бір мезгілде немесе тұтасымен бірнеше операцияларды атқара алады. Бәрінен бұрын бұл банкке қатысты.
1) Банктер валюта конверсиясын жүргізеді;
2) олар арқылы төлеп трансферті жүргізіледі;
3) олар қазіргі жағдайда халықаралық облигацияда және басқа займдарда құралдарды белсенді инвестицияланды;
4) Олар үшін қауіпті болса да алып-сатарлық операцияларды да жиі жүргізеді, бірақ ол қосымша табыс көзі болып табылады.
Банктегі капитал қозғалысына клиенттің көрсететін қызметімен және тауар экспорты мен импорты есебін жүргізумен байланысты клиенттерге қызмет көрсету операциясы саудадан тыс операция деп аталады. Банктер саудадан тыс операцияның мынадай түрлерін жүргізе алады:
- Шетел валютасын қолма-қол сатып алу және сату, шетел валютасындағы төлем құжаттары;
- Шетелдік валюта инкассасы және валютадағы төлем құжаттары;
- Банк клиенттерге пластикалық карточкалар шығару және онымен қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
Саудадан тыс операциялар клиенттерге кең көлемде банктік қызмет көрсету нәтижесінде кең таралған. Пластикалық карточкаларды шығару және онымен қызмет көрсету - жаңа операциялардың бір түрі, ол банкке жаңадан клиенттер тартуға және бұрынғы клиенттерді сақтап қалуға, банк беделін көрсетуге және банктер арасындағы бәсекелестік күресте жоғары деңгейде көрінуге мүмкіндік береді. Валютаны қолма-қол сатып алу және сату операциясы саудадан тыс сипаттағы негізгі операцияның бірі болып табылады. Конверсиялық операциялар қолма-қол және қолма-қолсыз теңгеге қарсы қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валютасын сатып алу және сату мәселесімен байланысты. Ағымдағы операция және капиталдық қозғалыспен байланысты операцияның бөлінуі операцияға қатысты лицензиялаудың қажеттілігін, салық салу сипатын, есептерді (капиталды және ағымдағы) жүргізуді анықтау үшін маңызды [3] .
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
- 180 күннен көп емес мерзімдегі жұмыс пен қызмет көрсетуге тауарға алдын-ала төлем немесе мерзімнен бұрын төлем жүргізуді қарастыратын экспорты - импорты мәміле бойынша есеп жүргізуге арналған аударушылар;
- 180 күннен көп емес мерзімге несие тағайындау және алу.
- дивиденд аудару және алу, салым (депозит), инвестиция, зайым тағы басқа операциялар бойынша түскен пайда мен марапаттаулар;
- саудадан тыс сипаттағы аударулар, гранттар, мұрагерлік сумманы еңбек ақы, зейнетақы, алимент және тағы басқа аудару;
- капитал қозғалысына байланысты операцияға жатпайтын басқа валюталық операциялар.
Капитал қозғалысымен байланысты операцияға мыналар жатады:
- Инвестиция жүргізу;
- Жылжымайтын мүлікке құқығына төлемдерді аудару;
- 180 күннен көп емес мерзімдегі жұмыс пен қызмет көрсетуге, тауарға алдын ала төлем немесе мерзімнен бұрын төлем жүргізуді қарастыратын экспортты - импортты мәміле бойынша есеп жүргізуге арналған аударулар;
- 180 күннен кем емес мерзімге несие тағайындау және алу;
- Зейнетақы активтері жинағымен байланысты мәміле бойынша сонымен бірге сақтандыру және қайта сақтандыру сипатындағы келісімшарттар бойынша халықаралық аударулар;
- валюталық құндылықтарды сенімді басқармаға өткізу.
Уақыт пен техниканың жетістіктеріне байланысты банктердегі валюталық операциялар жүргізуді былай бөліп қарастыру маңызды рөл атқарады.
- Кассалық мәміле
- спот операциясы
- Жедел операция
Кассалық мәміле мыналар үшін белгіленген болуы мүмкін:
а) Жоспарланған операцияны жүргізу мақсатында шетел валютасын тез алу үшін (ішкі сауда келісімшарт немесе қаржылық келісімшарт, шетел инвестициясын жүргізу және тағы басқа)
ә) қысқа мерзімді алып-сатарлық операцияларды жүргізу.
б) валюталық қауіп-қатерден сақтандыру (соңғысы орташа және ұзақ мерзімді операцияларды маңыздырақ) .
Кассалық мәміле үшін мына келесі белгілер маңыздырақ болып табылады:
1) Оларды қысқа мерзімде жүргізу дәстүр бойынша кассалық
мәміле деп валюталандыру (валюта түсу) мерзімі келесі шарт бекітілген мерзімнен бастап екі күннен кем емес жұмыс күшінде орындалса ғана танылады. Егер валюта түсуі келісімшарт белгіленген күні орындалса, онда «today» спот- мәміле туралы, немесе сол күнгі есеп айырысуға арналған мәміле туралы айтылады; Егер келесі күні орындалса, онда «tomorrow» спот - мәмілесі немесе келесі күнгі есеп айырысуға арналған мәміле туралы айтады.
2) Мәмілеге қатысушы жақтарда саудаланатын активтің болуы.
Бұл сатушы мен сатып алушы айырбастау келісімшартын бекіну мерзімінде оларда айырбастайтын валютаның болуы керек (есепшотында немесе кассада) дегенді білдіреді. СПОТ мәміленің принципінде бір мерзімді валюта айырбастау қарастырылады, яғни мұнда несиелеу орын алмайды. Бірақ территориялық қашықтыққа байланысты екі жақтың біреуі ғана күндізгі овердравты жеткізуі мүмкін. Егер мысалы, бір банк Еуропада, ал екіншісі Америкада орналасса, онда жағдай бірқалыпты жұмыс уақыты есепке алынбайды, уақыт айырмашылығы 6 сағаттан астам уақытты құрайды [4] .
Ереже бойынша тәуліктік овердрафтқа пайыздар қосылады, сондықтан американдық банк ұтымды жағдайда болады, себебі ақша құралы оған бұрынырақ айырбасталады және пайыз қосылмайды.
Кез келген валюталық операцияны жүргізуде жүргізуші жақтар ақша айырбастау кезеңінің тәсіліне байланысты (телеграфт, пошта арқылы аудару, чек, жедел шарт немесе банкнот), баға белгіленімі тәсіліне байланысты валюта айырбастау бағамын келісіп алу керек. Сонымен бірге банк арқылы баға белгіленіміланған сатып алу, сату бағамы немесе орташаланған курс арасындағы таңдау маңызды рөл атқарады. Телеграфтың атқару бағамы ең жоғарғы курс болып табылады, себебі онда шетел валютасы банк арқылы тез төленеді немесе шетел банкінен аударуда алғаннан кейін келесі күні төленеді. Мәмілені орындауды жылдамдығына байланысты спот мәмілесі үшін телеграфтық аудару тиімдірек. спот мәмілесінде басқа тәсілдер ақша айырбастауда жылдамдығына байланысты тиімсіз болуы мүмкін. Егер ақша айырбастаудың басқа тәсілін қолдану мүмкін болса, онда соңғы курс телеграфтың айырбастау бағамының негізінде анықталады. Ол бір елден екінші елге төлем құжаттарын жеткізу мерзімі ішінде пайыздың көлеміне азайтылған телеграфтық айырбастау бағамының негізінде анықталады.
Спот валюталық бағамының клиенттерімен есеп айырысу негізінде банк тиімдірек курсты белгілеу қажеттілігінен шығады.
Жедел валюталық операция - бұл операция бойынша екі жақ мәмілені бекіткен соң белгілі бір уақыт ішінде шетел валютасының белгіленген сомасын жеткізуге келіседі, бірақ бекітілген мерзімдегі бағамы бойынша.
Валютамен жедел мәміленің негізгі түрлері мыналар:
а) Форварттық операция (аутрайт операциясы) ;
ә) Фьючерстік мәміле;
б) опциондық мәміле.
Тәжірибе валютамен жедел мәміленің әртүрлілігі кездесті, сонда да олардың ортақ сипаттарының болуы, оларды кассалық мәміледен айыруға мүмкіндік береді:
1) Мәміле бекітілген мерзім мен оның орындалу мерзімі арасында ұзартылған уақыт кезеңі. Формальды түрде бұл кезең екі жұмыс күнінен асу керек, бірақ факт бойынша ол 30 жұмыс күнінен кем емес болады.
2) Келісімшарт жүргізген уақытта екі жақты активтердің (валюта) болуы шарт емес. Тіпті жедел мәміленің бірнеше түрлері бар, мысалы, екі жақ алдын-ала валютаны сатып алу сатусыз-ақ мәмілені орындауға келіседі. Жедел валюталық мәмілені негізгі белгілеу мыналарда құрылады:
а) негізгі ішкі экономикалық келісімшарттың (сауда, қаржы) орындалу уақытында қажет валютаның алынуы.
ә) валюталық спекуляция және төрелік .
б) валюталық қауіп-қатерді хеджирлеу.
Мерзімге арналған мәмілелерде маңыздырақ оның өсуімен валюталық бағамының өсуінің өзгеруіне деген потенциалды қауіп- қатер өсуде [5] .
Егер қолма-қол валюталық операция немесе спот - операция қарапайымдау валюталық операция деп есептелсе, онда форвардтық, фьючерстік мәмілелер туралы олай емес, олардың өз ерекшеліктері бар:
1) Мәміленің орындалуы мен бекітілген мерзімі арасында белгілі бір интервал болады.
2) Жедел мәміле бойынша валюта бағамы белгілі бір мерзімнен кейін орындалса да операцияны бекіту кезеңінде белгіленеді.
3) Жедел мәміле бойынша валюта бағамы спот операциясы бойынша валюта бағамынан ерекшеленеді:
Мәміле жүргізілетін курс сияқты мерзімінде (1 жылға дейін) келісіледі. Одан басқа кассалық курсқа үстемелер («репорт» «ажио») немесе одан жеңілдіктер («депорт», «дизажио») құрылады. Депорт көлемі Форвардтық мәміленің көлеміне ғана байланысты емес, жеке валюта бойынша пайыздық қойылымдағы айырмашылыққа да байланысты. Бұл үстемелер своп бағамымен аталады. Жедел мәміле бойынша курс сұранысының арақатынасымен және мәміле бекітілген мерзімдегі валюта нарығындағы пікірлермен, жеке валюта бойынша пайыздық қойылымдағы айырмашылықпен анықталады.
Бұл факторларды қорғау есебінде қарауға болмайды. Мысалы, егер шетел валютасы бойынша пайыздық қойылым өссе, онда кассалық нарықтағы бұл валютаға сұраныс та өседі, соның нәтижесінде спот бағамыда өседі, сонымен бір мезгілде жедел нарықта бұл валютаға сұраныс түсіп кетеді, сонымен бірге форвардтық курс та төмендейді. Бұндай жағдайда форвард бағамы бойынша кассалық курсқа қарым-қатынасы бойынша депорт орын алады [6] .
Мәміле банк белгіленген форвард бағамымен бірге кассалық курсқа арналған репорт және депортпен жүзеге асады.
Жедел мәміле анықталған жинағы бар банк клиенттерімен байланысты. Жедел валюталық мәмілені жүргізуге құштарлық мынадай жағдайда экспортерларда өседі, импортерларда төмендейді:
1) Егер анықталған валютаның бағамы түсуі мүмкін болса;
2) Кассалық курс жедел курстан төмен болса;
3) Бекітілген курстық арақатынаста форвард бағамы интервалды нүктелердің жоғары шекарасында тұрса;
4) Форвард бағамының репорты жоғары болса;
Егер аталған факторлар керісінше өзгерсе, онда экспортерлардың құштарлығы төмендейді, ал импортерлардың жедел мәміле жасауға деген құштарлығы өседі.
Қазақстанда жедел мәміле екі түрде жүргізіледі:
1) Қарапайым форвардтық мәміле. Бұл жағдайда қайта жасалатын мәміле бір уақытта бекітілмейді. Екі жақ белгіленген мерзімге және белгіленген курс бойынша анықталған соманы жеткізуге келіседі. Ішкі саудаға форвардтық мәміленің бұл түрі валюта курстық өзгеруінің сақтану мақсатында бекітіледі.
своп мәмілесі деп бір ғана валютаны әртүрлі мерзімде сатып алу және сатуды жүргізетін банктердің арасындағы валюталық мәмілені айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz