Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шымкент қаласы

№60 жалпы орта білім беретін мектебі

Бағыты: Тарих

Ғылыми Жұмыс

Тақырыбы:

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі

C:\Users\Айгул апай\Desktop\22-02-2019_06-44-17\IMG-20190222-WA0009.jpg C:\Users\Айгул апай\Desktop\22-02-2019_06-44-17\IMG-20190222-WA0010.jpg

9 «Б» сынып оқушысы Абдилакимова Мадина Муратқизи және жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Гулстан Ермеккызы

Шымкент қаласы

2018-2019 оқу жылы

ЖОСПАР


І. КІРІСПЕ

Тәуке хан

ІІ. Теориялық бөлім :

- Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

ІІІ. Тәжірибелік бөлім
- Тәуке ханның тәуелсіз саясаты

-Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі жағдайы
- Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси жағдайы


ІV. Қорытынды


V. Пайдаланған әдебиеттер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Шымкент қаласы

№60 жалпы орта білім беретін мектебі

Қаласы: Шымкент

Мектебі: №60 жалпы орта білім беретін мектебі

Сыныбы: 9 «Б»

Оқушының аты-жөні: Абдилакимова Мадина

Жетекшісі: Ахметова Гулстан Ермеккызы

Ғылыми жобаның бағыты: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі

2018-2019 оқу жылы

Абдилакимова Мадина «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі» атты ғылыми жұмысына

ПІКІР

Абдилакимова Мадина «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы гуманитарлық бағытқа негізделген. Ғылыми жобаның тақырыбы жұмыс мазмұнымен сәйкес. Жобаның авторы 9 «Б» сынып оқушысы Абдилакимова Мадина көптеген тың мәліметтер жинақтаған, өз ойын дәлелдеуге тырысқан. Өзінің ізденімпаздық қабілетінің арқасында газет, журнал, интернет сайттарынан мәліметтер келтіріп, қаладағы Ыбырай Алтынсарин кітапханасына барып тың мәліметтер жинақтап келіп отырды және мектеп кітапханасындағы оқулықтарды пайдаланды. Мадина ғылым жолында талмай еңбектене алады.

Жұмыс жоспарға сай, жүйелі орындалған. Зерттеушінің қорытынды тұжырымы, келтірілген фактілер шындыққа жанасады. Алдағы уақытта Мадинаның ғылыми тақырыптағы ізденістері одан әрі шыңдалып, биік белестерден көрінеді деп сенемін

Тарих пәнінің мұғалімі: Г. Е. Ахметова

Аннотация

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Ұсынылып отырған жұмыста Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі жайлы баяндалған

Жұмыстың мақсаты:

Тәуке ханның ел басқарудағы саясатын талдау

Ғылыми жаңалығы: Тәуке ханның Қазақ хандығындағы елді басқарудағы жеткен жетістіктерін зерттеу.

І. Кіріспе

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының тарихы -1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан қазіргі отандық ғылымда Тәуке хан тұсындағы зерттелу деңгейі. Біздің зерттеуіміздің басты Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын кеңестік кезеңдегі тәуелсіздік алысымен отандық тарих қарқын алып дами зерттеулер осы кезден бастап қанатын кеңге жайып, зерттеуіміздің мақсат-міндеттері. Біздің
Тәуке ханға дейінгі Қазақ хандығының жағдайын анықтау;
Тәуке ханның билікке келісімен қолданған саясатына талдау; сыртқы саясаттағы Тәуке ханның рөлін анықтау. Сонымен қатар Отан тарихы, Қазақ тарихы, Ақиқат Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы, Салқам Жәңгір ханның қасиетті қазасынан соңғы жылдан кейін, XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың кіші жүздің жері казіргі Батыс Қазақстан аумағында негізінде көшпелі тұрмыс салты жатқан қазақ қоғамының сарыны баяулады. Жүздердің, құрылымын кұраған барлық буындарды, олардың шыққан XVII-XVIII ғасырлар аясында қазақ қоғамында интеграциялық сарын Жәңгірұлы Тәуке хан. Қазақ хандығының Тәуке хан елі үшін сіңірген ерен еңбегі.
Тәуке ханның тәуелсіз саясаты мен Тәуке хан билікке келісімен қазақ хандығындағы ішкі, сыртқы шапқыншылықтан қорғану, бытыраңқылықты жою . Тәуке хан халық арасындағы беделді билермен кеңесе «Жеті Жарғы» бізге толық күйінде жеткен жоқ. Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңының баптары арқылы ішкі тәртіптерді реттеп отырған.

Мәселен, кісі Сұлтан мен қожаны өлтіргендер олардың туыстарына осы «Жеті Жарғыдағы» әйелдер құқы шариғат ережелеріне сүйенеді. Мал мен мүлікті ұрлау қатаң жазаға тартылады. Өзін-өзі өлтіргендерді заң бойынша бөлек жерге жерлейді. Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы кесіледі. Қорыта келгенде, Тәуке хан халық жадында күні елі үшін сіңірген ерен еңбегі жайлы баян етіледі.

ІІ. Теориялық бөлім :

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0e6c/0005dacb-dad86007/640/img15.jpg

Тәуке хан - XV -XVIII ғасырлардағы қазақ хандары әулетінің өкілі, оның арғы шыққан тегі Шыңғыс ханнан, Жошы ханнан бастау алады. Біз бұған дейінгі Есім хан, Жәңгір хандардың тарихи рөліне арналған жұмыстарымызда қазақ хандарының шыққан тегі жөнінде біршама толығырақ айтып өткендіктен бұл жерде оның бәрін қайталап жатпай, тек олар туралы өте қысқаша түрде атап өтуді жөн көріп отырмыз.

Тәуке ханның шығу тегін ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне сүйене отыра былайша көрсетуге болады: Шыңғыс хан → Жошы хан → Ордаежен → Сартақтай → Қоныша → Баян → Сасыбұқа → Ерзен → Шымтай → Орыс хан → Қойыршақ → Барақ хан → Жәнібек хан → Жәдік →Шығай хан → Есім хан → Жәңгір хан → Тәуке хан

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/136c/0002ab7b-bf3c5d7e/640/img7.jpg

Тарихи әдебиеттердегі материалдардың бәрі Тәуке ханды 1680 жылдан бастап хан болған деп жазады. Оның билікке қандай жолмен келгені белгісіз, ол туралы ешқандай деректе айтылмайды. Соған қарамастан ол жөнінде мынадай болжамдар айтуға болады. Егерде 1650 жылдардың басында Тәуке хан билік ету үшін өте жас болса, ал 1680 жылға таман оның жасы 40 пен 50-дің орта тұсында болатын. Бұл жас - ер адамның нағыз кемеліне келіп, ақыл-ойы толысқан, өмірлік тәжірибесі жетерліктей жас екені белгілі. Тәукенің ақылдылығы мен шешендігі, кемеңгерлігі мен данышпандығы сияқты ерекше қасиеттері оны билеуші әулет өкілдері арасында айрықша көзге түсіртеді. Сондай-ақ, бұған дейін айтып өткеніміздей, оның ата-бабаларының хан тағын үзбей иеленуі, Жәңгір ханның тікелей ұрпағы болуы, жастайынан мемлекеттік істерге араласуы - оның тақты иелену мүмкіндігін арттырады. Біздің ойымызша, 1652-1680 жылдары өзара таластар мен қырқыстардан әбден титықтап шаршаған қазақ қоғамы, қоғамның алдыңғы қатарлы тобы мен өкілдері: кейбір сұлтандар, билер мен батырлар, дін басылары және тағы басқа әлуметтік топтың өкілдері Тәуке жағында болып, оны қолдаған дейміз. Сөйтіп олар Тәукені 1680 жылы хан тағына отырғызады.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_550a775ad1b2f/img_user_file_550a775ad1b2f_7.jpg

Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі

Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М. Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», - деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А. И. Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тәуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды. Билер кеңесі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тәуке ханның тұсында «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бұл органның шешімі негізінде ғана Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді шешуге құқықты болған және билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Халықтың дәстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мәртебесін анықтайтын қағидалар көп сақталған. Мысалға, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны - биді құдай ұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік» т. б. Бидің үкімі ру, аймақ атынан емес, тәуелсіз би атынан шығарылды. Атақты Әйтеке би ұрпақтарына мынадай өсиет қалдырды: «Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі». Туа біткен даналық мен шешендікті иеленген билердің өмірлік тәжірибесі де мол болды. 1820 жылы орыс және европалық құқық нормаларымен жетік таныс Д. Самоквасов қазақтардың құқық жүйесін зерттей келе, қазақ билері халқының салт-дәстүрі мен өткен тарихын да жақсы білетіндігі туралы жазған. «Биі жақсының елі жақсы», «Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді» деген нақыл сөздер қазақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да көрсетеді.

https://i.ytimg.com/vi/0kofSZyP46g/maxresdefault.jpg

Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судай әйгілі шешен» деп мақтан тұтқан. Сөйтіп, Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді. Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мәртөбеде шақырылған. Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған. Бұл халық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды. Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежірне, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Бұл тарихта Орта Азияда өмір сүрген көшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырған хан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп отырған Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_569788b0e0809/img_user_file_569788b0e0809_4.jpg

Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті. Бұл тұста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауында болды.

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0ea9/0019c4b0-93e6a5f6/640/img2.jpg

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды.

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0bd0/00026947-c8ac56b8/img8.jpg

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0ff9/000e2d40-e07855ad/img11.jpg

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. «Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды

ІІІ. Тәжірибелік бөлім:

Тәуке ханның тәуелсіз саясаты.

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі жағдайы
Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси жағдайы

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_552908caac7ee/img_user_file_552908caac7ee_11.jpg

Тәуке ханның тәуелсіз саясаты

Тәуке хан билікке келісімен Казақ хандығындағы ішкі тартысты тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы Сыр бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан әлсін-әлсін шабуылдар жасалып түрған.

Сыртқы шапқыншылықтан қорғану, хандыцтағы бытыраңқылықты жою «Жеті Жарғы» заңының қабылдануына өз ықпалын тигізеді. Казақ қоғамынын сол кездегі кажеттілігін қанағаттандыратын заң жобасының керектігі, бұрыннан болған қүкықтык нормаларды жүйелеу аркылы оларға мөнді өзгеріс енгізіл, толықтыру өрекеттері дүниеге «Жеті Жарғы» заңын әкеледі.

Тәуке хан халык арасындағы беделді билермен кеңесе отырып қабылдаған «Жеті Жарғы» заңы, қазақ кауымының әлеуметтік-экономика-лық, құқықтық катынастарын реттеуге бағытталады. Орыс жазбаларында бұл заңдар «Тәуке хан заңдары» деп аталады.

«Жеті Жарғы» бізге толық күйінде жеткен жоқ. Заң жинағының кейбір баптары XIX ғасырдың алғашкы жартысында орыс ғалымдарының жазып алған үзінділері арқылы сақталды. Оның жобасы, құрылымы жағынан әр түрлі екі нұскасы белгілі. Алғашқысын 1820 жылы Г. Спасский «Сібір хабаршысына» жариялайды. Мұнда он бір үзінді көрсетілген. Екінші нұсқасы қазақ тарихының білгірі А. И. Левшиннің еңбегінде берілген. Бұл заң жобасының екі нұсқасы да бапқа бөлінбеген .

Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. «Жеті Жарғыда» жүздерді баскару үшін сайланған үш бидің аты белгілі. Ұлы жүзде - Төле би, орта жүзде - Қазыбек би, кіші жүзде - Әйтеке би. Жыл сайын Күлтөбеде (Ташкент маны) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің кұқығының қорғалуын, сақталуын қатты кадағалаған. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған баласы Болат хан билікті орнымен пайдаланып, халыктың басын біріктіре алмай-ды. Бұл жағдай Қазақ хандығының саяси жағынан бөлшектеніп, әр жүз хандарының жеке дара билік құруына әкеп соқтырады. Осылайша Қазақ хандығының орнына, Қазақ хандыктарының тарихы басталады.

.

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі жағдайы

Тәуке хан (1680-1715) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтан дырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтармейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездерде болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиеттіТүркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А. И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».

Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты

Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәтітүсті .
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0ff3/0012e82a-ce37ba94/img1.jpg

Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі

XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701-1721 жылдар) аяқталғанна кейін, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты.
Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңінде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер - редуттер мен форпосттар салына бастады.
Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.

Қазақ хандығының ыдырай бастауы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Тұрсын ханның өлуі
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
Қазақ тарихындағы хандар
Қазақ хандығын басқарған хандар
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz