Жасуша мембранасының құрылысы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі
Орындаған: Турсыналиева А.
Тобы: 108 А Жалпы медицина
Алматы, 2021
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Биологиялық мембрана туралы түсінік
- Жасуша мембранасының құрылысы
- Мембрананың өткізгіштік қасиеті және тасымал түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2
КІРІСПЕ
Жасуша- ағзаның ең кіші өлшем бірлігі. Сол себепті жасуша құрылысы мен жұмысы жайлы білген дұрыс. Адам ағзасында мүшелері бар секілді жасушаның да өз органоидтары бар. Соның бірі жасуша мембранасы. Мембрана- жасушаны сыртқы ортадан бөліп тұратын қабық. Демек, мембрана жасушаның ішкі және сыртқы ортасы арасындағы байланысқа тікелей жауапты органоид. Плазмалемма ақуыз бен фосфолипидті қабаттардан тұратын гель тәрізді тор. Адам ағзасында көптеген процесстер биологиялық мембрана арқылы жүзеге асады, ал мембрананың бұзылуы көптеген патологияларға алып келуі мүмкін.
Бұл реферат биологиялық мембрананың өткізгіштік қасиет мен оның маңызы жайлы түсінік қалыптастырады.
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Биологиялық мембрана - жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 - 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т. б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Жасушалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады.
Жасушаның мембраналық компоненттері - липидтер мен белоктар. Липидтер: фосфолипидтер, фосфатидилэтханоламин, сфингомилин, фосфатидилинозитол және фосфатидилсерин, гликолипидтер. Липидтердің үлесі 40-90% құрайды. Ақуыздар: перифериялық, интеграл (гликопротеиндер), спектрин, актин, цитоскелет. Негізгі құрылымдық элемент фосфолипидті молекулалардың қос қабаты болып табылады. Мембрананың түрлері: жасушаның, эндоплазмалық тордың, лизосоманың, Гольджи аппаратының болып бөлінеді. Мембрана функциялары:
1. Белсенді заттарды тасымалдау
2. Пассивті тасымал
3. Қарапайым және жеңіл диффузияға байланысты электролиттерді беру.
4. Белсенді ион тасымалдау.
4
Жасуша ішкі мембранасының құрылысын алғашқы болжамды Дж. Даниели мен Х. Давсон жасады. Бұл болжам бойынша екі жағынан ақуызбен қапталған қосқабатты липидтен тұрады. Бұл екі қабаттың бір шеті гидрофилді, ал екінші шеті гидрофобты. Гидрофобтық бөлік суды теуіп, өзі секілді молекулаларға тартылады. Сондықтан фосфолипидтер мембраналық қаптамада бірігіп тұрады. Гидрофилдық бөлік екі қабат болады, бірі сыртқы екіншісі ішкі сұйықтықпен байланысқан. Мембрананың бұл бөлігі арқылы майда еритін заттар оңай өтеді. 1935 жылы Дж. Робертсон ішкі және сыртқы мембраналардың құрылысы бірдей екенін көрсетті.
5
Өткізгіштік- жасушаның өз қабықшасы арқылы заттарды өткізі қабілеті. Тасымал- қоректік және қуаттық заттардың жасушаға енуі және қалдық заттардың жасушадан шығарылуы.
Мембрананың өзі арқылы белгілі бір заттарды өткізу қабілеттілігі мембрананың өткізгіштігі деп аталады. Жасуша мембранасы таңдалмалы өткізгіштік қасиетке ие.
Концентрация градиенті дегеніміз - ол жасуша ішіндегі жəне оның сыртындағы заттар концентрациясының айырмасы. Бұл кезде заттар липидті биқабат арқылы мембранаға бойлап еніп кеткен мембрана ақуыздары түзеді. Қарапайым диффузия жолымен кейбір органикалық жəне бейорганикалық иондар өтеді.
Активті тасымал- бұл төменгі концентрациядан жоғарғы концентрацияға дейін мембрана арқылы заттарды тасымалдайтын және сол үшін энергия жұмсайтын диффузия түрі. Белсенді диффузия жасушалардың ішінде маңызды қоректік заттардың, мысалы иондар, глюкоза, амин қышқылдары және т. б.
Пассивті тасымал дегеніміз - молекулалардың концентрация градиенті бойымен мембранадан төменгі концентрация аймағына өтуі. Яғни, мембрананың төменгі концентрациялы аймағында заттар энергия жұмсамай, оңай өтеді. Пассивті диффузияның тасымалдау әдісі негізінде қарапайым диффузия, жеңілдетілген диффузия, осмос және т. б. сияқты бірнеше түрлері бар.
6
Қарапайым диффузия- концентрация жоғары ортадан төменгі ортаға заттардың өтуі.
Жеңілдеген диффузия - тасымалдаушы ақуыздардың көмегімен заттардың жоғары концентрациялы ортадан төменгі концентрациялы ортаға ауысуы. Тасымалдаушы ақуыздар плазмалық мембранада болады. Бұл процесс те концентрация айырмашылығы бойынша жүреді. Бұл белгілі бір молекулаларға арнаулы тəн болады, қарапайым диффузиямен салыстырғанда тезірек жүреді. Амин қышқылдары, моносахаридтер жəне əр түрлі иондар үшін арнаулы тасымалдаушылар бар.
Сыртқы ортамен салыстырғанда, жасушадағы калий иондарының концентрациясы әрдайым жоғары болады. Ал натрийдің мөлшері жасушадағыға қарағанда жасушааралық сұйықтыкта әр уақытта жоғары болады. Жасуша мембранасының осындай таңдамалы өткізгіштігі жартылай өткізгіштік деп аталады.
7
ҚОРЫТЫНДЫ
Жасушаның маңызды бөліктерінің бірі биологиялық мембрана болып табылады. Мембрана жасушаның құрылымын жасайды; сыртқы ортадан бөледі; пішін береді; зиянды заттардан қорғайды; жасушаның сыртқы ортамен байланысын, зат алмасуын қамтамасыз етеді; АТФ түзуге қатысады. Мембрананың басты қасиеттерінің бірі оның өткізгіштігі. Бұл қасиеті арқылы жасушаға қоректік заттар еніп, калдық өнімдер сыртөа шығарылады. Биологиялық мембрананың өткізгіштік қасиеті және оның маңызы жайлы анықталды.
8
Пайдаланылған әдебиеттер
- https://kazmedic. org/archives/1838
- https://kk. mldunbound. org/contrast/difference-between-active-and-passive-diffusion/
- https://kk. delachieve. com
- https://kk. wikipedia. org/wiki/
9
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz