Иммунитеттің әлсіреу себептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Иммунитет және иммундық жүйе дегеніміз не? ...
2.2 Иммунитеттің әлсіреу себептері
2.3 Қандай тағамдар дәрумендерге бай?
III. Практикалық тапсырма
1. Сынып оқушыларына жасалған тәжірибе
2. Мектеп оқушыларының инфекцияға қарсы иммунитет жағдайын бағалау.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫДҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аннотация
Тақырыптың өзектілігі. Иммунитет - ағзаның зиянды бактериялар мен вирустардың шабуылына қарсы тұру қабілеті. Адамның иммундық жүйесі - бұл мамандандырылған жасушалардың күрделі жүйесі. Ол организмнің денсаулығын қорғауға; бөгде патогенді микроорганизмдерге; Бактерияларға; Сүзгіден өткен вирустарға; Паразиттерге және т.б. қарсы тұра алады. Тіпті қатерлі ісік ауруының алдын алады.
Сондықтан адам ағзасында күшті иммунитет болса ауруға оңай жеңілмейді. Мен қазіргі болып жатқан карантиндік жағдайларға байланысты тақырыбымды Иммунитет, иммунитет түрлері деген тақырыпы таңдадым.
Тақырыптың мақсаты. Адам ағзасы үшін дәрумендердің әсері мен рөлі қанда екенін айқындау.
Міндеттері:
1.Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттермен танысу.
2.Адам ағзасындағы дәрумендердің биологиялық рөлін анықтау.
3. Витаминдердің сипаттамасын жасау (дәрумендер жетіспейтін өнімдер мен аурулардың мазмұны).
5.Тұтынылатын тағамдағы дәрумендердің құрамын және олардың мөлшерінің адам денсаулығына әсерін зерттеу
6.Дүкенде сатып алынған жаңа піскен жемістер мен шырындардағы С витаминін анықтау тәжірибесін өткізіңіз.
7.Мектеп асханасындағы мәзірді қалай витаминдерге байытуға болатындығын біліңіз.
8.Медицина қызметкерлерінен ақпарат алу.
9.Оқушылар мен халық үшін парақшалар мен буклеттер әзірлеу және ұсыну.
Зерттеу әдістері:
* Салыстыру, талдау, теориялық жалпылау
* Диагностика (әлеуметтік сауалнама)
* Анықталған заңдылықтар мен зерттеу нәтижелерін салыстыру
* Бейнерепортаж
* Зертханалық жұмыс
* Компьютермен жұмыс
Зерттеудің болжамы. Адам ағзасы дәрумендерге бай болса, онда вирустық инфекциялармен күресуге болады. Ең бастысы адам салауатты өмір салтын ұстануы керек.
Аннотация
Актуальность темы. Иммунитет - способность организма противостоять атакам вредных бактерий и вирусов. Иммунная система человека представляет собой сложную систему специализированных клеток. Он способен защитить здоровье организма; противостоять чужеродным патогенным микроорганизмам; бактериям; фильтрующимся вирусам; паразитам и т. д. Даже предотвращает рак.
Поэтому заболевание не легко победить, если в организме человека имеется сильный иммунитет. В связи с происходящими сейчас карантинными условиями я выбрала тему "Важность и роль витаминов в повышении иммунитета".
Цель темы. Определить, в кровиливлияние и роль витаминов для организма человека.
Обязанности:
1. Знакомство с научной литературой попроблеме исследования.
2. Определение биологической роли витаминов в организме человека.
3. Cоставить описание витаминов (содержание продуктов и заболеваний, прикоторых не хватает витаминов).
5. Исследование содержания витаминов в потребляемой пище и влияния их количества на здоровье человека
6. Проведите эксперимент по определению витамина С в свежих фруктах и соках, купленных в магазине.
7. Узнайте, какобогатить меню в школьной столовой витаминами.
8. Получение информации от медицинских работников.
9. Разработка и предоставление листовок и буклетов для учащихся и населения.
Методы исследования:
* Сравнение, анализ, теоретическое обобщение
* Диагностика (социологический опрос)
* Сравнение выявленных закономерностей и результатов исследования
* Видео репортаж
* Лабораторная работа
* Работа с компьютером

Annotation
Relevance of the topic. Immunity - the ability of the body to resist the attacks of harmful bacteria and viruses. The human immune system is a complex system of special izedcells. It is able to protect the health of the body; resist foreign pathogens; bacteria; filtering viruses; parasites, etc. It even prevents cancer.
Therefore, the disease is not easy to defeatif the human body has a strong immune system. Due to the current quarantine conditions, I chose the topic "The importance and role of vitamins in improving immunity".
The purpose of the topic. Determine whether the influence and role of vitamins for the human body is in the blood.
Responsibilities:
1. Introduction to the scientific literature on the problem of research.
2. Determination of the biological role of vitamins in the human body.
3. Make a description of vitamins (the content of products and diseases in which the reare not enough vitamins).
5. Study the content of vitamins in the food consumed and the impact of their amount on human health
6. Conductan experiment to determine vitamin C in fresh fruits and juices purchased in the store.
7. Learn how to enrich the menu in the school cafeteria with vitamins.
8. Getting information from medical professionals.
9.Development and provision of leaf lets and booklets for students and the public.
Research methods:
* Comparison, analysis, theoretical generalization
* Diagnostics (sociological survey)
* Comparison of the identified patternsand the results of the study
* Video report
* Laboratory work
* Working with a computer
Researchforecast. If the human body is rich in vitamins, then inno cases hould you be afraid of viruses. I believe that the main thing is tolead a healthy life style.

I.Кіріспе
Иммунитетті көтеру аса қиын емес, иммунитетті көтерудің қарапайым тәсілдері қысқа мерзімде иммунитетіңізді көтереді және нығайтады. Оған иммундық жүйе жауап береді.Иммундық жүйенің ерекше қызметі -- ағзадағы зиянды микробтар мен вирустарды алдымен оқшаулап, содан кейін жояды. Өкінішке орай, үнемі ағзаға осындай заттар түсе берсе, күресе - күресе иммундық жүйе әлсірейді. Сондықтан денсаулығыңыздың мықты болуын қаласаңыз, үнемі иммундық жүйеге көмектесіп, оны көтеріп, нығайтып отыруыңыз қажет.
Иммунитетті нығайтудың қарапайым тәсілдері:
Дәрігердің айтуынша, иммунитетті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Кейбір дәрумендерді ағзаның өзі түзуге қабілетті, мысалы D дәрумені күн сәулесінің әсерінен біздің терімізде түзіледі.
Жылдам жүру: Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарап, ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл күй жақсарса, иммунитет көтеріледі. Дене шынықтыруды жайлап бастау керек, бірден ағзаға көп күш салып, зорықтыруға болмайды, біртіндеп жүйелі түрде ағзаға түсетін күшті көбейтіп, ұлғайтып отыру керек. Мысалы, жылдам жүру, 1-күн 1 шақырым (жағдайыңызға қарай 500 метрден бастасаңыз да болады), содан кейін күнде 5 шақырымға дейін қосып отырасыз. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеу емес, жылдам жүру пайдалы.
Салқын сумен құйыну: иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаныңыз жөн, алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет құйынып, соңында көбейтіңіз. Иммунитетті көтеру үшін контрасті душ та болады, бұл біресе салқын, біресе ыстық сумен құйыну, бірақ ыстық-суық алшақтығын бірте-бірте 10-15 күн аралығында көбейтіңіз.
Спортпен шұғылдану, фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді. Тамақтану арқылы да нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет. Ал қанты көп тағамдарды және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн, өйткені ол тағамдарды қорытуға ағзадағы пайдалы заттар кетеді де, иммунитет әлсірейді. Иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар ас қорыту жолдарын пайдалы бактериялармен толықтырып, зор үлес қосады. Әрине, иммунитетіңіз сақталып, нығая түсу үшін іш қатудан сақтаныңыз.
Иммунитетті нығайту үшін әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар мен шырындар бар: Тамыр дәрі (женьщень) тұнбасы, қытай лимоншасы итмұрын шырыны. Пайдаланардан бұрын нұсқауларын оқыңыз, ағзаңызға жақпай қалуы мүмкін, абзалы дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн.
Иммунитетіңіз мықты болсын десеңіз, барлық уақытта күліп, көңілді жүріңіз.

2.1 Иммунитет және иммундық жүйе дегеніміз не? ...

Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті.Әрине бұндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өз ара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштық қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды құртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы -- орталық нерв жүйесі.
Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөле-ді. Осында жасуша ішінде кандай процестер орын алатыны жөнінде толық мағлұмат жоқ. Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады.
Сонымен бірге иммунитеттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций түздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы күресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге болады:
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет -- адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол тұқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың -- жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады. Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады және оны табиғи -жағдайда қабылдаған иммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгі-зу) пайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұндай организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір ауруларға қарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталыл қалады. Мәселе қадамдар шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп өкіге бөлуге болады. Бұндай организм зиянды әсерге әзі иммунитет құрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады. Сибирь жарасына қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді.
Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-кеиінен кейін 2 -- 10 күн еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу имму-витеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет кұраушы заттар пайда болады. Оларды арнаулы фабрикада өндіреді. Бүл үшін малдарға ауру қоздырғыш микроб-тардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда сол малдар қанының сары суында қорғаныш заттар -- антителалар түзіледі. Осындай сарысуды алып, басқа малдарға енгізгенде оларда осы ауруға қарсы тұра алатындық иммунитет түзіледі, бірақ бұл тұрақсыз иммунитет, оның үзақтығы 2 -- 3 жұма-ақ.Табиғи пассив иммунитет организмге, оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беріледі.
Күз және қыс мезгілдерінде ауа-райының салқындауына байланысты ЖРВИ және басқа инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғарылайды. Әсіресе дәл қазіргідей бүкіл әлемдік пандемиялық жағдайда денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру маңызды. Мұндай жағдайда таза ауада тыныстап, жаттығулар жасап, жаман әдеттерден арылу арқылы ағзамызға көмектесе аламыз. Салауатты өмір салтын сақтап, күнделікті толыққанды 7-8 сағаттық ұйқы және эмоционалды тыныштықты қамтамасыз ету де маңызды. Сонымен қатар микроэлементтер мен дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну арқылы қысқа уақыт ішінде ағзаның резервтік күшін жоғарылатып, әр түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейтуге болады.
Дәрігердің айтуынша, иммунитетті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Кейбір дәрумендерді ағзаның өзі түзуге қабілетті, мысалы D дәрумені күн сәулесінің әсерінен біздің терімізде түзіледі.
Дегенмен, әуелі ағзаға қандай дәрумендер қажет екендігін анықтап алу керек. Дәрігер ол үшін емханаға барып, арнайы анализ тапсыру керек екенін атап өтті. "Яғни дәрігердің кеңесіне жүгіну арқылы қандай дәруменді және қанша мөлшерде ішу керектігін білесіз. Егер де өзіңіз аламын десеңіз, онда жас ерекшелігіңізді, тамақтану рационыңызды ескеру қажет.
Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, дұрыс тамақтану да иммунитетті нығайтуда көп пайдасын тигізеді. Көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақтар, ботқа - қажетті микро элементтерге бай азық -түліктер.

2.2 Иммунитеттің әлсіреу себептері

Витамин жетіспеушілік. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, ақуыздар пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
Витаминдер туралы қысқаша ...
Төменде иммундық жүйеге тиімді әсер ететін топтарды қосқанда дәрумендерге қысқаша шолу жасалған:
Дәрумені
Бұл витаминнің екінші атауы - ретинол. Бұл витамин шаштың беріктігі, терінің қалыпты күйі, жараның жазылуы және тырнақтың өсуі үшін маңызды. А дәрумені әсіресе көру және көру өткірлігі үшін өте пайдалы. Сонымен қатар, ретинол қартаю процесін баяулатады, ал А дәрумені жыныстық жетілу кезеңінде маңызды рөл атқарады. А дәрумені сәбізде, брокколиде, гармдориде, асқабақта, қауында, шабдалыда, өрікте және авокадода, сондай-ақ ет, бауыр, балық, өсімдік майы мен жұмыртқаның сарысында болады. А дәрумені майлардың әсерінен ериді және адам ағзасына сіңеді.
В тобындағы дәрумендер
В тобының витаминдеріне бірқатар витаминдер кешені кіреді. В тобындағы витаминдерді жеткілікті мөлшерде қабылдау жүйке жүйесін ынталандырады және стресстен арылуға көмектеседі. В тобының дәрумендері картопта, гүлді қырыққабатта, жаңғақта, қызанақта, қара нан, қарақұмық жармасы, сүзбе мен сүтте кездеседі. В тобындағы дәрумендерді, егер адам стресстен, меланхолиядан, ұйқының бұзылуынан немесе бас айналуынан бас тартса қабылдауға болады.
С дәрумені.
С витаминінің адам ағзасындағы негізгі қызметі - иммундық жүйенің жұмысын реттеу. Сондықтан бұл дәрумен суық тигенде және тұмауда қолданылады. Сонымен қатар, С дәрумені тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді және тәбетке қатысады. С дәрумені киви, ақжелкен, қарақат және құлпынай құрамында болады.
D дәрумені.
Д витамині сүйектің өсуіне және күшіне қатысады. D дәрумені сиыр бауырында, балықта, ет, жұмыртқа, сүзбе, ірімшік және сүт өнімдерінде болады. Д витамині де күн сәулесінің әсерінен адамның терісіне синтезделеді. Қысы суық, ұзақ болатын елдерде D дәрумені қоспаларын қабылдау ұсынылады.
Е ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс туралы ілім
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және қазіргі заманның аурулары
ПИЕЛОНЕФРИТ ПРИСТУП КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӘНЕ ПРАФИЛАКТИКАСЫ
Сымсыз оптикалық байланыс арналары
Жануарлар потологиясы - зертханалық жұмыстар
Иммунитет теорияларының дамуы
Тері ауруларының жіктелуі
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Вакциналар және вакцинация
Иммуниттет анықтамасы
Пәндер