Мағжан Жұмабаевтың Сағындым өлеңінің көркемдік қуаты


«Толқынмен толқын сырласып . . . » - шығармашылық жұмыс
(Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)
Тақырыбы: М. Жұмабаевтың « Сағындым» өлеңінің көркемдік қуаты
Дайындаған : «№44 орта мектеп»МКМ-нің
7 «Ә» сынып оқушысы
Төлебек Алуа
Жетекшісі : А. О. Козбаева
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2020 - 2021 оқу жылы
Зерттеу жобасының тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің көркемдік қуаты
Зерттеу жобасының проблемасы:
Қазіргі таңда көп адамдардың көркем әдебиетті көп оқымауы, әсіресе, поэзиялық шығарманы аз оқуы;
Көркем шығарманы үстірт оқуы, жалаң мазмұндап, жеңіл түсінуі, шығарманың көркемдігіне ден қоймауы;
ХХІ ғасырдағы жас ұрпақтың ұялы телефондағы, тағы басқа әлеуметтік желілер арқылы берілетін түрлі жеңіл ақпараттарға қызығушылығының артуы;
Поэзиялық шығарма арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеудің әлсізденуі.
Зерттеу жобасының проблемасын шешу болжамы : Әдебиет -өнердің пәні, сонымен қатар, жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиетте бұлжымас, айнымас ережелер жоқ. Әдебиетті оқудың басты мақсаты-сөз өнерінің қыр-сырымен танысу, халықтың рухани байлығын жан-жақты игеру. Әдебиеттегі басты құрал- мәтін. Мәтінді сөйлету арқылы ақынды, жазушыны сөйлету керек. Мәтінге сүйенбей, яғни өлеңге сүйенбей, бейнелі өрнегіне, құрылымына талдау жасамай, ақын не жазушының қан тамырының соғысын біле алмайсың. Егер, біз Мағжан атамыздың «Сағындым» өлеңін оқырмандарға талдап, насихаттайтын болсақ, поэзиялық шығарманың мәнін, тәрбиелілігін, өзектілігін ұғынып, кеңінен таратсақ, осы көркем шығармадағы інжу-маржандар бізді білімді, парасатты, Отанын шексіз сүйетін ұрпақ етіп дайындауға, ұлттық құндылықтың асыл қазына екенін терең сезінуге негіз бола алады.
Пәні мен нысаны :
Мағжан Жұмабаевтың көптомдық шығармалар жинағы;
З. Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабы басшылыққа алынды.
Зерттеу жобасының мақсат, міндеттері :
-Мағжан Жұмабаевтың “Сағындым” өлеңін оқып, талдау;
-Мәтінге сүйеніп, бейнелі сөз өрнегіне, құрылымына талдау жасау;
-Талдау реттілігін жүйелеу;
-Ақын өлеңінің тереңдігін ұғыну;
-Материалдарды бір жүйеге келтіру;
-Зерттеулердің нәтижесін қорытындылау .
Ақпарат көзіне талдау:
-Ғалымдардың тақырыпқа байланысты зерттеу еңбектерін қарау ;
- М. Жұмабаев туралы айтылған ой-пікірлерімен танысу.
Зерттеу жобасының өзектілігі, шешу жолдары :
Мен өзімнің зерттеу жұмысымда «Сағындым» өлеңін жалаң мазмұндауға ұрынбай, шығарма көркемдігін терең зерттеуді мақсат етіп алдым. Іздене отырып, жан-жақты талдау жасау үшін өзіме бірқатар сауалдарды қойып, талдау реттілігін жүйелеп алдым.
Нәтижесі мен қорытындысы:
-«Сағындым» өлеңін талдап, көркемдік қуатын толық тануға тырыстым;
-Өлеңнің мәнін, тәрбиелілігін, өзектілігін ұғындым;
-М. Жұмабаев шығармашылығындағы інжу-маржандарды теру арқылы ұлттық құндылықтың мағызын түсіндім.
Зерттеу жұмысының практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар қазақ тілі, әдебиет пәндерінде және тарих сабағында қосымша ретінде қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдаланса болады.
Мазмұны
І. Кіріспе 5-6 бет
ІІ. Негізгі бөлім 7 бет
2. 1. Ақынға көрсетілген қысым 7-8 бет
2. 2. Лирикалық қаһарман сағынышы 8-10 бет
2. 3. Лирикалық қаһарман күйзелісі 10 бет
2. 4 Лирикалық қаһарман қарсылығы; 10 бет
2. 5. Келер күнге сенімі; 11 бет
2. 6. Бейнелеу құралдарын жетілдіру. 12-14 бет
2. 7. Өлең тармақтарындағы сұраулы сөйлем 14 бет
2. 8. Өлең идеясы 14 бет
ІІІ. Қорытынды 15 бет
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 16 бет
Кіріспе
Қазақ поэзиясының тарихында таланты мен болмысы бөлек, асқақ рухты ақындардың бірі -Мағжан Жұмабаев. Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың кезінде тарихтан атын жоюға тырысса да, халқының жүрегінен мәңгілік орын алды деп деп ойлаймын . Себебі қазақ өлеңінің тарихында Мағжан поэзиясы қашанда Шолпан жұлдыздай ерекшеленіп тұрады. Қазақ зиялыларының биік шоғырына айналған Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Сұлтанбек Қожанов сияқты аталарымыздың ақын туралы айтып кеткен ойларымен оқып таныстым. Олардың Мағжан поэзиясын аса жоғары бағалағаны көңілге ерекше қуаныш ұялатады.
Мағжан нені айтса да, тамаша бейнелеп айтады. Ақын үшін даланың тауы да, желі де, суы да ғажайып. Оның өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды.
Мағжан Абайдан кейінгі қазақтың әдеби тілін дамытушы, көріктендіруші суреткер С. Мұқанов : «Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ», - деп, ақынның даралығына ерекше баға берген болатын.
Мағжан Жұмабаев- поэзия әлеміндегі қайталанбас құбылыс. Оның бойға күш-жігер, жүрекке от беретін рухты үні, поэзиядағы жаңашылдығы қазақ әдебиетін әдебиетін биік деңгейіне көтерді. Мағжанның осындай қасиеттерін, терең шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан -мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», - деп жазды. [5. 264]
М. Жұмабаевтың еріксіздік азабы болған түрме тауқыметіне арналған шығармаларының бірқатары -« Сағындым», «Жел», «Тілегім», «Жауға түскен жанға», «Тұтқын» (Лермонтовтан), «Күн шығады да батады», (Горькийден), «Айға» т. б. өлеңдері.
Негізгі бөлім.
Мен өзімнің зерттеу жұмысымда «Сағындым» өлеңін жалаң мазмұндауға ұрынбай, шығарма көркемдігін терең зерттеуді мақсат етіп алдым. Іздене отырып, жан-жақты талдау жасау үшін өзіме бірқатар сауалдарды қойып, талдау реттілігін жүйелеп алдым. Олар:
1. Қиындық-қысым деңгейін көрсететін сөз бен сөз тіркестерін тауып, оны сұрақ ретіне қарай қажет санмен, яғни, «1» санымен белгілеп алып, оның себебін, мәнін дәлелдеу;
1. а) Қысымды тура айту;
1. ә) Қысымды нақты бейнелеу;
1. б) Қиындықты тұспалдау;
2. Лирикалық қаһарман сағынышы;
2. а) анаға сағыныш;
2. ә) жүйрік желге сағыныш;
2. б) ағайын, туған ел;
2. в) бостандықта өткен күн;
2. г) құрдастарға сағыныш;
2. ғ) жүрегіне жақын жанға сағыныш;
2. д) атқан таңға сағыныш;
2. е) қалың елге сағыныш;
2. ж) Сарыарқаға сағыныш;
2. з) айдын көлді сағыну;
3. Лирикалық қаһарман күйзелісі;
4. Лирикалық қаһарман қарсылығы;
5. Келер күнге сенімі;
6. Тармақ соңын сұрақ қоюмен аяқтау арқылы ақын қандай ойға баса көңіл бөлген?
7. Бейнелеу құралдарын жетілдіру үлгілері;
7. а) теңеуге деген талғампаздық;
7. ә) көріктеуіш (эпитет) ;
7. б) ауыстыру (метафора) ;
7. в) алмастыру (метонимия) ;
7. г) символдық белгі;
7. ғ) суреттеу;
7. д) фразеологиялық тіркестер;
7. е) дамыту (градация) ;
7. ж) қайталаулар;
8. Өлең идеясын қорыту.
1. Сағындым деген сөздің астарында аңсау, іздеу, көптен көрмеу, ғашықтық, ынтық көңіл, көрісу, құшақтау, алаңдау, қимастық секілді сезімдер жатыр. Бірақ өлеңді оқып отырып, ақынның көңіліндегі «Сағындым» сөзі жай жүріп сағынудан емес, еріксіз абақтыда отырған кездегі зорлық пен қорлықтың уынан жиналған жүректің сағынышы екендігін бірден түсінесің. Ақынның елім, халқым деп еңірегені үшін оны кінәлі санап, халық жауы деп танып, қара көлеңке басқан темір тордың артында ұстауы -асқан зорлық пен озбырлық.
«Әлдеқайда күн шығады, батады,
Сорлы тұтқын күңіреніп жатады»-деп, тұтқында отырған жандарға көрсетілген қысымды (1а) тура айтса, «Мұндай үйде кімге естілер ащы зар!»// «Қарар болсаң терезеден темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады»// «Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер » деген жолдар арқылы ақын темір тордың арғы жағында отырған тұтқындарға көрсетілген қысымды (1ә) нақты бейнелейді. Сонымен қатар, бұл өрнектерде лирикалық қаһарманның соның бәріне келіспеуі, қарсылығы қоса өріледі. «Абақтының айға баға күні ұзақ, Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ» деу арқылы тұтқын басынан өткен ауыр күндерді, тіпті, жауына да тілемейтінін айтып тұспалдайды . (1б)
2. Ақын тар қапаста отырып, кең сар даласын, туып-өскен мекенін, туған халқын, еркелеген анасын аңсайды, дос - жаранды, таныс дауысты іздеп елегізеді, сағынады. Ішкі мұңын жырлай отырып, оқырманның көңіліне де сағыныш, қадір- қасиет сезімін байқатпай ұялатады. Ақын жанының толғанысы, тебіренісі жанын жегідей жеп, сағын сындырады. «Қарашығым, құлыным деп зарлаған, Алыстағы сорлы анамды сағындым» деген өлең тармақтары арқылы ең алдымен туған анасын (2а) сағына зарланады. Анаға баласының қайғысын көруден асқан қасірет жоқ екендігін ұғындырады. Мағжан өзінің екінші анасындай болып кеткен туып-өскен жерінің табиғатын сағына, «Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан жолдасым - жүйрік желді сағындым» деу арқылы жанына медет болатын, қиялына қанат бітіріп, шабыт сыйлайтын жүйрік желге де (2ә) сағынышын айтады.
Мағжан поэзиясының тіл кестесі, сырлы сезімдердің тоғысы оқырманын талай рет тамсандырып, небір дуалы ауыздардың ілтипатына ие болып, өзіне баурап алады. Ағайын, туған ел- әр адамның түп қазығы. «Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ағайынды, туған елді сағындым» деген өлең өрнектерімен сағынышын (2б) жеткізуі арқылы адамның туған жерін қастерлеп, ағайынның қадіріне жете білудің әрі оның даңқын асырудың әрбір азаматтың міндеті екенін ұғындыратындай.
«Сағынышының ең бағалысы- бостандық.
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым», -деп, ол еркін өмірдің жарқын күндерін аңсайды. Еркін, бостандықта өткен күндердің
(2в)
сағыныш қиялына ілескен ақын, елін еркіндікке жеткіземін деп абақтының азабын тартып отырғанын өлең өзегіне айналдырады. Ақын оңашада ойға қалып, құрдас, жолдас, жан достарды да сағынып
(2г),
олармен тілегінің, сырының, ойынының жарасымдығын да есіне алып, күйзеледі. Бұл жөнінде: «Ойыны бір құрдастарды сағындым, Тілегі бір жолдастарды сағындым», -дейді. Ал жүрегіне жақын жан туралы әңгіме бөлек, сөз бөлек. Мағжанның махаббатты -жүрекке қуат беретін, нәр беретін асыл сезім деп бағалауы -азаттық оймен астасып кеткен өзгеше бір түйін. Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан», //«Жүрегіме жақын жанды сағындым, Жібек мінез ақық жарды сағындым», - деп, сүйген жарға деген сағыныш
(2ғ)
арқылы тумысынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде тамаша шеберлік танытады. Қуанышы мен азабы да аз болмайтын сезім. Ақын сезімі -кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге, ол махаббатқа шексіз адалдығын көрсетеді. «Айрыларда күншығыстан ағарып,
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым
» (2д)
жолдары әрбір атқан таң мен келер күннің адамға үлкен үміт сыйлайтынын, сол үміттің арқасында тірі екендігін астарлап жеткізгендей ме дерсің. Абайдың үлгісінен нәр алып, өзінің шығармашылық ортасында ақындық келбетін айқындап, азаматтық мұратын таныта білген Мағжан өзінің өмір жолында таза ұлтжанды тұлғаға айналды. Оның қалың еліне деген сағынышы
(2е)
мен шексіз махаббаты мына өлең тармақтарымен айқындала түседі: «Қалың елім, қалың қара ағашым, Қайраты мол айбынды ер, Алашым!»// « Қазағымды, қалың елді сағындым, Сарыарқамды - сайран жерді сағындым». Туған жерді Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар» деп Ж. Аймауытов айтқандай, Мағжан туып -өскен жерінің, екінші анасындай болып кеткен табиғат аясын, бауырында өскеннен кейін Сарыарқасын сағынбай
(2ж)
тұра алмайды. « Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, Арқадағы айдын көлді сағындым»
(2з),
-дей келе, ақын өзінің мауқын басып, бәрін еске алып, сағынады. Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
3. «Қара жылан - қалың ойлар қаптады,
Шыбын жаным барар жерді таппады.
Ойлар жейді жас жүректі жегідей,
Тәңірі ием, таңың-дағы атпады!» -деген өлең шумақтарынан ақынның күйзелісін
(3),
мұңы мен зарын халықтың басындағы ауыр күндермен астарлай жырлайтынын сезіну қиын емес. Ол қандай сөздерді қолданса да, талғап қолданады. Өйткені оның өлеңдерінен басы артық, бос сөздерді кездестіре алмайсың.
4. »Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім» // «Мен өлсем де, алаш өлмес көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін!» Бұл өлең сөздері- жанын халқы үшін аямау, кез келген зорлыққа да елі үшін көну деген нағыз отаншыл сезімді жүрегіңнің түбіне терең бойлататын сөздер. Алаш үшін не көрсе де, ұлты үшін өлгені өзіне атақ екенін ашық қарсылық (4) білдіре отырып, айқын суреттейді. Ертеңгі болашақтан зор үміт күтіп, қиындықтың артында азат күндердің келеріне де сенімі (5) мол. « Қайраты мол айбынды ер, Алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын», -дей отырып, ертеңгі болашаққа үміт артып, азат күндердің келеріне деген сенімін (5) көрсетеді. Өлеңнен қайсарлық пен қайраттылықты сезінуге болады.
6. Тармақ соңын сұрақ қоюмен аяқтау арқылы «Жалындаған жас жүрекке не пайда, Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан?»- деп ақын жанына жақын жарын ойлағанда, өзін қоярға жер таппайды //«Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!» // « Кім жеткізер сәлемімді анама?» деу арқылы заманның әділетсіздігіне ашынып, перзент қайғысына ана жүрегінің қан жылайтынын, баласының амандығын тілеп уайым жейтіні жанына батып, риторикалық сұрақтар қояды, бірақ оларға жауап берілмейді (6) . Өйткені оның сарынынан-ақ жауабы белгілі.
7. Ақын «Сағындым» өлеңінде көріктеуіш құралдарды өте шебер және орнымен қолданады. Теңеулерді де талғампаздықпен қолданған. «Асау тайдай еркелетіп өсірген», // «Желдей зулап өткен күнді сағындым», // « Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті», // « Ойлар жейді жас жүректі жегідей», // «Ақ жібектей шапақ таңды сағындым», // «Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті» (7а) Бұл теңеулер бір құбылысты екінші бір құбылысқа балап айтуда дәлдігімен, ұқсастығымен, мазмұндылығымен өте тартымды берілген. Ерке қылықты ойнақтаған асау тайға, уақыттың жылдамдығын желге арайлап шыққан күнді ақ жібекке, Арқадағы көлдің суын балға теңеп отыр. Мұның бәрі- табиғаттың ғажайып құбылыстарының суреттері. Өлеңде ақынның тарапынан эпитеттер де тамаша қолданыс тапқан. «Эпитет - заттың, құбылыстың айрықша белгілерін, сипатын, анықтайтын суретті сөз» (З. Қабдолов) екенін ескерсек, әрине, өлеңде бұл тіркестер сезімге өзгеше сұлулық беріп тұрғанын аңғаруға болады. «Сар дала, сорлы ана, сорлы тұтқын, жарық сәуле, ауыр иіс, жылы күн, ащы зар, қара жер, жүйрік жел, қалың ой, жас жүрек, жібек мінез, шапақ таң, қалың ел, қара елім, айбынды Алашым, күміс көбік » эпитеттерін (7ә) тұтқынның түрлі сезімін суреттеуде дәл қолданған. Өлеңде метафоралар да кездеседі. Метафора (ауыстыру ) - суреттеліп отырған затты не құбылысты өздеріне ұқсас өзге затпен не құбылыспен ауыстырып қолдану, балау. «Жан жолдасым- жүйрік жел, алма бет, қара жылан- қалың ойлар, Сарыарқа - сайран жерім, уға толды жас жүрегім- метафоралар (7б) .
Сарғайдым- азаптанып сағындым, жанды жейтін- қинайтын, уға толы жас жүрек- қайғы-қасіретке толы жүрек, тас бауырлар -рақымсыз, мейірімсіз адам сөздері мен сөз тіркестері алмастыру тәсілі арқылы метонимия (7в) ретінде орынды алынған.
Мағжанның символизмі туралы мағжантанушы Б. Қанарбаева: «Мағжан - батыс әдебиетінде ХІХ ғасырда, орыс әдебиетінде ХХ ғасырдың басында гүлдене бастаған символизмді, қазақ әдебиетінің топырағында түрлендірген ақын» [7], - деп айтқан. Өлеңдегі «жарық сәуле» -бостандықтың, азаттықтың, «у»- қайғы мен уайымның, «Тәңірі ием» сөзі- құтқарушының символы (7г), нышандық белгісі ретінде қолданылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz