Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Алматы облысы, Іле ауданы
№ 5орта мектебі МКМ
Орындаған: Баймолда Аида
Сынып 9
Жоба тақырыбы: Қазақ жазуының тарихы
Бағыты: Тіл білімі
Секция: қазақ тілі
Жетекшісі: Бекмұқамет Арай
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2021 - 2022 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . .27
Аннотация
Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр. Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Қазақ жазуының тарихын кезең-кезеңдерге бөлу арқылы әр кезеңнің жаңалықтары мен ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазіргі таңдағы қазақ жазуының жай-күйі менн латын әліпбиіне ауысу мәселелеріне тоқталу.
Зерттеудің мақсаты - қазақ жазуының тарихын кезеңдерге топтау арқылы әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен оның қазіргі қазақ жазуының дамуына ықпалын сипаттау, қазақ жазуының даму тарихын жүйелеген ғалымдардың еңбектеріне тоқтала отырып талдау жасау.
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету.
Зерттеу жұмысының кезеңдері мен ретіне тоқталатын болсақ, жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімі мен қорытындыдан тұрады.
Тәжірибенің әдістемесі ретінде зерттеу барысында салыстырмалы, сипаттамалы саралау, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі қазақ жазуының тарихы, жазу бірліктері, категориялары, қазақ жазуындағы әліпби, графика түрлері, қазақ орфографиясына қатысты еңбектер жан-жақты зерттеліп, жаңадан топтастырылды.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы қазақ жазуының даму тарихының латын әліпбиіне әсері мен қазіргі қазақ жазуының мәртебесі жан-жақты сипатталды.
Нәтижелерді практикада қолдану салалары: аталмыш зерттеу жұмысын осы орайдағы семинарларда, дәрістерде т.б. шараларда қолдануға болады.
Abstract
The aim of the research is to analyze the stages of historical development of the Kazakh script, to find out from what period the Kazakh script began, and what types of writing were used in the history of the Kazakh script. Although the areas Of Grammatology, graphemics (grapheme and sound, letter relations), and graphic linguistics that study writing are defined in general linguistics, research in this area remains scarce.And in Kazakh linguistics, writing has become a normative word based on spelling rules, determinants, spelling dictionaries, and explanations given to them. To focus on the current state of the Kazakh script and the transition to the Latin alphabet, focusing on the innovations and features of each period, dividing the history of the Kazakh script into stages.
The purpose of the study is to describe the specific features of each stage and its impact on the development of modern Kazakh Writing by grouping the history of Kazakh writing into stages, and to analyze the works of scientists who systematized the history of the development of Kazakh writing.
The hypothesis of the research work is to show the importance and current functions of writing, reflecting the history of the development of Kazakh writing.
As for the stages and sequence of research work, the work consists of an introduction, a research section and a conclusion.
As a method of practice, comparative, descriptive differentiation, systematization, and grouping methods were used in the study.
The novelty of the study and the degree of independence of the work were thoroughly studied and re-grouped works related to the history of Kazakh writing, units of writing, categories, Alphabet in Kazakh writing, types of graphics, and Kazakh spelling.
The results and results of the work were comprehensively described the influence of the history of the development of the Kazakh script on the Latin alphabet and the status of the modern Kazakh script.
Areas of application of the results in practice: this research work can be used in seminars, lectures, etс.
Кіріспе
Жазу - адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.
Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады.
Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2].
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.
Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады.
Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы -- адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.
Қазақ жазуының тарихы өте тереңде жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тасқа қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері, ғұрыптары мен әр алуандас көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Тіл білімінің терминімен айтсақ, бұл ертедегі сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу.
Дүниеге келген әрбір жаңалық сол күйінде қатып қалмайтынын ескерсек, ертедегі сурет жазуы да сол пайда болған күйінде қалып қойған жоқ, ол өмірге икемделіп, өзгеріп өрістей түсті. Осы жазудың негізінде ұғымды білдіретін жазу, символикалық немесе идеографиялық жазудағы ой мен ұғымның жұмбағын шешу дәл бүгінгі таңда оңай болмағанымен, оның сол кездегі қауымдық құрылыспен баяғы замандағы адамдардың өмір тіршілігінің дамуына лайық екенін көреміз.
Бұл жазу түрінің Қазақстан жерінде ұзақ сақталып, оның символдық көрініс нұсқалары келе-келе қазақтың рулық ен-таңбаларына да айналып, тіпті кейіннен меншікті көрсетерлік белгі болып кеткенін де байқай аламыз.
Алтай мен Тарбағатай жоталары, Сарыарқаның дарқан өңірі мен Алатау шатқалдарында қазірде бізге мәлім борған осындай жазу үлгілері бар. Түптеп келгенде түркі тайпалары арасында соншама кең тараған идеографиялық жазулар түркі тайпаларының руникалық тұңғыш әріптік жазуының шығуына да белгілі мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді.
Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi. Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу, дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық, фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.
Бiз қазақ халқының қолданған жазу типтерiн семасиографиялық және фонемаграфиялық деп бөле отырып, зерттеуге фонемаграфиялық жазу түрлерiн нысан етемiз. Өйткенi, пиктографиялық жазу мен дыбыстық жазу жазудың екi басқа типiне жатады. Екiншiден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу түріне санамайтын көзқарастар басым, үшiншiден, пиктографиялық жазу өз алдына кең масштабтағы зерттеуге нысан бола алады. Және қазіргi қазақ жазуының бейнесiн, болашақ "кескiнiн" тану үшін қазақ жазуы тарихындағы дыбыстық жазу түрлерінің сипатын, әліпбиi мен емлесiн анықтау қажеттiгi бар.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі - зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр. Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Қазақ жазуының тарихын кезең-кезеңдерге бөлу арқылы әр кезеңнің жаңалықтары мен ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазіргі таңдағы қазақ жазуының жай-күйі менн латын әліпбиіне ауысу мәселелеріне тоқталу.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - қазақ жазуының тарихын кезеңдерге топтау арқылы әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен оның қазіргі қазақ жазуының дамуына ықпалын сипаттау, қазақ жазуының даму тарихын жүйелеген ғалымдардың еңбектеріне тоқтала отырып талдау жасау.
Мақсатқа жету барысында алға қойылған міндеттер:
- жалпы жазу тарихы кезеңдерімен танысу;
- көне түркі жазуынан бүгінгі қазақ жазуына дейінгі даму тарихына тоқталу;
- шетелдік және отандық ғалымдардың қазақ жазуының тарихын зерттеулеріне сипаттама жасау;
- А. Байтұрсынов пен Ы.Алтынсариннің қазақ жазуының дамуына қосқан үлестеріне тоқталу;
- төте жазу мен оның қазіргі қазақ жазуына әсері;
- латын әліпбиіне ауысу мен қазақ жазуының даму тарихымен байланыстыру.
Зерттеу бөлімі
Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің көрсеткіші.
Көне түркі жазулы ескерткiштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есiк, Шемонайха, Ертiс, Қырғызстан Қошқар өңiрi. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелiгiмен көрінеді дегендi бiлдiредi. Дегенмен көне түркі жазуына қатысты жоғарыдағы ғалымдар еңбектерiне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ерекшелiктердi тануға мүмкіндiк бар деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы біздің ата-бабаларымыз қолданған жазу болғандықтан, бұл кезең қазақ жазуы тарихында елеулі орны бар дәуір.
Көне түркі жазуының пайда болу уақыты туралы әр түрлі пікірлер бар. А.Аманжолов түркі алфавиті Ү ғасырда пайда болды деген пікірге өз уәжін келтіреді. Ғалым археологтардың Павлодар облысы Бобровое селосы тұсындағы қорымның барлық белгілері мен сипаттарын зерттей келе, қазба жұмысын жүргізген бейіттің біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғасырға, сақ дәуіріне жататындығы туралы пікір айтқандығын тілге тиек етеді. Бұл жерден әр түрлі бұйымдармен қатар жүгенге тағылған сүйек тұмар табылған. Сүйек тұмарда руникалық жазумен Ақ сықын (суқын) деген сөздер жазылған екен. Мұны А. Аманжолов Ақ марал деген мағынаны білдіретінін айтады. Осы деректерге сүйене отырып, ғалым мынандай пікірге келеді: Тұмардағы руникалық жазу ертедегі түркі тілдес көшпелі тайпалардың арғы аталары - сақтарды алфавиттәк жазуының болғандығын көрсетеді. Бұл жазу - Оңтүстік Сібір мен Қазақстандағы көшпелі тайпаларда руникалық алфавит тек Ү ғасырда ғана пайда болды деген бұрынғы болжамның күмәнді екенін, асфавиттік жазу одн мың жыл бұрын қолданылғандығын дәлелдейді [5, 42 б.]. Ғалымның көрсеткен бұл пікірінен көне түркі жазуының 2500 жыл бұрын пайда болғандығын пайымдауға болады.
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезi, түркі халықтарының тарихына, әдебиетiне, мәдениетiне қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргi түркі тiлдерiмен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесi беймәлім жазу таңбаларын қазіргi тiл дамуының тұтынушысы бола отырып, дүдемал дыбыстық тiлге кодтау, код таңбаларының мәнiн көрсету, кодтың (әліпбидің) кiлтiн түзу қаншалықты қиын екенiн ескерсек, көне түркі жазуына ғалымдардың еңбегi өлшеусiз екенiн көремiз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тiл бiлiмiнде бірыңғай пiкiр қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерiн жоғары бағалай келе, зерттеушiлердің көне түркі жазуының әліпбиiн құрастырып, ондағы әріп таңбаларының мәнін, берiлу тәсілдерiн, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған еңбектерiн пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесi мен iшiнара дауыссыз дыбыстардың емлесi туралы сөз қозғағымыз келедi, себебі жоғарыда айтып кеткеніміздей, көне түркі жазуы қазақ жазуының қалыптасуының бір кезеңі болып табылады.
Қазақ графикасы -- қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирилл жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.
Қазақ тілінің әліпби жүйесі тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттық әліпби деңгейіне жету жолы:
1. V-VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз ғылымда Орхон-Енесей жазуы деген атпен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған.
2. X ғасырдан бастап араб жазуына көшіп, XX ғасырдың басына дейін қолданылды.
3. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуына реформа жасап Жаңа емле деп аталатын жаңа әліпбиді пайдалануға мүмкіндік берді.
4. 1929-1939 жылға дейін Латын жазуына негізділген Бірыңғай түркі әліпбиі қолданыста болды.
5. 1940 жылдан бастап латын жазуының орнына кирилл әліпбиін қолданып келеміз.
Көне түркі жазуы - (басқаша Орхон-Енесей жазуы) -- V ғ. б.з.б. -- X ғ. б.з.жазуы. Дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен VІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1.Енисей ескерткіштері.
2.Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Араб жазуы - (:أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة əбджәдийə 'арабия) -- ежелгі(б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.
Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы, дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне(көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін. үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.
Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (,,,,және, т. б.) қолданылады.
Жаңа емле жазуы: 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған емле колданыстан шығарылды. Реформалауға не түрткі болды дегенге келсек, дәстүрлі араб жазуында:біріншіден, бір дыбысты жазу үшін бірнеше әріптер пайдаланылатын;екіншіден, сөзді жазғанда оның тек дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары жазылмаған сөздің мағынасын түсіну қиындық тудыратын;үшіншіден, араб әліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны үшеу ғана болғандықтан, бұл таңбалар тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды; төртіншіден, мұсылманша сауат ашу әдісінде әріптердің таза араб тіліндегі дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін; бесіншіден, ол кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, ескі тілдің сөздері көп қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың мүддесіне қызмет ететін.
Аталған жазудың осындай кемшіліктері халықты сауаттандыру ісін тежейтінін түсінген А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді. А.Байтұрсынұлы бір халықтың әліпби (алфавит) жүйесін екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне икемдеп, үйлестіру қажеттігін, олай етпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешім таппайтынын 1924 жылы өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ашық түрде айтқан еді.
Бірыңғай түркі әліпбиі - Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады.
Қабылданған әліпбидің артықшылығы:
Бір дыбыс - бір әріп принципі қатаң сақталды;
Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;
Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
Кірме әріптер жоқ;
Жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
Қазақ кирилл әліпбиі - 1938-39 жж. латын графикасына негізделген әліпбиді орыс графикасына ауыстыру мәселесі қызу талқыға түсе бастайды. 1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпби жоба жарияланады. Жобада 40 әріп:а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тәрізді жобалардан кейін 1940 жылыорыс графикасына негізделген қазақ жазуықабылданады. Оның емле ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар орыс тілі сөздері түпнұсқа принципіне бағынуын және кірме әріптердің қазақ әліпбиінде орын берілуін сөз етіп келеді.
Латын әліпбиін таңдауымыздың себебі не?
Жалпы қай әліпбиді таңдасақ та ондағы таңбалар қазақ тілінің өзіндік дыбыстық жүйесіне сай келсе болғаны. Әліпбиде жат дыбыстар болмауы керек. Басқаша айтқанда, мынадай орыс сөзін қалай жазамыз деп орыс тілінің дыбысын, ағылшын сөзін жазамыз деп ағылшын тілінің дыбысын алуға болмайды. Олай ететін болсақ, әліпби ауыстырудың қажеттілігі жоқ. Қарап отырсақ, кирилл әліпбиінің иесі - орыстар, армян жазуының иесі - армяндар, иероглиф - қытайдікі, араб - жазуы арабтікі, ал латын әліпбиі барлық тілдерге ортақ. Өйткені латын тілі - тек жазуда ғана қолданылатын өлі тіл. Сондықтан оны ағылшын да, француз да, неміс те, италияндық та, өзбек пен түріктер де пайдаланады. Латын әліпбиі сондай-ақ ғылым мен техникада, әсіресе компьютер тілі ретінде кеңінен қолданылады. Сондықтан латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау - заман талабы, уақыт сұранысы.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі - Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп,сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. А.Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы ресми түрде 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш құрылтайында қабылданады[6].
Ахмет Байтұрсынов еңбек еткен алғашқы кезеңде, қазақ халқының өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы қолданып келген араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтыны, оның түркі тілдеріне жарамсыздығы мен кемшілік жақтары баспасөз беттерінде айтылып, қазақ жазуын жетілдіру керек деген мәселе көтеріле бастаған еді. Міне, осы көзқарастарды өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын уағыздай бастады.Н.И.Ильминскийдің пікірінше, алфавитті қай халық болса да, дінмен байланысты қабылдаған, мысалға, европа халықтары латын алфавитін - латын шіркеуі, орыстардың алфавиті - славян шіркеуі, ал мұсылман елдерінің араб жазуы ислам дінінің таралуымен байланысты қабылданған. Араб жазуы - мұсылман халықтарын ислам дінімен байланыстырушы үлкен құрал. Сондықтан, Ильминский бастаған патша өкіметінің миссионерлері, түркі халықтары жазуына орыс алфавитін енгізу арқылы екі қоянды бір оқпен өлтіруге болады: біріншіден, оларды мұсылман дінінен айруға болады, екіншіден, орыс графикасы арқылы оларды біртіндеп тілінен, дінінен айырып, православие дініне көшіруге болады деп есептеп, бұл әлеуметтік мәселеге ерекше мән беріп, тіпті, осы мақсатқа өз қандастарымызды да араластырып, біреудің қолымен күл көсеу саясатын қызу қолға алған еді [7.3].
Н.И.Ильминский 1883 жылы қазан қаласында басылып шыққан еңбегінде былай деп жазды: Орыс мектептерінде тәрбиеленуші қазақ жастары арасында, сөз жоқ, мұсылман дініне салқын қарағанмен, өз ана тілдерін жанын сала сүйетіндер бар. Соларға орыс алфавиті қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтаудың негізгі амалы деп ұғындыра алсақ, олар қазақ тіліне орыс алфавитін енгізуде көп нәрсеге көмектесе алар еді[8.4]. Міне, осындай пікірлерден-ақ, жазу мәселесін әлеуметтік саясат құралына айналдырып, халық тағдырын өз мақсаттарына қарай өзгертуді ойлаған проф. Н.И.Ильминскийдің миссионерлік саясатын анық байқауға болады. Осындай уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін татаршина, арабшина деп жағымсыз қылып көрсетуге қосылып кетті [9.273]. Ал бұл көзқарастардың әлеуметтік саяси астарын терең түсіне білген А.Байтұрсынов қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс... Дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды,- деп жазды [10.437]. Ол тек өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды [9.283]. Сөйтіп, А.Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы дүниеге келіп, 1924 жылы Орынборда өткен қырғыз-қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы оны ресми түрде қабылдады. Бұл әліпбиді халық Байтұрсынов алфавиті, Байтұрсыновтың төте жазуы деп атаса, сол кездегі орыстың белгілі ғалымдары, профессорлар Е.Д.Поливанов пен Н.Ф.Яковлев өте жоғары бағалады. Н.Ф.Яковлев өз сөзінде жақсы алфавит бірнеше ғылыми талаптарға жауап бере алатын болуы керек. Ол талаптардың негізгілері мыналар: 1. Алфавитте әріптер саны тілдегі сөз мағынасын ауыстыра алатын дыбыстар фонемалар санына тең болуы керек; 2. Алфавитте әріптер саны өте көп болмау керек т.б. Осы негізгі екі қасиет қазақтың сингармониялық алфавитіне тән. Ал сингармониялық алфавит пен сингармониялық орфографияға қосымша таңба - дәйекшінің ендірілуі үлкен ғылыми жаңалық болды дейді [11.79]. Кезінде профессор Қ.Жұбанов та осы араб графикасына негізделген жазуға қарсы айтылып жүрген пікірлердің негізсіздігін айтып, осы жазудың авторы А.Байтұрсыновтың еңбегін жоғары бағалаған еді [12.581]. Е.Д.Поливанов бұл жазуды Байтұрсыновский алфавит дей отырып, ...енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика деп ғылыми тұрғыда жоғары бағалады [9.283]. Ал бұл жазудың нағыз ғылыми бағасын танытып, Байтұрсыновтың ұсынған жазуы мен әліпбиінің құдіреттілігі мен тылсым сырын ашып, оның жазуы әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалық болғанын еліміз егемендік алғаннан кейін қорғаған докторлық диссертациясында Ташкенттік ғалым Махамбет Жүсіпұлы жан-жақты дәлелдеп бергені ғылыми қауымға белгілі жай. Сонымен, А.Байтұрсыновты араб алфавитін тұңғыш реформалаушы және соған сәйкестендіріп, емле ережелерін құрастырушы, қазақ жазуы мен әліпбиінің тағдырын шешкен ғұлама ғалым деп білеміз. А.Байтұрсынов жасаған алфавиттің әлеуметтік лингвистикалық жетістігі қандай десек, төмендегі мәселелерді атап көрсету қажеттігі туындайды:
Ғалым қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар, оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты дыбыстар екенін айтып: бұл дыбыстардың ішінде қ һәм ғ ылғи жуан айтылады, к, г һәм е ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, ... онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын қ мен ғ - ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын к, г, е - лерді қосқанда, бәріне 43 белгі керек,- дейді [13.324]. А.Байтұрсынов қазақтың сингармониялық сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық қамту үшін осы 43 түрлі дыбысты дәйекшіні қосқанда 25 белгімен жазу техникасын ойлап тапқан.
Дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба - дәйекшімен белгіледі. Дәйекші сөз құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстың, сонымен бірге, бүкіл сөздің толық жіңішке дыбысталуын білдіреді;
Сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға тәуелді, яғни дауысты дыбыстардың жуан - жіңішкелігіне қарай дауыссыздардың да жуан-жіңішке болатындығын анықтаған;
Араб графикасы негізінде жасалған жаңа әріптерді енгізген. Бір сингармофонеманың қызметін сөйлесім процесінде бірнеше дыбыстар атқарады. Олар біріне-бірі ұқсамауы да мүмкін. Осы сингармодыбыстарды сингармофонеманың позициялық сингармотүрлері дейді. А.Байтұрсынов осы фонологиялық принциптерді- -қазақ тілінің дыбыс жүйесінің сингармофонемалық және сингармопозициялық классификациясын - жасады; [14. 47].
А.Байтұрсынов фонема статусына ие болған және фонема статусына ие болмаған дыбыстарды нақты ажыратқан, сөйтіп алфавиті мен орфографиясында жеке арнайы әріппен тек сингармофонемаларды, яғни сөз мағынасын өзгертетін фонологиялық единицаларды белгілеген; [12. 49]. А.Байтұрсынов төмендегідей проблемалық сауалдарға жауап берген: 1. Неге бір түрлі фонетикалық жағдайда дыбыстар әр түрлі дыбысталады сыз - сіз; 2. Неге алфавитке сөйлесім процесінде қолданылатын дыбыстардың барлығын жеке әріптермен таңбалау мүмкін емес?; 3 Неге алфавиттегі әріп таңбасы әр дыбыстың емес, акустика - арткуляциялық жағынан ұқсас дыбыстар тобының, дыбыстық типтің, белгісі болады: Н - н- нь(тон- төн); 4 бір- бірімен акустика - артикуляциялық жағынан ұқсас әрі толық ұқсас емес дыбыстар тобы мен адамның ойлауындағы дыбыстардың психологиялық бейнесі арасындағы байланыста қарым-қатынас бар ма? [15.63].
Егер А.Байтұрсынов қазақ тілі сингормофонемасын жуан- жіңішке болып бөлінетін екі сингармовариациялардан тұрады деп анықтамаған жағдайда,өзінің сингармоалфавиті мен сингормоорфографиясын әлем ғалымдары жоғары бағаланғандай биік деңгейде жасай алмайтын еді [15. 57];
А.Байтұрсынов позициялық принципті,фонеманың позициялық түрлері және фонема дыбыстар қоры ұғымдарын жалпы тіл білмі әлемінде бірінші болып зерттеп,анықтаған [15.59];
Байтұрсынов қазақ тілі дыбыс жүйесінде сингорможуан қ, ғ және сингорможіңішке к, г, е дыбыстарды ажыратып, оларға жеке таңба арнады. Яғни, түркі тіл әлемінде тұңғыш болып жуан-жіңішке сингармокорреляцияны анықтады, жұпталған сингармокорреляттік дыбыстар санын нақты белгілеген [15.23].
А.Байтұрсыновтың қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ерекше деп білеміз. Ол терминдерді қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі арқылы жасау жағына ерекше көңіл бөлген (бастауыш, баяндауыш, басқарма, хабарлама, т.б.). Өкінішке орай, А.Байтұрсыновтың идеяларын 1937-1938 жылдары әкімшілік- әміршілік жүйе тұншықтырып, 1990 жылдарға дейін тілімізді, жазуымызды орыстандыру бағыты толық үстемдік құрып келді.
Ғалым басқа тілден енген сөздер тіліміздің табиғатына, айтылу сазына кері әсер ететінін, ана тіліміздегі сөзіміз шұбарланып, әуені бұзылатынын айтып, сондықтан басқа тілдің сөзін өз тіліміздің дыбыстық ерекшелігімен айту керектігін ескерткен еді. Мысалы: орыста һдыбысы жоқ, сондықтан оны олар г дыбысымен айтатынын білеміз. Сондықтан өз тіліміздің табиғатына назар аударған жөн. Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz