Философияның қарастыратын мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университеті
БӨЖ №2
Тақырыбы :«Философия және философ қоғам мен адам өмірінде»
Орындаған: Төлебек Аружан
ХМиСК 20-11
Тексерген: Бижанова Меруерт
Алматы, 2021
Жоспары:
І. Кіріспе
Негізгі бөлім
- Философия жалпы түсінік
- Философияның қарастыратын мәселелері
- «Адам» түснігі
Кіріспе
Философия - табиғат, қоғам мен адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық санасының бір түрі, көзқарастың теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.
Дүниеге қөзқарас дегеніміз қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы қөзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүнинге көзқарас сезімнен, нанымнан, танымнан тұрады. Оның құрамына білім, сенімдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер, эмоционалды - еріктік компоненттер кіреді.
Дүниеге қөзқарастың үш тарихи типтері бар: миф, дін және философия.
Миф - бұл адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы, дүние, табиғат және адам жайында біртұтас түсінік болып табылады, өйткені онда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмайды.
Діни дүниеге көзқарастың негізгі ерекшелігі - тылсым күшке, яғни Құдайға деген сенім болып табылады.
Философия - дүниеге көзқарастың рационалды, теориялық деңгейі болып табылады.
Философия (б. з. б. 6-5 ғасырлар) Үндістанда, Қытайда, Грекияда пайда болды. Бұл терминды алғаш қолданған антик философы, математигі Пифагор еді. Ол оны "даналыққа құштарық" деп түсінді. Бұл сөздің тіркесіндегі "құштарлық" белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлі білдірумен қатар, "өзге" үшін "өзіңді ұмыту", "өзіңнен бас тарту" сезімін де аңғартады. Аристотельдің пікірінше "философия таң қалудан" басталса, Декарттың ойы бойынша "философия күмәнданудан" басталады. Қалай дегенде екеуі де философияны адамды ойға, танымға жетелейтін даналық ретінде қарастырған. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады. Философия - адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Сонымен философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым "білімнің жоғары синтезі", белгілі бір нәрсе туралы "толық жетілген білім" деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың нысаны - менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар өзім және феномен ретінде білімнің өзі. Философияның бастапқы негіздері мифология, дін және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр.
1. Философия(кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю) - жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.
Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?" Философтар сондай-ақ аса практикалық және нақты сұрақтарды да қоя береді: "Өмір сүрудің ең жақсы жолы бар ма?", "әділеттілік жазаланбайтын әділетсіздіктен жақсы ма?", "Адамда еркін ерік бар ма??
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды. Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясы" астрономияны, медицинаны және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.
ХІХғ-дан бастап заманауи зерттеу университеттерінің дамуы академиялық философияның және басқа пәндердің кәсібиленуіне және арнаулылануына әкелді. Қазіргі заманда, философияның дәстүрлі бөлігі болған кейбір зерттеулер философиядан бөлініп, жеке академиялық пәнге айналды, олардың ішінде психология, әлеуметтану, лингвистика және экономика қатарлы негізгі пәндер бар. Өнермен, ғылыммен, саясатпен, немесе өзге талпыныстармен тығыз байланысты басқа зерттеу салалары әлі де философияның тармақтары болып отыр. Мысалы, "сұлулық объективті ме, әлде субъективті ме?", "Ғылыми әдістердің түрі көп пе, әлде тек біреу ғана ма?", "Саяси утопия - ол үміткер арман ба, әлде үмітсіз құрқиял ма?"қатарлылар.
Академиялық философияның басты тармақтары: 1) Метафизика, ол болу (existence) мен шындықтың (reality) негізгі табиғатын қарастырады; 2) Эпистемология, ол білім мен сенімнің табиғатын зерттейді; 3) Этика, ол моральдық құндылықтарды қарастырады; 4) Логика, ол аргументтерді, шын алғышарттан дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін тұжырым ережелерін зерттейді. Бұлардан басқа тармақтары: ғылым философиясы, саяси философия, эстетика, тіл философиясы және сана философиясы қатарлылар.
2. Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның объектісі-әлеуметтік әлем. Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері:
социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
адамдардың рухани әлемі, оның ұжымы, бұқаралық санасы мен қоғамдық болмыстың спецификасын ашу;
әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары.
Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам - еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О. Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер) . Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді.
Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы.
Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс - адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс - адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы - идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.
Диалектикалық көзқарастың қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі - прогресс ұғымы (лат. progressus - ілгері қозғалу, табыс деген сөзден алынған) . Прогресс - қоғамның материалдық күш-қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты.
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым - қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат - толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным - қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория-қоғамдық болмыс және қоғамдық сана.
Қоғамдық болмыс- әлеуметтік болмыспен бірдей. Әлеуметтік болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы, яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынастар жиынтығы: өндіруші, таптық, ұлттық, жанұялық, саяси және т. б.
Қоғамдық сана- қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің, тілегінің, идеалдары мен принциптерінің, теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа абсолютті түрде тәуелді болады. Қоғамдық сана белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерде болса, қоғамдық болмыс жалпы ерекшеліктерді береді. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай:
саяси сана-әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz