Мал тезегінің пайдасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

С. Сейфуллин атындағы №165 орта мектеп

Жоба авторы: Өмірбек Мерей

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Тезек - тегін отын.

Бағыты:

Секция:

Жетекшісі: Сейтнесіп Гүлмира Есетбайқызы-бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны

І Кіріспе

1. 1 Менің мал тезегін зерттеуге қызығушылығым

ІІ Негізгі бөлім

Теориялық бөлім

2. 1 Мал тезегінің пайдасы

2. 2 Тезектің тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

Эксперименттік бөлім

3. 1 Тезектен қысқы отын әзірлеу

ІІI Қорытынды

Аннотация

С. Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Өмірбек Мерейдің «Тезек - тегін отын» тақырыбындағы жұмысы қарапайым мал тезегін кәдеге жарату жұмыстарын жан - жақты зерттеуге негізделген.

Ізденуші тезектің жалпы қасиетіне баса назар аударып, қазіргі таңда табиғи таза отын ретінде тұрмыста қолдануға болатынына талдау жасаған.

Ізденушінің тезек туралы зерттеуі, пайдасын, қолданылуын көрсетуі жұмысының негізгі арқауы болып табылады.

Өмірбек Мерейдің мал тезегін зерттеу жұмысында оның бойында шыдамдылық, ұқыптылық секілді ынта жігері анық байқалады.

Осында жинақталған көптеген мағұлматтар өз деңгейінде жан-жақты сарапталып, талданып, ғылыми жүйеге келтірілген. Өмірбек Мерейдің ғылыми жұмысына жоғары баға бере отырып, байқауларда, конкурстарда қорғауға лайық деп есептеймін.

І Кіріспе

1. 1 Менің мал тезегін зерттеуге қызығушылығым

«Тере берсе тезек те қызық», - деген мақалды қазақ атам тегін айтпаған. «Қыстың қамын жаз ойла»- деп бекер айтпаса керек. Үйде сиыр малын ұстаймыз. Күнде әкем үйінді-үйінді сиыр тезегін қорадан шығарып жатады. Бір күні ғаламтордан АҚШ үкіметі кәдімгі аяқ астында шашылып жататын мал қиынан қуат өндіретін әлемдегі алғашқы биореакторды салыпты дегенді оқып, тезектің қасиетін зерттеуге қызығушылығым туды.

АҚШ үкіметі тегін отынды аяқ астынан тауыпты. Біз бұл сөзді тура мағынасында айтып отырмыз. Кәдімгі аяқ астында шашылып жататын мал қиынан қуат өндіретін әлемдегі алғашқы биореакторды салу үшін АҚШ үкіметі WESTERN PLAINS ENERGY компаниясына бес миллион доллор грант бөлген екен. Адамзат өз қайнарына орала бастағанының дәлелі осы ғой.

Әңгіменің басы мыңжылдық мұздықтарды мүжіп жатқан жаһандық жылымықтың негізгі катализаторы - көліктен, зауыт-фабрикадан бөлінетін көмірқышқыл газ емес, зардабы одан жиырма есе күшті қой мен сиырдың желдетуі мен жапа тастауынан бөлінетін парниктік газ болып тұр. БҰҰ-ның Азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымы 2030 жылға қарай ірі қарадан келетін зиянды булы газ - метанның көлемі 60%-ға дейін артуы мүмкін деп қауіп қылады. Сондықтан да әлемнің биоинженер, агроном ғалымдарына не Зеңгі баба төлінің рационына өзгеріс енгізу керек, не ірі қара басын азайту жөніндегі ғаламдық шартты жүзеге асырамыз деп көлденең талап қойды. Ал американдықтардың мына бір маңызды қадамы баламалы қуат көздері бойынша әлемге керек іс екен.

Тезекті Үндістан мен Қытай б. з. б. 3 мың жыл бұрын пайдаланып келеді. Мысалы, Қытайда тезекті кәдімгі тандырға ұқсатып, үйдің қабырғасына жапсыра береді екен. Этнограф және жиһангез М. Пессель Гималайда үй пештеріне тезек жаққанда, хош иісті шайырды еске түсіретінін еңбектерінде айта кетіпті. Ал Орталық Африкада сиыр жапаларын масаларды бездіру үшін жағады. Лев Толстойдың «Байлық деген қи сияқты, үйілген сайын сасиды. Шашылса жер тыңайтады» деген сөзі қалай дөп айтылған. Қиға өлген жануардың денесін көмсе, тез шіриді екен. Яғни, шіріту процесін үдетеді. Үндістан, Қытай, АҚШ сияқты елдерде көп мөлшерде жиналатын қиды тезірек пайдалану жолға қойылған. Қытайда 1960-шы жылдары қаланы жылқы қиымен ластамау мақстанында шаһарға келгендердің аттарының сауырына дорба байлатқан екен. Малдың тезегіне салық салу біздің елде де пайда болды. Әзірше шаруа қожалықтарына жүретін салық ережесі бойынша мал тезегінің әр тоннасына 0, 009 АЕК немесе 10 теңге көлемінде салық төлеу талап етіледі.

ІІ Негізгі бөлім

Теориялық бөлім

2. 1 Мал тезегінің пайдасы

Қай істің де ұтымды, ұтымсыз жағы болатыны заңдылық. Отын ретінде пайдаланудан қалған мал тезегі қалай-солай шашыла бастады. Өзен-көлдерді ластап, экологияға елеулі зиянын тигізгені де жасырын емес. Деректерге көз салсақ, мал жеген азығынан 40 пайыз органикалық зат, 50-70 пайыз азот, 80 пайыз фосфор, 95 пайыз калийді қимен бөліп шығарады екен. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер кодексінің 495-і бабына сәйкес осы қалдықтарға салық бекітілген. Ал, біздің айтпағымыз - осы мал тезегін егін шаруашылығына пайдалану жайы.

Шаруа қожалықтары жыл сайын минералдық тыңайтқыштар сатып алу үшін дотация алады. Бүгінгі күні экологиялық таза тыңайтқыштардың құны өте бағалы. Өйткені, кім болса да табиғи таза өнімдерді алып, сапалы азық-түлік алуға ұмтылады. Дамыған елдер халқы химикатты көкөніс жеуіне үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Сол себепті де малдың қи-тезегі табиғи тыңайтқыш ретінде шет мемлекеттерде үлкен сұранысқа ие, бағасы да қымбат. Мәселен, химиялық қоспа себілген жерге қарағанда, табиғи тыңайтқыш пайдаланған жерден екі есе мол өнім алынады. Әрі сапасы жоғары болады.

Елді мекендердің айналасында шашылып жатқан көң мен қи - бау-бақшаға табылмайтын тыңайтқыш. «Бұрын ауылда мал айдайтын загондар болды. Оларды баяғыда бұзып тастаған. Бұрынғыдай емес, қазір әр үйде «көгілдір отын» бар. Малдың тезегін апарып далаға төккеннен басқа амал жоқ. Нәтижесінде ауыл ішінде мал жапасынан аяқ алып жүре алмайсыз. Далада да дәл осындай жағдай. Тіршілік жалғасып жатыр. Енді бірнеше жылдан соң тау болып үйіліп қалған мал тезегінің астында қалуымыз әбден мүмкін. Шындық сол, біздің өңір өз топырағынан өнген сапалы көкөніске зәру. Құрт түспейтіндей, тауарлық өңін бермейтіндей етіп өңдеп, арнаулы қапшықтарға салып, әрісі сонау Африкадан келген жеміс-жидектер мен көкөністер, обалы не керек, қысы-жазы дүкен сөрелерінен арылмайды. Бағасына қарап жатқан ешкім жоқ, қалдері келгенше жұртшылық дәруменді тамақ болғасын сатып алып жатады. Ал, жаз шығып, бақша өнімдері пісті-ау деген шамада базар аралап, жергілікті өнімдерді іздей бастаймыз. Біреулер «нитраты көп, мынаусын мезгілінен ерте пісірген» деген сияқты уәж айтып жатқандарын да құлағымыз шалған. «Жер өнімінің құнарлы болуы тыңайтқышқа байланысты» дейді мамандар. «Қара жер де шаршайды, ескіреді. Оны да әлсін-әлсін сауықтырып тұру керек. Жер екен деп төпелеп егін сала берсек, ол жерден сапалы өнім алу неғайбіл. Ең алдымен жердің бабын тапқан дұрыс. Ал, жердің күйі тыңайтқышпен кіреді. Жақсы тыңайған жер сапасы жоғары, мол өнім беруге қабілетті. Шындығы керек, химиялық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтап отыратын агрохимик мамандар бізде жоққа жақын. Сондықтан, егер тыңайтқыш тиісті деңгейден көп не аз салынып кетсе, өсімдіктің сапасына әсер етеді. Ал органикалық тыңайтқыштар қанша салса да көптік етпейді. Әрі өнім зиянсыз, еш қоспасыз тұтынушыларға таза жетеді. Көң - органикалық тыңайтқыш. Оның пайдасының зор екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Қолдан дайындалған тыңайтқыш ең бағалы болып есептеледі. Ол - химиялық қоспаларсыз өнім алудың бірден-бір жолы.

2. 2 Тезектің тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

Қазақ халқы ерте заманнан тезекті отын ретінде пайдаланып келеді. Тезекті отынға пайдалану үшін оны дайындап алады. Қазақ арасында таныс тезек дайындаудың үш түрлі әдісі қолданылады. Бірі - далада жатқан кепкен жапаны жинау. Ауыл адамдары кетіп бара жатып, бет жағы қаудырлап қалған жапаны төңкеріп кете береді.

Ал екінші түрі - қыстай үйілген көң мен биылғысына сабан қосып, аздап қойдың құмалағының үгітілген күбірін араластырып, қалыпқа салып соғатын тезек.

Жаймашуақ жаз күндерінде ересектер сумен жібіткен көңді әбден иін қандырып араластыру үшін бала-шағаны қаптатып жібереді. Әбден араласқан қойыртпақты қалыпқа құйып, қолмен шапаттайды. Арасы дымқыл болып қалмас үшін ортасына саңылау жасайды.

«Кепкенше жаңбыр жауып кетпесе жақсы. Кепкен соң, жеп-жеңіл болып шыға келеді. Сол кезде арбамен тасып, жабық қораға, жаппа астына үшбұрыш, пирамида, дөңгелек сықылды әдіспен жиналады. Қидың мұндай жеңіл түрі тез жанғыш. Сондықтан оны қыста отқа тамызық қылуға пайдаланады. Үстінен керорсинді тамызып жіберсе болды, гүр ете түседі.

Ал үшінші әдісті көбіне қорасына ақтылы қойы барлар жасайды. Қыстыгүні үйілген көңді қотанға жаймалап, атпен бастыртып алады немесе қой қамайды. Қысы-жазы малдың бауыры жылы жатады. Күздігүнгі қотан ауыстырып, әбден тапталып, кәдімгідей тектоникалық қабат түзген шымтезекті күрекпен ойып, аударып алады. Мұндай тезек көмірдің орнына жүреді. Шоғы қызарып, ұзақ жатады. Осы күнгі ауылдықтар үйді жылытудың тағы бір керемет түрін ойлап тапты. Қойдың құмалағын, жапаны көмірдің ұнтағымен араластырса, шоғы ұзақ маздап жанады екен. Кесек көмірге қарағанда арзандау әрі исі де шықпайды. Тек кемшілігі - күлі көп. Тезектің күлі радиоактивті. Жас тезек шіріген кезде метан деген газ бөледі. Экологтардың айтуынша, мал жеген азығының 40% органикалық затын, 50-70% азотын, 80% фосфорын және 95% калийді қимен бөліп шығарады. Бірақ қидың исінен адам ешқашан уланбайды.

«Әсіресе фермерлер биогаз құрылғысын орнатса, құрамындағы 60 пайызды құрайтын газды шығарып, тыңайтқыш ретінде қолдануға болады», -дейді.

Ежелдегі жаугершілік заманда тезектің түтіні белгі беру үшін қолданылған көрінеді. Қышқылтым исімен «жиналыңдар» деген белгі беретін болған. Ата-бабаларымыз жаз жайлау, қыс қыстауда жүргенінде, танауын желге тосып, қи маздатқан иістен ауылдың қай маңда орналасқанын анықтаған.

Тезекті Үндістан мен Қытай б. з. б. 3 мың жыл бұрын пайдаланып келеді. Мысалы, Қытайда тезекті кәдімгі тандырға ұқсатып, үйдің қабырғасына жапсыра береді екен. Этнограф және жиһангез М. Пессель Гималайда үй пештеріне тезек жаққанда, хош иісті шайырды еске түсіретінін еңбектерінде айта кетіпті. Ал Орталық Африкада сиыр жапаларын масаларды бездіру үшін жағады.

Эксперименттік бөлім

3. 1 Тезектен қысқы отын әзірлеу

Тезектен қысқы отын әзірлеу үшін әкеме ұсыныс жасап, сұхбаттастым.

Тезектен қысқы отын әзірлеу үшін әкеммен сұхбат транскрипциясы

Зерттеуші сұрақтары
Әкемнің жауаптары
Зерттеуші сұрақтары:

Әке, мен тезектің пайдасы жайлы зерттеу жүргізудемін. Жергілікті жерде мал көп екені белгілі. Сондықтан оның тезегі де мол үйіліп жатады. Онан бөлінетін жағымсыз иіс те көше көркін бұзып жатады. Осы мәселені шешу үшін және оны кәдеге жарату жұмысын қолға ала аламыз ба?

-Рахмет әке сұхбатыңызға! Енді осыны екеуміз бірігіп жасап көрейік деген ұсыныс жасайын сізге.

Әкемнің жауаптары:

-Талабың оң болысн балам, өте жақсы жобаны бастаған екенсің. Жалпы, біздің ата-бабамыз бұрыннан білген ғой тезектің қадірін. Бірақ, қазіргі таңда көптеген елді мекендердің өзінде көгілдір отынды қолдануда. Сондықтан малдан қалған тезектер үйінді ретінде қалып, кәдеге жарамсыз болып қалды. Алайда оны кәдеге жаратуға болады. Тезектен табиғи газ өндіруге де болады. Алайда оған арнайы станоктар керек. Болашақта сен осы істі қолға алуыңа болады. Қазір мен саған қарапайым жолмен тезекті кәдеге жаратуды көрсете аламын. Үй жағдайында қорадан шығарылған тезекті арнайы науаларға салып, су құйып, жібітіп, езіп, арнайы табақшаларды қалып ретінде қолдансақ, тезекті құюға болады. Осылай дайын болған тезекті кептіріп, су тимитін жабық қораға жинасақ қыста таптырмас отын болады. Өзі жеңіл, тез тұтанғыш отын, Ең бастысы табиғи отын. Көмір жаққандағыдай иіс тию қаупі жоқ.

-Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»-деп. Осындай өмірде отбасыңа пайдалы дүниемен айналыссаң әрине мен сені әрқашан қолдаймын. Балам алдағы ісіңе сәттілік!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогаз түзілу технологиясының басты кезеңдері
Биогазға арналған шикізаттар
Биогаз
Биогазды өндіру
Галофитті өсімдіктер
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Азықтардың қоректілігі. Азық қоректілігін бағалау әдістері. Қоректі заттардың мал организмі үшін маңыздылығы
Төсеніш көңнің химиялық құрамы
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Органикалық тыңайтқыштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz