Мәтін анықтамалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№1 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Тіл біліміндегі мәтін мәселесі

Дәріс сабағының жоспары:
1.Мәтіннің тіл білімінде зерттелуі
2.Мәтін анықтамалары

Лекция мазмұны:
Ұзақ жылдар бойы тілдік жүйені зерттеуге ден қойып келген лингвистер кейінгі кезде тілдік жүйенің сөйлеу кезіндегі көрінісін зерттеуге бет бұрды. Антропологиялық ізденістердің нәтижесінде адам, оның іс-әрекеті бірінші кезеңде тұрды. Адам өзін қоршаған ортаны мәтін арқылы танып біледі. Өзіне қажетті ақпаратты мәтін арқылы алып, мәтін арқылы жібереді. Мәтін әрқашан коммуникативтік жағдайларға, сөзді айтушы мен тыңдаушыға байланысты болады. Ол адамдар қарым-қатынасының алғышарттары мен ұйымдастырылуын сипаттайды.
Мәтін лингвистикасы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған, соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тың сала. Ол барлық гуманитарлық, философиялық ойлаудың негізі болумен бірге мәтін лингвистикасы пәнінің шығуына түрткі болған. Мәтін лингвистикасы пәнінің филология ғылымдарының бір саласы болып қалыптасуы қазіргі лингвистиканың даму бағытын көрсетеді.
Қазірде мәтін ұғымы жаңаша сипатқа ие болды. Соның нәтижесінде, мәтін терминін дискурстық терминологияға, мәтіннің статикалық қалпынан динамикаға көшіріп, басқаша зерттеуді қолға алды. Ғылымда дискурс, дискурсивті талдау сияқты ұғымдар көрініс тапты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс. Аталған дискурс терминін қолдануда осы кезге дейін бірізділік жоқ. Соған орай дискурске түрлі анықтамалар беріліп, тұжырымдар жасалуда.
Мәтін туралы ілім - мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарынан зерттейтін тіл білімінің іргелі саласы. Мәтін лингвистикасының өзге пәндермен байланысы. Мәтінді лингвистикалық талдау аспектілері: әдебиет теориясы, психология, мәдениеттану.
Лингвистикадағы мәтін кең көлемде зерттеліп келе жатқан, әлі де әр қырынан зерттеуді қажет ететін ауқымды әрі күрделі мәселе болып табылады.
1960 жылдары батыс ғалымдары П.Хартманн, Э.Харвег, 3.Шмидттердің бастамасымен мәтін лингвистикасының теориясы қалана бастады. Алдымен мәтін құрылымдық жағынан қарастырылды, ал 1970 жылдардан кейін мәтінді зерттеу коммуникативтік процесс ретінде көрініс берді.
Жалпы алғанда XX ғасырдың 70-80 жылдарына дейін әлемдік филоло-логияда лингвистикалық зерттеулер әрі кеткенде сөйлем шеңберінде ғана қарастылып келді. Осы сөйлемдер легінен тұратын мәтін ұзақ уақыт бойы тіл ғылымының аясынан табылмады. Алайда мәтін лингвистикасының пайда болуы ғалымдардың барлықлексикалық және грамматикалык феномендерді сөйлем шеңберінде толық түсіндіру, дәлірек ашу мүмкін емес деген пікірлерінің пайда болуынан бастау алады. Мәтіннің пайда болуына байланысты тіл білімінде түрліше тұжырымдар беріліп келеді. Мәселен ғалым Е.С. Кубрякова Текст признаком зарождения в лингвистике новой научной парадигмы, а реакцией на старую, - деп атап көрсетеді.
Мәтін лингвистикасының дамуы жаңа бағыттар, жаңа тәсілдер, жаңа ұғымдар, тың көзқарастардың тууына негіз болды. Бұл салада көптеген монографиялар мен мақалалар жарық көрді, оқу құралдары жазылды, конференциялар мен симпозиумдар өткізілді. Мәтін теориясында көптеген нәтижелерге қол жеткізген неміс тілші ғалымы П.Хартманн өз еңбектерінің бірінде: Қазіргі кезде мәтінді оқытуға негізделген лингвистика бар. Лингвистиканың бұл саласы тілдік зерттеулердің ең нәтижеге бай саласы. Ол лингвистикадағы қызығушылық диапозонын кеңейтеді және лингвистикалық пікірлердің топтамасына жол ашады. Лингвистиканың аталған жаңа саласын зерттеу ісі лингвистикалық зерттеулердің жаңа бастамасы болды,- дейді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан негізі қаланған мәтін лингвистикасы бірнеше ғылымдар тоғысынан пайда болған ғылым саласы. Ол - тіл көркемдігін сипаттайтын дәстүрлі стилистикадан бастап, адам танымына жетелейтін когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі аралықты қамтиды.
Екіншіден, оның пайда болуы түрлі мектептің өкілдері мен ғылыми көзқарастардың мәтінді түсіндірудегі мыңжылдық тәжірибесі негізінде жүзеге асты.
Ал XX ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінде мәтін лингвистикасы қарқынды дами бастады. XXI ғасырда, әлемдік лингвистикада мәтін лингвистикасының ілгері қадамдар жасайтынына сеніміміз мол.
Қазіргі мәтін лингвистикасында мәтіннің бірнеше даму бағыттары көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:
- мәтінді жоғары дәрежедегі жүйе деп қарап, оның басты белгілері
тұтастық пен байланыстылық екендігін назарда ұстау;
- лингвистикалық белгілерге сүйене отырып коммуникативтік
параметрлер бойынша мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі);
- мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау;
- негізгі мәтіндік категорияларды анықтау.
Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Р. Гальперин, С.И. Гиндин, З.Я. Тураева, Л.Г. Бабенко, А.А. Залевская, Г.Я. Солганик, Ю.А. Левицкий, Л.В. Поповская т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Олардың зерттеу еңбектерінде мәтіндегі прагматика мен интонация, мәтін құрылымы, көмекші сөздердің ерекше жұмсалуы, мәтіндегі ұсақ тілдік бірліктер (фонема, морфема), мәтіннің жалпы құрылысы, мәтін типологиясы т.б. мәселелер жайында сөз қозғалады.
Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15 жыл ішінде қарқынды дамып келеді деуіміздің бір реті - лингвистика мен мәтін стилистикасының аражігін ашып, бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін - күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985 жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н.Кожин мәтін лингвистикасын лингвистиканың перспективалы бағыты ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды.
Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан алып қарастыру кең өріс алып отыр. Мәселен:
- онтологиялық тұрғыда - мәтіннің болмысы, алатын орны;
- лингвистикалық тұрғыда - мәтіннің тілдік ұйымдасуы;
- психологиялық тұрғыда - мәтінді қабылдау;
- прагматикалық тұрғыда - мәтін авторының объективті болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.
Ал А.Г. Бабенко, Ю.В. Казарин Лингвистический анализ художественного текста атты еңбегінде мәтінді танудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:
Мәтінді талдаудағы дәстүрлі тәсіл - лингвоцентристік. Нысаны -- тіл және мәтін. Ол көркем мәтіннің тілдік бірліктеріне және категорияларына негізделеді. Мұндай тәсілде лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер мен категориялар қамтылады. Текстцентристік тәсіл - мәтін туралы негіздер шығармашылық әрекеттің нәтижесі мен азығы ретінде көрінеді. Мәтін тұтас аяқталған нысан ретінде зерттеледі. Нысаны - әдеби қарым-катынас. Антропоцентристік тәсіл - мәтіннің интерпретациясына байланысты нысанында автор позициясы мен қабылдау (оқырман позициясы) қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану төмендегідей бағыттарға бөлінеді:
- психолингвистикалык (Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев);
- прагматикалық (А.Н. Баранин);
- деривациялық (Е.С. Кубрякова, Л.Н. Мурзин);
- коммуникативтік (Г.А. Золотова, Н.С. Болотнова);
- жанрлы-стильдік (М.М. Бахтин, М.Н. Кожин);
- танымдық тәсіл (Ван Дейк, Т. Виноградов).
Танымдық тәсіл - соңғы он жылдыкта ғылыми парадигманың ізімен алдыңғы орынға шықты. Мұнда тілді әлемнің тілдік бейнесі ретінде қарайды Нысаны автор - мәтін - мәтіннен тыс болмыс.
Мәтінді зерттеуге қызығушылықтың артуына көптеген мәселелер әсер етті. Онда тілді қарым-қатынас жасаудың бірден-бір тұтас құралы ретінде түсіну, тілдің адамзат қызметтерінің әртүрлі жақтарынан байланыстылығын терең білу үшін де қажет болды. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады.
2.Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліккен кезде қазақ тіл білімінде де бұл мәселеге қатысты қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен де алғашқы ойларды кездестіреміз. Бұл жайлы қазірде қазақ тіл білімінде Б. Шалабай сынды ғалымдарымыз өз пікірлерін былайша білдіруде: Біздің ойымызша, ғалым А. Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. А. Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытындыдан тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз болатынын, айтушының ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты. Бұдан басқа да көптеген ғылыми ойларды зерделей отырып, мәтінтану казақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады деуге әбден болады.
Соңғы кездері қазақ тіл білімінде де мәтін мәселелеріне ерекше назар аударыла бастады. Мәтіннің түрлі аспектілерінің табиғатын тануға бағытталған еңбектердің қатарына Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, Г.Смағұлова, Г.Әзімжанова, А.Таусоғарова, С.Жусанбаевалардың зерттеу еңбектерін, газет мәтінін қарастырған Б.Момынова, Қ.Есеновалардың, көркем мәтінді жеке зерттеу нысаны ретінде қарастырған С. Құнанбаева, Ж.Т. Қайшығұловалардың еңбектерін жатқызуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы ақпарат
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы мәлімет
Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдер әдістемесі
Орындалды бағдарламалық құралдар
Html-құжатының жалпы құрылымы
Комикс жанры қазақ тілі мен әдебиетінде
Педагогика әдіснамасының бір аспектісі ретіндегі - ғылыми-зерттеу әдістері
Есептерді шешуде алгебралық әдісті қолдану
Дискурсология
Пәндер