Желі топологиясының түрлері


«Astana Medical University» NJSC «Астана медицина университеті» КеАҚ Department of biostatistics, bioinformatics and information technologies «Биостатика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Реферат
Тақырып : «Кеңсе ғимаратының желілік топологиясының сипаттамасы» . 2- ші кезең.
Орындаған : Омарова Ақниет, жалпы медицина, 110 топ Тексерген :Бейсембайқызы Эльвира
Нұр-Сұлтан қ.
2021ж.
Жоспар
Кіріспе
- Компьютерлік желілер
- Желі топологиясының түрлері
- Есептеуіш желінің жұмысын ұйымдастыру
- Кеңсе ғимарраттарындағы жергілікті желіның қолданылуы
- Жергілікті желі түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыс мақсаты : Компьютерлік желі туралы анықтама, оның жіктелуі және олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, қызметін зерттеу. Желілік топология туралы түсінік және оның түрлері туралы айту.
Ақпаратты технологиялар саласындағы нағыз төңкеріс үшінші мың жылдықта әлемдік экономиканың жетекші саласына қалыптасқан Интернет жүйесінің пайда болуы және қарқынды дамуы болды.
Қазіргі таңда адамның іс-әрекетін компьютерлік желілерді пайдаланбай елестету мүмкін емес. Қазақстанда телекоммуникация саласының тез дамуы жаңа жоғары технологиялық қызметтер - мәліметтерді жіберу, ұялы байланыс және Интернет желісіне қатынауды ұсыну бойынша қызметтер сегментінің туындауымен негізделген. Дәстүрлі дыбыстық байланыс қызметтері интерактивті қызметтермен ығыстырыла бастады. Байланыстың сандық стандартына ауысу ақпараттардың мазмұнын қорғаудың жоғарғы дәрежесімен ақпараттардың үлкен көлемін тезарада жіберуге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияларға сұраныс, қазіргі заманғы компьютерлер және желілік жабдық соңғы жылдары әлемдік экономиканың динамикасына және құрылымына елеулі әсер етуде.
Қазіргі кезде дербес компьютерлер автономдық режимде мүлдем қолданылмайды, оларды, әдетте, есептеуіш немесе компьютерлік желілерге біріктіреді.
Компьютерлік желілер
Компьютерлік желі -бұл компьютерлердің желілерге ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін компьютер мен телекоммуникациялық құрылғылардың жиынтығы. Компьютерлік желілердің негізгі қызметі- таратылған ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Телекоммуникацияар - бұл әр түрлі электромагниттік жүйелер бойынша қашықтықта кез келген ақпаратты жіберу мен қабылдау.
Телекоммуникациялық желі - бұл техникалық құралдардың желісі, оның көмегімен телекоммуникациялар жүзеге асады.
Телекоммуникациялық желілер :
- Компьютерлік желілер ( мәліметтерді жіберу үшін ) .
- Телефон желілері ( дыбыстық ақпаратты жіберу үшін ) .
- Радиожелілер ( дыбыстык ақпараттық жіберу - кеңінен тарату шы кызметтер ) .
- Телевизиялық желілер ( дыбыс пен суретті жіберу - кеңінен тара тушы қызметтер ) .
Желіге біріктірілген компьютерлердің бір бірінен қандай қашықтықта орналасқаны қарай жергілікті, аумақтық және ғаламдық болып бөлінеді.
Жергілікті есептеуіш желі ( ЖЕЖ ) бір немесе көрші жерлердегі, бір - екі килиметрден аспай тын кашыктыктағы компьютерлерді біріктірсе, ал аумақтық желі кала, аудан немесе облыс аймағындағы бір - бірінен әлдеқайда қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады. Ғаламдық желі бұл әр түрлі елдерде немесе жер шарының әр түрлі континенттерінде орналасқан компьютерлерді біріктіретін желі ( мысалы, Интернет желісі ) .
Желі топологиясының түрлері
Топология - бұл жүйенің логикалық сипаттамаларымен бірге физикалық конфигурациясы . Топология - желінің негізгі орналасуын сипаттау үшін қолданылатын стандартты термин . Әр түрлі топологиялардың қалай қолданылатындығын түсіну арқылы әр түрлі типтегі желілердің қандай мүмкіндіктері бар екенін анықтауға болады . Топологияның екі негізгі түрі бар : физикалық және логикалық Логикалық топология деректерді беру кезінде желі станциялары арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін сипаттайды . Физикалық топология сақтау құралдарының қалай байланысатынын анықтайды .
Желілік топология компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа компоненттерінің физикалық орналасуын сипаттайды . Желінің топологиясы оның сипаттамаларын анықтайды . Белгілі бір топологияны таңдау мыналарға әсер етеді : қажетті желілік жабдықтың құрамы, желілік жабдықтың сипаттамалары, желіні кеңейту мүмкіндіктері, желіні басқару әдісі.
Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.
«Жұлдыз» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Жұлдыз топологиясының кемшілігі: концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
"Сақина " тәрізді топология ( ring topology) - өр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина қүрайтын желі топологиясы. Жұлдызшадан бір ерекшелігі - оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.
"Шина" тәрізді топология (bus topology) - барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпараттық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы. Оның осал тұсы - бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді және абельдің үзілуі желінің жұмысына әсер етуі мүмкін.
Есептеуіш желінің жұмысын ұйымдастыру
Есептеуіш желінің жұмысын ұйымдастыру үшін желілік опера пиялық жүйелер ( ОЖ ) қызмет етеді . Желілік операциялық жүйе кез келген есептеуіш желінің негізін құрайды . Желідегі әрбір компью гер көбінесе дербес, сондықтан желілік операциялық жүйе ретінде кең мағынада бірыңғай ережелер хаттамалар бойынша ресурстарды бөлу мен хабарламалармен алмасу максатымен өзара әрекет ететін жеке компьютерлердің операциялық жүйесінің жиынтығы деп түсінеміз .
Желілік ОЖ - есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені. Желілік ОЖ тандау кезінде бірнеше факторларды назарға алады : желінің өнімділігіне, оның ақпараттық қауіпсіздігінің дәрежесі мен сенімділігіне қойылатын талаптар, жадтын кажетті ресурстары ; функционалдық күш ; пайдалану карапайымдылығы, баска желілермен байланысу мүмкіндігі ; бағасы. Желілік Ож, сондай - ақ өзіне компьютердің қандай да бір ресур старын кашыктағы пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік беретін желілік қызметтерді қосады .
Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар: жұмыс станциялары; желі серверлері; қатынастық тораптар.
Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) - желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады.
Сервер (server) - желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер - желі ресурстарының қайнар көзі.
Желінің қатынастық тораптарына келесі құрылғылар жатады: қайталауыш; көпірлер; маршруттауыштар; көмейлер (шлюздер) . Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар - қайталауыштар, маршруттауыштар мен көпірлер орнатылады.
Кеңсе ғимарраттарындағы жергілікті желіның қолданылуы
Бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға жергілікті желіні қолданады. Жергілікті желі ресурстарға бірігіп қатынау, ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге колдану, сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау үшін арналған. Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
- Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;
- Барлық принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;
- ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру
- мүмкіндігі;
- Сыртқы жадты тиімді қолдануы;
- Пайдаланушыныңкез келген компьютерденжалпы желініңресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;
- Оку процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі.
Желілік жабдықтар шектеулі аймақтарда орналасуы керек, желілік жабдыққа арналған арнайы шкафтарда. Жабдықтар қызмет көрсетуші персоналға кіруге кедергі болмайтындай етіп орналастырылуы керек. Желілік кабельдер әдетте төбеге немесе көтерілген еденге (егер бар болса) төселген немесе қабырғадағы үй -жайларды жөндейтін кабельдік арналардың немесе арнайы қораптардың қабырғаларына орнатылады. Жұмыс станцияларын қосу үшін пайдаланушының жұмыс станцияларында желілік розеткалар орнатылуы керек, ал қосылған құрылғылардың санын көбейту үшін розеткалардың саны белгіленуі керек. Белсенді желілік жабдықтар үздіксіз қоректену көздері арқылы қуат көзіне қосылуы керек. Белсенді желілік жабдықтары бар үй-жайлар ауа немесе желдету жүйесімен, сондай-ақ өрт сигнализациясымен және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы керек. Бір деңгейлі желілердің артықшылығы олардың ұйымдастырылуының қарапайымдылығы: сервер конфигурациясында қымбат және күрделі орнатудың қажеті жоқ. . Сонымен қатар, жергілікті желінің жалпы ресурстарын жоя алатын сервердің болмауы жұмыс жылдамдығына кері әсерін тигізеді, жұмыс станцияларының ресурстарын белсенді түрде бөлу кезінде олардың жылдамдығы айтарлықтай төмендейді. Сондықтан желідегі компьютерлердің саны аз болғаны дұрыс. Көптеген компьютерлерде желіні басқару проблемалары да бар, ал орталықтандырылған басқарудың жоқтығы маңызды кемшілік болып табылады, сондықтан жылдамдық пен басқарудың артықшылығы бойынша арнайы сервері бар желілер бар.
Жергілікті желі түрлері
Есептеуіш желілерді екі топқа бөлінеді орталықтандырылған және бір рангілік . Орталықтандырылған желілер « клиент - сервер » архитектурасы негізінде құрылады . Клиенттерге бір - бірімен тікелей байланысы жоқ жұмыс станциялары ( компьютерлер ) жатады және тек сервер арқылы ғана бір - бірімен хабарласа алады : яғни, бір станция баска станцияда турган файлды колдана алмайды, ол үшін файл файл - серверде орналасуы қажет . Жұмыс станциялардың барлық жергілікті ресурстары жергілікті болып қала береді және, яғни оны баска ешқандай жұмыс станциясы колдана алмайды. Желіде кұралған ақпарат пен функцияларға жергілікті жұмыс саниясынан жылдам және қарапайым кол жетімділікті ұсынады . Пайдаланушы үшін маңызды артықшылықтары өнімділіктің жоғарылауын, қажетті бағдарламалық қамтаманы еркін таңдау мүмкіндігін, аспаптық құралдарды қолдану карапайымдылығы . Бір рангілік жергілікті желі компьютерлердің өзара әрекетінің тең кұқылы үлгісіне негізделген . Мұндай желіде әрбір компьютер жағдайлары бойынша жұмыс станциясы ретінде де, және ресурстарына қатты немесе иілгіш дисктердегі жинактағыштарға, принтерге, модемге және басқа кұрылғыларға баска әріптестердің қолжетімділік мүмкіндігін ұсынатын сервер ретінде де қызмет ете алды . Бір рангілік желіде жұмыс станциялары бір - бірімен тікелей байланыса алады және берілген накты компьютерде болшек ретінде анықталған ресурстарды ( файлдарды, принтерлерді, жинақтағыттар мен т. б. ) бірге ала алады . Мұндай типтегі желілер қымбат емес, сондықтан кымбат тұратын бөлшек серверді алуды қажет етпейді, қолдану жүйесі өте қарапайым және үлкен есептеуіш ресурстарды кажет етпейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz