Имандылық қастерлі қасиет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
"Сарыарқа дарыны " аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Тақырыбы: "Имандылық - тәрбие негізі"

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секциясы : мәдениеттану

Авторы: Райханова Саяна 8а сыныбы,
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей,
Шахтинск қаласы

Жетекшісі: Ахмағанбетқызы Жайдары,
Мұғалім-дефектолог,
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей,
Шахтинск қаласы

2021 жыл
Мазмұны:
Аңдатпа
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Имандылық қастерлі қасиет
2. Мұсылман дінінің өміршеңдігі
3. Имандылық - тәрбие негізі
ІІІ. Зерттеу жұмысы
ІV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Аңдатпа
Осы мақалада Ислам діні имандылыққа жетелейтіні, имандылық деген ұғымда үлкен мәні, мағынасы бар екендігі туралы айтылады. Имандылыққа - адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі, мейірімділігі, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілдік,кеңпейілділік, адалдық, шыншылдық,
сенімділік, сауаттылдық, әділдік, ізеттілік, инабаттылық жатады. Ал, Дін мен білім әр уақытта бірін-бірі қолдай отыра дамиды. Сонда ғана жастардың тәрбиелiк жүйесiнiң негiзгі рухани - адамгершiлiк құндылықтары ашылады.

Аннотация
В этой статье говориться о том, что религия ислама ведет к нравственности, имеет большое значение, значение в понятии нравственности. К нравственности-человеческая совесть, чистота, доброта, милосердие, щедрость, бескорыстие, честность, правдивость, надежность, грамотность, справедливость, порядочность. А религия и образование развиваются поддерживая друг друга. Только тогда раскрываются основные духовно-нравственные ценности воспитательной системы.

Annotation
This article tells us that the religion of Islam leads to morality, has a great importance, meaning in the concept of morality. To morality-human conscience, purity, decency, kindness, mercy, generosity, kindness, selflessness, honesty, truthfulness, reliability, literacy, justice, decency. And religion and education develop by supporting each other. Only then the basic spiritual and moral values of the educational system are revealed.

Кіріспе
Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына - мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты "көргенді" деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды "иманды" деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық - Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті - иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.
Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): "Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім", - деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: "Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар" (Мұхаммед пайғамбар), - деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: "Оның мінезі - Құран", - деп жауап берген. Құранда: "Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар", - делінген (Бақара, 2277). Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық - аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат - имансыздық.Адамзат тарихына екі мың жылдан асып барады. Соншама уақыттан бері таңның атуын, күн мен түннің белгілі бір мөлшерде ғана ауысуын әбден үйреншікті қабылдаймыз. Ешбір ғылым мұны өзі атқара алмайды. Жыл мезгілдерінің ауысуы да осылай. Осы реттілік пен таңғажайып ұлы үйлесім механизмі ешқашан бұзылмаған. Солай бола тұра осы ұлы реттіліктің мәнін жаратылған табиғатқа келуіміз неткен сауатсыздық? Адам баласы да сол баяғыдай: туады, есейеді, дүниеден өтеді. Олардан біздің бүгінгі айырмашылығымыз: киім, тағам, көлігіміз басқаша.
Дін - халықты имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеп келе жатқан үлкен өркениет. Біз, әрине, ұзақ жылдар бойы Құдай жоқ, Дін - апиын деген қағидаларды ұстанып, бағытымызды басқа жаққа бұруға, құдайсыздыққа талаптандық. Соңғы жылдардағы тәуелсіздік өзіміздің ата дінімізге, құндылықтарымызға, мәдениетімізге, тарихымызға үлкен бетбұрыс жасатты. Осыған мүмкіндік берген дербестігіміздің жиырма бес жылдығы қарсаңында Астананың символы Бәйтеректің түбінде бас қосып, осындай ұлт мүддесіне қатысты мәселелерге тағы да бір ой жүгіртіп, пікір жарыстырып отырмыз.
Ұрпақ тәрбиесінде Ислам дінінің үлесі ерекше деп есептеймін. Себебі, асыл дінімізде көптеген құндылықтар бар. Өкінішке қарай, бір ұрпақ сондай құндылықтардан көз жазып қалды. Жаратушы Ұлы Алланың, оның жердегі ұлық діні дүниеге келген Меккеде, оның нығайған жері Мединада пайғамбарымыз Мұхаммед ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Бұл қасиетті Құран кітабымызда да, ардақты пайғамбар хадистерінде де ерекше айтылады. Енді біз де мұны өз тәрбие құралдарымызда пайдалануымыз қажет деп есептеймін.
Исламның ұрпақ тәрбиесіне қатысты мысалдарын былай айтуға болады:
Мекке менен Медина жердің ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып кетеді үйдің іші - дейді Шал ақын. Қандай орынды айтылған және ата-анасын, адамның қос әулиесін ардақтауы айрықша мәрмәр шаруа. Біз егер ұрпақ тәрбиесінде жастарды ата-анасын қадірлейтін дәрежеге жеткізе білсек, бұл - жетістік.
Ислам діні - адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ еліне біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінінің ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири секілді өз шығармаларында гуманизмді марапаттаған терең ойлы ғұламалар шықты.
Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды адамгершілігі мол адам деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан - өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын береді. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.
Иман - жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық - Алла Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді. Өйткені, кейбір кәпірдің сипаты кәпір сипаты болмағаны секілді, әрбір мұсылманның сипаты имандылық пен көркем мінезді болуы шарт емес. Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік - барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан туған қасиет.

II. 1. Имандылық қастерлі қасиет.
Біз - өзіндік діні, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Солай бола тұрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды. Соның салдарынан ұлы далада туып өсіп, дүниежүзілік өркениетке үлес қосқан көптеген мұсылман ғалым бабаларымыздың аттары ғасыр парақтарында қалып қойды. Мысалы, Абай, Ыбырай, Шоқан бабаларымыз. Жаратқан бізге тәуелсіздік сыйлап, өз елімізге тән рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткізіп, олардың біразын анықтап маңдайымыз жарқырап жатқанымыз да бар. Ілгеріде өткен бабаларымыз, мысалы, Абай атамыз бізге рухани мол мұра қалдырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуіміз керек. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де, Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Сол себепті рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептеймін. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу - бүгінгі біздің міндетіміз.
Абай атамыздың дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі үшін прогрестік мәні зор. Абай Ислам дінін үгіт - өсиет ете халықты, жастарды имандылыққа, терең білімге, өнерге, адамның асыл қаситеттеріне шақырады. Қазақ даласында Ислам дінін үстемтаптың идеялогиялық құралына айналдырып, дінді дәріптеуші дүмше молдалар мен сопылар, ишандар мен имамдар, қажылар мен қазіреттердің іс - әрекеттері мен теріс қылықтарын аяусыз әшкерелейді.
Халыққа пайдасы аз, құлқынның құлы, жемқор, пайдақұмар молдаларды, олардың жасанды бет пердесін бейнелі сөзбен келістіріп әшкерелеуде Абайға тең келетін ешкім жоқ. Игі үгіттерге ұмтылу жолында Абай Сократ пен Аристотельге, Байрон мен Гетеге, Низами мен Науаиге, Пушкин мен Толстойға жақын, рухтас. Ол ешкімді дініне, нәсіліне, ұлтына қарай бөлмей, Адам - адамға дос деген халықтар достығын дамытуға үн қосып, жаппай ынтымақ, имандылық, достық идеясының жаршысы болды. Егер мұсылман ғұламалары ақыр заман, қиямет қайым дегендерді ғасырлар бойы халық санасына сіңіріп, табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерді, ғылымдағы жаңалықтарды сол ақыр заман мен қиямет қайымның таяп келе жатқанының белгісі деп түсіндірсе, Абай ескі заманның орнына жаңа заман, жаңа заманның орнына жақсы заман келеді деп, өз халқын жақсылық атаулыға, имандылыққа, білімге үндеді: Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан! деп тәңірге табынып, уақытты босқа өткізбей, әркімді өмірден өз орнын табуға шақырады.
Абай атамыз Отыз сегізінші қара сөзінде: Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады - деген екен.
Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты - адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына адам бол деген этикалық принципті арқау етеді. Абай адам деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам - ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз иманды адам дейді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт - дәстүріміз, әдет - ғұрыптарымыз бен наным - сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Бұл әдет - ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі - Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден тұрады.
Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата - баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде сүннетті ұстану ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел - көптеген әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдеріміздің хадис және сүннеттерімен үндесіп жаттуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін:
Әрбір істің бастауында Бисмиллаһ сөзінің айтылуы. Бұл әдет мына хадистен туындаған: Бисмиллаhпен басталмаған әрбір істің соңы келте
Сәлемдесу. Сәлем - сөздің анасы, дейді дана халқымыз. Пайғамбарымыздан бір күні Қандай амал ең қайырлы? - деп сұрағанда: Адамдарға тамақ беру және таныған, танымағандардың бәрімен амандасу, - деген.
Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Халқымыздың нанды құрметтеуі, жерге түскен қиқымды да баспай, жоғары көтеріп қоюы Пайғамбарымыздың: Нанды құрметтеңіздер. Себебі, ол жер мен көктің берекеті - деген өсиетінен туындағаны анық.
Ислам дінінде ата-анаға қатты мән беріліп, адамзаттың ішіндегі ең қастерлі де сыйлы жан ретінде құрмет көрсетілген. Құран аяттары мен хадистерде ата-ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, қолғабыс болып, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылған. Адамзаттың ардақтысы хазрет Пайғамбардың хадистеріне сүйеніп, Шал ақын:
Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші, - деп халыққа өсиетін айтса, Шортанбай ақын:
Атаңды сыйла анаңмен
Меккені іздеп таппаққа, - деп, ата-ананы сыйлауға үндейді. Ал Ақтамберді жырау:
Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің?
Әзір мекке алдыңда
Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды! - деп ата-анаңа көрсеткен сый - құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды қорытады.
Адамды өзін өрде жүргендей сезінетін, ал шын мәнінде оны өрге емес, керісінше құрдымға сүйрелейтін жағымсыз қасиеттердің бірі - өркөкіректік. Пайғамбарымыз өркөкірек, тәкаппар адамдар жайлы: Бір күні бір адам әдемі киімдерін киіп алып, маңғазданып кетіп бара жатыр еді. Шашын тараған, өз-өзіне көңілі толып, жұртқа өзін көрсеткісі келген әлгі адамды Алла тағала жердің түбіне түсіріп жібереді. Қиямет күніне дейін жердің астында тыпырлаған күйінде қалды - деген. Тәкаппарлықтың абырой әкелмейтінін жақсы білген аталарымыз:
Құдайдың барын білмеген
Айтқан жерге жүрмеген,
Менменсіген зор кеуде
Қисық жүріп кете алмас,
Аспанменен өте алмас,
Алдындағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне... - деп оны сынайды әрі халықты бұл жаман қылықтан бойды аулақ салуға, ізгілікке, қарапайымдылыққа шақырады. Мұсылмандықты ту еткен халқымыз: Ұлық болсаң кішік бол, Кішіпейіділікпен кішіремейсің деп, ұрпақты кішіпейіл болуға шақырған.
Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. Ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ! Қазіргідей берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз - Елбасының салиқалы саясатының арқасы. 130 ұлт пен ұлыстың аспанына бейбітшілік көгершінін қондырған Елбасының саясатын қолдаймыз!
Қазақ Хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алады. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан қаласында, басқа да қалаларда мешіт, медреселер салынды.
Мешіт: Оқу - Араб әліппесін тану (28 әріптен тұрады), Иманшарт (наным шарттары), Әптиек (Құранның жетіден бір бөлігі).
Медресе: Тілі - Араб, парсы, Түркі.
Оқулық: Сопы Аллаиад, Кесік-бағы, Батуам, Хиса Сләбие, (Хисаса ұл әнбие). ХҮ-ХҮІІ ғасырларда медреселік оқу діни сипатта бола тұрса да осы медреселерде оқып, білім алған адамдар арасында сауатты, өз заманына лайық ғұлама ғалым, жазушылар шықты.
Ғалымдар: Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), Тарихи Рашиди.
Қадырғали Қосымұлы Жалайри Жамих-тауарих. Кемеңгер ойшыл Асанқайғы да тарихта қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістетуге үлес қосқан ғұламалардың бірі.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар: Асанқайғы (ХҮ ғасыр), Қазтуған жырау (ХҮ ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523 жылдар), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (ХҮІІ ғасыр), Марқасқа жырау (ХҮІІ ғасыр), Ақтамбет жырау (1675-1768 жылдар). Ұлы ғұламалар еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыру мақсатын көздеген.
Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин Мұсылмандық тұтқасы кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын түсіндіреді.
Ұлы педагог: "Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді" деген тұжырым жасайды.
"Иман" араб тілінде - сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді.
Халық адамгершілігі жоғары кісіні иманды деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды имансыз деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық Иманжүзді кісі деп бағалайды. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу - адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл еңбегінде: Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана-сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени бірліктілікті сақтаудың негізіне айналып отыр, - дейді.
Сөйтіп, ислам дінінің қоғам дамуы барысындағы рөліне тоқталатын болсақ тарихтағы кейбір оқиғалардың алдың - алуына, халықтың басына түскен және білуіне себепші болды. Ислам діні имандылыққа жетелейді, имандылық деген ұғымда үлкен мән, мағына бар. Имандылыққа - адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі жатады.
Ислам - тек біржақты уағыз емес, жан-жақты ғылым саласының көзін ашатын басты арна. Абай айтқан толық адам болу үшін не істеу керек деген сауалға да нақты шарттар қойылған. Ол кемелдік кілті қалай іске асады? Себебі өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндет әлем жаратылысындағы осындай сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын танып, Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету. Аллаһ тағала осы жолды көрсетіп адамның үлгілі өмір сүре алатынын іске асырып кеткен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) әрине күллі әлемге тек рахым етіп қана жіберілді. Оның нұрлы жолы - адамзат үшін өнеге.
Ислам дінінің негізін қалаушы ұлы пайғамбар Мұхаммет жаңаша күнтізбекпен алғанда 569 жылы, сәуір айында, Меккеде дүниеге келген. Ол әрі батыр, әрі атақты Құрейіш тайпасынан шыққан. Бұл тайпаның негізгі екі бұтағы бар, яғни үлкен-үлкен, ағайынды екі рудан тұрған. Біріншісі - Хашим, екіншісі - Әбді-Шамис. Мұхамметтің арғы атасы Хашим Меккенің ұлы жарылқаушысы болыпты.
Аллаһ тағала бізді өзінің сән-салтанатты, таңғажайып сарайын тамашаласын деп бұл әлемге құтты қонақ қылды. Өмір сүруімізге барлық оңтайлы жағдай жасап, жерді жайлы бесіктей тербетті. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен күнді жарық пен жылудың көзі етіп, жан-жануар мен өсімдіктерді құлдарының қызметіне бағындырып берді. Егер адам баласы бір жұтым суды немесе бір дәнді қолдан жасар болса, ол үшін жүздеген фабрика мен зауыттарды салуы керек, бірі оттегін, енді бірі сутегін, бірі жылу мен жарықты шығарса, бірі топырақты өңдеп, осылайша бір жұтым су яки бір ғана дән бізге өлшеусіз шығын арқылы келген болар еді. Оның үстіне мұрың бір де біреуін адам баласы табиғи жаратылғандай етіп жрсай алмайды. Жомарт Жаратушымыз осының бәрін біздің игілігімізге ақысыз берген болса, енді мұның бәрін кездейсоқтық деу ақылға қонымды ма? Ғаламдағы сансыз құбылыстарды зерттеп, терең танып білген ғалымдар тым жіңішке жолмен жігі жатқызылған жүйеге таңғала отырып, ұлы Жаратушының хас шеберлігіне бас иіп мойынсына білді
Ғалым Айферн Уильям: Шебер Жаратушының бар екеніне сенемін. Өйткені, Оның қасиетті болмысы ғана көз алдымыздағы түпсіз әлемнің жалғыз қисынды түсіндірушісі бола алады, - десе Уайн Эйлет: Әлемнің жаратылысы жайындағы теориялар оның жаратылуын түсіндіруге шамасы келмейді. Мұндай сұрақ адамдарды кездейсоқтыққа апарып тірейді. Алайда, Аллаһ тағаланың бар екендігін дәлелдейтін сансыз пікірлер кездейсоқтық тұжырымынан әлдеқайда қисынды. Өйткені, әлемдегі теңдессіз тәртіп пен жүйе - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
Қазақ халқының ұлттық мінезбітіктері
Тәрбие басы- тал бесік туралы ақпарат
Ұлттық мінез ерекшеліктері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Менің отбасым
Имандылық туралы
Оқушыларға ұлттық тәрбиені берудегі халықтық тәрбиенің рөлі
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Пәндер