Дене жаттығуларына сипаттама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«Астана медициналық университеті» КЕАҚ

Оңалту бөлімі, спорттық медицина және

дене шынықтыру

Реферат

Тақырыбы : «Жалпы дене шынықтыру құралдарының сипаттамасы»

Орындады:… Омарова А.

Факультет: Жалпы медицина

Топ:…110

Қабылданды: Есеева Айбарша Ахметжановна

Нұр-Сұлтан

2021

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1 Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары.

2. 2 Дене жаттығуларына сипаттама

2. 3 Дене жаттығуларының техникасы

2. 4 Дене шынықтыру құралдарымен жасалған жаттығулардың тиімділігі мен әсері

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Бұл орайда дене тәрбиесінің орны үлкен.

Дене тәрбиесiнiң құралдары:

  • дене шынықтыру жаттығулары;
  • гигиеналық факторлар;
  • табиғаттың сауықтыру күштері.

Дене шынықтыру жаттығулары ең басты құрал болып табылады, жаттығуларсыз адамның физикалық потенциалына әсер ету мүмкiн емес. Қорыта келгенде, дене шынықтыру жаттығулары - бұл мақсатты түрде адамға әсер ету үшін пайдаланылатын қозғалыс. Дене тәрбиесiне дене шынықтыру жаттығуларының әртүрлі түрлерін таңдап, кешенді қолдана білу тән.

Гигиеналық факторлар - бұл адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететiн факторлардың жиынтығы. Оларға келесілер жатады: еңбек және демалыс тәртібі, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, дене шынықтыру жаттығулары және жарыстардың өтетін жерлердің гигиеналық жағдайы.

Табиғаттың сауықтыру күштері дегеніміз дене шынықтыру жаттығуларына мүмкіндік беретін табиғи жағдайлар (таза ауа, күн сәулесі, тау немесе теңіз климаты және т. б. ), сонымен қатар, сауықтырудың жеке құралдары болып табылатын және белгілі бір мөлшерде қолданылатын арнайы процедуралар (шынықтыру сеанстары, ауа, күн, су ванналары) . Бұл құралдардың барлығы өзара байланыста, кешенді түрде қолданылады.

Дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін амыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы.

2. 1 Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары.

Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық. Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары . Дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары және санитар лық гигиеналық факторлар жатады . Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі . Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады . Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді . Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді . Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.

Дене шынықтырудың негізгі құралдары: дене жаттығулары, гимнастика, спорт, дене жаттығулары.

2. 2 Дене жаттығуларына сипаттама

Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі жаттығулар түрлерінің ағзаға әр түрлі әсер етуі; дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға жаттығулар өлшемі, ұзақтығы, саны жас ерекшелігіне қарай жаттығудың сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.

Дене жаттығулары қызығушылық пен сезімді, ерік-жігер мен мінезді дамытып, адамның рухани даму құралының бірі болып табылады. Олар сонымен бірге адамның дене және психикалық қызметінің бірлігін көрсетеді.

Қазір жаттығулардың көптеген түрлері бар . Оларды арнайы жаттығу құралдарымен немесе құралдарсыз да орындауға болады. Спорттық құралдарға доп, гантельдер, скалкалка, арнайы таяқшалар, обручтар және басқалары жатады. Олармен дененің тек арнайы бөліктеріне ғана жаттығу жасап қоймай толық денеге де арналған жаттығулар жасауға болады. Құралдармен жасалған жаттығулар кәдімгі жаттығуларға қарады тез әсер етеді. Әр түрлі салмақ тағы заттарды ( үрленген доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар ) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары ( көлбеу жене тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т. б. ) , созылмалы заттар, резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру ( соның ішінде алысқа ) жаттығулары қолданылады .

Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді:

  1. гимнастикалық жаттығулар;
  2. ойын жаттығулар;
  3. туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т. б жаттығулар) ;
  4. спорттық жаттығулар - спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар (жүгіру, ұзындыққа секіру т. б. ) .

2. Дене қуатын қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау.

3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: негізгі, дайындық, жақындататын жаттығулар.

4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар.

5. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т. б. ) ; ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т. б. ) б) аралас жаттығулар .

6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар ; б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар ; в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар .

2. 3 Дене жаттығуларының техникасы.

Бұл қозғалыс тапсырмасын орындаудың тәсілі болып табылады. Дене жаттығуларының техникасы өзгереді жетіледі. Техниканы жетілдіру, жаңа формаларды игеру жоғары нәтижелерге жетуге дене дайындығын жақсартуға, қозғалысының биомеханикалық заңдылықтарын ашуға, күрделі спорт жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктер береді. Сыртқы форма (конкимен мәнерлеп сырғанау) сапалық нәтиже (секіру, жүгіру және т. б. ) немесе іс-қимыл тапсырмаларын орындау (нысанаға тигізу), дене жаттығуларын орындау тәсілдерінің (техникасының) тиімділік деңгейін көрсетеді. Дене жаттығулары техникасында оның негізі айқындаушы звеносы және детальдары болады. Техника негізі - қозғалыс тапсырмаларын орындау үшін қажетті жаттығулардың басты элементі. Техника негізінің қандай да бір элементі жетіспесе жаттығу орындалмайды немесе бұрмаланады.

Жаттығуды орындау техникасы бойынша 3 бөлімге бөлінеді.

Дене шынықтыру әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Бұл фазалар бір-бірімен тығыз байланысты, қосарлана жүреді және бір-біріне тәуелді болады. Дегенмен олардың әр қасысының өзінді ерекшелікері тұтас жаттығу барысында атқаратын белгілі бір атқаратын қызметтері бар.

Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Негізгі фазаны орындау үшін барынша қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, допты артқа лақтыру кезінде қолда, денеде серпілу үшін кейін қарай шалқайуға мәжбүр болады. Бұл лақтыруды (негізгі фазаны) қамтамасыз етеді. Әзірлік фазасы кезінде бұлшықеттер созылады. Негізгі фаза кезінде олар жылдам және қатты жиырылады. Қол қозғалысының алысқа серпіліп, жылдам жиырылуы, доптың ұшу қашықтығын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру кезінде жаттығушы негізгі фазаны орындау бағытына жүгіреді. Бұл серпілу күшін ұлғайтады және үлкен кедергілердің жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім. Негізгі фаза негізгі қимыл қозғалыс міндетін шешуге бағытталады. Мысалы: лақтыруда допты серпу, секіруде қатты серпілу, кедергіні жеңіп өту. Бұл фазада атқарушы күштерді тиісті бағытта орындап қажетті сәтте тиімді пайдалану маңызды.

Қорытынды бөлім. Қорытынды фазаның міндеті қозғалысты тоқтату және тепе-теңдікті сақтау: алысқа лақтыру сәтінен соң, мәре сызығынан шығып кетпеу. Жүгіріп келіп, алысқа секірген соң, құлап қалмау.

2. 4 Ден жаттығуларын жасаудың адам ағзасына тиімділігі және әсері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене жаттығуларының техникасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Спорттық жаттықтыру әдістері
Жүзу спортының тарихы
Спорттық жүзудің маңызы
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz