Жастар саясатының инфрақұрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

"Сарыарқа дарыны " аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Тақырыбы: "Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан"

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар

саяхат маршруттары

Секциясы : тарих

Авторы: Нагачбаева Улжан 11-сынып,

Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей,

Шахтинск қаласы

Жетекшісі: Нығыман Миржан Аққошаұлы,

тарих пәнінің мұғалімі,

Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей,

Шахтинск қаласы

2021 жыл

Мазмұны:

1. І ТАРАУ
Жастар - бұл болашақтың «мәңгі қозғалтқыш күші». 3 бет
2. ІІ ТАРАУ
2. 1. Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жастар саясатының дамуы. 8 бет

2. 2. Білім беру - жастар саясатының негізі 9 бет

2. 3. Жастар саясатының инфрақұрылымы 10 бет

2. 4. Жастар - жаңа экономикалық қозғаушы күші 12 бет
3. ІІІ ТАРАУ
Қорытынды 14 бет

Пайдаланылған әдебиеттер 15 бет

Кіріспе

Қазақстандықтар - жас ұлт, жасампаз ұлт: республикалық әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған өскелең жастар.

Жастар - бұл болашақтың «мәңгі қозғалтқыш күші». Сондықтан да Қазақстанның болашаққа барар жолы жастарымыздың даму деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесіне тікелей байланысты. Кемел келешектің негізі бүгіннен басталады.

Жастарға қолдау - дамуына қосқан инвестиция. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың табысты әлеуметтену мәселелері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың әрдайым назарында болып келді және болып қала береді. Бұл басымдықтар шешуші бағдарламалық құжаттарда - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда көрініс тапқан.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі мемлекеттік жастар саясатына қуатты инновациялық қарқын берді.

Қазақстан жастары - Тәуелсіз елімен бірге өскен ұрпақ. Осы жылдар ішінде аға ұрпақ қажырлы еңбегімен өз балаларының мұраты мен нұрлы болашағы үшін ынтымақ пен келісімде, елі мен өзіне деген сенімділікпен тәуелсіз, қарыштап дамыған, бәсекеге қабілетті әрі әлемге танымал мемлекет құра білді. бұл мемлекет қазақстандық жастардың әлемнің кез келген жерінде тең жүруі мықты іргетас қалады.

Бүгінгі таңда біздің еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және өзара тиімді экономикалық ықпалдастық бойынша жаңа ауқымды міндеттер қоюда. Тәуелсіздіктің 30-жылындағы жеткен жетістіктерді онықтыра отырып, Қазақстан ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуды көздеп отыр.

Бұл ретте, жастарға аға буын бастаған эстафетаны жалғастыру, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ХХІ ғасырда Қазақстанның өркендеуі мен әлемге танылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі.

Мұндай міндет елжанды, білімді, кәсіби, жаны мен тәні сау, рухы асқақ, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі биік жастардың ғана қолынан келеді.

Осыған байланысты, мемлекеттің басты міндеті мемлекеттік жастар саясатын қазіргі өмірге бейімдеу, жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілетті аса маңызды әлеуеті ретінде қалыптастыруға бағытталуы болып табылады.

Жаңартылған мемлекеттік жастар саясаты ел жастарын табысты әлеуметтенуге, олардың тиімді дамуына жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік басымдықтар мен шаралар жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қауіпсіздік пен халықаралық беделінің нығаюына көмектесуі қажет.

Менің бұл жобаны жасаудағы мақсатым: Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарын қайта қарау керек деген пікірінің өзі зерттеушінің оқиғаны зерттеу барысының мақсатын айқын көрсетеді. Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Зерттеу барысы, кезеңдері:

  • Баспасөз материалдарын оқып, жинау;
  • Кітапханалық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау:
  • Жинақталған материалдарды жұмыстың жоспарына сай, бір жүйеге келтіру;

Зерттеудің әдістері:

  • жинақтау,
  • жүйелеу,
  • қоpыту,
  • талдау.

:

Тақырып бойынша қосымша және ғылыми тұрғыда мағлұмат алу.

:

Желтоқсан көпшілікке белгілі болған тарихи тұлғалар жайындағы зерттеу, зерделеу пікірлерімен бөлісу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. «Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан» құжаттық материалдарды оқып шығып, жұмыс барысында осы құжаттағы көрсетілген стат. Жастарға қолдау - дамуына қосқан инвестиция. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың табысты әлеуметтену мәселелері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың әрдайым назарында болып келді және болып қала береді. Бұл басымдықтар шешуші бағдарламалық құжаттарда - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда көрініс тапқан мақсатында қайта қаралу қажет.

Зерттеудің дереккөздері ретінде Қазақстан Республикасының экономикасы жайында ғаламтор, кітапханалардан мәліметтер алынды.

Зерттеу жұмысыныңқұрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей тараушаларға жіктелген үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Шахтинск қаласы «Ә. Бөкейханов

атындағы мектеп-лицейінің» 11 сынып

оқушысы Нагачбаева Улдан «Жаңа

экономикалық саясат жылдарындағы

Қазақстан» атты жұмысына

Пікір
Оқушының осы оқиғаны зерттеу барысында Жаңа экономикалық жылдарындағы Қазақстанның тарихын қайта қарау керек деген пікірінің өзі зерттеушінің оқиғаны зерттеу барысының мақсатын айқын көрсетеді. Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын.

Жұмыс барысында КСРО кезіндегі Конституциядан үзінді келтіре отырып тоталитарлық жүйе кезіндегі адам құқыңының тапталғандығын фактілер келтіре отырып дәлелдеуге тырысады. Бұл да зерттеу барысындағы жетістік деп бағалаймын.

Бірінші жыл айналысқандықтан бұл жұмыста тек қана жалпылама құжаттық мәліметтер жинақталған. Қала көлеміндегі желтоқсанға қатысқандардың тарихы толықанды қамтылмай қалды.

Жетекшісі: М. А. Нығыман

2. 1. ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекеттік жастар саясаты қалыптасудың негізгі кезеңінен өтті.

1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. 1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, осы саладағы негізгі басымдықтар айқындалды. Оның шеңберінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтер желісі құрылды, ювеналды әділетті қалыптастырудың негіздері қаланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы «Қазақстан жастары» атты бағдарламасында еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқытарын қамтамасыз ету, қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру үдерістеріне кеңінен тарту үшін жағдайлар жасау көзделді.

Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған салалық бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бойынша шаралар қарастырылып, экономикалық ой-сананы қалыптастыру және республика өңірлерінде жұмыс жасау тетіктерін айқындалды.

«Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасауға, еңбек және жұмыспен қамту саласында жастар ұйымдарының қызмет етуіне бағытталды.

2006-2008 жылдары патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық рухта тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.

2010 жылдан бастап, жастар саясаты 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытуға мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жалпы, болашақта қазақстандық ұрпақтың қалыптасуы мен олардың жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға жастарға арналған арнайы бағдарламалар ғана емес, қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан кең ауқымды білім, денсаулық сақтау, тіл, үдемелі-индустриалық даму мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 арухана», «Балапан», «Еңбекпен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Қолжетімді баспана - 2020» сияқты салалық бағдарламалар да бағытталған.

Бүгінде ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азаматтардың әл-ауқатын көтеру, адам ресурстарын дамыту, жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру, қазақстандық құндылықтарды және рухани-адамгершілік мұраттарды нығайту жолында жасалып жатқан шаралардың барлығы - қазақстандық жастардың кемел келешегіне бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялар.

2. 2. Білім беру - жастар саясатының негізі

Жас ұрпақтың табысты дамуы мен қалыптасуының маңызды шарты сапалы білім болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында осы салада айтулы нәтижелерге қол жеткізілді.

Білім беру үдерісін жаңғырту процесіндегі негіз - Мемлекет басшысының бастамасымен әрі тікелей жетекшілігімен жүзеге асырылған «Болашақ», «Назарбаев - Зияткерлік мектептері», «Назарбаев - Университеті» білім жобалары болды.

Халықаралық «Болашақ» стипендиясын Қазақстан Республикасының Президенті талантты жастардың шетелде білім алуына көмек көрсету мақсатында 1993 жылғы 5 қарашадағы бекітті. Осы қиын кезенде еліміз шетелдік жоғары оқу орындарында сапалы білім алған білікті кадрларға мұқтаж еді. «Болашақтың» негізгі қағидасы - үміткерлер дайындығының жоғары деңгейі, бағдарламаның жағымды имиджін еліміз бен шетелдерде қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ашық және әділ өткізу, жас қазақстандықтарды әлемнің үздік университеттеріне бағыттау болды.

«Назарбаев - Зияткерлік мектептері» білім беру желісі орта мектепті дамытудың сапалы жаңа кезеңі болып табылады. Осы жоба аясында әзірленген өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбиелеудің инновациялық тәсілдері Қазақстанның жалпы білім беретін басқа да мекемелерінде енгізілуде, сонымен қатар ол жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуға елеулі үлес қосуда.

2010 жылы Астанада «Назарбаев Университеті» ашылды. Бұл дербес және академиялық еркіндік қағидаттары бойынша жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі университет. Жоғарғы оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының бәрі дүниежүзі бойынша үздік отыз жоғары оқу орны қатарына енген университеттермен және беделді халықаралық ғылыми ұйымдармен ресми әріптестікте іске асырылады.

техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне кәсіби қосарлы білім беру сияқты үздік шетелдік тәжірибе енгізіліп, күшіне енуді. кәсіби қосарлы білім беру жүйесі оқу мен кәсіби қызметтің тікелей байланысын қамтамасыз ететіндігімен құнды. бұл жүйе жастардың ынтасын еселеп арттырып, тандаған мамандығы бойынша оны жетілдіруге барынша ықпал етеді. қазақстанның үндемелі индустриялдық-инновациялық дамуы жағдайында қосарлы оқыту жүйесін одан әрі дамыту - стратегиялық маңызға ие.

Қазақстандық жастарға жоғары білім деңгейі тән. мәселен, жоғары білімді жастар саны соңғы онжылдықта төрт есе, орта арнайы білімділер - екі есе артты. жоғары білімі бар ауыл дастарының саны алты есе, қалалықтар төрт есе өскен. тұтастай алғанда жоғары, аяқталған жоғары және орта арнаулы білімі бар қазақстандықтар жастар 40 пайызы құрайды.

Қазақстандық жастардың білімділік деңгейі оларды ойлау салтын өзгертіп, өмір сүрудің жоғарғы стандарттарына ұмтылыс арттырады.

Сапалы білім беру қазіргі жастардың басты "әлеуметтік лифтісі" болып табылады. Мыңдаған қыз-жігіттер халықаралық стандарттар деңгейіндегі орта және жоғары білімге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа мектептер, жоғары оқу орындары мен түрлі бағдарламалар түлектердің табысты мансаптық өсуінің өзіндік кепілі болып отыр. "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің көпшілігі мемлекеттік қызмет пен халықаралық ұйымдарда жауапты қызмет атқарып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

Қазақстан жастары - бұл өз елінің дамыуына үздік үлес қосу үшін білімге, тәжірибеге, техонологиялар мен ресурстарға қол жеткізуге ерекше мүмкіндіктері бар өскелен ұрпақ.

2. 3. Жастар саясатының инфрақұрылымы

Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда маңызды рөлге ие. Соңғы он жылдықта олардың саны елімізде жеті еседен арттық көбейді.

Жастардың "Қазақстан жастарының Конгрессі", "Нұр Отан" ХДП жаныңдағы "Жас Отан" жастар қанаты" сияқты барлық ұйымдарға жоғырландыру үдерісі жалғасуда. 2015 жылы студент жастардың "Қазақстан студенттерінің альянсы" бейресми бірлестігі құрылды. Ол бүгінгі танда студент жастарының өзекті мәселелерін шешуге белсене араласып отыр.

"Қазақстанның жастар парламенті" жұмыс істейді. Ал, республикасының он алты өңірінде жастар мәслихаттары қызмет етеді. 2011 жылы басым бағыттары патриоттық тәрбие ісі болып табылатын "Жас қыран" және "Жас ұлан" атты балалар мен жасөспірімдердің жаңа ұйымдары құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2012 жылы елеміздің барлық аумақтарында бөлімшелері бар жастар ісі жөніндегі комитет құрылды.

Қазақстан бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары мен іске асырылуда: "Жастар тәжірибесі", "Жасыл ел", "Дипломмен ауылға!", "Жастардың кадрлық резерві", "Мемлекеттік қызмет мектебі", "Жастар - Отанға!". Бұл бастамалар жағымды қоғамдық сипатқа ие болуда.

Жастар саясаты саласындағы жобаларды қаржыландыру өткен жеті жылды шамамен 10 есе артты.

Айта кету керек, Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан жүргізілген мемлекеттік жастар саясаты жас буынның өмір жолының бастауында тап болатын қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік беріп, қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастардың қоғам өмірінің түрлі салаларына қатысуын қамтамасыз етті.

Бүгінде әлеуетті белсенді жастардың мемлекеттік қызметке кіріп, алға басуына, өзінің ісін ашып, оны ойдағыдай жүргізуіне, өз бетімен қажетті білім алуына, ғылыммен, спортпен, шығармашылықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысуына шынайы мүмкіндіктері бар.

Тәуелсіз Қазақстан жастары - бұл өз елінің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің мызғымастығын толығымен сезінген жаңа формацияның адамдары. Бұл еркін ойлап, жауапкершілікпен әрекет ете біледі, құбылмалы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға шұғыл әрі ұтымды жауап бере алатын, өмір сүру сапасының стандарттарын үнемі жетілдіріп, жақсартуға ұмтылып отыратын жаңашыл жандар.

Тұтас әлеуметтік жаңғыртылуы жас ұрпаққа өзінің таланты мен қабілетін іске асыруға мейлінше мол мүмкіндік береді, қазақстандық жас буынның өмір сүру деңгейін әлемдік жоғары стандарттарға жақындатуға ықпал етеді. Елдің лайықты болашағының басты мүдделілері ретінде және оны дамытуға белсенді түрде жұмылдырылатын жастар алға қойылған саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік алады.

2. 4. Жастар - жаңа экономикалық қозғаушы күші

2020 жылға қарай Қазақстан әлемдегі қолайлы іскерлік ахуалы қалыптасқан, экономиканың шикізаттық емес секторларына тартылатын шетелдік және жергілікті инвестициялар едәуір кеңейтілген, күшті орта табы және дамыған мемлекеттің қызметі бар бәсекеге неғұрлым қабілетті елдердің біріне айналады. Елдің әртараптандырылған экономиканы дамытуы, тиісті инфрақұрылым, коммуникациялар құруы, өндіруші саланы және өңдеуші өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, қызметтер көрсету саласы мен бизнесті дамытуға қажет.

Жастар - қоғамның неғұрлым шапшаң жұмылғыш, икемді қуатты бөлігі және дәл солар елдің жаңа экономикасының қозғаушы күші болуға тиіс.

Заманауи білім, қажырлы еңбек пен жастар бастамасы қажет. Жастардың жан-тәнімен берілуі, ұмтылысы мен ерік-жігері жағдайында ғана қазақстандық экономиканың мүмкіндіктері олар үшін нағыз игілікке айналуы мүмкін.

Мемлекет жастары еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету жұмысын жетілдіретін болады. Жастардың ел Президентінің экономиканы үдемелі инновациялық-индустриялық дамыту бағдарламасын іске асыруға, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға, мемлекеттік қызметтің деңгейін арттыруға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға қатысатына баса назар аударылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени саясаттың модельдері
Жастармен әлеуметтік жұмыс
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологияларының мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілітін әлеуметтік жұмыстардың негізгі
Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz