Қолдау әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жобалау


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: Филология
Кафедрасы: Шетел тілі: екі шет тілі
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР инклюзивті білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру ерекшеліктері. Инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік шарттары
Орындаған: Бердалиева Еңлік
Қабылдаған: Нургалиева. Д. А
Алматы, 2021 ж.
МАЗМҰНДАМА
- Кіріспе;
- Қазақстанда инклюзивті білім беру мен тәрбиелеуді қолға алу;
- Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік ортаға бейімдеу;
- Инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер;
- Қорытынды.
КІРІСПЕ
Инклюзивті білім беру дегеніміз- ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданады.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары тұжырымдалады:
- Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;
- Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;
- Әрбір адам қарым-қатынас жасауға құқылы;
- Барлық адам бір-біріне қажет;
- Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асуы мүмкін;
- Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж;
- Алуантүрлілік адам өмірінің жан-жақтылығын кеңейтеді;
- Барлық оқуға қабілетті жандар үшін дамудағы жетістіктері тікелей олардың қабілеттеріне тәуелді.
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Заманауи білім беру парадигмасы оқытудың негізгі міндеті ретінде балаларды нақты өмір жағдайына бейімдеуді анықтайды; бұл- жаһандық өмір талабы. Оқшаулаудың кез-келген түрі тұлғаның әлеуметтену үрдісіне зардабын тигізеді. Міне, осындай жағдайлар инклюзивті оқыту үрдісін толыққанды жүзеге асыруға тежеу болып отырған тетіктердің бір парасы. Балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою үшін тұтас қоғам болып атсалысу және жолда ата-аналардың белсенділігне сүйену қажет. Ерекше білім қажеттілігі бар оқушыларды қалыпты педогогикалық үрдіске қосуды бүгінгі күні қамтамасыз ету қажет. Демек, инклюзивті білім беруді заманауи жүзеге асыратын педагогтарды даярлау қызметі біліктілікті арттыру жүйесіне жүктелері анық.
Инклюзивті білім беру aясындa әр бір мұғaлімнің ерекше білім қaжеттілігі бaр оқушылaр кaтегориясын білуі және олaрдың мүмкіндіктеріне сәйкес оқыту әдістемелерін меңгерулері шaрт. Бұғaн зaмaнaуи білім беру инновaциялaры мен реформaлaр бетaлысы қозғaу сaлaры aйқын: қоғaмдық бaқылaу кеңестері, aтa-aнaлaр өкілеттігі, жaңaртылғaн білім мaзмұны, интегрaтивті оқыту, көптілділік сaясaты, aкaдемиялық еркіндік және aкaдемиялық ұтқырлық қaғидaлaры, т. с. с. Инклюзивті білім беру жaлпы қоғaмдық сипaт aлғaн жaғдaйдa өрістеп дaмитын болaды.
2. Қазақстанда инклюзивті білім беру мен тәрбиелеуді қолға алу
Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзете қолдаудың заманауи жағдайы мен беталысы бар әлемдік тәжірибеде қабылданған талап ережелері шеңберінде жүргізіледі. Әйтсе де, инклюзивті білім берудің қалыптасқан қазақстандық моделі бар. Ол барлық санаттағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және орта біліммен қамтамасыз ету үшін арнайы жағдайлардың жасалуымен сипатталады. Инклюзивті білім беру үрдісі дене дамуында мәселелері бар, яғни физикалық мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар; әлеуметтік ортаға бейімделу қиындықтары бар девиантты мінез құлқы бар балалар немесе тұрмыстық экономикалық және әлеуметтік психологиялық мәселелері бар отбасы балалары; мигрант, оралман және босқын отбасыларының баласы; дарынды балалар, сондай ақ мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың сапалы білім алуға тең қол жетімдігін қарастырады.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту бойынша 2015-2020 жылдарға арналған іс-шаралар кешені бекітілді. Осы жоспар негізінде 2020 жылға қарай жалпы білім беретін мектептердің 70%- на инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасау; мүгедек балалардың 20%- на “кедергісіз қол жетімдікті” қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі балалардың тең жарымын инклюзивті білім берумен қамту көзделген.
“Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерінде” 2014 жылы дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 138 513, ал 2015 жылы 141 952 адамды құрағаны көрсетілген.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, “ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы” санды құқықтық-нормативті құжаттар арқылы міндеттелген инклюзивті білім беру үрдісі педагогтардың кәсіби іс- әрекетіне қойылар талаптарды күшейтеді. 2017 жылы қолданысқа ендірілген Қазақстан Республикасының “Педагог” кәсіби стандарты барлық деңгейдегі педагогтардың инклюзивті білім беру саласында арнайы біліктіліктерді меңгеруін міндеттейді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламсында көрсетілген орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, ал орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы міндеттердің бірі білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшуді жүзеге асыру деп көрсетілген. Бұл, өз кезегінде, инклюзивті білім берудің дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді.
3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік ортаға бейімдеу
Психологиялық - педагогикалық қолдау - білім алушылардың өзекті, әрі маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттарды құруға бағытталған психологиялық, педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекет. Психологиялық- педагогикалық қолдау бір мезгілдік шара емес. Бұл - психологиялық қызмет көрсету барысында жүйелі түрде ұйымдастырылатын және тұрақты орындалатын жұмыс. Психологиялық - педагогикалық қолдаудың ең басты қағидаларының бірі тұлғаға уақытында көмек көрсетіп, сүйемелдеу ғана емес, осы үдерістің қиыншылықтарын өздігінен жеңіп шығуға ықпал ету; тұлғалық қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға үйрету тұлғалық қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға үйрету және әлеуметтік өмірде толыққанды субъект болып қалыптасуына көмектесу.
Психологиялық - педагогикалық қолдау ерекше шығармашылық ахуал құруды және балаларға таңдау жағдайын ұсынуды білдіреді. Мұндай жағдайлар оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ рефлексия тәжірибесін, шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында оқуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, мүмкіншіліктері шектеулі балалардың психологиялық және дене даму ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Психолгиялық- педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
- Бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдері;
- Білім беру үдерісіндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі;
- Қолдау үдерісін ақпараттық- әдістемелік қамтамасыздандыру;
- Қолдау әрекетін әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық жобалау;
- Даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымын белсенді тарту болып табылады.
... жалғасыПедагог-дефектолог мүмкіншіліктері шектеулі балаларға терең зерттеу жүргізеді, әрбір баламен түзету-дамыту жұмысының жоспарын анықтайды, оны іске асырады, тәрбиеленушілердің даму динамикасын қадағалайды; балаларды кіріктіре оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша педагог қызметкерлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді. Педагог-логопед балалардың тіл ақаулығын анықтайды және оларды жою бойынша түзету жұмысын жүргізеді, жалпы білім беру ортасында тілдік біліктерін дамыту бойынша жұмысқа қатысады. Мұғалім мен тәрбиеші педагог-дефектологпен және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге қатысатын басқа да мамандармен тығыз байланыста балалардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қабілеттерін терең зерттеу негізінде олардың толыққанды психикалық дамуын қамтамасыз ететін білім беру жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді.
4. Инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер
Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz