Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

Реферат
пәні: Дүниетану оқыту әдістемесі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы

Орындаған: Даулетханова.Д.Д
19-111-10 топ студенті

Ғылыми жетекші: Султанбекова.А.Ж
аға оқытушы,
п.ғ.магистрі

Қостанай 2021
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні ... ... ... ... 9
3. Негізгі компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптардың бірі - оқушының танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім - дүниетанудың кәусар бұлағы.Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымда қалыптасып, тұрақтана түседі. Дүниетанымның қалыптасуына адам,табиғат,қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат,қоғам - біртұтас дүние.Олардың арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып,түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды.Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп,қабылдау арқылы санасында білім қоры жаиналып, ой- өрісі кеңейеді. Оқушылар танымдық әрекеттердің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов,И.Я.Лернер,Л.В. Занков,М.И. Махмудов,А.А. Люблинская,А.Н.Леонтьев,т.б. ) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу- әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу - тәрбие процесіне ендірілу тәжрибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалады:
оқушылар дүниетанымын қалыптастырып,оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандағы мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдалану мен шектеліп келгендігі;
оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын,өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытуды ең бастысы,ең негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектеулі,оқушылар белсенділігін арттыратын,ізденушілігін дамытатын жағдаятардың жасалмауын, осының салдарынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп,көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:
осы кезге дейін бастауыш оқушыларын ортадан білім берудің әдістемелік мәселерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныптарда оқушыларға,табиғат,адам,қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талптардың бірі.

Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы

Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің дүниетану пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі - бастауышта, яғни бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Соның ішінде "дүниетану" пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады."Дүниетану" пәні негізінен үш блокты: "Адам", "Табиғат", "Қоғам"ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни "өмір әліппесі" болып саналған "Дүниетану" пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі "Дүниетану" пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал "Дүниетану" пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін "Дүниетану" пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Дүниетану пәнінің міндеті:
* оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
* оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);
* дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы - оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады. Сонымен бірге оқыту әдістері - практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады. Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі "Дүниетану" пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.
* оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
* оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
* Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
* әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді;
* оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,
* оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
* қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;

Дүниетану оқу пәнінің мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты. Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар "Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы" пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ "дүниетану" пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.
Бұл пәнде студенттер әдістемелік білім мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика-психология пәндерінен білуі қажет екендігі байқалады. "Дүниетану" пәнінің мазмұнын меңгеру бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді. Студенттер дүниетану пәнінің мазмұнында экологиялық, табиғатты қорғау, гумандық т.б. бағыттарды көре білуге үйрену қажет.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнін оқу барысында студенттер мынадай білімдермен қарулану қажет:
* жаратылыстану циклінен алған білімдерін пайдалана отырып дүниетану пәнінен өздеріне қажетті білім мен білікті қалыптастыру;
* оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы, оның таралу жолдарын, табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіру;
* оқу пәнінің мазмұны мен оқу тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтауға үйрену;
* оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттыруға бағытталған жұмыс формаларын ұйымдастыра білуге дағдылану.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні студенттерді бастауыш мектепте "Дүниетану" пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге бағыттайды.

Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні

Жоғары оқу орындарында оқылатын Дүниетануды оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні педагогиқалық ғылымдар саласына жатады. Себебі, бұл пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге дайындайтын болғандықтан, олардың психологиялық, жекебастық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады. Бұл пән өз мазмұнында бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқытуға байланысты зерттеулер және оның даму тарихын, бастауыштағы дүниетану пәнінің бағдарламасын, оқулығын, олардың құрылымын, мазмұнын, білім берудің формасы мен әдістерін толығымен талдайды. Қазіргі таңдағы жүргізіліп отырған зерттеулер жүйесімен, олардың тиімді тұстарын пайдалану мәселелерін қамтиды. Әдістемелік пәндерге тән жағдай, міндетті түрде дидактиқалық принциптермен байланысты қаралады және сол принциптерге сүйенеді. Болашақ мұғалімдерге балалардың жаңа білімді меңгеру заңдылыктарын, берілетін білімнің сыныптар аралық байланысын, алған білімді жаңа жағдаяттарда қолдану шеберліктерін шыңдауы осы пәнді оқу арқылы жүзеге асады.
Дүниетану әдістемесі басқа әдістемелік пәндер сияқты алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйенеді. Сонымен қатар тиімді және оқушылар белсенділігін көтеретін жаңа технологияны қолдануды саралайды.
Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану арқылы мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады. Осы тұста күнделікті ақпараттық технологияларды да қолдануға көңіл бөледі.
Жоғары оқу орындарында Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы пәнін студенттерге меңгерту тек лекция оқумен шектелмейді. Оны өз мәнінде студенттердің меңгеруі семинарлық, сарамандық сабақтар, өзіндік жұмыстар орындау мәселелерімен байланысты жүзеге асады. Бұл пәнді оқуда семинарлық сабақтарда теориялық материалдар тереңдетіліп, қосымша әдебиеттерді талдау жұмыстары орындалса, сарамандық сабақтарда дүниетану әдістемесінің теориялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Пәндер