Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І тарау. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны

1. 1. Сынып жетекшісінің қызметі . . .

1. 2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және оның мақсатын

анықтауы . . .

ІІ тарау. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

2. 1. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып-білу жолдары . . .

2. 2. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары . . .

2. 3. Сынып оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру . . .

ІІІ тарау. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысының маңыздылығы

3. 1. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны . . .
3. 2. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы нәтижесінің талдауы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің ролі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім - тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай-ақ оқушының қоршаған ортасы, дос- жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Жалпы мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, экологиялық, саяси бағыттарды ұстанамыз. Оқушының бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшісінің ролі зор. Бүгінгі күні сынып жетекшісі оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс- шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші. Қазіргі кезде сынып жетекшісі болу ауыртпашылығы бар, жауапкершілігі мол, қиын да қызықты жұмыс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру, оқушының психикалық ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жете білу, балаға сенім білдіру және оның көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз - тәрбиеші бола білу сынып жетекшісінің міндеті. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық- педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.

Сынып жетекшісі ата - анамен тығыз байланыста болуы керек. Оларды мектепте, сыныпта өткізілетін түрлі іс- шараларға шақырып, жан- жақты әсер етуіміз керек. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы бала мен ата-ана арасындағы шынай қасиетті қалыптастыруға болады.

Оқушы - қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.

Осы қасиеттерді негізге ала отырып ата- аналар, мектеп, ұстаз бірігіп жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой- өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының кепілі болмақ.

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда әрбір баланы ең алдымен, өз ұлтына, мемлекетіне, тіліне деген құрметінің өзі де тәрбиеден басталады. Тәрбие болмаса адам өз келешегіне балта шапқандай. Себебі, сол тәрбие арқылы үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсете білу, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата аламыз. Тәрбие бірінші отбасынан басталады.

Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер - деп бекер айтылмаса керек.

Осы әке мен шешенің және ұстаздың берген тәрбиесін ой-санасына бағындырған, сол сөздерден нәтиже шығарған бала ерекше болып саналады. Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз екі жақтан жақсы тәрбие алса тәртіп болады деп ойлаймын.

Сыныпта оқушының тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде 3 міндет жүктелді.

1. Өз сыныбының жұмысын үйлестіріп отыру.

2. Оқушылар мен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беріп отыру.

3. Мектеп пен отбасының байланысын жасайды.

Сынып жетекшісі оқушының қалыптасуына көмектеседі. Қабілет, қызығушылық, бейімділік күштерін арттыруға жағдай жасайды. Сынып жетекшісінің жұмысы өте қиын, күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш жігерін салып талапқа сай орындау керек. Сынып жетекшісін сабақ беретін мұғалімдердің ішінен оқушыларды білетін, сыныпты ұйымдастыра алатын, мұғалімді тағайындайды. Кейде жас мұғалімнің сынып жетекшісі болып тағайындалуы мүмкін. Оған ең негізгі:Балаларды жан-жақты мұқият зерттеу. Сынып жетекшісі үшін сынып журналы, оқушының жеке бас құжаты мағлұмат көзі болады. Сынып жетекшісі басқа да сабақтарға қатысып, сынып жиналысында, сыныптан тыс жиналыстарда балаларға зер салып, бақылау арқылы олардың ата-аналарымен сөйлесіп, оқушылар туралы үлкен мағлұмат жинайды. Кейбір обьективті көрсеткіштерді назардан тыс қалдыруға болмайды. . Бір арнаулы балаға ынта ықыласының барлығын анықтайды. Дене дамуы туралы жалпы сипаттама, сыртқы тұрпаты, қимыл -қозғалысы инициативасы, сенімділігі, адамдармен қарым қатынасы. Сынып жетекшіснің күнделігі болады. Онда ескертулер, бақылаулар жазылып отырады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Тәрбие жоспарын жасауда қызығушылығы, тәрбиелік дәрежесі өзінің қабілетін ескеру. Сынып жетекшісінің міндеттері:

-Күнде сабаққа келмеген және кешіккен оқушылардың есебін анықтап, олармен жұмыс жүргізеді.

-Сырқаттанған, көп сабақты босатқан оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырады.

-Бекітілген сынып бөлмесінің тазалығына, көрнекіліктердің сақталуына, оқушылардың сыртқы түрін қадағалап, оқулықтар мен дәптерлерін тексеру.

-Апта сайын күнделіктерін тексереді, тексеру барысында пән қойылуы мен толтырудың ұқыптылығы мен дұрыстығына көңіл аударады.

Адам баласының өмірдегі бар қымбаты оның ұрпағы. Баланың білім алуына, азамат болып қалыптасуына мектеп те, ата-ана да жауапты. Бірақ өкінішке орай, бүгінде көптеген ата-ана жұмысбастылықты сылтау етіп, жауапкершілік міндеттерін төмендетіп жіберген. Мектепке бердім, тәрбиесімен ұстаз айналыссын деген немқұрайлы пікірмен баласын мектепке беріп, тәрбиесіне мән бермей, ақша табу күн көріс жолына түсіп, баланың материалдық жағдайын ойлайтын, соны ғана қанағаттандыратын ата-аналар көбейді. «Балаңыз нашар оқиды» - деп ата-ананы мектепке шақырсаң неге оқымайды деп дүрсе қоя береді. Мектепте ұстаздар қауымы білім нәрімен сусындатып тәрбие береді, бірақ үйдегі ата-ана әр қадамын бақылап, баланың қабілетіне мән бермесе, білім қайдан дариды. «Тәрбие басы -тал бесік» -деген аталы сөз бар. Мұғалім баланың бойындағы барлық әлеуметін арттырып, болашаққа жол ашса да, ата-ана қадағалауын жіберілген кемшіліктер келеңсіздікке ұрындыруы мүмкін. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы болғандықтан баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты талабы.

Зерттеудің нысаны: Сынып жетекшісінің жұмысының мазмұнын анықтау.

Зерттеу мақсаты: Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ыкпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.

Зерттеу міндеті:

-Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты білім берудің тиімді жолдарын анықтау әдістерін айқындау;

-Сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарын дамыту және оларға қолдау көрсету;

-Сынып жетекшілердің арттыруға байланысты тәрбие жұмыстарының формаларын айқындау және ұсыну.

Зерттеу әдісі: Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі іске асады.

Дипломдық жұмыcтың құрылымы: жұмыc нормативті сілтемеден, кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жəнe пaйдaлaнғaн əдeбиeттeн құрaлaды.

1. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН

ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1. 1Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті

Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетігі тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

  1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
  3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің жөне оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикадық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
  4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
  5. Оқушылардың ата-аналарымен -үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
  6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызыметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру

Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Дегенмен, тәрбие мөселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды, Олар ақсүйек және ауқатты отбаеыларында бастапқы кезде "күтушілер/няньки/, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші -ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүкгелген.

1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды талдау мақсатында олардың жеке "басынтанып білу қажеттігі де баса көрсетілген.

Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мөселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-қүлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.

Сынып тәрбиесі қызметі 1871 жылғы « сынып тәрбиешісі» Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.

Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүрғізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс еткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиеінілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.

Бірақта, іс жүзінде сыпып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумсн ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Соңдықтан, сынып тәрбиешілерінің төрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басқы кезеңіңде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығу-шылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ үйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т. с. с.

XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы (гамнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде кәңес бөліне басталды.

1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым (спектакель) -қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.

Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістсрдің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретіде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсіддерін таңдауда оған мүмкіңдік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мсн оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеітігі басындылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.

Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т. с. с. Соның барысында кейбір классикалық түрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мен сипаты да өзгеруде:

-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызыметін атқараты;

-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;

Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне комектесе отырып, одардың дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болада. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуыиа қамкоршылық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.

70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны, Бүгіңде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғңи, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста - баламен жеке жұмыс жасау мүмкіндішгі - күштейеді. Ол әрбір; баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, . негізінен сыныптың ішкі кеңіл ' күйін, көтеруте, онда жағымды психологиның жағдай туғызуға, балалардың өзін~өзі баскаруын қалыптастырын дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға катысты ашылуына жағдай туғызуға, окушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді

Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбеқке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиссіне, елжандылық т. б. тәрбие міндеттерін мектеп пем сыныттың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сейкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

1. Педагогакалық және әлеуметтік--гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта кемектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге қалыптастыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасы мен тәрбиенің басқа да мекемелерімсн тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2. Ұйымдастырушылық қызметі.

Тәрбие процесің ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыпттастыру. Олардың танымдық, еңбек,
эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.

3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.

Оған: диагностикалық мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін. оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтал отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогакалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қабыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкімдіп туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіңе байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процссін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтал, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің. педогикалық және сынып ұжымының оқу тәбие процесіндегі әрекетерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын . Жоспардың қызметі - педагогикалық ыкпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбе шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау -мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. Д. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В. А. Сухомлинский де "тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол. қарапайым көрініске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге, . педагогика ~ балгерлікке айналар еді" - дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмағаң болар еді.

Сынып жетекші, мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:

1. Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.

2. Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.

3. Тәрбиенің мүмкіндіктсріп жобалау.

4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлсекен әрекетін ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.

1. 2 Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі
Сынып жетекшісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz