Ептілікті дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Астана медициналық университеті» КеАҚ

Оңалту бөлімі, спорттық медицина және дене шынықтыру

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ептілікті дамыту»

Орындаған: Омарова А.

Жалпы медицина, 110 топ

Тексерді: Есеева А.

Нұр-Сұлтан қ.

2021ж.

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ептілік тәрбиесі

2. Ептілікті дамыту үшін жаттығулар жиынтығы

3. Төзімділік және оның түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қасиеттері дейміз. Ол қасиеттер міндетті түрде адам сол дене қасиеттерінің деңгейін көрсеткісі келіп әрекет жасағанда толық деңгейде көрінеді. Осы дене қасиеттерінің деңгейін көтеру, дамыту, тәрбиелеу арқылы ғана біз дене тәрбиесі мен спортта жақсы нәтижеге жетеміз. Мысалы, волейбол ойынындағы маңызды техника тәсілі «шабуыл соққысын» орындау, жоғары көтерілген допты соғу үшін спортшының секірген кездегі қолы тордың үстінен ең аз дегенде 20-30 см жоғары шығу керек. Ол үшін міндетті түрде аяқтың секіру, серпін жасау күшін дамыту керек болды.

Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады. Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді.

Сондықтан да біз дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде қозғалыс техникасын үйретумен қатар дене қасиеттерін дамытуымыз қажет.

Негізгі дене қасиеті қабілетінің дамуы (шапшаңдық, ептілік, төзімділік, күш, икемділік, жылдамдық) қимыл-қозғалыс дағдылардың қалыптасуымен тығыз байланысты болады. Бұған көмектесетін жаттығулар қатаң дәйектілікпен және қимыл-қозғалыстық тапсырмаларды біртіндеп күрделендірумен дене тәрбиесі сабақтарына, қозғалыстық ойындарға, спорттық жаттығуларға енгізіледі, сондай-ақ балалардың серуендеген кезінде өз бетінше қозғалу әркеттерінде қолданылады.

Ептілік тәрбиесі

Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілетілігін - ептілік дейміз. Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек:

1. Күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделілендіре отырып жетілдіру.

2. Қозғалыс әрекетін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында) .

3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.

Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық қозғалмалы ойындар, гимнастика акробатика жаттығулары.

Жақсы йренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет.

Ептіліктің дамуы жүйке жүйесінің бейімділігі, өзінің қозғалысы мен айналадағы жағдайды сезіну және қабылдау қабілеті негізінде жүзеге асады. Қозғау міндетінің табысты орындалуы сол қозғалыстың кеңістік, уақыт және күш компоненттерінің дәлдігімен анықталады. Мектеп жасына дейінгі баланы ептілікке тәрбиелеу қимыл үйлесімін дамытумен, келісімділікпен, дәйекті қимыл жасай білумен байланысты.

Ептілік кез келген қозғалыстың (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, т. Б. ) қажетті компоненті болып табылады. Балаларды ептілікке тәрбиелеу үшін негізгі қозғалыстарда дене тәрбиесінің сан алуан жаттығулары пайдаланылады (заттардың арасымен жүру және жүгіру, әртүрлі кедергілерді жоя отырып шығырға кіру, отырғыштың үстімен жүріп келе жатып қарсы кездескен баладан бұрылып кету, заттан секіріп өту және т. Б., сондайақ лақтыру, доп ойнау секіру, өрмелеу, денені жалпы дамытатын, әсіресе, заттармен және тағы басқалармен жасалатын жаттығулар) . Ептілікті жетілдіру үшін ең жақсы жағдай қимыл-қозғалысы көп ойындарда жасалады: бала тез ойлап табу, көз жеткізу, заттардың арасымен ептілікпен жүре білу күтпеген жерден жағдай ӛзгерген кезде кеңістік және ақыт бағдарының кӛмегімен қолайлы сәтті пайдалана отырып, инициатива жасау қасиетін көрсетуі керек.

Ептілік - дәл қимыл жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17- жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.

Ептілікті дамыту үшін жаттығулар жиынтығы

Ептілікті дамыту әдістері: қайталау, ойын, жарыс әдістері.

Ептікті жетілдіру үшін заттармен секіргіш жіппен, доппен, шығырмен, таяқпен және т. с. жаттығуды жақсы жасауға тапсырма беру тиімді болады. Екеу-екеу, шағын топ боп бірлесіп доппен, құрсаумен, сырықтармен, жіптермен және басқалармен жаттығу жасау пайдалы. Ептілікті дамыту міндеті жаттығуларды жүйелі түрде өзгертіп отыруды немесе жаңалықты қолдап отыру және үйлесімділік қиындығын біршама арттыру үшін олардың жаңа варианттарын қолдануды талап етеді. Баланың қозғалыс дағылары неғұрлым қалыптасқан сайын жаңа қозғалысты игеру жеңілдей түседі және ептілік жетіледі.

Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл - қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы:беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау), бір орында тұрып 180-360 қа бұрылып скеіру, ал ең бастысы - акробатика мен әр түрлі қимыл - қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ.

Спорт жылдамдығын және үйлестіруді дамыту үшін ептілік жаттығуларын пайдалану жақсы. Барлық спортшылар үйлестіруді, жылдамдықты, күшті және нақты спорттық шеберлікті жақсартуға көмектесу үшін осы ептілік жаттығуларынан пайда көреді. Бұл жаттығуларды аяқтың жылдамдығын жақсарту және спорттық техниканы жақсарту үшін пайдаланған жөн.

Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады.

Төзімділік

Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділіктің сипатыспортшының ұзақ уақытқа, жай қарқында бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу т. с. с) . Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеттілігі) мүмкіншілігі.

Белгілі әрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз. Мысалы, палуанның арнайы төзімділігі, шаңғышының арнайы төзімділігі, жүзгіштің арнайы төзімділігі т. с. с. Арнайы төзімділіктің көптеген түрлері бар: жылдамдылық төзімділігі, күш төзімділігі, жылдамдық күш төзімділігі, статикалық күш салу төзімділігі және аралас төзімділік.

Спортшы ағзасын жаттығу жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз ету жағынан төзімділік: аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деп үшке бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Допты билеу техникасы
ДЕНЕ ҚУАТЫ ҚАСИЕТТЕРІ
Жеңіл атлетикадағы жылдамдықты дамыту жолдары
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Мектеп оқушыларының ептілік және іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері
Мектеп оқушыларының спортқа деген тұрақты қызығушылығы жәнеқабілеттерін дамыту
Күшті дамытуға арналған жаттығулар
Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы
Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz