Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Карағанды Мемлекеттік Техникалық университеті

Кафедра: Тарих

Реферат

Тақырыбы: ХІХ ғ. - ХХ ғ. Басындағы Қазақстанның өндіріс
орындарындағы жұмысшылар жағдайы.

Орындаған: АиУ 17-1 тобының студенті Аманжолов Е. Ж
Қабылдаған: Касимова С. С

Қарағанды 2017

ХІХ ғ. - ХХ ғ. Басындағы Қазақстанның өндіріс орындарындағы жұмысшылар жағдайы
ХІХғ ортасы-Қазақ жеруне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері:1) Отырықшы мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. 2) Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. 3)Өндіріс орындарының көбейуі
ХІХ ғ. 60ж-ресейлік кісіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтарын мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмасады.
ХІХ ғ 70-80ж-кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал:
Тау-кен өндірісі: 1)Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс,Орталық Қазақстанда ашылды. 2)ХІХғ соңы-ХХғ басындағы 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп орындары-Спасск мыс қорыту зауыты (1857ж), Успен кеніші,Қарағанды көмір алабы,Екібастұз,Риддер кәсіпшілігі. 3) 1898ж-Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен-өнеркәсіп қоғамы құрылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы-Қарқаралы уезі. 4) Химия өнеркәсібінің бастамасы-Шымкент сантонин зауыты (1822ж) 5) Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі ХІХғ.90ж кеңінен пайдаланды. 16жасқа дейінгі жұмысшы балалар үлесі -14%
Темір жолы: 1) 1893-1895жылдар-Сібір темір жолы (ұз.3138км) салынды. Оның 178 шақырымы Қазақ жерін басып өтті. 2)1893-1897ж-Рязань-Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырым қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 3) 1899-1905ж-Орынбор-Ташкент темір жолы (ұз.1656км) салынды. Орынбор-Ташкент темір жолында 30мың жұмысшы болды. (1902-1904ж) . Патша үкіметінің темір жолдар салудағы көздеген мақсаты: 1) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету. 2) Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.

XX ғасырдың басында патшалық Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал - Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Алайда XX ғасырдың бас кезіне қарай ірі өнеркәсіп орындарының басым бөлігі шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Кен орындарын игеруге орыс кәсіпкерлерінің жеткілікті тәжірибесі де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қыруар көп қиындықтарға душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды. Олар шетелдік кәсіпкерлерден қолдау көрсеткені үшін пара алып тұратын. Шетелдік кәсіпкерлер көбінесе кездейсоқ адамдар болды. Олардың арасында қатардағы мұғалімдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тіпті тілмаштар да бар еді. Өздерінің жеке меншігінде капиталы болмаса да, батыс елдеріндегі банкілердің берген несиесіне Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды су тегін дерлік бағамен сатып алып, тез байып шыға келді. Жергілікті арзан шикізатты өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.
Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талан-таражға салып тонаудың салдарынан бірте-бірте істен шыға бастады. Олардағы техника іс жүзінде жаңартылған жоқ. Ал өндірілген шикізат шетел асып кетіп жатты.
1904 жылы Лондонда Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерінен мыс кеніштерін сатып алумен белсенді түрде айналысты. Тап осындай жолмен шетелдіктерге Спасск-Воскресенский және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, сондай-ақ Саран және Қарағанды көмір кендері сатылып кетті. Акция ұстаушылар Англияның, Францияның, АҚШ-тың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа да елдердің азаматтары болды.
Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Олар тез арада Байқоңыр аймағындағы темір кен орындарын да, әк карьерлерін де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей революциясы мен бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі жұмысшыларының жағдайы
ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру ісінің қарқын алуы және қазақ жерінде өнеркәсіптің қалыптасу ерекшеліктері
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында тау - кен кәсіпорындарындағы ұлттық жұмысшыларды дайындау
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал. Қоныстандыру саясаты
Сауда қатынасының дамуы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
XX ғ. Басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, Ерекшелігі және сипаты
Қазақстанның қазіргі заман тарихы туралы
Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайы
1970-1980 жылдардағы Қазақстан
Пәндер