ТЕОДОЛИТ жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеруде және ірі масштабтағы съемкалар кезінде бұрышты анықтайтын геодезиялық аспап


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттвқ Университеті

Факультеті: « География және табиғатты пайдалану »

Кафедрасы: « Гоеграфия, Жерге орналастыру және Кадастр »

СӨЖ

Тақырыбы: « Геодезия туралы жалпы мәлімет »

Орындаған: Мұсахан Ш. Д.

Тексерген: Куттыбаев А. Е.

Алматы

ЖОСПАР

Кіріспе бөлім:

а. Геодезияның даму тарихы

Негізгі бөлім:

а. Геодезияның міндеттері мен салалары

б. Геодезиялық аспаптар мен құрал-жабдықтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер

Кіріспе бөлімі:

Адамзат баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені белгілі. Жерді зерттеу ежелден қалыптасып келе жатқан ғылым саласы деуге болады. Жерді грек тілінде «Геоид» деп атайды, осы себепті жерге арналған ғылыми атаулардың көпшілгі «гео» тіркесімен басталады. Мәселен біз қарастырайын деп отырған «Геодезия» ғылымын айтуға болады.

Гедезия ғылымының даму тарихы 3 кезеңнен тұрады:

1. Ежелгі замандағы дамуы.

2. Орта замандағы дамуы.

3. Ресей империясының қарамағындағы дамуы.

Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану мәселесі де әр түрлі деңгейде болатын. Ежелгі замандағы адамзат қоғамының даму тарихы жер байлықтарын дұрыс пайдалана білуінен даму дәрежесі айқындалып көрсетілген. Ежелгі замандағы жерді өлшеу мен көрнекті ірі құрылыстардың ескерткіштері дүниежүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, б. з. б VI ғасырда Ніл өзені бойында салынған суару жүйесі мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр елінде «Әлемнің жеті керметінің» бірі Хеопс пирамиасын арнаулы геодезиялық өлшемдерсіз салу мүмкін емес еді. Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір сүрген фек математигі Евдем « Жерді өдшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды», - деп жазды. Жер өлшеу өнерін гректер египеттіктерден үйреніп, ол ғылымды ең алғаш «Гоеметрия» ғылымы деп атаған. Ал оны барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым-Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп «Геодезия» деп атады. Ежелгі Мысыр мен Грекиядан кейін геодезия ғылымы Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Қазіргі кезге дейін сақталған ірі құрылыстар қатарына: Ұлы Қытай қорғаны, Боробудур, Мединә, Бағдат, Чанрагута және т. б

Адынғы айтылған құрылыстар сол дәуірде мәдениеттің жоғары болғандығын дәлелдейді. Мәдениеттің жоғарғы деңгейде дамуына жер өлшеу ғылымыда өзіндік үлесін қосып отыр және соның арқасында өзі де дамып отырған. Араб мәдениеті дамымаған кезеңде Аристотельден кейін әлемнің «екінші ұстазы» энциклопедист, ғалым, данышпан Әбу Насыр әл-Фараби геодезия ғылымы, геодезиялық аспаптар туралы «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегін жазды. Г. Галилей жасаған көру дүрбісінің геодезиялық өлшеу дәлдігі жоғары болды. Ресейдегі геодезиялық жұмыстар XVIII ғасырда қолға алына бастады. Сол жылдары арнайы геодезиялық оқу орындары мен геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы кезде Ресейде теңізде жүзу, әскери іс және сауда қатынастары дамып геодезиялық өлшеулерді қажет етті. Осы мақсатпен көптеген анықталмаған жерлерді түсіру үшін экспедициялар жібере бастады. Сол кездегі экспедициялардың бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтарына, Қырғыз шекараларына топографиялық түсірістер жүргізілді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық зерттеулердің жоғарғы деңгейде өтуіне көптеген еңбек сіңірген геодезист В. Я. Струве болды. Геодезиялық зерттеу жұмыстарының жоғарғы деңгейде дамуына Кеңес үкіметі кең жол ашты. Геодезиялық зерттеулерді жүргізетін ғылыми-зерттеу институттары мен мамандар даярлайтын оқу орындары ашыла бастады. 1925 жылдан бастап мемлекеттік карталар жасау үшін әуеден түсірілген суреттер қолданыла бастады. Қазірге кездеде топографиялық-геодезиялық жұмыстары одан әрі дамуына ғарыштық түсірілімдер зор үлесін қосуда.

Негізгі бөлім:

а. Геодезия-Жердің пішіні мен көлемін, жердің қималарын жасауда, инженерлік жүмыстарды жобалауда, пайдалануда және жүргізуде қолданылатын ғылым саласы болып табылады. Геодезия ғылымы әр қашан үдеріссіз даму үстінде жүреді. Ол ғылыми-техникалардың жедел дамуына байланысты өз мазмұнын өзгертіп отырады. Осыған орай геодезия ғылымы бірнеше ғылыми салаларға бөлінеді: Жоғары геодезия, Картография, Аэрофототопография, Қолданбалы геодезия. Енді әр саласынажеке тоқталатын болсақ ең алғаш жоғары геодезия саласынан бастаймыз.

Жоғарғы геодезия саласы - жер және планеталар пішіні мен олардың көлемдерін зерттеумен және геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру туралы міндеттерін шешеді. Жоғарғы геодезия саласын тереңірек зерттеу нәтижесінде одан бірнеше пән бөлініп шықты. Оларға: геодезиялық астрономия, гравиметрия және ғарыштық геодезия пәндері жатады.

Геодезиялық астрономия - геодезиялық тірек жүйелерін құруда және аспан денелерін бақылау кезіндегі координаталық мәліметтерді анықтаумен шұғылданады.

Годезиялық гравиметрия - жер бетіне түскен ауырлық күшті арнайы аспаптармен өлшеу арөылы жерді зерттеумен шұғылданады.

Ғарыштық геодезия - жердің жасанды серіктерін пайдалана отырып жер беті нүктелерінің геометриялық арақашықтарын зерттеумен айналысады.

Кортография - жер бетінің біраз бөліктерінің кескіндерін әртүрлі мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестерін және көбейту технологиясын зерттейді.

Аэрофототопография - аэросуреттерді топографиялық карталар мен планда жасалу жолын зерттейді және оны жетілдірумен шұғылданады.

Қолданбалы геодезия - құрылыста, ғимараттар мен үйлерді салу кезінде және құрылыс жабдықтарын монтаждауда, табиғат байлықтарын пайдалануда және инженерлік жұмыс кезінде жасалатын геодезиялық жұмыстардың әдістерән зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезия жоғарғы геодезия, топографияның және маркшейдерлік істітерін кеңінен пайдаланады, кей жағдайларда өзінің өлшеу тәсілдерін қолданады.

Ал енді геодезияның негізгі міндеттеріне - жер бетіндегі белгілі бір нүктелердің кординаттарын бір жүйеде анықтау; тау-кен кәсіп орындарын жобалау, оларды салу және пайдалану кезіндегі қажетті әртүрлі өлшемдерді жер бетінде, жер астында, теңіз бен ғарышта жүргізу; республиканың қауіпсіздігін геодезиялық ақпараттар мен қамтамасыз етіп отыру міндеттері жатады. Осы айтылған міндеттерді орындау барысында геодезия, физика, математика, геоморфология, механика, радиоэлектроника, география, фотограмметрия сияқты ғылым салаларының көмегіне жүгінеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өндеуде математикалық әдістер мен есептеу техникасын, оның ішінде цифрлық және электронды машиналар қолданылады.

б. Геодезияны кеңінен пайдалану үшін арнайы геодезиялық құрал жабдықтардың орны ерекше. Геодезиялық аспаптар геодезиялық топтарды құру жұмыстарында, инженерлік құрылыс пен әр түрлі съемкалық жұмыстар жасағанда қолданылады. Расыменде жолдарды салу, тау кен жұмыстарын жүргізу, магистральды құбырларды төсеу және ғимараттарды салу кезінде геодезиялық жабдықтарсыз жұмыс жасау мүмкін емес. Геодезиялық аспаптардың ішіндегі жиі қолданылатын аспаптарға: нивелир, теодолит, буссоль, тахеометр т. б жатады. Бұл аспаптарға қысқаша тоқталсақ:

НИВЕЛИР екі нүкте биіктігінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап. Өзара биіктікті анықтау үшін невелирдің бірнеше түрлері бар: геометриялық, тригонометриялық, гидростатикалық, барометрлік нивелирлеу. Нивелирдің негізгі қасиетіне: дәлдік пен визирлық осьті горизонталь жағдайға келтіру жатады. Қазіргі уақытта нивелирлеу үшін дәл нивелилер H-3, H-3К, техникалық H-10KЛ нивелир қолданылады.

ТЕОДОЛИТ жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеруде және ірі масштабтағы съемкалар кезінде бұрышты анықтайтын геодезиялық аспап. Бұл аспаптың ең маңызды бөліктеріне оның қарау түтігі мен градусталған екі вертикальды және горизонтальды шеңбері жатады. Осының арқасында горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірден анықтауға болады. Теодолит аспабының негізгі екі түрі бар, олар: оптикалық және электронды теодолит.

БУССОЛЬ жергілікті жерде магниттік азимут пен румбты өлшейтін геодезиялық аспап. Буссольдың анықтамалары сақталатын нормаль буссольдік көрсеткішпен тексеріледі. Дөңгелек буссоль немесе буссоль бағдарлауыш дәл және техникалық теодолиттерде болады.

Буссоль ПАБ-2

ТАХЕОМЕТР шапшаң түсіру кезінде қолданатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің арақашықтығын горизонталь және вертикаль бұрышы анықталады. Тахеометрлер дөңгелектік, намограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып бөлінеді.

Қазіргі таңда геодезиялық аспаптардың жаңа заманау түрлері шығып кез келген қиындықты шешу кезінде керек құралды пайдалана алады. Бүгінде кеңінен танымал және қолдануға ыңғайлы лазерлік ұшақ құрастырушылар, лазерлік диапоздар, оптикалық теодолиттер, геодезиялық қабылдағыштар, далалық контроллерлер және т. б аспаптар жасалынды.

Қорытынды:

Мәліметтерді қорытындылайтын болсақ геодезия ғылымы мыңдаған ғасырлар бұрын пайда болып, қазіргі уақытқа дейін қарқынды дамып келе жатыр. Жер өлшеуді ең алғаш египеттікттер пайдаланып кейіннен бүкіл әлемге таралған. Геодезия ғылымы әр заманда өзінің жаңа қасиеттері мен міндеттерін дамытып жаңа заман талабына сай өзгеріп отырған. Геодезия ғылымы саласында көптеген ғалымдар өз еңбектерін сіңіріріп ғылыми еңбектер мен аспаптар ойлап тапқан. Бұл ғылым саласы арқасында көптеген ғимараттар мен инженерлік құрылыс жүйелері жасалынды. Геодезия ғылымы бірнеше салаға бөлініп көптеген зерттеу жұмыстары мен қызметтерде пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік
Геодезия
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Топографиялық түсірістің сапасын бағалау
Инженерлік геодезиялық ізденістер
Электронды тахеометрлерді құрылыс өндірісі
Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау
Геодезия (сұрақ-жауап)
Геодезиялық аспаптарды жұмысқа дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz