Желін жарасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Сүт безінің қабынбай өтетін ауруларының таралуы(агалактия, гипогалактия, сүттің бөлінбей тұруы, лакторея) балу және емдеу шаралары.

Орындаған: 6В09102 - Ветеринарлық санитария
мамандығының 3 курс 303 топ студенті
Мақсұт Мадияр

Тексерген: Күзембаев Жарас

АЛМАТЫ 2021

1

Жоспары:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Гипогалактия және агалактия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Желінсау түрлерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары және қызметінің бұзылуы ... ...13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары малшаруашылығы қайта
жаңғырып, жаңадан көптеген сүт өндіретін шаруашылықтар ашылып,
сонымен қатар бұрынғы шаруашылықтар жаңадан дами бастады.
Асылтұқым мал қсіріп өнім беретін шаруашылықтарға ҚР өкіметі 25-30
пайыздық датациалық көмек беруде.Бүгінгі таңда малшаруашылығында сүт өнімділігін арттырудын негізгі жолдарының бірі - сауынды сиырлардың сүттілігін көбейту. Бірақта бірден бір кедергі факторларының бірі сиырдың желін безінің қабынуы, жарақаттануы, қабынбай өтетін ауруларын дер кезінде анықтап, емдеу және алдын алу шараларын жүргізбеуден, сонымен қатар малды дұрыс бағып күтпеу. Республика бойынша көптеген шаруашылықтарда сүт өндіру өндірістік жолға қойыла басталды, атап атсақ Родина, Адал,
Фудмастер, Астана - өнім, П3 Алматы, Байсерке-АГРО, тағы
басқалар. Көптеген шаруашылықтарда алдыңғы технология қолданып,
барлық жұмыстар автоматтандырылған және механикаландырылған.
Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге карайтын болсақ, технологиялық
процесстің орындалу кезінде ветеринарлық - санитарлық талаптар
орындалмай желін безі қабынып, сүт өнімінің сапасы төмендейтіні белгілі.
Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып дипломдық жұмыстың мақсаты -
"Сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырдың желінсауын балау және
алдыналу".Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді алдық:
1. Ташкенбай шаруашылығы бойынша желінсаудың таралуын
анықтау.
2. Сүт зауытына тапсырылатын сүт сынамаларына зерттеу жүргізу.
3. Желінсаудың сүттің ветеринарлық - санитарлық сапасына әсер
етуін анықтау және емдеу әдісін жетілдіру.

Негізгі бөлім
1.1 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары
Желіннің сірлі ісінуі бұл ауру буаздықтың соңғы айларында
байқалады, ол қанның сұйық бөлімінің тері астындағы үлпілдек ұлпаға
жиналып, желіннің ісінуі.Себептері. Желіннің сірлі ісінуі жоғары өнім беретін сиырларда жиі кездеседі, олардың буаз кезінде шырынды азықтармен, жем-шөптермен тамақтандырып, серуенге шығармағанда байқалады. Буаз малдың туар алдында желініне қан қарқынды келіп, төлдің қысымынан қан тамырлары
сығылып, қан қайта алмай турып қалады. Қан тамырларының сығылу
нәтижесінде капилляр-тамырларының қабырғасынан қанның сұйык бөлігі
тері асты үлпілдек ұлпасына жиналып қалады .
Көріністері. Желіннің ісіну кезінде малдың жүруі қиындайды.
Желіннің көлемі шамадан тыс үлкейеді, артқы бөлімдері алдынғы
бөлімдерінен бірнеше есе үлкен болады. Кейбір кезде құрсақ қабырғасының
төменгі жағыда ісіп кетеді. Желін емшектері іспейді сондықтан олар қысқа
сияқты көрінеді. Желін терісінің іскен жерлері қалың, ылғал, суық, иленген
қамыр тәрізді және басқан кезде ауырсынбайды, саусақтардың ұшымен
басып көргенде, жайымен қайта қалпына келетін шұңқырлар пайда болады.
Әдетте ісік туғаннан кейін 10-12 күн де тарап кетеді, кейбір кезде
аталған уақыттан асып кетіп созылмалы түрге айналады. Ісіктің созылмалы
кезінде желіннің қабынған жерлері дәнекер ұлпаның пайда болуына
байланысты тығыздалып-қатайып кетеді. Аурудың асқынған кезінде, малдың
сүті төмендеп, жойылып кетеді. Егер ісінген желін жарақаттанса, инфекция
кіріп флегмонаға айналады. Кейбір мамандардың тәсілі бойынша ісікті емдегенде желіннің терісін 2 см тереңдікпен тіледі, осыдан соң ісік тез арада тарап, жарасы асқынусыз жазылып кетеді. Алдын алу. Жоғары өнім беретін сиырлардың сірлі желінсауының алдыналу үшін, буаз кезінде күнделікті серуендетіп, төлдеуіне 2 апта қалғанда, рационындағы шырышты азықпен, жемді азайтады.Желін гиперемиясы .Желін гиперемиясы мал төлдегеннен кейін
байқалады және желін безіне артериялық қанның көп мөлшерде келуімен
сипатталады, кейбір жағдайда сүттке қан араласуыда мүмкін. Бұл ауру
көбінесе жоғары өнімді малда кездеседі .Көріністері. Желін терісі қызарған, тығыз, жергілікті температурасы көтерінкі. Сүттің түсі қызғылт, кейбір кезде қан араласқан, әдетте бір емшегінен сауылған сүтте қан көбірек болады, сүт машинасымен сүтті тартып қаймағын айырғанда сепаратордың қабырғасында қызғыл түсті клегейлі қабат түзіледі. Егер сүтті стақанға құйып бірнеше сағатқа қалдырса, стақан түбіне эритроциттер қабаттанып шөгеді, қабаттың қалындығы желіннің гиперемия дәрежесіне тікелей байланысты болады.

Көріністері. Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген,
қатайған және ауыршаң жерлері байқалады. Желіннің зақымданған жағынан
сүтпен бірге ұйыған қан сауылып шығады. Ірі қан тамырлары жарылғанда
желін төңірегінде гематома пайда болады .Алдыналу. Желін жарақаттарының алдыналудың негізгі бағыттары:малдың жайылымын кесілген ағаштан, бұтақтардан, тікендерден тазартады,сүзеген сиырлардың, бұқалардың мүйізін кесу, желін жарақатына әкеп соғатын тағыда басқа себептерді жою керек.
Желін жарасы. Желін жарасы мал бір-бірімен сүзіскенде, қоршаудан
секіргенде, бұтақтармен тікеннің арасынан жүргенде пайда болады.
Көріністері. Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген,
қатайған, ауыршаң жерлерін байқауға болады. Желіннің зақымдалған
бөлімінен қан араласқан сүт шығады. Желін жарасы бетінде және тереңінде
деп екіге бөлінеді. Беттік жара желіннің терісін және тері астындағы
клетчатканы зақымдайды. Бұл жаралардың өзіндік ерекшеліктері болмайды,
басқа жеріндегі жараларға тән көріністер байқалады олар: жарақат жерінің
ажырап туруы, қансыруы, ісінуі тағыда басқа белгілі көріністері байқалады.
Терең жарада безді ұлпа, цистерна қабырғасы, сүт жолдары
зақымдалып, қан араласқан сүт шығады, бұл құбылыс жараның тез
жазылуына кедергі жасайды, соның нәтижесінде сүт түтігі (свищ) пайда
болып, сөл арқылы желін безінің ұлпасына микроорганизмдер еніп, сүт безі қабынадыда, зақымданған бөлімнің сүт өнімділігі төмендеп, мүлдем
жойылып кетеді.Желін фурункулезі (шиқан)
Желін фурункулезі - ол желіннің терісі және тері астындағы
клетчаткасының іріндеп зақымдануы, сиырларда көбнесе көктем - жаз
айларында кездеседі. Ауру бір табындағы сиырлар арасында жиі кездеседі.
Желін фурункулезінің қоздырғыштары стрептококтар және
стафилококтар. Фурункулезге әкеп соқтыратын себептер: сиырларды
антисанитарлық жағдайда ұстау және сауыншылардың, малшылардың
қолының терісіндегі ірінді жарақаттар.

1.2 Гипогалактия және агалактия.
Гипогалактия дегеніміз сүт өнімінің төмендеп кетуі, ал агалактия
сүттің мүлдем болмай қалуы - сүт безінде ешқандай ауру белгілері білінбей
қызметінің төмендеуі. Агалактия және гипогалактияның физиологиялық
және патологиялық түрлері болады. Физиологиялық гипогалактия және агалактия малды суалтар алдында,саууын тоқтатқаннан кейін пайда болады.
Жоғары өнім беретін малды уақытында суалтпай организмнің
қажуынан, дұрыс азықтандармау салдарынан, минералды ашығуынан,
созылмалы аурулардан, кейбір гормоналды препараттардың шамадан тыс көп
мөлшерде егудін салдарынан (мысалы айтатын болсақ синэстрол, буаз
биенің қан сары суы (ББҚС), буаз биенің гонодотропиндері) мал организмі
патологиялық гипоагалактияға ұшырайды. Патологиялық гипогалактияның және агалактияның емделуі және алдыналу шаралары себептерін жоюға негізделген. Бірінші тума құнажындардың рефлекторлық гипогалактиясы кезінде сауар алдында күре тамыры арқылы 10-20 ә.б. окситоцин жіберген дұрыс.Егер гипогалактия желіннің гипофункциясына байланысты болса, ауырған малға құнарлы көк-шөп беріп, екі күн қатарынан 3-4 л уыз ішкізген дұрыс.Сонымен қатар күре тамыры арқылы сауар алдында 10-20 ә.б. окситоцин
егіп, желінді күніне 2-3 рет сылап-сипаған жөн. Желінсау - дегеніміз желіннің қабынуы және ауру туғызатын себептерге қарсы организмінің жауап беруі. Желінсау желін безіндегі ұлпаларда және секретіндегі патологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл ауру малшаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, малдың сүт өнімділігі төмендеп, сүттің санитарлық, технологиялық тағамдық сапасы бұзылады және сиырларды уақытынан бұрын шаруашылық істен шығаруға тура келеді. Желінсаудың себептері - желінсау қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен болады. Желінсауды тудыратын нақты және жиі кездесетін себептерді атап айтатын болсақ олар: індет аурулары, организмнің улануы, әртүрлі жарақаттар, сауу ережелерінің бұзылуы және сауу аппараттарының дұрыс пайдаланбауы.
Желінсаудың тікелей себептерінен басқа осы ауруға әкеп соқтыратын
жағдайларды да айтуға болады: азықтандыру ережелерінің бұзылуы,
сиырлардың қорасының антисанитарлық жағдайы, желіннің суыққа урынуы,
малдың гиподинамиясы, организмнің төзімділігінің төмендеуінен желін
безіне микробтардың еніп дамуы.

Микроорганизмдердің дамуы немесе қабыну процессінің асқынуы
желінсауға әкеп соқтырады.Желінсау кезінде желіннен көбінесе стафилакокктарды және стрептококктарды таза күйінде ажыратып алуға болады, ал басқа микроорганизмдер, соның ішінде ішек таяқшалары сирек кездеседі. Желін безіне микроорганизмдер көбнесе үш жол арқылы түседі:
галактогендік - емшек үрпісі арнасы арқылы, лимфагендік - желін безінің
терісінің жарақаты арқылы, гемотогендік жол - қан тамырлары арқылы,
басқа органдар, жыныс мүшелерінен қабыну эксудаты желінге түсуі
мүмкін, мысалы (эндометриттер, гастроэнтериттер). Желінсауға әкеп
соқтыратын себептердің ішінде мал организмінің жеке ерекшеліктерінде
атап өтуге болады: емшектерінің және желіннің пішіні мен көлемі, малдың
тұқымы, генетикалық статусы, желінсауға әкеп соқтыратын факторлардың
бірі ата - анасы арқылы беріледі. Желінсау лактация кезінде де, сауылған кездеде және тұғаннан кейінгі кезеңде де жиі кездеседі. Суалтқан кезде сиырды саууды тоқтату, төлдер алдындағы және суалу кезіндегі сүт безінін ұлпаларының өзгеруі организмнің төзімділігін төмендетіп, соның салдарынан бұрыңғы жасырын өтіп жатқан қабыну процесстері асқынып індетке шалдығып жіті желінсаумен ауруы әбден мүмкін. Мал төлдегеннен кейін организмнің
улануынан желіннің ісінуінен және көптеген туғаннан кейінгі аурулардың
салдарынан желінсаудың дамуы мүмкін.
1.3 Желінсау түрлерінің жіктелуі
Профессор А.П.Студенцовтың кестесі бойынша қабыну процессінің
сипатына қарай желінсаудың келесі клиникалық түрлері кездеседі:
- серозды (сірлі)
- қатаралды а) сүт жалдарымен және цистерналардың катары
б) альвеолалар катары
- фибронозды
- ірінді а) ірінді - катаралды
б) желін абцесі
в) желін флегмонасы
- геморрагиялық
- тәнді(белгілі бір аурулардың салдарынан)
а) желін аусылы
б) желін туберкулезі
в) желін актиномикозы
- асқынған түрлері : а) желін индурациясы
б) желін гангренасы
Қабынудың бір түрі екіншісіне айналып аралас болуы мүмкін
(серозды-катаралды, серозды-фибринозды және тағы басқалары). Өту
уақытына байланысты жіті және созылмалы желінсауға бөлінеді. Желінсау
клиникалық белгісіз жасырын өтуі мүмкін, немесе безді ұлпаның
атрофиясымен аяқталады, кейде сүт безінің индурациясына, немесе
гангренасына әкеп соғады.
Жасырын желінсауды анықтау үшін арнайы зерттеу әдістерін қолданады. Жасырын желінсау клиникалық түрге айналып, соның салдарынан гипогалактиямен, кейде сүт безінің атрофиясына ұшырап
толық агалактияға әкеп соғады.
Сарысулы желінсау
Сарысулы желінсау сүттің желінінде тұрып қалуымен белсенді
гиперемиямен, сарысудың айналадағы тканьдерге сіңуімен сипатталады.
Себебі: сарысулы желінсау көбінесе туғаннан кейін алғашқы екі аптада
тұрып қалудан болған ісінуден кейін, шуы түспей қалғанда, жатырдың
атониясымен субинволюциясынан кейін және де жыныс органдарының жіті
қабынуы асқынуы салдарынан болады.Клиникалық белгілері және анықтауы: Аурудың басында желіннің бір немесе бірнеше бөліктері аздап ауырсынады, ісінеді.Жалпы (малдың) жағдайы жақсы, тәбеті, дене қызуы, тамыр соғысы,
тынысы қалыпты жағдайда. Содан кейін зақымданған бөлігі әркелкі
тығызданып, көлемі үлкейеді, ыстығы көтеріледі, терісі қызарады, тырсиып
тұрады. Малдар қатты ауырсынғандықтан тіпті артқы аяқтарынан ақсап
қалады. Желінсаудың даму дәрежесіне орай желін үсті лимфа түйіндері
қалпында қалады немесе ауырсынып, көлемі үлкейеді. Желіннің бір бөлігі,
жартысы, тіпті түгелімен зақымдануы мүмкін. Сарысулы желінсау кезінде
желіннің көлемі тек желін тканьдерінде сары судың сіңуінен ғана емес,
сүттің тоқтап қалуынан да үлкейеді. Желіннің көлемі үлкейген сайын
тығыздана беріп ақыры тастай болып қатып қалады. Сары сулы желінсауды
оның басқа түрлерінен ажырататын ең басты белгісі - сүттің көлемі мен
сапасының өзгеруі. Ауырған бөлігін сүті қалыпқа қарағанда 80%-ке азаяды.
Малдың жалпы сүт өнімділігі 10-30% төмендеп, ауырған бөлігінің сүті
сұйылып көкшіл тартады.
Катаралды желінсау
Катаралды желінсаудың сарысудан айырмашылығы қабыну процессіне
цистернамен сүт жолдары, кілегей қабығы мен альвеол эпителий торшалары
ұшырайды.Егер қабыну процессі цистернамен сүт жолдары кілегей қабықтары
тарапынан байқалса, онда цистерна мен сүт жолдары катары деп атайды. Ал
альвеолдар катары болса, онда альвеолдар эпителиі зақымданады. Себебі: катаралды мастит көбінесе машинамен және қолмен сауу процессінің
дұрыс болмауынан туындайды. Дұрыс сауылмаса цистернасында, сүт
жолдарында, үрпіде көптеген ұсақ жарақаттар пайда болады. Әсіресе
саусақтармен қысып сауғанда, сауым аппаратының стакандарын мөлшерден
тыс ұстағанда, вакум жоғары болғанда, сауым стакандарының серпімділігі
төмендесе, үрпі кілегей қабығыны сыртқа аударып зақым келтіреді. Маңызы
себептерінің бірі сиырды, әсіресе желінді лас ұстау. Сиырларды сауу алдында желін дұрыс жуылып сүртілмесе, лас жерде тұрса іріңді микрофлораның дамуы арта түседі. Егер малдың жалпы жағдайы нашарласа, желіндегі кәдімгі микрофлора патогендікке айналып кетуге әкеледі.

Бұған сиырды шала сауу, уақытында саумау, сүттің сауылуын тежеу
және тағы басқа себептер жатады. Катаралды желінсау желіннің бір немесе
бірнеше бөліктерінде сауын кезеңінің, әр кезінде де, суалтқанда, суалу
кезеңінде де кездесе береді. Әйтсе де сиыр бұзаулағаннан кейінгі алғашқы
екі-үш аптада жиі кездеседі. Егер желінсауды суалтудың алғашқы күндерінде
анықтай алмаса, суалу кезінде ол жасырын созылмалы түріне айналып кетеді.
Ал суала бастағанда ол асқынып, клиникалық желінсауға айналады.
Клиникалық белгілермен анықтау.Сүт цистернасы мен жолдары қабынды ма, әлде альвеолдар қабынды ма, осыған байланысты клиникалық белгілері де әр түрлі байқалады. Цистерна және сүт жолдары катарында қабыну процесі цистернамен ірі сүт жолдары тканьдерінде өрбиді. Сондықтан зақымданған бөлігі төменгі жағынан, емшектің түбінен ісінеді. Зақымданған жердің емшектері үлкейіп кетеді. Олардың тканьдері ісініп, қызарып, ісіп жайылып бүкіл цистернаны, әсіресе емшек жақты алып, көлемін тарылтады. Бұл өзгерістерді сауынды бақылағанда және емшектерді мұқият сипағанда анықтауға болады.Сүт цистернасының ісігі қайткенде де үрпіні тарылтады.

Іріңді-катаралды желінсау
Іріңді-катаралды желінсауға цистерна, сүт жолдары, кілегей қабығы,
альвеолдар аппараты ұшырайды.Себебі: іріңді-катаралды желінсау. Катаралды желінсаудың асқынуы болып табылады. әдетте ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Қой мен ешкілердің желінсауын анықтау және емдеу шаралары
Жұқпалы аурулар туралы
Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Ет өнімдерінің тұтынушылық қасиеттері мен тағамдық құндылығы
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Диагноз - Фибринозды желінсау
Желіннің флегмонасы
Пәндер