Батпақты артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «География, жерге орналастыру және кадастр»
Мамандық: «Кадастр»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Алқап- жер кадастрының негізгі элементі»
Орындаған: Қанат Шұғыла
Тексерген: Бектурганова А. Е.
Алматы қаласы 2021 жыл
Жер учаскелері құнарлығы, нақты жай-күйі және пайдалану жағдайларына қарай әртүрлі. Осыған орай олар нақты шаруашылықта пайдалану объектілері бойынша жер алқаптарына бөлінеді. Сондықтан жер алқабы жер кадастрының негізгі элементі болып саналады. Жер алқаптары деп нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттерге ие болған аумақтарды айтамыз.
Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры категорияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен, алқаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым түрлері және түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.
Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.
Егістік жерлерге - ауыл шаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі түрде өңделетін және пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.
Тыңайтылған жерге - бұрыннан егістікке пайдаланып келген және бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған және сүдігерге дайындалмаған жерлер кіреді.
Тыңайтылған жер - таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, төмпешікті болып бөлінеді.
Көпжылдық екпе ағаштарына - жеміс-жидек өнімдерін, техникалық немесе дәрілік өнімдер алуға арналған, жасанды құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер жатады.
Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.
Суармалы деп өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.
Құрғақты- бұл негізінен жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.
Батпақты артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар.
Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін және күтім жасалынатын жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады
Жайылымға- мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер жатады. Жайылымға шабындықтар мен тыңайтылған жерлер жатпайды. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.
Мәдени жайылым- түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақытымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.
Жайылымды жақсартудың екі түрі бар: жердің үстінгі қабатын жақсарту және түпкілікті жақсарту. Жердің үстінгі қабатын жақсарту деп құрғату, бұталардан және ағаштардан тазарту, томарларды құлату, табиғи шымнан бөлмей шөптерді егу бойынша жүргізілген шараларды айтамыз. Оның нәтижесінде олардың өнімділігі нәтижелерімен салыстырғанда жоғарылаған жерлер жатады. Түпкілікті жақсартылған жайылым- түпкілікті жақсарту бойынша жүргізілген шаралар нәтижесінде жаңа мерзімдік жаңартылатын жер оты құрылған жер учаскелері.
Қазақстанда жайылымдарды есепке алу барыснда суарылатын жайылымдарды да қарастырады. Суарылатын жайылымға мал басын сумен қамтамасыз ете алатын, су көздеріне ие болған жайылымдарды жатқызамыз.
Ауыл шаруашылық алқаптарынан басқа есепке алу барысында басқа жер алқаптары мен пайдаланылмайтын учаскелерде қамтылады.
Орман белдеулеріне ауылшаруашылық алқаптарын эрозиядан, құрғақтанудан, желден қорғау мақсатымен және құрғату немесе суару тармақтарын қорғау үшін құрылған белдеу түріндегі орман көшеттері жатады.
Батпақтар - жер асты суларының көтерілуі және жауын- шашын нәтижесінде жер бетінің үстінгі қабатының ылғалданып, суланып, шіріп кеткен, шымтезек түріндегі жерлерді батпақтар деп атаймыз.
Су асты жерлеріне жалпы су астындағы және өзендер мен жылғалар, көлдер, су қоймалары, каналдар, тоғандар мен басқа да жасанды суаттар астындағы, коллекторлар мен арықтар арасындағы бөлек аудандар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz