Фараби туралы


Қазақастан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университет
Реферат
Пәні: Рухани сабақтастық
Тақырыбы: “Әл-Фарабидің рухани мұрасы”
Орындаған: Махаш Диана
Тексерген: Әбдімомынов Еділбек
Тараз 2021
I. КІРІСПЕ :
Әбу. Насыр Әл. Фараби туралы
II. Негізгі бөлім:
а) Әл. Фараби тарихи мұралары
ә) Әбу. Насыр Әл. Фараби екінші ұстаз
б) Әл. Фараби еңбектеріндегі тәрбиелік мәселе
III. ҚОРТЫНДЫ:
Данышпан, философ Әл. Фараби
... жалғасыКіріспе
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала) . Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Негізгі бөлім
Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл -Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Тарихи деректерде Әл- Фараби 70-ке жуық тіл білгенін көрсетеді. Әл-Фарабидің ғылыми қызметі орта ғасырлық араб, мұсылман мәдениетінің гүлдену дәуіріне, яғни біздің дәуіріміздегі оныншы ғасырдағы мұсылман реноссансына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта Әл -Фараби ойларының өзектілігі, маңыздылығы қайтадан арта түсуде. Бабамыздың көзқарасында саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген. Қазіргі кезде әлем ислам және батыс өркениетінің текетіресу қаупі алдында тұрғанда, ислам мәдениетімен астасатын экстремистік және лаңкестік көңіл- күй үдеп келе жатқан кезде, ұлы философтың мұрасы адамзаттың күллі көзқарасын шешуге көмек бере алады.
Өз заманында дамыған барлық ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады да, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра қалдырды. Әбу Насыр Әл -Фараби құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту мақсатында мектебімізде «Әбу Насыр Әл -Фараби және оның мұралары» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Оқушылардың ғылыми шығармашылық белсенділігін көтеріп, арттырды. Оқушылардың көркем, ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс дағдыларын дамытып, зерттелген материалды жалпылама сипаттауды үйреніп, талдау дағдыларын қалыптастырып, өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білді. Оны ауызша, жазбаша түрде баяндай білуге дағдыланды.
Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық.
Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы - дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушы Е. Э. Бертельс бұл туралы: “Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Бірінші және екінші Аналитика”, “Топика”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика” секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді “Екінші ұстаз” атандырды” деп жазады . (Осы орайда “Екінші ұстаз” атауы жөнінде қалыптасқан жоғарыдағы пікірден өзгеше өрбіген дінтанушы М. Бұлұтайдың: “Фарабидің “Екінші ұстаз” аталуын дәреже жағынан емес, тарихтағы кезеңі жағынан екіншілік деп түсінеміз” деген пікірін де ескере жүрген жөн секілді ) .Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам философиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып келді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы рухани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шыға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ойлауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәрбиеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс - бұл эллинизмнің Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Батыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Батыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.
Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иждихад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мәселелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.
Біз әр түрлі діни ғылымдар бойына өздерінің терең ойларымен белгілі болған ортағасыр Ислам философтарын еске алып салыстырар болсақ, орта ғасыр тарихшылары мен ғалымдарының философия тарихындағы Фарабидің дәрежесі олардың дәрежесіне қарағанда әлдеқайда жоғары екеніне сенімді болды. Фарабидің өздерінің идеологиялық қарсыластарына тигізген әсеріне көңіл аударатын болсақ, еш талассыз, оның дәрежесі мен философиялық ойлау мәдениетінің жоғары екені тайға таңба басқандай-ақ көрініп тұр.
Бұл критерийді әл-Фарабидің өзінің философиясынан іздеу керек. Егер біз әл-Фарабиді - Ислам философиясының негізін салушы деп айтатын болсақ, одан кейінгі ойшылдардың талқылап ой қоса алатын өзіне тән философияық принциптері мен идеяларының болғаны шүбәсіз. Бұл қандай негіздер мен принциптер? Бұл негіздердің ежелгі гректік және александрлық философиялық мектептердің ойларынан қаншалықты айырмашылығы бар?
Әл-Фараби және оның ізбасарларының антикалық дәстүрді бойларына қалай сіңірді. Әл-Фараби философиялық рухани әлемінің қалыптасуына антикалық философияның нақтырақ айтсақ, Аристотель философиясының ықпалы қалай болды? Оны қалай зерттеді?
Біз әл-Фараби және оның ізбасарларының ежелгі грек философиялық мектептерінің еңбектеріне тек қана комментарий жасаумен шектеліп қалмағанын білеміз. Қазіргі кездегі белгілі неміс философы Мартин Хайдеггер ортағасырлық мұсылман философтары жайлы айтқанда былай ой тұжырымдайды: «Әрине, олардың (ортағасыр философтары) Аристотель философиясын түсінбеді деген жалған болар еді. Олар оның философиясын жаңа қырынан ғана көріп қоймай, оған жаңа мән мен талғам берді», - дейді.
Демек, әл-Фараби де және оның ізбасарларының да ежелгі грек философиясын соқыр таныммен зерттемей, оны терең түсіне білді.
Аристотель мен Платон философиясы арасында қайшылық бар, бірақ күмәнсіз оның себебі әл-Фарабидің оларды дұрыс аудармағанында емес. Әл-Фараби жаңа философиялық түсініктер орната отырып соларға сай нәтижелерге жетіп отырды. Бұл нәтижелердің көрінісін дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым салаларында байқай аламыз. Бұл енгізілген «жаңашылдықтарда» әл-Фарабидің философиялық принциптері мен философиялық көзқарастарының ең алғашқы бастауы ретінде дін қаралады, әрине дін бұл жерде ерекше философиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен философия сонау софистер заманынан бері бір-біріне қарсы қарастырылып келді. Сократқа тағылған айыптардың бірі оның діни құндылықтарды мойындамай, онымен санаспауында еді (яғни ол философияны діннен жоғары қойды) .
Бірақ ортағасырларда дін мен философияның бірлігі мәселесі Ислам философиясындағы алдыңғы тақырыптардың бірі болды. Әл-Кинди әл-Фарабидің ойына қарсы пікір айта отырып, философия мен дін екі түрлі қарама-қарсы күштер және олар дүниені түсіндіру мен ақиқатқа жету жолында әр түрлі позиция ұстанады деген ойда болды. Фарабидің ойынша философиялық ақиқат сияқты діни ақиқат та бар, бірақ бұл бір ақиқаттың екі түрлі көрінісі сияқты.
Философия арнайы заңдар мен аргументтер, дәлелдерге негізделіп жасалатын болса, ал дінде осындай аргументациялар мен дәлелдердің үнделуі мен бұйырылуы түрінде көрініс береді. Жоғарыдағы сөздерді қорыта келе, әл-Фараби философияның дінмен салыстырғанда алғашқы бастама ретінде атап өтеді. Әл-Фараби бұл жерде философияның алғашқы бастама болуы оның ең бірінші әрі айқын артықшылығы етіп көрсетуге тырыспайды. Бірақ ол философияның дінмен салыстырғанда пайда болу уақыты тұрғысынан алғашқы болуымен қатар ол барлық жағынан діннен жоғары тұратынын айтып өтеді. Әл-Фараби тіршілікте философия мен дін арасында ешқандай қарама-қайшылық көрмегендігін көрсетеді. Оның басты мақсаты - философия мен дінді татуластыру.
Осы ойлармен тығыз байланысты әл-Фарабиді екі маңызды сұрақ қатты толғандырған:
- Платон мен Аристотель философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоққа шығарып, оларды татуластыру;
- Ислам дүниетанымы мен ежелгі грек философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоюға тырысқан.
Сол уақыттарда грек философиясына қарсы бағытталған басты сын Платон мен Аристотель арасындағы қарама-қайшылықтың бар екендігі еді. Егер философия біртұтас ақиқатты танымға әкеле алса, онда екі ең танымал философиялық жүйелер бір-біріне қалай қарсы тұрады? Егер олардың екеуі де ақиқатқа жетсе, онда олардың арасында ешқандай қайшылық болмауы тиіс еді; қарама-қайшылық бола тұра екі философиялық жүйе де дұрыс деп танылса, онда философияның жетілмегендігі мен ақиқатқа жеткізетін қабілетінің жоқтығын амалсыздан көрсетіп отыр - сол дәуірдегі философияны сынаудың бірінші бөлімі дәл осыдан тұрады.
Әл-Фараби осы сынға жауап ретінде «Әл-джам бейб фай әл-хасимет Ефлбум әл-иляхи уа Аристо» («Екі дана Құдіретті Платон мен Аристотель көзқарастарының бірлігі») кітабын жазады, ол кітабында Платон мен Аристотель арасындағы айырмашылық тілдің әр түрлі қолданулары мен екі философтың бір-біріне ұқсамайтын өмір сүру салттарында екендігін көрсетуге тырысты; негізі ойшылдардың философиялық көзқарастары мәні жағынан бірдей еді. Кітаптың басында әл-Фараби философияның пәні туралы айтады және ғылымға талдау жасайды, содан кейін Платон философиясынан қысқаша мазмұн келтіреді, ал кітаптың соңғы бөлімінде Аристотель философиясының негізгі сипаттамаларын көрсете келе, екі ойшылдың да ойларының бір-біріне ұқсайтындығын айтады.
Баршамызға мәлім болғандай, екі гректің философиясын «татуластыруды» ІІІ ғ. өзінде александриялық философия мектебінің өкілдері Аммоний мен Порфирий жүргізген болатын; сонда да әл-Фарабидің қозғаған ойы басқаша еді.
Әл-Фарабидің ойы бойынша, философия ақиқаттың өзі және Ақиқат туралы білімді іздеу үдерісінің атауы, сондықтан барлық ұлы ойшылдар мен философтар бірдей ойлайды және бір қорытындыға келеді; осы жағынан алғанда олардың барлығы Ақиқатты іздеу мектебінің шәкірттері, сондықтан әр түрлі философтардың арасындағы айырмашылық сол бір Ақиқатты әр түрлі әдіспен жеткізуден басқа ешнәрсе емес. Платон мен Аристотель философиясын татуластыруға әл-Фарабиді итермелеген тағы бір себеп - сол уақыттағы ислам дүниетанымына қарсы келген Аристотель философиясын Платонның философиялық оқуларымен «жұмсартуға» тырысу.
Әл-Фараби үшін адами ойлау ретіндегі философия мен құдайылық туындау жүйесі секілді даналық арасындағы ғасырлар бойы үзілген байланысты қалпына келтіруге тырысқан, құдайылық даналыққа қарсы тұрмайтын ақиқатты философияны көрсеткен Платон мен Аристотель өз дәуірінің прогрессивті ғалымдары болды.
Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығы, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанып, даңққа ие болғанын айтар болсақ, әл-Фараби жастайынан Ұлы Аристотель мен Платонның ерте дүниедегі Грецияның философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар.
Әл-Фараби рухани әлемінің қалыптасуы да осы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен байланысты. Анығырақ айтсақ, Аристотель мен Платон философиясы әл-Фараби ойларының теориялық қайнар көзі болды. Платонның (неоплотонизмнің) және Аристотельдің философиясы әл-Фарабидің философиясының теориялық негізі болғанымен, оның дүниетанымын тек қана плотонизм мен аристотелизмнің қосындысы деп білуге болмайды.
Әл-Фараби Аристотель мен Платонның, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Оның рухани әлемі, интеллектуалды деңгейі өз замандастарын таң қалдырады. Әл-Фараби өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, зер салмаған, ғылыми болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек, артық айтқандық емес.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz