Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамалар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Жұманғазиева Т. С.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы көмегімен білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Талдықорған, 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі Баженова Э. Д
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы көмегімен білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Орындаған Жұманғазиева Т. С.
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. к., аға оқытушы Жексембаева Ж. Р.
Талдықорған 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I тарау «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы көмегімен білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 8
I. 1 «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының құрылу тарихы . . . 8
I. 2 Ғылымдағы «экология», «мәдениет», «экологиялық мәдениет» ұғымдарына сипаттама . . . 22 I. 3 «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының студенттерде экологиялық мәдениет қалыптастыру мүмкіндіктері, әдіс, формалары . . . 37
II тарау «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы аясында білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысын тәжірибелік тұрғыда зерттеу . . . 55
II. 1 Білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастырудағы «Экологиялық мәдениет - мәдениет бастауы» атты декадасының мақсат, міндеттері . . . 55
II. 2 Білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері . . . 71
Қорытынды . . . 78Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 80 Қосымшалар . . . 85
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Еліміз ел болып, тұғырлы тәуелсіздігін жариялағанына 28 жыл толды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасы көптеген биіктерді, алып асуларды бағындырды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатылып, экономика нығая түсті. Алайда, глобализация үдерісі, экономикалық нарықтағы бәсекелестік, экологиялық мәселелер туындататын әлеуметтік тәуекелдердің көбеюі, дамыған замандағы ірілі-ұсақты өнеркәсіптердің дамуы, заводтар мен шахталардан шығатын лас ауа табиғат жағдайы мен әлеуметтік ортаның ластануына әкелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, экологияның ластануы адам ағзасына, денсаулығына және психикалық жағына да өзінің кері әсерін тигізуде, себебі адамдар арасындағы барлық аурудың 80-90 пайызы күнделікті ішетін ас-суымен қатар демалатын ауаның нашарлығынан туындайды. Әрине, осындай экологиялық мәселелер тек біздің елімізде ғана емес, яғни әлем бойынша барлық мемлекетттерде орын алуда. Еліміз КСРО-ның құрамында болған уақытта көптеген экологиялық мәселелерге тап болды. Оған дәлел Арал өңірі мен Семейдің ядролық қаруды сынау алаңына айналуы. Жалпы алған аумағы 18, 5 мың шаршы километр болса, онда сынақ ретінде 470 жарылыс жүргізілген. Бұл жүргізілген ядролық қару сынағының 70 пайызын құрады. Бұдан бөлек жер шаруашылығын пайдалануда жерге дұрыс күтім жасалмағаннан, еліміздің көптеген аймақтарында жеріміз эрозияға ұшырап, құнарлылығын жолғалтты. Экологиялық мәдениет бүкіл дүниежүзілік мәселелерді туындатып, осыған байланысты декларация, заңнамалар қабылдай бастады. Оған дәлел: «Айналадағы орта мен даму жөніндегі» Рио-де-Жанейрода 1992 жылы (114 мемлекет басшысы, 1600 мемлекеттік емес ұйым басшылары болды) қабылданған Декларация, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (1996), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1992), Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» стартегиялық бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (1997) және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрліктерінің бекіткен «Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы» (2002), «Экологиялық сараптама туралы» (1997), «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» (2002), «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» (2006) ресми құжаттары экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.
Елімізде экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қабылданған заңнамалар соңғы уақытта өзекті мәселенің біріне айнала бастады. Жоғарыда аталған заңдармен қатар 1998 жылы 26 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңында «экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындататын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі» деп анықтама беріліп өткен. Аталған заңның “Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету” деген 21-бабында: “Тиісті мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті дей келе төмендегі мәселелер қарастырылған: қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау, Қазакстанға экологиялық жағынан қауіпті технологиялардың, заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелінуіне жол бермеу; ел аумағының радиоактивті, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу; экологиялық жағынан қауіпті және жетілдірілмеген технологиялардың колданылу ауқымын қыскарту; шаруашылық және өзіне де кызметтің келеңсіз экологиялық, зардаптарын жою болып табылады” деп көрсетіліп өткен.
Еліміздің ертеңін, еліміздің болашағын жасаушы бүгінгі жас ұрпақ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» -деген сөзі экологиялық саясатты дамытудың түп негізі болып табылады.
Зерттеу жұмысының қарама-қайшылығы: Білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағының тәжірибесі мен мүмкіндігінің мол екендігіне қарамастан өз дәрежесінде пайдаланбау, экологиялық мәселе мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назардың дұрыс бөлінбеуі көрініс тауып отыр.
Бұл қайшылықтарды шешу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы көмегімен білімгерлерде экологиялық мәдениет қалыптастыру» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу нысаны: білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру үрдісі
Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарындағы білімгерлерде «Жасыл ел» еңбек жасағы тәжірибесінде экологиялық мәдениет қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының тәжірибесінде жоғары оқу орындарындағы білімгерлердің бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практикалық ұсыныс жасау және әдістеме ұсыну.
Зерттеудің міндеттері
-«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының құрылу тарихын зерттеу;
-«мәдениет», «экология», «экологиялық мәдениет» ұғымдарының мәнін айқындау;
-«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының студенттерде экологиялық мәдениет қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау;
- Жоғары оқу орындарындағы білімгерлердің бойына экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік ұсыныс даярлау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда «Жасыл ел» еңбек жасағының мүмкіндіктері анықталса, әдістемесі құрастырылса, онда, қоршаған ортаға жанашыр, экологиялық мәдениеттің мәнін тереңінен түсінетін білімді, экологиялық мәдениеті жоғары жастарды қалыптастырар едік. Себебі . . .
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде педагогика, философия, мәдениеттану, психология, экология ғылымдарының білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық мәдениет туралы ілімдерді, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидаларды, экологиялық мәдениет қалыптастыру мәселесін зерттеген ғалымдардан Дж. Андерсон, И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, Э. В. Гирусов, Б. И. Иоганзен, Дж. Стиглиц, И. Т. Суравегина, Е. Н. Кудрявцева, В. И. Вернадский, Уолден Белло және т. б. ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн. Экологялық білім, тәрбие берудің теориясы мен практикасы мәселелерінің шешімін С. Н. Глазычев, А. Я. Ясвин, С. Д. Дерябо, С. В. Алекторов сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз.
Экологиялық мәдениетке байланысты мәселелерді қазақстандық ғалымдар Ж. Ж. Жатқанбаев, Г. К. Ділімбетова, Ж. Ж. Молдабеков, Ә. Н. Нысанбаев, Н. С. Сарыбеков, Ұ. Есназарова, Ә. С. Жақсыбеков, А. С. Бейсенова, Р. Орынбекова, К. Исламова, Х. Т. Ғабитов, С. М. Каупенбаева, М. Н. Сарыбеков, В. Г. Данилкин, В. В. Егоров, К. А. Абишев, Ж. Б. Чилдибаев, А. Г. Сармурзина, М. А. Лигай, К. Ш. Нұрланова, К. Х. Рахматулин және Р. С. Сартаева т. б. еңбектерінде кеңінен зерттелген. Экологиялық мәдениетті зерттеуші ғалымдардың көзқарастары бірнеше бағытта қарастырылған. Экологиялық мәдениетті жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастыратын ғалымдар (Л. П. Печко, А. М. Испандиярова, И. П. Сафоронов, Э. Д. Гирусов, К. И. Исламова, Н. Ф. Реймерс, Э. О. Сағындықова), болашақ мамандар мен студенттердің (Л. А. Ситак және т. б. ) экологиялық мәдениетін қалыптастыру; оқушылардың экологиялық мәденитін биология, физика, табиғаттану пәндерін оқыту процесінде (Т. В. Коросталева, Р. С. Монгуш, Г. И. Макеенков, О. В. Котко, К. А. Юрьев, В. К. Назаров және т. б. ) экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы қарастырған еңбектер көптеп кедеседі. Жоғарыда келтірілген зерттеу бағыттары және білім беру жүйесіндегі (жоғары оқу орындарында) білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру туралы еңбектер жазылып, зерттелгенімен, экологиялық мәдениеттің төмен болуы, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы шешімі табылмаған мәселе екенін байқаймыз. Қазақстан болашағы - бүгінгі жас ұрпақ болғандықтан білімгерлердің бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру қоғамда аса маңызды орынға ие.
Мектептен тыс ұйымдарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде ғылыми еңбекпен айналысқан (А. В. Гришин, Е. Г. Шаронова, Н. Л. Панченко, К. Ж. Бұзаубақова, Е. В. Экзерцева, Ш. Ж. Арзымбетова және Ж. Р. Жексембаева, С. М. Каупенбаева, Ж. С. Кенжеева, В. В. Рыжов т. б. ) ғалымдардың е ңбектері біз үшін қызығушылық тудырды. Біздің зерттеу тақырыбымызға сәйкес келетін білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда: болашақ мамандар мен студенттердің (Л. А. Ситак және т. б. ) экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында қарастырылған еңбектер көптеп кездеседі. Сонымен білімгерлердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған ғылыми зерттеу жұмысына арналған талдау «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы арқылы білімгерлердің бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері осы уақытқа дейін зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының білімгерлерді экологиялық мәдениет қалыптастырудағы мүмкіншілігінің молдығымен білімгерлерді экологиялық мәдениетті қалыптастыру үрдісінде өз деңгейінде пайдаланбау арасындағы қарама-қайшылық біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерден «экология», «мәдениет», «экологиялық мәдениет» ұғымдарына анықтама берілді;
- экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының теориялық негіздеріне шолу жасалынып, жүйеленді;
- білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүмкіндіктері айқындалды,
- экологиялық мәдениетті қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық әдіс, формаларды тиімді қолданылып, декада жоспары құрылды;
- зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында және әдістемелік нұсқау жасау кезінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері:
Теориялық: білімгерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының тәжірибесін зерттеу, экологиялық мәдениет қалыптастырудың теориясы мен практикасы туралы философиялық, психологиялық-педагогикалалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, жүйелеу және талдау жасау әдістері;
Эмпирикалық: педагогикалық бақылау, саралау, салыстыру, сауалнама әдістері; Экологиялық мәдениет деңгейін анықтауға арналған экологиялық білімділік, экологиялық саналылық, экологиялық іс-әрекетті зерттеуге байланысты Е. В. Асафованың әдістемелері қолданылды.
Дипломдық жұмыс жазылуының тәжірибелік базасы: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Педагогика және психология факультеті, ПҚ-111 тобы
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ КӨМЕГІМЕН БІЛІМГЕРЛЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының құрылу тарихы
Қоғамның қай кезеңі болмасын өзіне тән ерекшелігі, сол қоғамда орын алатын мәселелері сан түрлеп кездеседі. Осы уақытқа дейін зерттеліп, зерделеніп
келе жатқан мәселе, адамзат өмір сүретін қоршаған ортаның экологиялық ластануы. Қоғам қанша өзгергенімен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту, қоғамға пайдалы қызмет атқару дәл бүгінгі күнге дейін өзіндік мақсатын жойған емес. Адамзаттың іс-әрекеті, ғылыми-техникалық құралдардың жылдам дамуы нәтижесінде көптеген экологиялық мәселелер орын алды. Осыған байланысты елде құрылған еңбек жасақтары көптеген тәрбиелік, экономикалық, экологиялық міндеттерді шешуге атсалысқан. Еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін КСРО-ның құрамында болғаны бәрімізге белгілі. Сол уақыттарда құрылған еңбек жасақтары Қазақстан аумағына қызмет атқарған.
Сол кездегі елеулі қозғалыстың бірі ретінде тимурлықтар тәжірибесіне тоқталайық. Тимурлықтар - кеңестік уақыттағы түсініктің бірі, яғни олар үлгілі, тәрбиелі пионер отрядтары, әлеуметтік ортаға еш ақысыз көмек көрсетушілер.
Тимурлық жасақ туралы Аркадий Гайдардың «Тимур және оның командасы» атты еңбегінде айтылған. Пионер отрядтары тимур балалар жасағын құрып, егде жастағы немесе сырқаттанған адамдарға жасырын түрде көмек берген. Осы кітап жарық көргеннен кейін тимурлік қозғалыстар арта түсті. Тимурлық жасақ кеңестік кезеңнің үлкен бөлшегіне айналған. Сол кездегі оқушылар үшін бұл романтикаға толы, еш ақысыз қайырымдылық жасауға шақыратын ізгі туынды еді. Тимурлық жасақты зерттеген ғалымдардың ішінен
А. Н. Балакирев [1], В. П. Татарова [2], В. В. Грибанов және Э. П. Теплов [3] сынды ғалымдарды атауға болады.
Студенттік еңбек жасағының басты тапсырмасының бірі өндірістік еңбектену болып табылған. Ғылыми зерттеулердің басым бөлігінде ғалымдар еңбек жасағының қызмет әрекеттеріне талдау жасай келе оның ұйымдасуына көңіл бөлген. Студенттік еңбек жасағының атқарған қызметтері тәрбиелік мәнге ие болу мақсатында олар кей-кездері 12-14 сағатқа дейін жұмыс істеген. Алайда саяси-идеялық іс-шараларға аз көңіл бөлген. Зерттеушілер студенттік еңбек жасағының жұмыс жасау аймағын қарастырғанда олар өз аймақтарын аяқтап өзге аймақтарды қамтып үлгерген. Кеңестік кезеңдегі студенттік еңбек жасағының құрамы көпұлтты құрамнан тұрған. Ғылыми баяндамалар, кітаптар мен диссертациялық жұмыс авторлары әртүрлі аудандардағы әлеуметтік экономиканың дамуы мен әлеуметтік инфрақұрылымның құрылуында студенттік еңбек жасағының қызметін өз еңбектерінде жоғары бағалаған.
Ал Бүкілодақтық студенттік еңбек жасағы (құрылыс жасағы, білімгерлік жасақ) бүкілодақтық комсомол орталық комитеті аясында бастау алып, өз еріктерімен сабақтан тыс уақытта (жазғы демалыс кезінде) халық шаруашылығының әртүрлі обьектерін салу мен қалпына келтіру мақсатында құрылды. Сол уақытта еңбек жасағы өз алдына тікелей табыс табу көзі ғана емес, сонымен қатар студенттердің бойындағы шығармашылық әріптестік пен еңбекке деген дұрыс қатынасты тәрбиелеуді мақсат етіп қойды. Оларға адамгершілік қасиеттер мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда үлкен жауапкершілік артылды. Еңбек жасағы әлеуметтік қоғамға пайдалы еңбекті білім алушылардың бойына қалыптастыруда маңызды орын алды.
Студенттік жасақтың қозғалысы 1959 жылдан бастау алады. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің физика факультетінің 339 ерікті білімгерлері жазғы демалыс кезінде Қазақстанға тыл еңбек жұмыстарына жіберілді. Олар Солтүстік Қазақстан облысында 16 обьекті салды. Келесі жылдың жазында құрылыс саласына Мәскеу мемлекеттік университетінен 520 білімгер қатысты [4] . Студенттік жасақтың қозғалу тарихын (1 кестеден) көре аласыздар.
Кесте 1. Студенттік жасақтардың құрылу тарихы (1960-1968)
1960ж
520 білімгер
1961ж
1000-ға жуық білімгер
1962ж
1 білімгер
1963ж
19000 білімгер
1964ж
3 білімг
1966ж
1 білім
1968ж
27 білімгер
1960-1968 жылдар аралығында құрылған студенттік еңбек жасағы өз жұмыстарын 520 білімгермен бастап осы уақыт аралығында жалпы саны 270 000 білімгерді өз қатарына қосып үлгерген екен. Студенттік еңбек жасағының құрамында болған білімгерлер әртүрлі қызметтерді атқарып келген. Яғни олар өздерінің мамандықтары бойынша іс-тәжірибе жасай отырып, мамандықтарын тереңінен зерттей отырып, білім алған. Мысалы айтар болсақ: еңбек жасағының бір бөлігі құрылыс саласында жұмыс атқарған болса, екінші бөлігі медицина саласында, ендігілері сантехник, монтаж, байланыс қызметтері бойынша өздерінің жаз мезгіліндегі бос уақыттарын дұрыс пайдалана білген. 1970-1984 жылдар аралығындағы жасақтың қозғалысын (2 кестеден) көре аласыздар.
Кесте - 2. Студенттік жасақтардың құрылу тарихы (1970-1984)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz