Аристотельдің өмірбаяны
Комерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энеретика және байланыс университеті
Ақпараттық жүйелері және киберқауіпсіздік кафедрасы
Семестірлік жұмыс №2
Пәні: Философия
Тақырыбы: Аристотель адам туралы
Орындаған: Амангелді Аркен
Тобы: Иск-19-3
Тексерген: Джаркинбаев Е.
_____________________ _________________________ _______________
(бағасы) (қолы) (күні)
Алматы 2020
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Аристотельдің өмірбаяны
2. Аристотельдің адамға берген анықтамасыны
Қорытынды
Кіріспе
Аристотель еңбектері көзі тірісінде реттеліп жинақталмаған. Сондықтан оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Неміс ғалымы В. Иегер Аристотель шығармаларын ғалымның дүниетаным эволюциясы негізінде жүйелеп шыққан.
Аристотель алғашқы кезеңде, яғни Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазына қарсы шығады, оның идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Философия институтының ұжымы Философиялық мұра топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын жарыққа шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: Метафизика және Жан туралы. Құрылымы жағынан Метафизика дербес он төрт кітаптан тұрады.
Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс көзқарастар орын алды. Философия тарихында метафизика - философияның бір түрі әрі философиялық тәсіл. Аристотель метафизиканы алғашқы философия деп те, құдайлар туралы ілім деп те, жай ғана ақыл кітабы деп те атаған. Қазір метафизика онтология (болмыс туралы ілім) деп аталады.
Метафизикасында Аристотель Платонның негізгі ілімі - идеялар туралы тұжырымын сынға алады. Платон осы тұжырымында болмыс пен ілім-білім үшін түсініктің мәні мен атқаратын рөлін анықтамақ болған. Бұл мәселеде ол Сократ ілімінің танымдық мәніне сүйенеді. Аристотель де дәл осы тақырыпты өз философиясының негізгі мәселесі етіп алған. Оның Платонмен келіспеушілігі, В. Асмустың көрсетуінше, мынадай төрт мәселеге қатысты: 1. Платон идеялар болмыстан тыс субстанция дейді, ал Аристотель бұған қарсы. 2. Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселерге қатыссыз. Аристотель бұған да қарсы пікір білдірген. 3. Платонның идеясына орай сезу арқылы қабылданатын нәрселер туралы Аристотель өзінше пікір айтқан, олардың байланысын көрсеткен. 4. Аристотельдін айтуынша, Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселердің пайда болуы мен жойылуына түсінік бермейді.
Аристотель субстанция элементтері материя және форма дейді. Материалдық әлемнің төрт бастауын атайды. Олар: материя, форма, козғалыс және оның себебі, өзгерістің жаратылыстық мәні мен мақсаты және оның жойылуы. Аристотель өзгеріс себебі қозғалыс деп танығанымен, бұл мәселенің мәнін толық аша алмаған. Тек алғашқы қозғаушы, яғни санадан тыс кұдіретті күш бар деген түсінікте болған. Ол - кұдай. Сана - бақылаушы ғана.
Бірінші томға енген екінші жұмыс - Жан туралы. Бұл - психология ғылымының бастауы болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан - тәннің өмір сүру себебі жөне негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығьн жойған жоқ.
Екінші томға Аристотельдің Ұғымдар, Герменевтика, бірінші және екінші Аналитика, Топика және Софизмдік (грек, ойдан шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы еңбектері енген. Бұл еңбектерде Аристотель жана білім саласы логиканың негізін салған.
Үшінші том Физика, Аспан туралы, Пайда болу және жойылу, Метеорология деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды.
Төртінші томға Никомахтың этикасы, Үлкен этика, Саясат, Поэтика деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері қарастырылады. Никомах - Аристотельдің не әкесі, не баласы. Екеуінің де есімдері Никомах болған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап Никомахтың этикасы деп аталып кеткен. Жалпы этика Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым. Біріншісіне философия, математика және физиканы, екіншісіне этика мен саясатты, ал үшіншісіне өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым түрлерін жатқызды. Этикаға байланысты әділеттілік пен әділетсіздік туралы құнды пікірлер айтқан. Ол әділеттілікті табиғи және заңмен бекітілген деп екіге бөледі. Саясат деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған. Платонның Мемлекет пен Заңдарында айтылған ойлар Аристотельдің Саясатында да кездеседі. Бірақ мұнда утопиялық сарын жоқ. Ол мемлекеттік кұрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс, ал кейінгі үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотельдің айтуынша, дұрыс кұрылымдар: патшалық билік, аристократия, полития, теріс кұрылымдар: - тирания, олигархия, демократия. Патшалық билік бір адамның билігі болғанымен халыктық мүддеге қызмет етеді; тирания да бір адамның билігі, бірақ мұнда жеке адам мүддесі ғана есепке алынады. Аристократия - аз адамдар билігі, әйтсе де бұлар бүкіл кауым қамын ойлайтын ізгі жандар; олигархия да - аз адамдар билігі, бірақ ол ел мүддесі үшін емес, ат төбеліндей ауқаттылар мүддесі үшін кұрылған топ.
Аристотельдің өмірбаяны
Аристотель (б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар) -- грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Аристотельдің баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады.Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл- Афиныға оралады.
Мұнда келгеннен кейін өзінің мектебін- ликей ашады. Бұл мектеп сол кездегі философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады.Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі трактат түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде Физика, Метафизика, Никомахтың этикасы, Жан туралы және Поэтика. Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: "Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады." (Метафизика, М., 1934,с45).
Арестотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. "Метафизикада" Арестотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат - бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және "әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі" болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, "табиғат дегеніміз - форма және мән. Арестотельдің "аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар еді" деген пікіріне байланысты, В.И. Ленин былай дейді: " Тамаша! Сыртқы дүниенің реалдығында күмән жоқ. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында шатасады". Шынында да Арестотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап, заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады. Арестотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) - статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. "Метафизикада" және басқа да еңбектерінде Арестотель заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы - құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Арестотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді. Осыдан келіп: - Мүсіннің мүсін болуы неліктен? - деген сұраққа Арестотель: - формадан, - деп жауап берді. Арестотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Арестотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Арестотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол - материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Арестотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет)белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Арестотельдің идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді. Арестотель философиясының елеуліи бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Арестотель 10 категорияны жатқызады. "Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы - деп жазады ол, - бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді". Арестотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.
"Егер де бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Арестотель - онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді". Арестотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Арестотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Арестотель "Метафизикада", "Аналитикада" т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындағана күмән келтірмейді. В.И. Ленин атап көрсеткендей, "Арестотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.
Танымның обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену".
Арестотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. В.И. Ленин осы қарапайым эмпирик емес, ойшыл эмпирик деп бағалайды. Арестотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының "Политика", "Никомаха этикасы" т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Мркске дейінгі барлық философтар сияқтыАрестотель де қоғамның дамуын идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық - тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені арестотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель "Политикада" мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни арестотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы - ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.
Аристотель адамды саяси жануар деп қарауын К.Маркс жоғары бағалай отырып, оның адам мемлекет жөніндегі мәселерді шешудегі идеолистік қателіктерін атап көрсетеді. Бірақ Арестотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден ондағы тап қайшылықтарынан іздемей, адамның табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатынмонархияны алдыңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz