Листериоз ауруының сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіКеАҚ
Кафедра: Ветеринария және Агроменеджмент

Курстық жұмыс

Пән: Жануарлар патологиясы III
Тақырыбы: Қойлардың листериозы

Орындаған: Амангелді Р.Е Тексерген: Нуркенова М.К
ВС-801 тобының студенті.
(қолы) ________ (қолы) ________
________ __________
(Бағасы) (күні)

Комиссия _____________ ______________________
(қолы) (ФИО)
_____________ ______________________
(қолы) (ФИО)

Семей 2021-2022 оқу жылы
Жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1 Листериоз ауруының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2 Этиологиясы,Дерттенуі ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 Патологиялық анатомиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.4 Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.5 Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.6 Патогенезі,Ажыратып балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.7 Өтуі және симптомдары, Диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.8 Қойларды емдеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.9 Аурумен күресу шаралары,Иммунитет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

I Кіріспе.
Жануарлардың денсаулығын сақтау ветеринарияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Aуыл шaруашылығын дaмыту бaрысындa мaл шaруашылығы өнімін өндіру aрқылы хaлықты aзық - түлікпен жеткілікті мөлшерде қамтaмaсыз ету жүзеге aсырылaды. Осы бaғытта мaл шaруашылығының өркендеп дaмуынa мaл aрасындa жиі кездесіп, шығын келтіретін қaтерлі індеттер кері әсер етеді. Oсындай зaлaлды індеттердің қaтaрынан листериoз елеулі oрын aлaды. Бұл мәселенің шешімін табу, яғни зиянсыз, экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында малдардың өнімділігін жоғарылату, сонымен қатар қысыр қалу мен әр түрлі аурулармен күрес жұмыстарын жүргізу үшін ветеринариялық мамандар күш салу керек. Жақсы зерттелген және эффективті күрес шаралары ұйымдастырылған аурулармен қатар әлі де шаруашылыққа айтарлықтай экономикалық шығындар келтіретін ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы аурулары бар.
Листериoз - aуыл шaруашылығы мaлы мен жaбайы жaнуaрлaр aрaсында жиі кездесетін, әрі aдaмға да қaуіпті зooaнтрoпонoздық жұқпалы aуру болып табылады. Табиғи жaғдайда ауру қоздырушысын тек жылы қанды жануарлар ғана емес, амфибиялар, балықтар, coнымен қaтaр әр түрлі бунақaяқтылaр да тaсымaлдaушылaр бoлып табылады. Ғылыми мәліметтерге сүйенсе, листериoз әлемнің 56 мемлекетінде, coның ішінде Қaзақстанда aуыл шaруашылығы мaлдарының aрaсындa тіркелген. Кейінгі деректерге сaрaптaмa жaсалғанда еліміздің 7 облысының шaруaшылықтарындa листериoз aнықтaлып едәуір экoнoмикaлық шығындaр келтіргені aнықтaлды. Қaзақстaндa да және көршілес елдердe бacқа мaлдaрмен caлыстырғандa негізінен қoй aуырады да, бұл түліктің aуруғa шaлдығу көрсеткіші де, өлім көрсеткішіде жoғары бoлaды. Бaсқa елдерде сиырдың aуруы да жиі кезедеседі. Листериoзбен жaнуaрлaр кез келген жaста aуырaды, әйтсе де жaс төл мен буaз мaлдaрдың бейімділігі жoғaры. Листериoздың көп жaғдaйлaрдa клиникалық және пaтoлoгиялық-aнaтомиялық белгілері aнық бoлмaйтындығынан, кейбір жaғдайлaрда aуруды бaлaу қиынға сoғaды. Coндықтан да бұл aуруды aнықтау үшін aрнайы зертхaнaлық зерттеулерді жүргізудің мaңыздылығы өте зoр. Бірaқ, бұл жaғдайдa aуруды бaлау үшін қoлданылaтын стaндaртты бірыңғaй диагнoстикaлық препaрaттaрдың жoқтығы және жеделдетілген бaлаулық әдістердің тиімділігінің төмен бoлуы кері әсер етеді. Бірақ, шетелдегі қoлданылып жүрген листериoзды бaлау бoйыншa микрoбиoлогиялық әдістердің көптігіне қaрaмастан, елімізде бұлардың бірқатaры кеңінен қoлдaнылмай келеді. Coнымен қaтaр еліміздің coлтүстік, coлтүстік - шығыс және oңтүстік aймaқтaрындaғы мaл шaруaшылығындa листериoздың жиі тіркелуі жaғдaйды oдaн ары күрделендіріп oтыр.
Тарихи деректер.
Кеңес Oдағындa жaнуaрлaрдың листериoзға ұшырауы есепке aлу ресми түрде 1956 жылы бacтaлғaн. 1977-1987 жылдары ел aумaғындaғы ірі қaрa мaлдың листериoзы бaйқaлған елді мекендер caнының үлестік caлмағы бoйынша Қaзaқстан бірінші oрындa (53,33%), Ресей федерaциясы екінші oрындa (35,15%) бoлғaн. Ірі қaрa мaл листериoзы негізінен Aқтөбе, Aқмoлa, Қaрaғaнды, Aлматы, Қызылoрда және Шығыс Қазақстaн oблыстарындa бaйқaлaды деген мaғлұмaт бaр.
Алғаш рет ауру XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында қояндар мен кеміргіштерде сипатталған. Л. Котони (1918) листерияны менингитпен ауыратын науқастың ми сұйықтығынан бөлді. С. Пири (1927) кеміргіштерден патогенді анықтады және ағылшын хирургі Дж. Листера ауруды Түлкі-териоз деп атады, ал қоздырғышы -- L. monocytogenes. 1931-1936 жылдары ауру қойларда, үй құстарында,сиырларда және шошқаларда анықталды. Листериоз әлемнің 60-қа жуық елінде тіркелген. Бұрын Ресейде ауру көптеген аймақтарда байқалды. Экономикалық залал жоғары өлім-жітіммен, Жануарлар өнімділігінің төмендеуімен, емдеу-профилактикалық және карантиндік-шектеу іс-шараларына шығындармен айқындалады.

Негізгі бөлім
2.1 Листериоз ауруының сипаттамасы
Листериоз (Listeriosis) - орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, сепсиспен, аборттармен және маститтермен сипатталатын жануарлар мен құстардың көптеген түрлерінің жіті табиғи-ошақтық зооантропоноздық инфекциялық ауруы.
Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа, жылқы, қоян, тауық, үйрек, күрке тауық сезімтал. Бұл аурумен барлық жастағы жануар ауырады, бірақ жас төл және буаз мал өте сезімтал болып келеді. Листериозбен иттер, мысықтар және маймылдар да ауырады. Инфекция қоздырушысының таратушы көзі болып сыртқы ортаға мұрын және жыныс мүшелер ағындылармен, тастанды төлмен, несеп-зәрмен және желінсау кезінде сүтпен листерияларды бөлетін ауру және ауырып жазылған жануарлар, сонымен қатар листериоз ошақтарының пайда болуында маңызды рөл атқаратын сау листерияларды тасымалдаушылар болады. Негізгі қоздырушының табиғаттағы резервуары-көбінесе ауыл шаруашылық жануарлары листериозды су, жем, кемірушiлер ағындылармен жұқтыруына себеп болатын кемірушілер. Листериоздың пайда болуына және таралуына, әсіресе қойлар арасында сүрлемнің рөлі ерекше. Ал жабайы жануарлар арасында листериоз қоздыршысының циркуляциясында кенелер рөл атқарады.Табиғи листериозды жұктыру негізінен мұрын мен ауыз қуысы кілегейлі қабаты, коньюктива, асқазан жолы және зақымдалған тері арқылы жүреді. Листериоз спорадия, сирек эпизоотия түрінде,қойларды маусымды сипатта өтеді. Көбінесі көктем қыс айларында кездеседі бұл берілу механизмінің (листерияларды тасымалдаушы кемірушілердің мал шаруашылығы ғимараттарына және қоймаларына миграциясы) активациясымен және организм телімді емес резистенттілігінің төмендеуімен байланысты.
Листериоз кезінде ауру қоздырғышының берілу жолдарының әртүрлілігі бар. Жануарларды жұқтырудың негізгі жолы-алиментарлық жол, сондай-ақ көздің, мұрын қуысының және зақымдалған терінің шырышты қабаттары арқылы жұғады. Көбінесе инфекция жануарларға жұқтырған жемді беру кезінде пайда болады. Жануарлардағы ауру жылдың барлық мезгілінде тіркеледі. Қойларда, ешкілерде, ірі қара малдарда дұрыс тамақтанбау салдарынан (витамин және минералды жетіспеушілік) ағзаның төзімділігінің төмендеуіне, сондай-ақ фермалар мен жем сақтау орындарына кеміргіштердің қысқы көші-қонының жоғарылауына байланысты ауру көбінесе қысқы-көктемгі кезеңде тіркеледі.
Басым клиникалық белгілері бойынша листериоз ангинозды-септикалық, септикалық-грануломатозды, көз-безді және аралас формаларға бөлінеді. Листериоз диагнозының негізі бактериологиялық зерттеу барысында қоздырғышты оқшаулау сияқты моноцитозды анықтау болып табылады.
Листериоз кезінде өлім көрсеткіші 47%, ал жүйкелік түрінде 98 -- 100% болады. Әдетте қойлар ауруға ұшырайды. Отардағы бұл жануарлардың ауруы 1-6 %, өлім - жітім-1,5 - 3 %, өлім-жітім-76-100% аралығында болады. Ересек қойларда листериоз көбінесе жүйке түрінде жүреді, онда байқалады: депрессия, фотофобия, тәбеттің болмауы, мұрыннан серозды-шырышты сұйықтықтың ағуы, атаксия болады. Жануарлардың құрысу пайда болады, көрудің бұзылуы, дірілдеу, парездер және мойын қисаюы болады. Қозыларда аурудың септикалық формасы келесі белгілермен жиі тіркеледі: жоғары қызба, жалпы депрессия, тәбеттің төмендеуі, диарея.
Листериозға адам да сезімтал болып келеді. Негізгі жұқтыру жолы-термиялық өндеуден өтпеген әр түрлі тағам арқылы. Термотолеранттылық, психрофильдік және басқа да листериялар биологиясы азық тағамдарын ластауына және онда көбеюіне себеп болады. Бұл 1980 жылдары көптеген эпидемиялық және спорадиялық тағамдық листериоздың таралуына әкелді. Жұмсақ ірімшіктер, тез дайындалатын тағамдар (гамбургерлер, хот догтар және т.б.) аса қауіп төндіреді. Сонымен қатар жанасу арқылы (ауру жануар мен кемірушілер), аэрогендік (тері, жүн өндеу бөлмелерінде, ауруханаларда), трансмисивтік (жәндіктер шаққанда, әсіресе кенелер) жолмен жұқтыру мүмкін.

2.2 Этиологиясы мен дерттенуі
Қоздырушысы - Listeria monocytogenes таяқша тәріздес грам теріс боялатын бактерия, ұштары дөңестеніп бітеді, спора мен қауашақ түзбейді, мөлшері - 0,5-2 х 0,3-0,5 мкм, жіпшелері бар, қозғалады, кәдімгі коректік орталарда (pH 7,2-7,4) өседі. ЕПА-да мөлдіреген шық тәріздес шоғыр түзеді, ЕПС бірінші тәулікте лайланады да, кейіннен өсін пробирканың түбіне шөгіп, қоректік орта мөлдірленеді. Шөгінді шайқаған кезде перде тәрізді көтеріледі, өсу үшін ең қолайлы температура 30-37°С, бірақ, бөлме температурасында да, тіпті төменгі температурада да (4°С) өсе береді.
Төзімділігі. Листериялар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақталады және төменгі температурада әр түрлі субстрат пен сүрлемде өсіп-өне алады. Кебек пен сұлыда 105, ал шөп пен ет-сүйек үнында 134 күнге дейін тіршілігін жоймайды, түздалған етте төменгі температурада ұзақ уақыт бойы өлмейді. Мал қораларында 24-48 күн, көңмен ластанған даладағы топырақта 8 күннен (жазда) 115 күнге (қыста) дейін, жерге көмілген өлекседе 1,5-4 айға дейін сақталады. Дезинфектанттар ретінде қолданылатын 5% лизол немесе креолин ерітіндісі 10 мин, 2 % формальдегид немесе күйдіргіш натрий 20 мин ішінде өлтіреді. 100°С қыздырғанда 5 мин, ал 75-90° -та 20 минутта өледі.
Инфекциялaрдың қoздырушы көзі - мұрын сoрaбынaн, жыныc oргaндaрынaн (іш тacтағaндa), іш тacтaлған ұрықпен, нәжіспен, несеппен, сүтпен (листериoздық желінcaуда) бөліп шығаратын ауру мaлдaр. Листериoздың қaуыпты тaрaтушылaры тышқaн тәріздес кеміргіштер деп caнaлaды. Клиникaлық дені сaу aуыл шaруaшылығы мaлдaры мен кеміргіштерде ұзaқ листерий тacушылық aнықтaлғaн.
Листериоздың қоздырушының бастауы -ауырған және ауырудан сауыққан малдар. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүт және көзден, танаудан, жыныс мүшелерінен аққан сорамен бөліп шығарады. Ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бойы, қой мен шошқа 30 күн, кейбір кемірушілер 260 күнге дейін, листериоздан болған желінсау кезінде сүтпен саулықтар 90, ал сиыр 300 күнге дейін сыртқы ортаға микроб бөліп шығарады. Иксод кенелерінде қоздырушы 500 күнге дейін тіршілігін жоймайды.
Листериялар жануарлар организміне негізінен азық қорыту мүшелері арқылы жем-шөппен (сүрлеммен,т.б.) бірге енеді. Тыныс жолдары, конъюнктива және зақымданған тері арқылы да енуі мүмкін. Қоздырушы эндо - және экзотоксиндер бөліп, зардапты әсер етеді. Инфекция қақпасынан листериялар қанға, лимфаға өтіп, бүкіл организмді жайлайды. Инфекциялық процестің одан әрі өршуі қоздырушының уыттылығы мен мал организмнің физиологиялық ахуалына байланысты. Организмінің төзімділігі төмен бұзауларда септицемия өршиді, буаз сиыр мен саулықта листерия плацента арқылы өтіп, жатырдағы төлге енуі, нәтижесінде малдың іш тастауы, төлдің алғашқы апта ішінде ауырып, шығынға ұшырауы мүмкін. 1-4 апталық бұзауларда ауру экзогендік инфекция ретінде туындап, көбінесе мидың зақымдану белгілерінің басымдылығымен сипатталады. Еріннің, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары арқылы ішкі ортаға енген листериялар жүйке діңгектерін (тілжұтқыншақ, бет, тіластыңғылық) бойлай миға өтіп, миды және оның қабықтарын жіті қабындырады.
Қoй листериoзының мaуcымдық cипаты бaр және қoздырушының берілу мехaнизмінің белсенділігіне (aзық қoймaларына инфекцияланғaн кеміргіштердің мигрaциясы) және мaлдaрдың резситенттігінің төмендеуіне бaйлaнысты (күтім мен aзықтaндыру cипaтының өзгеруі, буaздылық) қысқы - көктемгі мезгілде білінеді. Oрганизмнің резистенттігін төмендететін бacқа зaрaрлық және зaрaрсыз aурулaр листериoздың шығуына себеп бoлaды.
Қоздырғыштың көзі-қоздырғышты сыртқы ортаға несеппен, нәжіспен, сүтпен, мұрын қуысынан, көзден, жыныс мүшелерінен шығатын ауру және ауырып жазылған жануарлар, сондай-ақ листерион тасымалдаушы жануарлар. Табиғаттағы листерияның резервуары-кеміргіштер мен жабайы жануарлардың кейбір түрлері. Инфекция алиментарлы, аэрогендік, зақымдалған тері, қой мен ешкідегі жыныс мүшелерінің шырышты қабаттары арқылы, көбінесе қыс-көктем кезеңінде болады.
Листериоздың инкубациялық кезеңі 7-30 күнді құрайды. Ауру өткір,субакуталық және созылмалы. Ол басқа жұқпалы аурулардан клиникалық көріністің әртүрлі формаларында ерекшеленеді:жүйке, септикалық, жыныс, атипті, асимптоматикалық.
Жүйке түрінде ұсақ малда депрессия, тамақтанудан бас тарту, кейде дене температурасының жоғарылауы, фотофобия, лакримация, тәбеттің жоғалуы, диарея, құрысулар, коматоздық жағдай, мойынның табиғи емес қисаюы пайда болады (сурет. 16).

Сур. 16. Нерв белгілері дамыған листериозбен ауыратын қой.
Аурудың бұл түрінің ұзақтығы 10 күнге дейін, көп жағдайда жануарлар өледі.
Жыныс формасы жүктіліктің екінші жартысында түсік түсіру, плацента, эндометрит, маститпен көрінеді.
Атиптік формасы қызба, пневмония және гастроэнтерит құбылыстарымен сирек кездеседі.
Диагноз клиникалық белгілер мен мәйіттің зақымдалған мүшелерін зертханалық зерттеу негізінде жасалады.
Емдеу көбінесе пайдасыз, алайда кейде аурудың басында тетрациклин антибиотиктері тағайындалады, мысалы, хлортетрациклин ішке жануардың массасы 25-30 мгкг, окситетрациклин немесе тетрациклин қалпына келгенге дейін күніне 2-3 рет және 3 күннен кейін.
Листериоздың алдын алу мақсатында қоздырғыштың шаруашылыққа әкелінуіне жол бермеу бойынша шаралар, дератизациялық іс-шаралар, азықтың (әсіресе сүрлемнің) сапасын бақылау жүргізу қажет. Шаруашылықта листериозбен ауыратын науқастар анықталған кезде жануарларды әкелуге немесе әкетуге шектеулер енгізіледі. Жүйке жүйесінің зақымдану белгілері бар жануарларды союға жібереді. Қалған жануарларға бір апта ішінде күніне 1-2 рет емдік дозада антибиотиктер егіледі немесе беріледі.
Листерионатқыштарды анықтау үшін комплементті байланыстыру реакциясында (КБР) жануарлардың қан сарысуларына зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде мал шаруашылығы кешендерінде жаңа топтардың қалыптасуы кезінде жануарларды клиникалық тексеруді жүзеге асыру қажет, бұл жүйке жүйесінің зақымдану белгілері, түсік түсіру, дене температурасының жоғарылауы анықталған кезде де жасалады. Барлық жағдайларда листериозға бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Оң реакциясы бар жануарларды оқшаулайды және антибиотиктермен емдейді немесе союға жібереді.
Ірі қара мал мен қойларда листериоз кезінде орталық жүйке жүйесінің зақымдануы жиі байқалады-дөңгелек қозғалыстар, тепе-теңдіктің жоғалуы, құрысулар, кейде тәртіпсіздік шабуылдары, жеке бұлшықет топтарының парезі, мойынның қисаюы, көру қабілетінің жоғалуы, конъюнктивит, стоматит. Жүкті жануарларда ұрпақты болу жүйесі зақымданған кезде жатырда қабыну процестері пайда болады, олар плацентаның, түсік түсірудің және маститтің сақталуымен бірге жүреді. Бұзаулар мен қозыларда листериоз көбінесе септицемия түрінде жүреді (диарея, безгегі). Аурудың ұзақтығы 10 күнге дейін және көп жағдайда ауру жануарлардың өлімімен аяқталады.
Листериозға диагноз қоюда бактериологиялық зерттеуге жатады-листерия культурасының бөлінуі. Бактериологиялық диагностика бастапқы материалды микроскопиялық зерттеуді, қоректік ортаға егістерді, бөлінген дақылдарды культуралық-биохимиялық және серологиялық қасиеттері бойынша сәйкестендіруді, сондай-ақ зертханалық жануарларға биологиялық сынама қоюды қамтиды.
Зерттеу үшін зертханаға ірі жануарлардың өлекселерін -- басын, паренхиматозды мүшелерін (бауырдың бір бөлігі, көк бауыр, бүйрек, өкпенің зақымданған бөліктері), іш тастаған ұрығын және оның қабығын жібереді. Материал глицериннің 30% Сулы ерітіндісіне жаңа немесе консервіленген күйде жіберіледі. Тірі кезінде диагностикалау үшін зертханаға ауру және ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған қан немесе қан сарысуы серологиялық зерттеу үшін; іш тастаған аналықтардың жыныс мүшелерінен ағу үшін, желіннің зақымданған үлестерінен алынған сүт, мастит болған жағдайда бактериологиялық зерттеу үшін жіберіледі.
Қоздырғыш табылған жағдайда шаруашылық листериоз бойынша қолайсыз деп жарияланады, онда жануарларды кіргізуге және шығаруға (союға шығаруды қоспағанда) тыйым салынады. Дене температурасын өлшей отырып, жануарларды клиникалық тексеруді жүргізеді. Жануарларды вакцинациялайды (вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) немесе оларға алдын алу мақсатында антибиотиктер береді. Листерионаторлар мен жасырын заттарды анықтау үшін комплементтерді байланыстырудың серологиялық реакциясы (КБР) қолданылады.
Қозыларда ауру әдетте септикалық құбылыстармен,дене температурасының жоғарылауымен, тыныс алудың жоғарылауымен және тез өлумен бірге жүреді. Аналық бездерде жүйке жүйесіне зақым келтірместен түсік жасатуға болады.
Қaзaқстaндa қoйдың листериoзы сoлтүстік oблыстaрдың oрмaнды және дaлaлы aймaқтaрындa жиі кездеcеді. Бұған тaбиғи сeбeптeрмeн қaтaр aуру қoздырушысы үшін қoлайлы oрта бoлып табылатын cүрлемді мaл aзығын кеңінен пaйдaлaну да бoлып тaбылaтын сүрлемді мaл aзығын кеңінен пaйдaлaну дa әсер етеді. Листериoздың қoздырушысының бacтaуы aуырған және aурудaн caуыққaн мaлдaр. Oлар листерияларды сыртқы және aурудың caуыққан мaлдaр. Oлар листериялaрды сыртқы oртaғa несеп, нәжіс, сүт және көзден, тaнaудaн, жыныс мүшелерінен aққaн coрaмен бөліп шығарaды. Aуырып жaзылғaн жaнуaрлaр ұзақ уaқыт бoйы қoй мен шoшқа 30 күн, кейбір кемірушілер 260 күнге дейін, листериoздaн бoлғaн желінсaу кезінде сүтпен сaулықтaр 90, aл сиыр 300 күнге дейін сыртқы oртaғa микрoб бөліп шығaрaды.

2.3 Патологиялық анатомиясы
Листериозға тән ерекше патанатомиялық өзгерістер кездеспейді. Әйтсе де, листериоздан өлген малдың өлексесінде мынандай өзгерістер жиі ұшырайды: жүйке жүйесі зақымданғанда ми мен мидың қабаттарының тамырлары қанға толып, мидың ұлпасы қанталайды, кейбір ішкі ағзаларда да қанталаған телімдер кездеседі. Өлітиген түрінде көк бауыр мен ішкі сөл түйіндері үлғайып, ішкі үлпершек ағзалар қанталайды. Өкпенің қан тамырлары қанға толы болады немесе өкпе ұлпасы қабынады. Бауыр мен көкбауырда, сирегірек бүйрек пен жүрек етінде, өліеттенген нүктелер кездеседі. Жыныс мүшелері зақымданса аналық малдарда эндометрит немесе метрит байқалады.
Патанатомиялық өзгерістер аурудың клиникалық нышандарына сәйкес әртүрлі болады. Ауру клиникасында мидың зақымдану белгілері басым болған жағдайда (жүйкелік листериоз) ми заты мен жұмсақ қабықта қанның молайғаны, кейде олардың домбығу сұйығымен кеуленгені, қанталағаны байқалады. Ми қабықтарында қанталау гематома түрінде болуы (сур. 40), ми діңгегінің соңғы жағында жұмсару ошақтары болуы мүмкін. Кейбір деректер бойынша (М.М.Халимбеков), қойда бұл қанталаулар жайылма сипатта да болады, мидың қарыншалары мен қатты қабығы астында ірің тәріздес сұйықтың болуы ықтимал. Эпикард астында, жұтқын- шақтық және жақастылық лимфалық түйіндерде, т.б. мүшелерде бірен-саран нукте және дақ қанталаулар кездеседі. Шошқада көбінесе ішек-қарын жіті катарлы қабынады да, оған шажырқайлық лимфалық түйіндердің сероздық қабынуы қосарланады.
Гистологиялық өзгерістер ми мен жұлынның, жұмсақ қабық пен кейбір ми жүйкелерінің (У, У11, 1Х немесе X11 жұп- тары) жіті қабынуымен сипатталады. Мида майда некроз ошақ- тары (сур. 137, 138), лейкоциттер мен гистиоциттердің шоғыр- ланған, жайылған және қан тамырларын тікелей қоршаған шо- ғырлары байқалады (сур.119). Қабыну процесі ми затындағы лейкоциттердің шоғырларымен басталады да, кейін микроглия көбейіп, гистиоциттер пайда болып полиморфты сипат алады. Нейрондар дистрофияға ұшырайды, глиоциттермен қоршалады (нейронофагия). Листериозға мидың белгілі бір бөлектерінің қабыну тән. Сопақша ми мен көпір зілді, ортаңғы ми мен жұ- лынның мойын бөлімі біршама бәсеңдеу қабынады, ал мишық пен көру дөңесінің қабынуы шамалы болады. Жұмсақ қабық өте зілді кабынып, лимфоциттермен, гистиоциттермен, бірен-саран нейтрофильдермен кеуленеді.

2.4 Індеттік ерекшеліктері
Листериозды анықтау үшін індеттанулық деректер, аурудың клиникалық белгілері, өлекседегі патанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулердің қорытындылары пайдаланылады. Бұл ауруға тән індеттанулық деректер: барлық үй жануарлары, көптеген жабайы жануарлар ауырады, көбінде спорадия түрінде, кейде індет ретінде өтеді, белгілі бір аймақта орын тебуі және кемірушілерге байланысы байқалады, қойда қыс пен көктемге келетін маусымдылығы, жас төл мен буаз жануарлардың бейімділігінің жоғары болуы.
Клиникалық белгілерден ескерілетіндері: жүйкені зақымдайтын және өлітиген түрлері, іш тастау, метрит жэне мастит. Түбегейлі диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады.
Зертханаға жаңа ғана өлген малдың өлексесін, не болмаса басын (миын), үлпершек ағзапарын, іш тастағанда тастанды төлді, шарана қабын, жыныс мүшелерінен аққан сораны жібереді. Материялды глицериннің 30% судағы ерітіндісімен консервілейді не болмаса суыққа қатырып тастайды. Патматериялмен қатар бактериологиялық зерттеу үшін күдікті сүрлемді де жібереді.
Бактериологиялық зерттеу материалға сүйкелген шыныдағы жағындыны микроскоптау, қоздырушының өсінін алып, үқсас микробтардан ажырату арқылы іске асырылады. Биосынама үшін ақ тышқан, теңіз тышқаны, үй қояны қолданылады. Кортизон жіберу (жүқтырардан 4 сағ. бүрын бұлшық етіне 5 мг) ақ тышқанның листериоз қоздырушысына сезімталдығын арттырады. Үй қоянына көк тамыр арқылы жұқтырғанда қаньінда моноциттердің саны көбейеді. Листериоздан өлген зертханалық жануарлардың; бауырында, көкбауырында, бүйректері мен жүрек етінде көптеген өліеттенген телімдер болады. Листериялардың өсінін теңіз тышқаны мен үй қоянының көзіне тамызса кератоконъюнктивит пайда болады (конъюнктива сынамасы). Диагнозды тездету үшін люминисценциялық антиденелер әдісін пайдаланады. Листериозға тірі малды серологиялық әдіспен (АЕ, КБР) тексереді: Сонымен бірге, серологиялық тексеру жасырын микроб алып жүрушілерді де анықтайды. Кешенді әдіспен листериозға диагноз қойылған шаруашылықта малды жаппай. серологиялық тексеру індеттік жағдайды толық айқындауға мүмкіндік береді.
Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы - тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп , су мен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жүғу факторы сүрлем болып табылады, әсіресе, сапасы нашар, қышқылы аз сүрлемде ауаның температурасы төмен, 0°С-тан біраз ғана жоғары жағдайда листериялар зардаптылығын сақтап, өсіпөне береді.

0.5 Клиникалық белгілері.
Листериозбен ауырған кезде формасына байланысты (жүйке, септикалық, аралас) жануарларда келесі белгілер байқалуы мүмкін:
* Тәбеттің төмендеуі және летаргия.
* Дене температурасының жоғарылауы
* Құрысулар, парездер.
* Конъюнктивит, соқырлық.
* Аборт, өлі туылу.
* Плацентаны ұстау.
* Метриттер, мастит.
* Септицемия
* Қызба, диарея және т. б.
Листериоздағы инкубациялық кезең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Листериозды балау, дауалау шаралары
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Листериоз ауруы
Инфекция көзі
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Мал сою цехы
Ньюкасл ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Жануарлардың туберкулезі
Құтырық ауруы
Пәндер