Саяси партиялар Қазақ төңкерісі қарсаңында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, Алаш, Үш Жүз, Шуро-и Исламия, Шуро-и-улемия және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми- зерттеу жобасын әзірлеу.

Орындаған: Әметова М.О
Тексерген: Кусаинова Ж.А

2021 ж , Алматы
Ж о с п а р

І.Кіріспе

І тарау Ақпан төңкерісі. Саяси партиялар мен ағымдар
1.1 Ақпан-буржуазиялық-демократиялық төңкерісінің Қазақстанға әсері
1.2 1917 жылғы Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңдегі саяси партиялар мен
ағымдар
ІІ тарау. Саяси партиялар мен қоғамдық қайраткерлер қызметі
2.1 Саяси партиялар Қазақ төңкерісі қарсаңында
2.2 Үш жүз партиясының қоғамда атқарған қызметі

ІІІ.Қорытынды
IV. Сілтемелер тізімі
V. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Тарихта үлкен із қалдырған Ақпан және Қазан төңкерістері қоғамның бет-бейнесін түбегейлі өзгертті. Ресейде мыңжылдық монархия құлап, уақытша үкіметі мен кеңестер үкіметі құрылған кез. Қазақстанда да монархияның құлатылуы әртүрлі топтарға әрқалай әсер етті. Уақытша үкімет дін мен партия бостандығына рұқсат берісімен-ақ, қазақ жерінде қаптаған партиялар құрыла бастады. Ішіндегі ең беделдісі Алаш партиясы дараланды. Осынау бір толқумен аласапыран уақыттағы қоғамдық партиялар мен ағымдардың шығуы мен іс-әрекеттерін қарастыру курстық жұмысты өзекті мәселесі.

1
Ақпан - буржуазиялық демократиялық төңкерісінің Қазақстанға әсері
XX ғасырдың басы экономикалық күйзеліс және орыс эсерлерінің жалғасып жатқан империалистік соғыс майданындағы жеңілісі, сондай-ақ елде жұмысшы қозғалысы мен аграрлық қозғалыстың өсуі, соның ішінде жеңіліс тапқанына қарамастан, Орта Азия мен Қазақстанның байырғы халқының 1916ж көтерілістері Ресейдің орасан зор апат алдында тұрғанын дәлелдеді, мұның бәрі демократиялық күштер соның ішінде жұмысшы табы да, шаруалар да патша үкіметіне қарсы шешуші штурмға дайындалып жатқан кездегі Ресейдегі революциялық дағдарыстың көрінісі болды.

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық реворлюция болып, нәтижесінде патша ІІ Николай Романов тақтан түсірілді. Ресейде монархия жойылды. Елде Қос өкіметтің билігі орнады:

Буржуазиялық Уақытша үкімет;

Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңесі.

Қазақ өлкесінде саяси белсенділік күшейіп, 1917 жылы көктем айларында Торғай, Жетісу, Ақмола, Орал, Бөкей Ордасы, Семей облыстық қазақ съездері өткізілді. Ал 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өткізілді. Онда он төрт мәселе қаралды: мемлекеттік басқару түрі, қазақ облыстарының автономиясын құру, жер мәселесі, халық милициясын құру, оқу-ағарту ісі, сот, дін, т.б. мәселелер. Осы съезде қазақтың ұлттық саяси Алаш партиясын құру туралы қаулы шығарылды. Алаш партиясының жетекшісі болып Ә. Бөкейханов сайланды. Партияның баспа органы 1913-1918 жж. аралығында шығып тұрған Қазақ газеті болды.1917ж. 23-27 ақпанда буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі самодержавие (патша үкіметі) жойылды. Бірақ революцияның негізгі мәселесі - өкімет туралы мәселе -өзінше шешім тапты. Еңбекшілердің бастамасымен пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасының (билігінің) органы- Жұмысшы, солдат, кейін шаруа депутаттарының кеңестері пайда болды. Кеңестердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісімпаздық саясаты буржуазия өзінің өкімет органы - Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін Қосүкімет дүниеге келді. Қазақстанда 1917ж. наурыз-сәуір айларында жер-жерде жұмысшы солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Омбыда, Ташкентте, Семейде, Верныйда, Петропавлда, Перовскіде, Қазалыда, Қостанайда, Ақтөбеде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Облыстық және уездік шаруалар съездерінде шаруа және қазақ депутаттарының Орал, Семей облыстық, Ақмола, Ақтөбе, Өскемен және Павлодар уездік Кеңестері сайланды.Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары құрылды. Әлихан Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, ал, Мұхаметжан Тынышбаев - Жетісу облысында комиссарлары болып тағайындалды. Уақытша үкімет пен әр түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстардың арасында қоғам дамуының белгілі бір жолын таңдау тұрғысында күрес басталды. Ресей капитализмі дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын негізге алған Уақытша үкімет реформистік жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда, монархияның қойнауынан шығып, көп жағынан буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүдделерін білдірген Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы балама бағдарламасын ұсына алмады.Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездегі комитеттері ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша өкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері казактық комитеттер құрды. Татар, Өзбек, Ұйғыр саудагерлері мұсылман, татар комитеттеріне бірікті. 1915-1917жж. Орынборда Еркін дала, Омскіде Бірлік, Оралда Жас қазақ, Троицкіде Үміт деп аталатын жастар ұйымдары құрылды. Қазақстан кәсіпшілер одақтарының қалыптасуында Орынбор - Ташкент темір жол торабы теміржолшыларының Құрылтай съезі үлкен роль атқарды. Ұлт мәселесінде Уақытша үкімет Дін тұтудағы және ұлттық шектеулерді жою туралы декрет жариялады, алайда ұлттың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқы, шағын халықтар мен ұлт азшылығының тағдыры туралы және басқа мәселелер ескерілмей сол күйі қалды.

Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі.Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруңші болды. Оны либералды - демократиялық қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Ә. Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Ж. Ақбаев және басқа адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды.

1917 жылғы шілденің 21-26 - сында Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферған облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан өкілдері қатысты. І-ші Бүкілқазақтық съезд қазақтың ұлттық саяси партиясы Алаш съезі болып айқындалды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,Е.Омаров, М. Шоқай және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенциясының басқа да өкілдері Алаш партиясының жетекшілері болды. Съезд мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін мәселелерін және т.б. қарады. Съезд қазақтың Алаш саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Мемлекеттік басқару формасы мәселесі бойынша съезд Ресей демократияшыл феедрациялық парламенттік республика болуға тиіс,-деп жазды; қазақ облыстары облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916 жылғы оқиғаларға қатысып, Жетісу казактары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындауға ұшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді. 1917ж. күзінде Қазақстанда тағы бір ұлттық-саяси ұйым - өзін қазақтың социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы пайда болды. Оның жетекшісі К.Тоғысов болды. Бұл партия большевиктік бағыт ұстап, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша Алаш партиясының негізгі оппоненті тұрғысында оған қарсы шығып отырды.

Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті. 1917 ж. сәуірде Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті. Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде ұлттық демократия идеясы қалыптасты. Қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі тұңғыш мұсылман партиясын - Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін Ресей республикасымен федерациялық байланыстағы автономиялы ел деп жариялайтын тұғырнама қабылдады. Түркістан және қазақ мұсылмандарының Түркістан, Орал және Торғай облыстарының өкілдері қатысқан съезі (1917 ж., 17-20 қыркүйек) Иттифок - и - муслимин партиясы Ресей республикасы құрамындағы аймақтық автономия идеясын ұсынды. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпы ұлттық мүдделерін де білдірді.Өлкеде социал-демократиялық топтардың ескілері жанданып, жаңалары құрыла бастады. 1917 ж. наурыз айында облыстар мен өлкелердің орталықтарында: Омбыда, Оранборда, Оралда, Ташкент пен Верныйда социал-демократиялық ұйымдар құрылды. Қазақ халқының таңдаулы өкілдері: А. Асылбеков, Б. Серікбаев, С. Меңдешев, Т. Бокин, М. Жәнібеков, С. Арғыншиев, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Ә. Майкөтов және т.б. танымал саяси басшылар болды. Әулиетата мен Меркеде Қазақ жастарының революцияшыл одағы құрылды, Ақмолада Жас қазақ ұйымы жұмыс істеді. Ірі қалаларда, уездерде эсерлер ұйымдары пайда болды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның жерді оны өңдейтіндерге беру керек, жер - бүкіл халықтың меншігі деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 ж. жазына қарай барлық Кеңестер (Черняев Кеңесінен басқалары) солардың қолында болып шықты. Сонымен қоса Оралда, Атырауда, Петропавлда, Павлодарда, Көкшетауда, Семейде казак партиясының бөлімшелері жұмыс істеді.Сөйтіп, Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы - Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословиелік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. Сонымен бірге 1916 ж., оның ізінше болған 1917 ж. Ақпан революциясы Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүр сілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болды.

1.2 1917 жылғы Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңдегі саяси партиялар мен ағымдар

Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің идеологы Джавахарлап Неру былай деп жазған: Бз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық, бірақ біздің күресімізге дем берген ұлттық сезім жүрегімізді әлі де жылытып отыр; ол әрбір азиялықтың жүрегіне жылу ұялатады, өйткені өткен кездегі отаршылдық туралы естелітк оның ақыл-ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен, ұлтшылдық Азияның кез-келген бөлігінде әлі де нақты күш болып отыр.
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттық азаматтық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс хан ұрпағы, Ресейдің либералдық -- демократиялық қозғалысының жоғары білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Ә. Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, ревалюциялық юқозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Ермеков, жаһанша және Досмұхаммедовтар, Ж.Ақбаев және басқа да көптеген адамдар осы пікірлестері мен серіктеріне айналды.
Алаш партиясының әлеуметтік негізгі даланың бетке ұстарлары билердің, батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды. Олар сондай -- ақ оппазициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара - шаруалардың, жұмысшылардың, қала демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығының азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.

Ақпан төңклерістінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген Алаш қозғалысы қайта жанданды.1917 жылғы сәуір-мамыр айларында Алаш партиясының облыстық ішінара уездік съездері болып өтті.Мәселен қазақтардың 1917 жылғы с әуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін - өзі басқару орындарының өкілеттілігіне жататын мәселелер жиынтығын қарады. Олардың қатарында азық-түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және абғарту проблемаларын шешу көзделді.Аграрлық мәселе қыз талқыланды. Атап айтқанда, съезд облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет деп тапты. Қазақстардың орыстармен өзара қарым-қатынасын реттеу әдістері Босқындарды Қытайдан қайтару әдістері арнайы қаралды.
Қазақстардың Семей облыстық съезі (27IV -7 V 1917) Бүкілқазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құру туралы өз көзқарасын ұсынды. Съезд Ресейлік бірінші Құрылтай жиналысында, Ұлы Ресейді мекендейтін ұлыстардыьң еркіндігі теңдігі мен туысқандығы баянды етілуге тиіс және оларға өздерінің саяси өмірін ұлттық, тұрмыстық, мәдени экономикалық, тарихи-географиялық ерекшеліктеріне сьәйкес қайта құруға мүмлкіндік беруге тиіс, - деп санады.Съезд дворян -- помещиктер үстемдігі тұсында құрылып, ескі режимнің са ясатына қолдап келген, қазіргі кғездегі күні өткен, халыққа мүлде пайдасы жоқ және зиянды шаруа бастықтарды, стоновойлық приставтар, урядниктер мен дала генерал-губернаторлығы институттарының таратылуын талып етті. 1917 жылғы съезі болып, оған Ақмола, семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезд мемлекеттік басқару формасын, қазаққ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани дін мәселелерін және т.б. қарады. Көріп отырғанымыздай, қазақстың демократияшыл жұртшылығын қазаққ мемлекеттігі, демократиялық реформалар, ұлттың саяса өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғышарьттар жасау проблемалары толғандырды. Съезд қазақтың Алаш саяси партиясын құру туралы мәселе қарап оның бабғдарламасын жасау қажет деп тапты. мемлекеттік басқару формасы мәселесі бойынша съезд Ресейде демократияшыл федерациялық парламенттік респбублика болуға тиіс- деп жазды; съезд қазақ облыстары облыстық, ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс -- деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916 жылғы оқиғаларға қатысып Жетісу қазақтары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан келіспеушілік пен қуғындарға ұшырағандар жөнінде өз көзқарастын білдірді. Съезд өлке еңбекшілерін Жетісудың ашыққан қазақ даласына, халқына тез арада және шын мәнінде көмек ұйымдастыруға шақырды.Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдің ұлтаймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті.
1917 жылғы сәуір айында Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті. 1917 жылғы мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезд болды. Соғысқа көзқарас мәселесі бойынша съезд өзінің ұраны: Еуропа, Азия мен африка халықтарының өзін-өзі билеуі-деп, санайтынын мәлімдеді. Съезд ресейдіьң мемлекеттік құрылыс формасы ұлттық-аймақтық -- федерациялық негіздегі демократиялық республика деп тапты. Съезд әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Мұсылман әйелдері саяси құқықтары жағынан да, азаматтық құқықтары жағынан да еркектермен тең құқы лы болуға тиіс -- деген қарар қабылданды. Съезд көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсы шықты. Жұмысшы мәселесін талқылағаннан кейін съезд өз қарарында былай деп жазды: 8 сағаттық жұмыс күні енгізілсін. Апта сайынғы үздіксіз мерекелік демьалыс 42 сағат болып белгіленсін. Съезд бастауыш мектептерде оқыту түркі халқының әрбір тобының ана тілінде жүргізілінуінде деп тапты. Мұсылмандардың діни басқармасының міндеттері белгіленді. Мұсылмандардың 1917 жылғы шілде оқиғаларынан кейьін болған екінші Бүкілресейлік съезд Құрылтай жиналысы сайлауындағы тұғырнаманы әзірледі. Көріп отырғанымыздай, мұсылман съездері саяси проблемаларды абсқан зор ықыласпен талқылады. Уақытша үкіметке қолдау көрсете отырып, бұл съездер сонымен бірге ұлттық шетаймақтардың толғағы жеткен мәьелелері бойынша нақты пікірлерін де айтты.
Ресейдің шет аймақтарының 30 млн халқына ықпалын жүргізген мұсылман қозғалысының қаулап дамуы бірқатар ислам партияларының құрылуына алып келді. 1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы - Түркістан федералистер партиясы құрылды.
Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпыұлттық мүдделерін де білдірді. Сол кездің өзінде-ақ Қазақстанның кейбір қалалары мен ауылдарында құрылған жастар ұйымдары белсенді жұмыс жүргізді.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Семейде ол Свободная речь деген өз газетін шығарып тұрды. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конститутциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Кадет партиясы Орталық Комитеттің мүшесі Ә.Бөкейханов мұндай бағдарламалық қағидалармен келіспейтінін, өзінің бұл партиядан шығатынын мәлімдеді.
1917 жыдың көктемінде эсер ұйымдары пайда болды. Жер оны өңдейтіндерге берілсін! , Жер - бүкіл халықтың меншігі! деген ұрандары , Түркістандағы съузде патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы - оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылы жазға қарай барлық Кеңестер ( Черняев Кеңесінен басқасы) солардың қолында болды. Сонымен қоса Оралда, Атырауда, Петропавлда, Павлодарда, Көкшетауда, Семейде қазақ партиясының бөлімшелері жұмыс істеді. Сөйтіп, Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы - Қазақстанда да көппартиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословиелік негізде пайда болған әртүрлі партиялар мен топтар өзара келісімге келе алмай, бір- бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. Сонымен бірге 1916 жылғы қозғалыс, оның ізінше болған 1917 жылғы Ақпан революциясы Қазақстанның халық бұқарасын дүр сілкіндіріп, тарихи үрдістің дамуын жеделдетуге себепші болды.

2.1 Саяси партиялар Қазан төңкерісі қарсаңында
Зиялылар қызметі. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, әкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алғандар еді. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта ұстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің зиянды әсерінен сақтау және Далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр еді. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын қанағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлық кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға дейін 35 (20 және 15) қазақ жастары бітіріп шыққан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә.Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), М. Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Халел Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Жаһанша Досмұхамедов, М.Шоқай (Петербург университеті) сияқты басқа да ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғ. Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді. Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ықпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей қоймады. Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана тиесілі кұбылыс емес-тін. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалармен басталды. Оған қазақ халқының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде қалып қоюы себеп болған еді. Саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан төңкерісі. саяси партиялар мен ағымдар
Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Мұхамеджан Тынышбаев
Столыпиннің аграрлық саясаты
Алаш қозғалысының бастау көздері
Ақпан революциясынан кейін
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
Құқық. ҚР конституциялық құқығы
Пәндер