БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мекемесі
(Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ)

БЕКІТЕМІН
Ахмет Ясауи университетінің
Ғылым және стратегиялық
даму вице-ректоры
______________А.Е. Ошибаева
_____ _____________ 2021 ж.

БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
атты
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЕСЕБІ
(жылдық)
АР09261132

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша
гранттық қаржыландыру аясында орындалған

Басымдық: XXI ғасырдағы білім, ғылым, мәдениет және спорт проблемаларын іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: Білім беру және лингвистика саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу.


Жобаның орындаушысы А.Ш.Ермекбаева
Жобаның ғылыми жетекшісі Б.Д.Турлыбеков

Түркістан, 2021

МАЗМҰНЫ
ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАР
АНЫҚТАМАЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

ҒЗЖ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ

1 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлаудағы қазіргі жағдайын зерттеу және халықаралық тәжірибемен салыстыру.

1.1 Жоғары оқу орындарындағы болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлаудағы академиялық дағдыларын жетілдіру (Academic Test Question Types) бойынша оқыту материалдары жинақталады.

1.2 Жинақталған материалдарды талдау жұмыстары нәтижесінде болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлаудағы академиялық дағдыларын жетілдіру бойынша (Academic Test Question Types) ұсыныстар мен жаңашыл элементтері бар білім беру материалдары талданады.

1.3 Шетелдік жоғары оқу орындарында болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуда қолданылатын академиялық дағдыларын (Academic Test Question Types) жетілдіру бойынша қолданылатын әдістері мен материалдарын зерттеу және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы қолданылатын әдістері мен материалдарымен салыстырады.

Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері (6В017 - Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау мaмaндықтары студенттеріне apнaлғaн) - атты элективті курстың оқу бағдарламасын даярлау және білім беру үдерісіне енгізуі.

2.1 Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

2.2 Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері тақырыбында жүргізілген зерттеу нәтижелері талданады.

2.3 Академиялық дағдылардың теориялық негіздері зерттеледі, мәліметтер жинақталады. Жүргізілген жұмыс бойынша есеп дайындалады.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША А - 2021 жылға арналған жобаның күнтізбелік жоспары

ҚОСЫМША Б - 2021 жылғы жарияланған еңбектердің тізімі

2021 жылғы жарияланған еңбектердің растаушы құжаттардың көшірмелері

АНЫҚТАМАЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Ғылыми зерттеу жұмысы жайлы жазылған бұл есепте келесі терминдер қолданылды

Academic Test Question Types
-
Академиялық Тест сұрақтарының түрлері
ЖОО
-
жоғарғы оқу орны
Элективті курс
-
студенттердің белгілі бір тобының талап-тілектерін қанағаттандыруға бағытталған курс
EFL

ағылшын тілі шет тілі ретінде
SLA

екінші тілді меңгеру
L2

екінші тіл

КІРІСПЕ
Ұсынылған мәселенің заманауи жағдайы мен оның өзектілігі:
Оқу процесінде қалыптасатын білім, дағдылар көбінесе нақты өмірлік жағдайларда талап етілмейді. Бұл мүмкіндік болашақ мұғалімнің кәсіби және әдістемелік дайындығының мазмұнына нақты талаптар қояды, олар икемді, мобильді білім мен оларды типтік емес жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты педагогикалық мәселені шешу үшін оқытудың мазмұнын, мақсаттарын, формалары мен әдістерін анықтауда жаңа тәсілді жүзеге асыратын құзыреттілік тәсілін сәтті қолдануға болады, яғни мұғалімнің кәсіби және әдістемелік дайындығына құзыреттілік тәсілін қолдану мұғалімнің құралдарды қолдана отырып, типтік кәсіби міндеттерді шешу қабілеті ретінде анықталады. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер маман дайындау үшін Болашақ ағылшын тілі мамандарының академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері атты элективті курстың оқу бағдарламасын әзірлеу және оқу үдерісін енгізудің тиімді болары сөзсіз.
Зерттеу нысаны ретінде Болашақ ағылшын тілі мамандарының академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері атты элективті курстың оқу бағдарламасын даярлау, отандық және шетелдік ЖОО-дағы бұл курс оқытылады ма, оқытылса қалай оқытылады, қандай әдістер қолданылады деген сияқты т.б. мәселелер қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Болашақ ағылшын тілі мамандарының академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері атты элективті курстың оқу бағдарламасын даярлау және білім беру үдерісіне енгізу болып табылады.
Жобаның 2021 жылға арналып жасалған күнтізбелік жоспарының тарауына (қосымша А) сәйкес алға қойған мақсаттарды орындау үшін түрлі деңгейде жұмыстар орындалды:
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлаудағы қазіргі жағдайын зерттеу және халықаралық тәжірибемен салыстыру.
2. Болашақ ағылшын тілі мамандарынының академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері (6В017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау мамандықтары студенттеріне арналған) - атты элективті курстың оқу бағдарламасын даярлау және білім беру үдерісіне енгізу.
Зерттеу барысында төмендегі әдістер қолданылады: Оқу бағдарламасын әзірлеу барысында теориялық талдау мен жинақтау әдісі оның ішінде синтез, салыстыру әдістері қолданылды.
Жоба бойынша 2021 жылы алынған нәтижелер.
Болашақ ағылшын тілі мамандарынының академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері (6В017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау мамандықтары студенттеріне арналған) - атты элективті курстың оқу бағдарламасын әзірленді, кафедра, факультет мәжілістерінде талқылынып, университеттің академиялық комитетіне ұсынылды. Сонымен қатар, элективті пән 6В017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау мамандықтарының білім беру бағдарламаларына енгізілді.

ҒЗЖ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлаудағы қазіргі жағдайын зерттеу және халықаралық тәжірибемен салыстыру.
0.1 Жоғары оқу орындарындағы болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлаудағы академиялық дағдыларын жетілдіру (Academic Test Question Types) бойынша оқыту материалдары жинақталды.
Академиялық дағдыларды жетілдіру бойынша академиялық тест сұрақтарының түрлеріне (Academic Test Question Types) үйрету туралы материалдарды жинақтау мақсатында шетелдік авторлардың еңбектері тереңінен зерттелді:
Ben Clay (2001) тарапынан дайындалған Is This a Trick Question? A Short Guide to Writing Effective Test Questions атты нұсқаулық 69 беттен тұрады. Нұсқаулықта тест тапсырмаларының техникалық сапасын анықтауға арналған критерийлері жеті саланы қамтитындығы айтылған: танымдық күрделілік, мазмұн сапасы, тілдің мағыналығы, өзектілігі, берілуі, әділеттілік және сенімділік. Әр аспект тікелей анықтамалық ретінде жаргон стилінде талқыланған. Бірінші бөлімде тесттің жалпы құрылысы туралы ақпарат бар және зияткерлік түсінудің алты деңгейімен таныстырады: білім, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу және бағалау. Бұл түсіну деңгейлері тестті жіктеуге көмектеседі. Ақпараттық анықтамалықтың екінші бөлімі нақты тестілеуге арналған мәселенің құрылымынан тұрады. Берілген тесттердің әртүрлілігіне байланысты анықтамалық кітаптағы бағалау нұсқаларында мұғалім дайындаған бағалаудың ең көп таралған түрі қағаз бен қарындаш сынақтарына баса назар аударған. Тест тапсырмаларының бес түрі талқыланған: көптік таңдау, ақиқат-өтірік, сәйкестік, аяқтау және эссе. Бұл анықтамалық үш нәтижеге қол жеткізу үшін жасалған:
-Мұғалімдер оқушыларды бағалауда жиі кездесетін қателіктерден аулақ бола отырып, оларды оқытуда бағалау әдістерін әзірлеу мен қолданудың тиісті принциптерін біледі және ұстанады.
-Мұғалімдер шектеулерді анықтап, бағалаудың ір түрлі бейресми және ресми әдістерін ескере алады.
-Мұғалімдер бағалаудың белгілі бір тәсілдері белгілі бір оқу мақсаттарына сәйкес келмеуі мүмкін екенін түсінеді.
2017 жылы жарық көрген Literature in English Test: Practice Book атты нұсқаулықта эссе, әңгіме, роман және ағылшын тілінің тарихы туралы сұрақтар бар. Кейбір мәселелер толығымен қайта басылған қысқа жұмыстарға, ал кейбіреулері ұзақ жұмыстардың сарапшыларына негізделген. Тест тапсырмаларында автор шығармаларға, жанрларға баса назар аударады. Тест сұрақтарын екі топқа бөлуге болады: нақты және аналитикалық. Нақты сұрақтардан құралған тестте студенттен әдеби немесе сыни қозғалыстардың сипаттамаларын анықтауды, әдеби шығарманы жазылған кезеңге жатқызуды, қысқа сыни түсініктемеде сипатталған жазушына немесе шығарманы анықтауды немесе шығарманың кезеңін немесе авторын қысқаша түсініктеменің стилі мен мазмұнына сүйене отырып анықтау талап етілген. Аналитикалық сұрақтан құралған тестте көркем мәтінді қабылдау қабілеті зерттелген.
01.05.2021-31.05.2021ж. аралығында жинақталған материалдарды талдау жұмыстары нәтижесінде болашақ ағышын тілі мамандарын даярлаудағы академиялық дағдыларын жетілдіру бойынша (Academic Test Question Types) ұсыныстар мен жаңашыл элементтері бар шетелдік авторлардың еңбектеріндегі білім беру материалдары талданды:
2010 жылы жарық көрген R.R.Jordan-ның English for Academic Purposes атты оқулық оқытушыларға академиялық мақсаттар үшін (ЕАР) ағылшын тілінің толық шолуын ұсынады. Онда тек оқу дағдылары ғана емес, срнымен қатар қажеттіліктерді талдау, оқу жоспарлары мен курстарын әзірлеу, әдіснамалар мен материалдар, оқу стильдері, тесттер мен емтихандар, академиялық стиль мен жанрды талдау сияқты басқа да негізгі мәселелер қарастырылады. Жалпы VP-ден басқа, автор пәндік тілді және оқыту материалдарының түрлерін де қарастырады. Барлық жағдайда автор пайдаланушыға ыңғайлы тәсілді қолданған, онда теорилық ойлар практикалық тәжірибемен теңестірілген. Тесттердің түрлері талқыланып, суреттелген, сонымен қатар оқырмандарға әр тараудың соңында интроспекцияны ынталандыру және бөлімдерді талқылау арқылы өз пікірлерін қалыптастыру ұсынылған.
2012 жылы жарыққа шыққан РТЕ Academic Test Taker Handbook атты нұсқаулық ағылшын тіліндегі жаңа халықаралық компьютерлік академиялық тест. Тест ағылшын тілінде сөйлемейтін және ағылшын академиялық меңгеру деңгейін көрсету керек тестіленушілердің тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу дағдыларын дәл өлшейді. Тестіленушілерге арналған бұл нұсқаулық РТЕ Academic-тің келесі практикалық аспектілері туралы яғни тесттің формасы мен мазмұны, сізге тест орындау барысында көмектесу үшін қандай қосымша материалдар бар екендігі жайлы толық ақпарат береді.
01.06.2021-30.06.2021ж. Шетелдік жоғары оқу орындарында болашық ағылшын тілі мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуда қолданылатын академиялық дағдыларын (Academic Test Question Types) жетілдіру бойынша қолданылатын әдістері мен материалдарын зерттеу және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы қолданылатын әдістері мен материалдарымен салыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шетелдік жоғары оқу орындарында болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуда қолданылатын академиялық дағдыларын (Academic Test Question Types) жетілдіру бойынша қолданылатын әдістері мен материалдарын зерттеу және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы қолданылатын әдістері мен материалдарымен салыстыру бойынша жұмыстар жүргізу: Шетелдік жоғары оқу орындарында болашақ ағылшын тілі мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуда қолданылатын академиялық дағдыларын (Academic Test Question Types) жетілдіру бойынша Түркия Республикасының Гази университетінің Department of Foreign Languages Education, Foreign Language Department, Educational Sciences Department кафедраларында қолданылатын әдістері мен материалдары зерттеліп, сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 6В01703-Шетел тілі екі шетел тілі мамандығының білім беру бағдарламасында Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері курсы қамтылмаған екен дегенмен осы пәннің пререквизиттері ретінде Академиялық шетел тілі, Ағылшын тілінің лексикалық аспект практикумы, Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу, Ағылшын тілінің лексикалық аспект практикумы курстарында қарастырылған әдістері мен материалдарымен салыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
W.A.Firestone, R.Y.Schorr, L.F.Monfils-тің 2004 жылы жарық көрген The Ambiguity of Teaching to the test: standarts, assessment and educational reform атты 264 беттен тұратын оқулығында Ұлыбританияның жіне әлемнің басқа елдерінің де ең жақсы тәжірибелері көрсетілген академиялық дайындықты басқару және жақсарту бойынша практикалық нұсқаулар берілген. Материал қол жетімді және қарапайым стильде ұсынылған, ол жеке немесе топтық шолу сұрақтары сияқты пайдалы функциялврмен қамтылған. Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді екендігі айтылған. Тест арқылы әрбір тапсырушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болатындығы, тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысы міндетті түрде статистикалық оңдеуден өткізу керек екендігі анық көрсетілген. Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар жіктелген. Оқулық сонымен қатар нақты емтихан тапсыру тәжірибесіне негізделген 200 сұрақтан тұратын онлайн-тестке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Andre A. Rupp, Jacqueline P. Leighton-тың 648 беттен тұратын 2016 жылдың қараша айына жарық көрген The Wiley Handbook of Cognition and Assessment: Frameworks, Methodologies, and Applications (Wiley Handboks in Education) атты кітабында көптеген тест сұрақтары өте нақты, объективті жауаптары бар қысқа сөйлемдерде ұсынылуы мүмкін екендігі көрсетіледі. Мұның бір себебі-бұл жауап объективті түрде дұрыс па, дұрыс емес пе. Кейбір тесттердегі сұрақ қою тәсілі оқушыларды жақсы немесе жаман нәрселер туралы ойлауға итермелеуі мүмкін. Сөйлесу туралы ойлағанымыздай, тест тапсырмалары туралы ойлануымыз-біреудің сұрақ қоюы жауап туралы ойлауымызға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл кітаптағы тест сұрақтары бағалауға байланысты эмоциялар тұрғысынан сенімділік береді. Осылайша, тест тапсырмаларын дұрыс орындауды қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Кітапта алғашқылардың бірі болып тестте берілген сұрақтардың негізінде жатқан танымдық психология туралы ойлану керек екендігі туралы нақты тұжырым жасалынған. Сондықтан кітаптың маңызды бөліктерінің бірі-бұл "бағалау үшбұрышы" деп аталады. Авторлар жасаған бақылаулар туралы, түсіндірулер туралы, сондай-ақ біз байқайтын білім тұралы ойлануымыз керек. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді екендігі айтылған. Материал қол жетімді және қарапайым стильде ұсынылған, ол жеке немесе топтық шолу сұрақтары сияқты пайдалы функциялармен қамтылған. Оқулықта академиялық дағдыларды бағалау мақсатында керекті мәліметтерді жинақтау, жинақталған мәліметтерді қалай біріктіру және пайдалану керектігін түсіндірілген.
John Holt-тың (1995) How Children Fail (Classics in Child Development) алғаш рет 1960 жылдардың ортасында жарық кітабының жалғасы бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан білім беру реформасы қозғалысының негізін қалады. Оқулық 320 беттен тұрады. 1995 жылы жарық көрген Джон Холт балалардың әлемді қалай зерттейтіні, сыныпта оқытудың, бағалаудың, тестілеудің мәңгілік мәселелері және әр оқу жағдайындағы сенім мен биліктің рөлі туралы жаңа идеяларды қосты. Оның балаларды түсінуі, ойларының айқындығы және балаларға терең сүйіспеншілігі кітапты тұрақты классикаға айналдырды. Тест арқылы әрбір тапсырушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болатындығы, тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысы міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек екендігі анық көрсетілген. Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар жіктелген. Оқушыларды қиын тапсырмаларды талдауға, дәлелдерді сынауға және бағалауға, дәлелдерді қолдануға және өздерінің жеке ойларын дамытуға үйретудің жолдары көрсетілген. Бұл кітапта практикалық кеңестер берілген, онда қиындықтарды жою бөлімі бар, ол бөдімде жалпы мәселелер қамтылған.
2. Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері (6В017 - Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау мaмaндықтары студенттеріне apнaлғaн) - атты элективті курстың оқу бағдарламасын даярлау және білім беру үдерісіне енгізуі.
01.07.2021-31.07.2021ж. аралығында жоспарланған жұмысқа сәйкес Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру негіздері тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу барысында көптеген талдау жұмыстары жасалды.
Қазіргі қоғамға білімді адамдар керек. Тәрбие мен оқытуды қамтитын білім беру қазіргі әлемде белгілі бір адамның өмір сүруінің объективті қалыптасқан жағдайларын бүкіл қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келтіруге негізделген. Бұл белгілі бір адамның өмірі мен қызметінің маңызды аспектілеріне байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Рецептивті лексикалық дағдылар
Пәнаралық байланыстар
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Пәндер