Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ
«№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ғылыми Жоба
Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас
Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті
Дайындаған: Абдулла Аяжан
9 «Ғ» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Усенов Рахат Совурбаевич
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2021-2022 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Абай өміріне шолу
1. 2. Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі танымдық көзқарастар
1. 3. Абай Құнанбайұлы қазақ дүниетанымын сөз өнерімен байланыстыруы
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР15
Аннотация
Менің «Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас» деген тақырыпты алуыма Абай өлеңдеріндегі таным мәселелері туралы сөз қөзғағанда ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келуі.
Біздің негізгі зерттеу объектіміз де осы мәселенің Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарастарды ашу болып табылады.
Жұмыста арнайы жеке қарастырылған - Абайдың танымдық көзқарасы- діни тұрғыдан ғана зерттеліп жүргенін анықтау. Абай дүниетанымын қазақ мұсылмандық түсінігінің ерекшеліктері мен болмысын кескіндейтін көрсеткіш ретінде бағалау. Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі таным мәселелері.
Қорыта келгенде, Абай шығармашылығы -діни танымнан бастау алып, білім, ілім беретін ағартушылық, тәрбиелік бағытқа бет бұрады. Абай ар түзейтін ғылымды Құранның ішкі мәні ретінде түсіндіреді. «Түзу сөздің сыртын емес, сырын көр» деп, Иасауидің хәл ілімінің негізгі ұстанымына үндейді. Абай Құранды «түзу сөз немесе түгел сөз» ұғымдары арқылы береді. Абай ар түзейтін ғылымды «Әзірет Әлі, айдахарсыз сөз», яғни шариғатта емес, сондай-ақ, «алтын шек, сары ала қыз» калам да емес, «түбі терең сөзді» хәл ілімі ретінде танытады. Қоғамда екі тип адам бар. Бірі - аларман, екіншісі - берермен. Бірақ бір қызығы екеуі де «сатушы». Екеуі де бір-біріне «тегін» ештеңе бермейді. Бұл жерде қызық не бар? Бәрі орынды, қоғамдағы экономикалық қатынастардың бұдан артық қандай заңдылығы болуы мүмкін деуіңізге күмән жоқ. Бірақ Абайдың дертіне үңілсеңіз, қоғамда еш адал еңбек жоқ, өндіріс жоқ, бірақ «құжынаған» тіршілік. Адамдар «қарғадай шуласып, итше өшігіп, шыбындай құжынап» дүние-боғына малынып жатыр. Қоғамды надандық жайлаған. Иасауи надандарды Тәңірдің аманаты - жанның қадірін біле алмай пұшық пұлға сатып жүр десе, Абай да надандарды Тәңірдің берген «жанын» - арын дүние-боққа сатып жүр дейді. Абайдың «аларманы да, берермені де» арын, жанын сатушылар. Бәрі «ұя бұзар» індетке душар болған. Бұл жердегі «ұя» ұғымы - ар, жан, рух деген сөз. Адам ұясының бұзылуы - оның арының бұзылуы болса, қоғам ұясының бұзылуы - қиянат, зұлымдық, арамдық, дүниеқорлық, пайдакүнемдік, арсыздық, берекесіздік. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді. «Оның дауасы - Құран, түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі - әуелі аят, хадис - сөздің басы», яғни елді түзейтін сөз - әрі қисынды әрі өлеңмен (бәйітмысал) жазылған Алланың сөзі, Құран» дейді.
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі танымдық көзқарастары діни тұрғыдан зерттеліп жүргендігі баршамызға мәлім. Бірақ діни тұрғыдан зерттелгендігі туралы еңбектер жоқтың қасы, сол себепті жұмысымыздың негізгі өзектілігіне осы мәселені алдық.
Жұмыстың нысаны. Зерттеу жұмысы Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарастарға, діни-ислами танымның байланысын, әсерін анықтауға арналды. Ғылыми талдауға абайтанушы-ғалым Ж. Дәдебаевтің нақты деректері нысана болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысында Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарастарды әдебиетші ғалымдардың еңбектерінен анықтау.
Ол мақсатты орындау үшін төмендегідей мәселелерді шешуге мақсат етілді. Олар:
- Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарастарды анықтау.
- Ақын өлеңдеріндегі діни-ислами танымның байланысын зерттеу.
- Абай Құнанбайұлы қазақ дүниетанымын сөз өнерімен байланыстыруын дәлелдеу.
Жұмыстың материалдары. Қазақ ғалымдарының шығармашылығынан жиналған деректер талдауға түсті.
Жұмыстың әдістері.
1. Абай Құнанбайұлының еңбектерін талдау.
2. Ж. Дәдебаевтің шығармашылығына сараптама жасау.
3. Шығармаларды сипаттай талдау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыста Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі танымдық көзқарастары, діни-ислами таныммен байланысты екендігі анықталып, ақын шығармашылығы жан-жақты қарастырылды. Зерттеу жұмысының алдына қойған міндеттеріне сәйкес, ғылыми шешімін тапқан негізгі мәселелер төмендегідей:
- Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі танымдық көзқарастары, діни-ислами таныммен байланысты екендігі анықталды.
- Абай Құнанбайұлы қазақ дүниетанымын сөз өнерімен байланыстырғаны дәлелденді.
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Абай өміріне шолу
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол - ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы - Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән - Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
Білім алған жері және шығармашылығы
Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған . . . ») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - «Қансонарда» 1882ж. жазылған.
Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын үлгілерді қайталамайды.
А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.
1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей облысының генерал - губернаторы Цеклинскидің басқаруымен Семей облысына қарайтын 5 уездің 100 - ден астам би - болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті.
Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай әндерінің бір саласы тек өз шығармасы ғана тән өлең өлшемдеріне сай, соңы ырғақпен өріс табады.
1. 2. Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі танымдық көзқарастар
Абай өз еңбектерінде «таным-дегеніміз әлемді танып, білу»- деп, қарастырады. Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы «Ақыл, ғылым - бұлар - кәсіби» дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сөзім мүшелері арқылы танып, сол таным деректерін санада қорытып: «көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады». Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философия ой-пікірмен толық үндес келеді. Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет қасиеттерді атай келіп: «алдымен - «не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып . . . » алу; екінші - « . . . бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бірғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, тебеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» деп көрсетеді. Абай сөзім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», - деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың мінез-құлқыдағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?» - деп түсіндіреді Абай.
«Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуісіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек . . . » -деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сөзім және қайрат секілді қуаттарын біртүтас етіп алады. «Он жетінші сөзіне» (қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын адамның үш түрлі жан құбылысын әдеби публицистикалық. тұрғыда көрсетпек болады. Ойшыл-ақын негізгі үш бастау - ақыл, сөзім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінөзінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логик. үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қулықты. б. ) қайран қалдырады.
Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сөзіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сөзім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?» - деп көрсетеді. Сөзімнің басқа да танымдық құбылыстармен, дәлірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсіктермен байланысты екенін ашып айтады. Осыған байланысты Абай: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсыз ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі», -деп жазады. Ақын:
«Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей,
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сезді бұрын кермей,
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей . . . »-деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтпағанымен психология құбылыстың осы мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сезді түсіну қиын деп тұжырымдайды. Ақынның ес туралы пікірлері де қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастың себептер» деген психология термин енгізген. Ол осыған орай Отыз бірінші сөзінде: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы бөрік болмақ керек; екінші - нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер», -деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті, қуанышты көңіл күйлерін тану барысындағы өстің маңызы жайлы айта келіп, адам « . . . сезді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» - деп түйіндейді. Ақын шығармаларынан тек адамға ғана тән қуаттарының негіздері - сөз бен қиял хақындағы пікірлерін жиі кездестіруге болады. Абай:
«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әрнерсеге өзіндей баға бермек», -деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең, ақылды адамдарды жоғары бағалайды. Ақын:
« . . . білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза (ойласу, пікір алысу) . . . , екіншісі - берік мүхафаза (сақтау, қорғау) . . . Бұлар зораймай, ғылым зораймайды », -деп жазды. Абай жан қуаттарын адамдардың бір-бірімен жәй түсінісуі үшін ғана емес, сонымен қатар олардың көңіл-күйіне, бүкіл психологиясына әсер ететін күшті құрал ретінде түсінеді. Адамның саналан қызыққа толы сөзім өлімі - ақын шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі. Адамның ішкі жан дүниесін оның үш қырымен (ақыл, сөзім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте сезімнің аса маңызды қызмет атқаратынын атап көрсетеді. Адам рухани дамуы үшін ең алдымен жан-дүниесі бай, сөзімтал болуы қажет. Ақын адамның адамгершілік, имандылық, моральдық, эстетикалық сезімдеріне айырықша мен береді. Осындай сезімдерді бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді.
« Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Керсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады », - деп ескертеді. Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын сезімдерге баса көңіл бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, төк қажырлылықтың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Абайдың түсінігінде құмарлық ғылым жолында табысқа жөткіретін ең күшті сөзім: « . . . білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил (тыныштық, рахатшылық) болады», - дейді. Білімге ынтықтық сияқты құмарлықтың да адамның жасампаздық қызметін арттыра түсері сезсіз. Ақын сондай-ақ, біржолата құмарлық билеген адам тап сол сәтте қай нәрсенің аса маңызды екенін аңғармай, тек жөке басын күйттеп кетуі де мүмкін деп ескертеді. Егер құмарлық ақыл таразысын басып кетсе, ол жемісті еңбек етуге кедергі келтіреді, кейде құбылысты теріс бағалауға әкөп соқтырады: «Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әр түрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки енмін, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі жастық пайда болады екен», - деп суреттейді. Абайдың ойынша, құмарлық жаңадан білім алуға көмектессе ғана адамның рухани өсуінің қуатты күшіне айнала алады. Адамның көңілін көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі - қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл», - деп отырып, қуаныштың ғана шын жеңілден күлкі шығаратынын мегзейді. Ақын сонымен қатар « . . . қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемісілік үшін күлетін бояма күлкінің» «Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме . . . » - деп жастарды басына іс түскенде сары уайымға беріліп, жүнжіп кетпей, өмірге құштарлығын жоғалтпауға шақырады. «Әрбір орынды әрекеттің езі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды әрекетпен азайт!» - дейді Абай. Өзінің қадір-қасиетін, өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай-қайсысында да мақтаныш сөзімі болады. Абай мақтанышты адамның еркөкіректік, мақтаншақтық, менмендік сияқты мінөзінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды. Мақтанышты үлкендік деп алған ақын: «Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Мысалы, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез-ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі», - деп тұжырымдайды. Ашу - Абай түсінігінде жағымсыз сөзім. Ол ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі - оқыс қимылдар мен ащы сөздер арқылы сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді де, екіншісі - сыртқа шықпай, жасырын қуатын ішке бүгеді. Ашу туралы бұл ойларын ақын: «Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ, я қорқақ», - деген қанатты сөздермен түйіндейді. Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі - ар-ұят, арлылық, ұждандылық. Абайдың түсіндіруінше, ар-ұят адамның іс-әрекетіне қатысты. «Отыз алтыншы сөзінде» адамның осы секілді қастерлі сөзімін былайша сипаттайды: « . . . олай болғанда білмек керек, ұят езі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты . . . ұялмас нәрседен ұялған ұялу - ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиырлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық езіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын кергенде, сен ұялып кетесің . . . Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғақылдықтан ез бойыңнан шыққандығынан болады», Деп жазды. Абайдың пікірінше, өзіне-өзі сын көзімен қарап, өзін тізгіндей білген адам көлеңсіз қылықтардан аулақ жүріп, әр қадамын ұят таразысына сала алады. Абай шығармаларында достық, махаббат сияқты сезімдерді сипаттауға да көңіл бөліп, оларды адамның ең жоғары, асыл қасиеттері деп бағалаған. Достықтың өмірді байытып, оның мәнін айқындай түсетін қуатты күші бар, ол адам басына ауыртпалық түскен жағдайда оған қуат беріп, көмектесіп отырады. Ақын бұл хақында: «Кемді күн қызық дәурен тату еткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз. Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз», - деген тұжырымға келеді. Абай ер мен әйелдің махаббат сезімдерін, бір-біріне деген сүйіспеншілігін, көңіл-күй құбылыстарын түсіндіруге ерекше мән берді. «Қызарып, сұрланып . . . », «Көзімнің қарасы . . . », «Жүрегім, ойбай, соқпа енді . . . », «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл . . . »деген өлеңдері сүйіскен, ұғысқан жүректің жан сырын суреттеуге арналған. Адамды кездеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі - ерік-жігер, қажыр-қайрат. Ерік-жігер адамның ез мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайдасыз құмарлықтардан қорғайды. Абайдың айтуынша «жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе . . . Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар . . . ол жоғалса, адам баласы хайуан болды, адамшылықтан шықты». Ақын: « . . . ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!» - деп, адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері мен қажыр-қайратының ғана кезектесетінін еске салады. Адамның бірқатар жағымды да, жағымсыз қасиеттерін көрсете келіп, олардың табиғатын түсіндіруге тырысады.
«Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпуың,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz