Мақал - мәтел мағыналы шығарма



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.Мақал-мәтелдердің тақырыбы.
2.1.Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері.
2.2.Мақал-мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы.
IV.Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы дүние жүзі әдебиетінде бар, сондықтан әр елдің ақын-жазушылары оның алтын қорынан рухани мол қазына алып, өз жеміс елегіне нәр етеді.
Осы ауыз әдебиетінің түрлерінің ішінде менің тоқталып отрғаным мақал-мәтелдер жайлы сөз қозғау. Қай халықтың ауыз әдебиетінде болса да мақал мен мәтел көлемі шағын, тілі көркем, мазмұны бай жанрға жатады. Мақалдар мен мәтелдер ғасырлар бойы халықпен бірге жасап, біреулері ескіріп қолданудан шығып қалып, екіншілері жаңарып, жаңадан пайда болып отырады. Халық шығармаларынаң басқа түрлері сияқты мақал мен мәтелдерді де әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп жаттап жаңғыртады, әндейді, өзгертеді. Сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы ортақ мұраға халық шығармасына айналады. Демек, мақал-мәтелді халықтың өмірден жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйін деуге болады. Мақал мен мәтелдердің өмірмеңдігі, ұмытылмай ұзақ жасайтындығы - тілінің көркемдігі мен мазмұның тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, жаттауға, жадында сақтап керек екенінде еске түсіруге қолайлы екендігінде. Мақал мен мәтел халық өміріндегі алуан түрлі оқиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен жеткізеді. Айтылмақ ойды ажарлайды, айқындайды. Мақал мен мәтел халықтың өзі қолдан жасалған заңы, тұрмыста кесздескен әртүрлі жағдайларды түсіндіретін оқу құралы іспетті, Мақал-мәтелдерде көбінесе, ортақ ой жалпы ереже, анықталмаған қағидалар айтылады, тұлғасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ұйқасқа құрылады, мағынасына лайық көркем тілмен өлеңмен жасалады. Мақа-мәтел халық шығармасының ең шағын түрі; көркем сөзбен көмкерілген дербес шығарма.Мақал-мәтел мағыналы шығарма. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірде, табиғаттан көрген- білгенің бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері.
Мақал- мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлеуметтік ой сананың өсуіне бөліп қарауға болмайды. Мақал-мәтелдер тек ауызекі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем шығармаларда да жиі қолданылады. Ақындар мен жазушылар өз шығармаларында халық даналығынан туған дайын нұсқаларды пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал- мәтелдер жасайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Тіліміздегі мақал-мәтелдердің шығу тегін, пайда болу арналарын айқындау және оны болжам түрінде фольклорлық шығармалар деректеріне сүйене отырып жасау.Мақал-мәтелдердің әуел баста қолданылған алғашқы ситуациясы мен кейінгі ауыспалы мәндегі қолданысының арасындағы айырмашылықтарын көрсету. Кейбір мақал-мәтелдердің авторларын шешендік сөздер мен ертегі-аңыздар негізінде анықтауға талпыныс жасау. Ежелден шайырлары жырлаған дастандардағы оқиғалар мен мәліметтерге сүйене отырып, жекелеген мақал-мәтелдердің шығу себебін болжау.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Мақал мен ммәтелдің адам өміріндегі тәрбиелігін талдау;
- Мақал мен мәтелдің ерекшелігін анықтау;
- Қазақ халқының төл әдебиетіндегі мол мұралар легімен танысу.
- Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
Зерттеу жұмысының болжамы: қазіргі қоғамдағы мақал мен мәтелдің қолданылуы мен ерекшілігін анықтап, маңыздылығын түсіну.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: мақал-мәтелдердің қажеті жоқ, мағынасыз түрлері де кездеседі.
Зерттеу жұмысының нәтижесі. Ізденуші қажетті теориялық әдебиеттермен танысып, нысанға алынған мақал-мәтелдердің қазіргі сөйлеушілердің қалай қабылдайтынын, түсінетінін анықтау мақсатымен тәжірибе жүргізіп, информанттардың жауаптары негізінде қорытынды жасаған. Қол жеткізген нәтижелері мен қорытындылары нанымды, баяндау тілі жатық. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің қазақ және орыс сыныптарында қазақ тілі және әдебиеті пәндерін оқыту барысында пайдалануға болады.

Қолдану аясы. Зерттеу жұмысында жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді жоғары оқу орындарының қазақ әдебиеті факультетінде Қазақ әдебиеті курсынан жүргізілетін сабақтар барысында, орта білім беретін мектептерде қазақ әдебиеті сабағында мұғалім үшін де, оқушы үшін де әдістемелік құрал ретінде тиімді пайдалануға болады.


Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында:
сипаттау
талдау
жүйелеу
жинақтау
баяндау
салыстыру
тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.

II.Негізгі бөлім
2.Мақал-мәтелдердің тақырыбы.
Эпиграф ретінде Өтебай Тұрманжановтың Тегінде мақал-мәтел - қай халықтың да мінез-бітімінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының байлығы, деген сөзін алдық.
Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау - XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың Таңдамалы шығармалар еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді.
Мақал-мәтел - әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады.
Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады.
Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан.
Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, бүкіл жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады.
Өкінішке орай ғылым мен техниканың дамуына байланысты біз дайын құндылықтарға әбден үйреніп, төселіп кеттік. Олар - әлемдік ғаламтор өнімдері, электрондық өнімдер, т.б. Сөз жоқ бұл құндылықтардың да өмірде алатын орны зор. Дегенмен, адамдардың арасындағы тірі қарым-қатынасқа жетпейді. Көпшілігіміздің сөйлеу мәдениетіміз, сөздік қорымыз, ұтқыр, ойлы сөйлеу шеберлігіміз кемшін түсіп жататыны жасырын емес. Сондықтан халқымыздың мақал-мәтелдерінің тақырыптарын, мән-мағынасын зерттеп, зерделеуді осы зерттеу жұмысымның өзекті мәселесі ретінде алдық. Себебі ата-бабаларымыз тобықтай түйінмен-ақ адамға дұрыс жол сілтей алған. Мақалдар мен мәтелдерде адамның жан-жақты тәрбие алуына үлкен мән берген, тәлім-тәрбиені мақал-мәтел арнасына шеберлікпен сыйғыза білген. Мақалдар мен мәтелдерд тапқырлыққа баулиды, шеберлікке, шығармашылыққа бастайды, көркем сөз табиғатына жетелейді әрі ұшқыр, көңілге қонымды, ойлы, бейнелі сөйлеуге үйретеді, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Оның үстіне мақалдарымыз бен мәтелдеріміз тіл үйренуде, сауатты жазып, ойды көрікті әрі көркем етіп жеткізуде, тіл сауаттылығына баулуда ең тиімді, ең құнды құрал ретінде де маңызы зор деп есептейміз.

Мақал - сөз атасы. Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Олардың қайсысында болсын поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация барлығы бар. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты тақырыбының бірі - Отан, туған жер, атамекенге байланысты.
Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл Еңбек түбі - береке, Еңбек етсең, емерсің, Ер дәулеті - еңбек, Бейнет, бейнет түбі - зейнет деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген. Еңбегіне қарай - құрмет, жасына қарай - ізет, Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер, Еңбек еткен - мұратқа жеткен, Әрекет болмай, берекет жоқ, Еңбексіз рақат жоқ, Бір еңбектің көп рақаты бар, Біткен іс - піскен жеміс деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген.
Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген. Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас, Жұмысы жоқтық - ырысы жоқтық, Еріншектің егіні піспес, Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді, Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамының беделін биіктетіп отырған.
2.1.Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері.
Ауыз әдебиетінің бір үлгісі - мақал-мәтелдер. Халқымыз осы мақал-мәтелдер арқылы жастарға тәлім-тәрбие беріп отырған. Қазақ халқы ғасырлар бойы салтымен дәстүрін, әдет - ғұрпын, өнерін қатар ауызша дамытқан, жетілдіріп отырған.
Халқымыздың ұлттық өзіне тән қасиеттің бірі - жомарттық . "Кең болсаң, кем болмайсың", "Ақылың болса, арыңды сақта, ар - ұят керек әр уақытта" деп өз перзенттерін тек дүние - мүлікке, малға ғана емес, рухани жомарттыққа да үндеп отырған. Өткенге менсінбей қарау- жетесіздіктің, қала берді жабайылықтың нышаны болса, өткенді біліп, өшкенді жандыру - есеюдің, парасаттылықтың белгісі.
Дәуірлердің қателігін түзетіп, дана уақыт өтіп жатыр сырғанап,- деп Мұқағали көргендікпен айтып кеткендей, бүгінгі өмір талабына сәйкес рухани танымдық, тәрбиелік маңызына назар аударар болсақ, шешендерден қалған өнегелі сөздердің тереңдігі сезіліп тұрады.
Тарихымызды білмей тұрып, болашақты болжай алмаймыз. Туған халқымыздың тарихын білу терең - міндет. Олай болса, сол тарихи, әдеби мұраның бірі - шешендік сөздер.
Қазақ халқы оқымаса да ойына тоқығаны көп, екінің бірі ақын, жыршы, шежіре болғанын Батыс Еуропадағы түрік тілін зерттеушілер әлдеқашан- ақ әлемге паш еткен. Айталық, Жүсіп Баласағұнның :
Көп сөйлеме- азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін - деген сөзі халықтың Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деген мақалымен үндестік жатыр. Ата дәстүрінен арнасын үзбеген Бұқар, Махамбет сияқты ақын- жазушылардың толғаулары бала кезінен халықтың бай ауыз әдебиетімен сусынданған Абай, Шоқан, Ыбырай халық дәстүрімен қанаттанған Төле би, Қазыбек би, Әйтекелер сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер өз ұлтының намысын ойлаған шешен тілді азаматтар.
Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздың 5-6 ғасыр бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік сөздердің алғашқы нұсқаларын жинақтап, халық шешендігін бағалаған Ә.Диваев, А. Васильиев, В.Радловтың шығармаларынан да кездестіруге болады.
Қай халықтың болса да жеке қадірлейтін дара білімпаз шешендері болады. Сол сияқты қазақ шешендері: Майқы би, Аяз би, Жиренше, Төле би, Әйтеке, Қазбек, Сырым, Досбол, Бөлтірік, Бала би т. б өздерінің көсемдіктері мен шешендіктерін халық алдына сан рет көрсетіп, қазақ даласына мәлім болған адамдар.
Мақал-мәтелдердің ертегі-аңыздар негізінде жасалуы.
Ертегілер - ауыз әдебиетінің ең көне жанры.Ертегілерде өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Ертегілер ауызша айтылып, халық жадында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып , біздің дәуірімізге дейін жетті. Әр дәуірдің ертегі айтушылары өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосып отырған. Сөйтіп, ертегілер жаңарып, толықтырылып , жетілдіріліп отырған.
Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады.Кейде өлең түрінде де (мысалы,Тазша бала айтқан өтірік өлең, Мағжан жазған "Жүзіпхан"ертегіс) кездеседі.
Қара сөзді әңгіме күйіндегі ертегілерде тақпақтан айту жиі кездеседі.Сондай-ақ, ертегілердің "Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде", "Бұрынғы өткен заманда", "Баяғы өткен заманда" деп, бастауынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр.Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы , қилы-қилы қиын асулары , халықтың шер-мұңы , арман-мұраты бейнеленген.
ХХ ғасырдың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ертегілерді үш жеке (жанрға) бөледі: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.
Ертегілердің соңы үнемі жақсылықпен аяқталады. Ертегінің осылай бітуінің өзінде халықтың ертеңгі күнге деген сенімі, болашаққа деген үлкен үміті жатқандығын аңғаруға болады.
Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс -әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді , кемшілікті тұспалдап әжуа - күлкі етеді.
Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.Мысалдар еңбек сүйгіштік, әділдік , адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
Мақал-мәтелдердің дастандар негізінде жасалуы.
Қасқырдың (бөрінің) аузы жесе қан, жемесе де қан деген мәтелді бір жаман атқа ие болған кісі еш уақытта жақсы атақ жоқ, яғни оның кінәсіз де жазықты болып отыруы, бүлінген істі қатысы бар-жоғына қарамастан, бір кездері сондай кінәсімен көзге түскен адамнан көру, соны кінәлау деген мағынаны білдіреді; ұсынған басты қылыш кеспесдеген мәтелді кінәсін түсініп,мойындаған адамды кешірудеген мағынада қабылдайды; бір әйелдің кесірі қырық есекке жүк болар деген бір адамның кінәсінен көп адамның зиян шегуі деген мағынаны білдіреді. Бұл мақал-мәтелдердің шығу негізінде қызықты дастан оқиғалары жатыр.
2.2.Мақал-мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы
Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.
Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын бір немесе екі бөлімнен құралып,алдыңғысында жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халық нақылы. Мақалдар аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлем болып келеді, құрамындағы сөздер өзінің дербес мағынасын сақтайды.
Бір мысал талдап көрелік: Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар көбінесе екі бөлімді болатынын көреміз. Оның үстіне мақалда ой тиянақты болып келеді. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты екендігі анық айтылып тұр.
Мезгіл жетсе, мұз да ерір деген мақалдан да осыны байқауға болады. Мақалда бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселер салыстырылып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.
Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. Мәтелде қорытынды ой, түйін айтылмайды, тұспал ғана болады. Бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, тұжырым жасайды.
Мысалы, Көппен көрген - ұлы той дегенде тұспал ғана бар. Бұл жерде мағынаны тыңдаушы өзі қорытуына тура келеді. Мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ.
Мәтел - халық арасында кең тараған, қорытындысы болмайтын, негізгі айтылатын ой жанамалап берілетін, ықшам кестелі халық сөзі. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді.
Мақал - мәтелдің бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, сазды- лық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Онда басы артық сөз болмайды. Барлығы өз орнында, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. Ер дәулеті - еңбек деген мақалды талдап көрелік. Осындағы сөздердің бірін де өзгерту мүмкін емес. Мұндағы негізгі ой - еңбектің қажеттілігін, ол бүкіл бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы еңбек деген сөз болған соң, е дыбысы ерекше естіліп тұр. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да - сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық т.б. сөздердің біреуін де ала алмайсың. Сөздерді ауыстырып қолдансақ, онда бұл мақал поэтикалық қасиетінен де, мән - мағынасынан да айырылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде кейбір сөзді тастап кетіп отырады. Мысалы, Ақыл - жастан, асыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал-мәтелдер
Мақал –мәтелдердің аударылуы
Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Оқушылардың сөздік қорын дамыту
Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні
Парсы тілінен енген сөздер
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» шығармасындағы тілдік құралдардың қолданылу мақсаты
Мақал – мәтелдер туралы ақпарат
Пәндер