Ежелгі Мысыр өнерінің ауқымдылығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Халықаралық білім беру коорпорациясы

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

Казахская головная архитектурно-строительная академия (КазГАСА) | Портал для абитуриентов и школьников

Реферат

Мысыр өнерінің ауқымдылығы, көлемді ерекшелігі, пирамидалар, храмдар

Орындаған: 1-курс Арх 21-5 студенті

Сламбек Мәди

Тексерген: Ақбаева Шолпан

Жоспары:

I - Кіріспе

II - Негізгі бөлім

  • Династиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (бзд 4. м. ж)
  • Джосер Хи-Ку-Пта және Джосер Пирамидасы
  • Хеопс Пирамидасы
  • (Менес) Нармер тақтасы
  • Луксор ғибадатханасы

III - Қорытынды

IV - Пайдаланылған әдебиеттер

Ежелгі Мысыр өнерінің ауқымдылығы

Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Солар арқылы көне мәдени-рухани байлық жөнінде біршама толығырақ мәлімет алуға болады.

  1. Династиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (б. з. д 4 м. ж. ) 2. Ежелгі патшалық (б. з. д 3200-2400 жж. ) 3. Орта патшалық (б. з. д XXI - XIX ғг. басы) 4. Жаңа патшалық (б. з. д XVI - XII ғғ. ) 5. Кейінгі уақыт (б. з. д XI ғ. - 332 жж. ) - эллинизм мәдениетіне көшу кезеңі.

Ерте патшалық (б. з. д. 4-5 м. ж)

Ежелгі патшалық Мысыр өнерінің негізін салған өнердің классикалық кезеңі деп саналады. Бұл кезең, монументалды өнердің гүлденген уақыты болып табылады. Ол сәулет, кескіндеме, мүсін өнерлерінде өзінің керемет көріністерімен таңғалдырады. Соның ішінде, әсіресе сәулет өнерінде

- пирамидалар бірінші кезекте тұрады . Жер бетіндегінің бәрі уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидадан қорқады деп айтылады .

Орта патшалық (б. з. д XXI - XIX ғғ. басы)

Орта патшалық дәуірі кейбір діни негіздердің әлсіреу дәуірі болады. Алайда орта патшалық тұсында да перғауын бұрынғысынша құдай саналады. Ендігі жерде, пирамидалар тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастайды. Перғауындардың жеке басы Ежелгі патшалықтағыдан да көрнекі дәріптеледі.

Жаңа патшалық (б. з. д. XVI - XII ғғ. )

Жаңа немесе Гүлдену кезеңіндегі патшалық дәуірі - орныққан Мысырдың қуат-күшінің салтанат құрған дәуірі болды. Осы дәуірде өнерде аса бір нәзіктілікпен сұлулыққа ұмтылу пайда болды. Енді пирамидалар мүлде салынбайтын болды. Перғауындардың мазары «Жүз қақпалы Фивының» қарсы алдындағы «Патшалар алқабы» деп аталатын жерде тұрғыза бастады. Бұл кезде пирамидалар орнына храмдар салына бастады

Джосер Хи-Ку-Пта және Джосер Пирамидасы

Б. д. д. ІІІ мыңжылдық шамасында өмір сүрген сәулетшілердің шығармашылық табыстары ауқымды болды. Олардың үздік жетістіктерінің даңқы көптеген елдерге жайылды. Тастың құрылымдық (конструктивтік) және сәндік (декорациялық) ерекшеліктерін білу, перғауынға арнап мыңдаған жылдар бойы уақыт сынына төтеп берген пирамидаларды тұрғызуға мүмкіндік берді. Күн ғибадатханасы, нақты жоспарланған құрылыстарда жеке бөлмелер пайда болды. Кеңістік көркемдігі ретінде тіреуіш ұстындар жүйелі пайдаланылды. Ғимараттар, мүсіндер, рельефтер және т. б. -дың үйлесімді көрініс табуы, әлемдік сәулет өнері жетістігіне қосылған үлкен үлес болды. Бір орталыққа бағынған мемлекет құруға мысырлықтар б. д. д. ХХVІІІ-ХХІІІ ғғ. аралығында қол жеткізді. Осы тарихи дәуірде перғауын Джосер Хи-Ку-Пта (1-сурет) ( Египет деген сөз осыдан шыққан ) атанған елдің астанасы Мемфис маңында бірінші пирамиданы тұрғыздырады. Джосер пирамидасы жоғары қарай сүйірленіп, ұшталып, сатылай салынған. Ежелгі мысырлық сәулет өнерінің жетістігі - Джосер пирамидасы б. д. д. 2600 жылдар шамасында пайда болып, кейінгі пирамидалар кешенінің бастауында тұрды. Адам алғаш рет сәулет өнері кешенінде ғасырлар бойы уақыт сынына төтеп беретін тасты пайдаланды. Арнайы әдебиеттер Джосер (1-сурет) пирамидасының сәулетшісі Имхотеп тің (2-сурет) тек сәулетші ғана емес, сонымен бірге ежелгі Мысырдың ең танымал оқымыстысы, аты аңызға Суретте: Джосер пирамидасы [13] 26 айналған дәрігер, астроном, сәуегейі болғанын көрсетеді. Алты сатылы, ені мен ұзындығының өлшемдері 118 × 140 м , биіктігі 60 м болатын пирамида кешені Мемфис қаласы жанында тұрғызылған. Құрылыс жұмыстарының барысын зерттеу пирамиданың астыңғы жағына көлемі кіші тастар қойылып, құрылыс қабырғасының өсуіне сай, тас көлемінің ұлғайып отырғанын көрсетеді. Ең соңынан пирамида қабырғасы сыртынан ақ түсті әктаспен қапталған. Тұтастай тұрғызылған пирамида астындағы лақат - =жерлеу орны 28 м тереңдікте орналасқан. Оның қабырғалары қызғылт гранит плиталармен қапталған. Лақатқа апаратын дәліз бойындағы бөлмелерге жерлеуге керек заттар, әкелінген садақа қойылған. Кейбір бөлме қабырғаларының жоғарғы жағы мен төбесінің көгілдір изразецтері (изразец - қыш тақташа (жылтырақ шыны әшекей жалатылған қыш кесек) аспан әлемін бейнелейді. Археологтар Джосер перғауынның үш барельефтік бейнесін тапты. Ол басына жоғарғы Мысыр билеушісінің бас киімін киіп, діни рәсім өткізілуі кезінде бейнеленген. Фараон Имхотеп, его пирамида-гробница и мумия

Джосер Пирамидасы (1-сурет) Имхотеп сәулетшісі (2-сурет)

Хеопс пирамидасы

Хеопс пирамидасы (3-сурет) - дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі. Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу ) [4-сурет] көзі тірісінде өзіне арнап б. з. б. 3 - мыңжылдықтың 1 - жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған. Қурылыс авторы - Хемуин . Пирамида биіктігі 147 м , көлбеу бетінің ұзындығы 235 м , тұрған жерінің көлемі 55 мың шаршы метр. Пирамиданың өзі 20 жыл, ал тас кесектерін таситын жолы 10 жыл салынған. Қурылыстын беріктігі соншалық, 4-7 ғасырлар ішінен төбесі ғана шетілген. Ғаламат тас кесектерден əдемілеп өрілген сəулет ескерткіші бес мың жыл бойы əлі мызғымай сол күйі сақталғаны мəлім. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады .

Пирамида Хеопса: история, факты и тайны - Вокруг Света A person wearing a uniform Description automatically generated with low confidence

Хеопс Пирамидасы (3-сурет)

Хеопс(Хуфу) [4-сурет]

Нармер тақтасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
Ежелгі Мысыр өміріне шолу
Мысырдың ғажайып өнері
Мысыр өнері. Мысырдағы қашқындар
Мысыр өнерінің классикалық кезеңі
Ежелгі пирамидалар
12 жылдық кәсіптік оқыту әдістері және әр түрлі өңдеу тәсілдерін қолдана отырып майлы краскамен сурет салу технологиясы
Мысыр өнері
Пирамиданың құдіреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz