Сала кәсіпорындарын орналастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Казақстан инженерлік -технологиялық университеті
Технология, жабдықтар және стандаттау кафедрасы

РЕФЕРАТ №1
Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының нәтижелері мен даму перспективалары

Орындаған:ТМО-2021-2к топ студенті
Қадылбек Дархан
Қабылдады: т.ғ.к., қауым. профессор
Колмыкпаев Б.К.

АЛМАТЫ 2021

Жоспар
1
Кіріспе
Тамақ өнеркәсібі
1.1

Сала құрылымы
1.2

Тамақ саласының қазіргі жағдайы
1.3

Сала кәсіпорындарын орналастыру
1.4

Қазіргі жағдайда жұмыс істейтін кәсіпорынның мысалы
1.5

Тамақ саласын дамытудың негізгі бағыттары
2
Қорытынды

Кіріспе

Тамақ өнеркәсібі -- халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері,балық, кондитер, шарап жасау т.б.салалары дамыған. Ауыл шаруашылығы тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайды. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы қуаты жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді: өсімдік шаруашылығының шикізаттары, мал шаруашылығының шикізаттары, өндіріс шикізаттары (тұз өндіру, минералды сулар, балық аулау, теңіз өнімдері). Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастырушыға әсер етуші негізгі факторлар -- шикізат көздері және тұтынушылар. Осы факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай тамақ өнеркәсібін үш салаға бөлуге болады:
Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар (қант, спирт, май шайқау, сүт, консерві, крахмал, сірне т.б.);
Тұтынушыға жақын орналасқан салалар (наубайхана, сыра қайнату, сүт, макарон, кондитер өнімдері т.б.);
Шикізат көзіне де тұтынушыға да жақын орналасқан салалар (ет, ұн тарту, шарап жасау, темекі өңдеу т.б.).
Елімізде тамақ индустриясын шикізат көздеріне және тұтынушыға жақын орналастыру өндірісті мамандандыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу салалары шикізат көздеріне жақын, ал дайын өнімдер шығаратын өндіріс тұтыну орталықтарына жақын орналастырылады. Технологиялық процестердің аумақ бойынша бөлінуіне шай өнеркәсібі мысал бола алады.
Ет өнеркәсібі -- тамақ өнеркәсібінің ірі саласы, ол тамақ өнімдерінің 14-ін құрайды. Мал өнімдерінің сапасы құрамында жоғары сапалы нәруыз бен басқа да құрауыштардың болуымен анықталады. Еліміздегі ет тағамдарына деген сұраныстың өсуі -- халықтың тұрмыстық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. 2002 жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 45 кг-ды көрсетті. Қазіргі таңда ет өнімдері жоғары техникамен жабдықталған ет комбинаттарында дайындалады.
Алысқа тасымалдауға жарамды өнімдер (ет консервілері, кептірілген және жартылай кептірілген шұжықтар т.б.) шикізат көздеріне жақын орналастырылған ет комбинаттарында шығарылады. Осындай өнімді шығаратын негізгі ет комбинаттары Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда қалаларында орналасқан. Ал тез бұзылатын өнімдер (тоңазытылған ет, құс өнімдері қайнатылған шұжық т.б.) шығаратын комбинаттар тұтыну көзіне жақын орналастырылады.
Қазақстанның барлық экономикалық аудандарында ет өнеркәсібінің дамуы мал шаруашылығының аумақ бойынша біркелкі таралуымен түсіндіріледі. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары ет өнімдерін шығаратын негізгі аудандар болып есептеледі. Мысалы Семей ет комбинаты еліміздегі ірі өнеркәсіп орталығы. Бұл комбинат малдың тірідей салмағының 98%- ын пайдалана отырып, дайын және жартылай дайын өнімнің 100-ден астам түрін шығарады.

2.1)Сала құрылымы:
Бұл өнеркәсіптегі ең жалпы халықтық және тек қалада ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген тамак өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде тәтті өнімді дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.
Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе,Алматы облысында орналасқан.
Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнер- кәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.
Саланың басты кәсіпорны - Атыраубалык АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.
Түтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу бейнесі осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері - Пертропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.
2.2) Тамақ саласының негізгі жағдайы:
Қазақстанда тамақ индустриясының қосымша салалары кондитер тағамдары, шарап жасау, темекі өндірісі де қарқынды дамып келеді. Автоматты қондырғылармен жабдықталған Алматыдағы Рахат, Қостанайдағы Баян сұлу және Қарағанды кондитер комбинаттары халықты кондитер тағамдарымен қамтамасыз етуде.
Жүзім көп өсірілетін Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шарап жасайтын зауыттар жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде минералды және таза бұлақ суларын, түрлі шырындар мен шөл қандыратын сусындар шығаратын өндірістердің ұлғайып келе жатқаны байқалады.
Алматы облысында егілетін темекіні пайдаланып жұмыс Алматы темекі комбинаты - Қазақстандағы тмемекі өндіретін негізгі кәсіпорын. Оны 1993 жылдан бастап Американың Филип Моррис фирмасы басқарып келеді. Компания Алматы облысының Шелек ауданында темекі өсіру бағдарламасын жасады.
Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын әр түрлі өнім түолерін шығарады. Бұл - индустрияның ең қарқынды саласы. Бұым дайындауда дәстүрлі кәсіпті меңгерген,көркемдік мәдениеті мен талғамы жоғары жұмысшы күшіне деген сұраныс жеңіл өнеркәсіп саласының негізгі ерекшелігін айқындайды.
Ғылыми - техникалық прогресс жеңіл өнеркәсіптің дамуына күшті әсер етуде. Бұл шикізат базалары саласының өзгеруінен және жаңа техника мен технологияны пайдалануынан байқалады. Жеңіл өнерңәсіп құрамындағы жартылай дайын және дайын өнімдердің сапасына, оларды безендіруге байланысты талап күн сайын артуда. Киім үлгілерінің жылдам ауысып отыруы жеңіл өнеркәсіп құрал - жабдықтары мен өндірістің ұйымдастырылуына да жаңалықтар енгізуге мәжбүр етуде.
Жеңіл өнеркәсіп құрылымының біршама күрделі екенін байқауға болады. Ол табиғи немесе химиялық шикізаттарды қайта өңдеудің технологиялық кезеңдерінен тұрады.
Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салалар орналасу принциптеріне байланысты республика аумағында әр түрлі тараған. Мысалы, шикізат өндірістері (мақта тазалау зауыттары, жүн жуатын фабрикалар, жүнді өңдейтін кәсіпорындар) ауыл шаруашылығы шикізат базалары бар жерге шоғырланады. Шикізат өндірістері АӨК - тің құрамына кіреді. Тоқыма, былғары, тері т.б. кәсіпорындар кәсіби жұмыс күші және тұтынушылары бар қалаларда орналасады.
Соңғы жылдары тұтынушыға қажетті дайын өнімнің (тігін, тоқыма, кілем және тері бұйымдары, бас киімдер, былғарыдан тігілген бұйымдар - аяқкиім т. б.) үлесі артып келеді. Дайын өнімнің бағасы жартылай дайын өніммен (мақта, былғары, тері) салыстырғанда жоғары. Дайын бұйымдарды сыртқа шығару жеңіл өнеркәсіп өндірісі үшін де тиімді.
Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі - тоқыма өнеркәсібі.
Ол - шаруашылықтың ежелгі саласы. Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі қазіргі заманғы техникамен жабдықталған, машиналы өндіріске айналып отыр.
2003 жылғы есеп бойынша Қазақстан экономикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 1,8 % -- көрсетті.
Мақта мен жүн тоқыма өнеркәсібінің шикізаттарына жатады. Мақта дайындау процесі бірнеше саыдан тұрады. Мақтаны тазарту және жүн жуу кәсіпорындары шикізат көзіне жақын орналастырылады.
Мақта тазалау зауыттары Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан қалалары мен Мақтаарал елді мекенінде орналасқан.
Жүн жуу комбинаттары Семей мен Тараз қалаларында салынған. Алдын ала өңдеуден өткен мақта мен жүннен жіп иіріліп, боялып, мақта мата комбинаттарына жіберіледі.
Мақта мата өнеркәсібі мақтадан әр түрлі (шыт, бөз, түкті мата, дәке т. б.) маталар шығарады. Мақтадан жасалған маталардан іш киім, сырт киім, көйлек, киімнің ішкі астары, сәндік бұйымдар т. б. тігіледі. Маталарды жасап шығару процесі, мысалы матаны бояу, оған әртүрлі түсті суреттер түсіру т. б., кәсіпорынның арнайы мамандануын талап етеді.
Тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорны - Алматы мақта мата комбинаты. Жүннен тоқыма бұым жасап шығаратын өнеркәсіп. Мақтадан жасалған матамен салыстырғанда, жүннен тоқылған матаның құрылымы мен пайдаланылуы күделірек. Мұндай матаға машинамен тоқылған жартылай жұқа мауыты маталар жатады. Жүннен тоқылған маталар тоқыма өнеркәсібінде ең қымбат маталар қатарында. Қарғалы мен Қостанай комбинаттарында дайындалған жоғары сапалы жүннен тоқылған маталардан пальто, костюм тігіледі.
Сонымен қатар елімізде тігін, трикотаж, галантерея, шұлық шығаратын т. б. кәсіпорындар бар. Тігін комбинаттары қалаларда және аудан орталықтарында жиі кездеседі.
Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазған қалаларында трикотаж бұйымдарын шығаратын фабрикалар орналасқан.
Шұлық шығаратын фабрикалар Семей, Қарағанды, Шымкент қалаларында орналасқан. Астана қаласында жүн иіретін комбинат, ал Өскеменде жібек маталарын шығаратын комбинат жұмыс істейді.
Халықтың жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына сұранысын қанағаттандыру мақсатында елімізде ұсақ және орташа кәсіпорындар құрылып, олар тері мен былғары бұйымдарын шығарады. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқкиім өндірісінің Қазақстан экономикасындағы үлес салмағы 2003 жылғы есеп бойынша 0,1 % -- ды құрады.
Орал, Қызылорда, Тараз, Қостанай қалаларында орналасқан былғары, тері илеу зауыттарының елімізде маңызы зор. Тері илеу зауытттарында қой терісі және құндыз, түлкі, қасқыр, ақ тышқан, қоян терілері де өңделеді.
Аяқкиім өнеркәсібі. Аяқкиім тігу үшін қажетті шикізат түрлері әр түрлі болғандықтан (былғарыдан, мақтадан тігілген, резеңке мен пластмассадан жасалған), аяқкиім түрлері де көп. Аяқкиім өнеркәсібін тұтынушыға және шикізат көздеріне жақын орналастыру тиімді. Негізгі кәсіпорындары Алматы, Семей, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Талдықорған қалаларында орналасқан. Бұл кәсіпорындарда аяқкиім шығару халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмайды, сол себебті елімізге аяқкиім түрлері сырттан әкелінеді. Ал былғары шикізаттары жеткілікті болғандықтан - еліміз сыртқа шығарады. Халықтың тұрмыс қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіптің тағы бір саласы - фосфор - фаянс бұымдары. Ол, негізінен, Астана және Қапшағай қалаларында орналасқан.
2.3) Сала кәсіпорындарын орналастыру:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Машина жасау топтары
Машина жасау үш топқа бөлінеді:
көп уақыт қажет ететін;
көп металл қажет ететін;
көп ғылыми жұмысты қажет ететін.
Өз кезегінде бұл топтар келесі салалық топтарға бөлінеді:
ауыр машина жасау;
жалпы машина жасау;
орта машина жасау;
нақты машина жасау;
металл бұйымдары мен дайындамаларды өндіру;
машиналар мен жабдықтарды жөндеу.
Ауыр машина жасау
Ауыр машина жасау -- металлургиялық, тау-шахталық, ауыр соқпа-баспылы, көтергіш-тасымалды жабдықтарды, ауыр экскаваторларды, дизельдерді және басқада жабдықтарды шығаратын машина жасау салаларының тобы.[[2]]
Білдек жасау
Білдек жасау -- метал кесуші, жонушы белдіктерді кұрастырып жобалайтын, жасап шығаратын машина жасау саласы.[[2]]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Технологиялық үдерістің ерекшеліктері
Машина жасаудағы технологиялық үдеріс үш деңгейді қамтиды: дайындық, механикалық өңдеу, жинақтау. Бұл жерде басты құрастыру материалы қара металл, сондай-ақ түсті металдар, ағаш, әйнек өнімдері, химиялық материалдар, жаңа материалдар (композита, пластик және т.б.) кең қолданылады.
Соңғы өнім бір кәсіпорын шегінде шығарылуы мүмкін емес, ол көптеген жеке бөлшектер мен құрамалардан тұрады. Сондықтан да машина жасауда басқа салаға қарағанда мамандандыру мен кооперациялау жоғары дамыған.
Ірі машина жасау кәсіпорындарында мамандану жеке цехтар мен бөлімшелер деңгейінде байқалады, бірақ, әдетте, бір кәсіпорында қажетті барлық жиынтық бөліктері өндірілмейді. Көптеген кәсіпорындар тар шеңберде мамандандырылған болып келеді. Сондықтан да бір-бірімен байланысты зауыттар: толықтырушы өнімдерді жеткізуші және өнімді тұтынушы жұмыс ырғағына тәуелді болады.
Жинақтаушы кәсіпорындар өлшемдері бойынша ең ірілері. Олардың маңына шағын дайындамалар, бөлшектер және толықтырушы құралдар дайындайтын зауыттардан тұратын кешендер қалыптасады.
Машина жасаудағы маманданудың барлық түрінің дамуы сала кәсіпорындарымен қатар, басқа сала кәсіпорындары арасында кооперацияны кең өңндірумен тығыз байланысты. Кооперациялау салаішілік және салааралық, ауданішілік және ауданаралық байланыстарды қалыптастыруды ұйымдастырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кәсіпорындарды орналастыру факторлары
Машина жасау кәсіпорындарын орналастыруға көптеген факторлар әсер етеді. Алғашқы маңызды фактордың бірі - салаланған көлік желісі және қолайлы магистральдардың болуы. Өндірістік байланыстарды көлік және көлік желісінің дамуынсыз жүргізу мүмкін емес.
Өнеркәсіптің өндіруші салалары үшін құралдар, ауылшаруашылық техникасы, станоктар, кеме, автокөліктер, тоқыма өнеркәсібіне қажет құралдар өндіретін машина жасау кәсіпорындары, негізінен, өнімді тұтыну аудандарында орналастырылады. Машина жасаудың кейбір салаларына шикізат базалары -- машина жасау зауыттары үшін металл балқытатын қара металлургия кәсіпорындарының шоғырлануын ескеру қажет. Металл қажеттілігі жоғары машина жасау салаларына кен-шахталық және мұнай құралдары өндірісі, энергетикалық машина жасау, сонымен қатар кейбір көліктік машина жасау түрлері (мысалы, тепловоз құрылысы) жатады.
Машина жасаудың көптеген салалары өндіріс үдерісінің жоғары еңбекке қажеттілігімен сипатталады. Мысалы, тоқыма станоктарын жасау 1000 сағат еңбек уақытын жұмсайды. Сондықтан машина жасаудың көптеген салалары халық шоғырланған аудандарға орналасады.
Ғылымды көп қажет ететін салаларға прибор жасау, электроника және электротехника жатады. Ғылым қажеттілігі жоғары машина жасауды орналастыру үшін ғылыми зерттеу орталықтары мен әзірлемелер (ҒЗТКЖ) және білікті еңбек күшінің болуы шарт. Машина жасау кәсіпорындарының көп бөлігі қорғаныс өнімдерін шығарады. Сондықтан да оларды орналастыруда ұлттық қауіпсіздікті ескеретін - әскери-стратегиялық факторлар маңызы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Машина жасаудың салалық құрамы
Машина жасау кешенің өзінің құрылымы бойынша күрделі. Ол өндірілетін өнімнің қолданысына, ұқсас технологиялары мен қолданылатын шикізат көзіне қарай салалана береді.
Машина жасау кешенінің салалары
Металлургиялық: блюминг, слябинг, пешке арналған жабдықтар.
Энергетикалық: қазандықтар, турбиналар, генераторлар, моторлар, трансформаторлар, энергетикалық блоктар.
Транспорттық: локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, автомокөліктер, құрылыс-жолдары техникасы.
Ауылшаруашылық машина жасау: тұқым сепкіш машиналар, дестелегіштер, комбайндер, тракторлар, астық тазартқыштар, азық цехтары және т.б.
Тау-кен: мұнай, көмір, газ, кен шығаратын машиналар, таулы комбайндар, экскаваторлар.
Құрал жасау: өлшеуіш құралдар, автоматтық, телемеханикалық.
Тұрмыстық техника: теле және радиоаппаратура, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары, асүй комбайндары және басқалар.
Станок жасау: құрал-жабдық өнеркәсібі, металл өңдеуге арналған станоктар, сүргілеуші, ажарлаушы құралдар.
Электрэнергия өндірісі, таратуы және тұтынуы үшін қажетті машиналар мен құрылғылар электротехникалық машиналар деп аталады. Қазақстанда Алматы төменгі вольтты аппаратуралар зауыты, Семей кабель, Өскемен конденсат, Талдықорған аккумулятор зауыты, Қарағанды электротехникалық құрылғылар зауыты, Ақтөбе рентген аппаратурасы зауыты мен Көкшетау оттекті-тыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
Қонақ үй бизнесі туралы
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу
Диссертация тақырыбы
Тасмалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
Ландшафтық дизайн
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Шаруа қожалығы
ШҚО-ның экономикасының қазіргі жағдайы
Пәндер