Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы

энергетика және байланыс университеті

Ауэс Ауэсов | ВКонтакте

Реферат

Тақырыбы: Бахытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі

Тобы:АУк 21-4

Орындаған: Елемес Аяулым

2021ж

Тұңғыш журналдың неліктен “Айқап” атануы туралы М. Сералин: “Біздің қазақтың неше жерде “қап” деп капы қалған істері көп. “Қап” дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайықтап “Айқап” болды”-дейді.

Осы кезде 1907-1916 жылдар аралығында Б. Қаратаев ел аралап, үгіт-насихат жұмысымен айналысады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсы “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттеріне мақалалар жазды. Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан “Айқап” журналы туралы “Айқаптың” 1911 санындағы “Тұла бойым тұңғышым” атты мақаласында: “Тұла бойым тұңғышым” деп үлкен баласын . . . балаларынан абзалырақ көретін қазақтың ғадеті бар, егер бала жалғыз болса, басқа тапшы адам “жалғызым” деп бегірек ардақтайды.

1909 жылғы 9 маусымдағы Столыпиннің заңы бойынша қазақтардың алдында екі жол тұрды: яғни біреуі, “көшпелі норма” деп аталған жан басына 12 десятина жер беру, екіншісі “отырықшы норма”, жан басына 15 десятинадан жер беру. Қазақ жұрты халі нашарлап, екі жолдың айрығына келіп тоқтап, қай жолға түсерін анық білмей жолаушы сияқты дағдарып, есі кеткен кезге тап болды.

Осыған орай, “Айқаптың” редакторы М. Сералин мен Б. Қаратаев бастаған топ жер мәселесін орыс шаруалары сияқты 15 десятинадан жер алып отырықшы өмірге көшу арқылы шешу қажеттігін уағыздаса, ал “Қазақ” айналасындағы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған топ қазақ жерін көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын бұзбай, сақтауға болатындығын жақтап, дәлелдеп көрсетуге тырысты. Бұл жөнінде “Айқапта”: “Қазақ” пен “Айқаптың” нөмірлері келген

Ауыл тұрғындарының арасында “Отырықшы” өмір сүру керек пе, жоқ па осы төңіректе қызу тартыстар болып жатты. “Айқаптың” редакторы М. Сералин: “Біздің түсінігімізше, шаруа болып, мал бағып, көшпелі қалыпта тұрамыз дейтұғын заманымыз өтті, қайта келмейді. Енді мұнан былай бізге ең пайдалы болған іс тезірек қала салып, егін пайдасына қарайтұғын жерлерді сақтап қалу”- деп жазды.

Осы отырықшы өмірді жақтаушылырдың бірі - Бақытжан Қаратаев та болды. Ол “Айқап” бетіне жариялаған мақаласы бойынша “Қала болайық па, жоқ па!”деген сауалды мәселеге “Қала болған жөн. Аз ғана жараулы жерімізді бөтен алмай, өзіміз алған жөн”, - деп жауап беріп, болашақ ұрпақ қамын ойлауға шақырады.

Алайда қазақ халқы қолдан кетіп бара жатқан жерден алып қалуға тырысты. “Отырықшы болу” мәселесіне қатысты қазақ даласының әр өлкелерінде халық жиналып маслихаттар өткізіп жатты. Мәселен, 1913 жылдың 4 қаңтарында Шымкент өңірінде 30 болыс елдің жиналысы болып, онда екі мәселе төңірегінде, I-ші, жерімізге қала салу, яғни отырықшылыққа көшу, 2-ші әскер алдырмау есебіне 3 тиыннан төлеу ісі қаралады.

Шідерті болысының да елі отырықшы өмірге көшіп, жер өлшетіп алғаны жөнінде хабар түседі. 1909 жылдың ақырына дейін қара шекпен пайдасына 49 переселен учаскелері ашылып, осы жерге 49 поселке салынды. 1910 жылға қарай қоныстандыру мекемесі енді Шідерті болысының бай ауылдарының жерлерін қара шекпенділерге учаске ретінде бөліп беруге ниет қылды. Мұны естіген Шідерті болысының қазақтары мәслихат жасап, “жақсы жерімізді аман алып қаламыз” деп “отырықшылыққа көшу” туралы шешім қабылдады. Патша үкіметінің әріден ойластырған, жүргізілуге тиіс саясатынан сақтанудың жолын Бақытжан Қаратаев көрсетеді. Бақытжан Қаратаев ауылнай Әндіжан Жұманәліұлы екеуі 1910 жылы Орал облысындағы Жымпиты уезінің Шідерті болысындағы қазақтардың мәслихатынан кейін Егіншілік пен Жерге орналастыру Бас басқармасына арыз ұсынады. Бақытжан Қаратаев: “Қайткенде де егістік жерімізді переселениеден аман алып қалу үшін, қала салып отырықшы боламыз. Үшінші дәрежелі қарауыт жерімізге қара шекпен өзі де келмейді. ”, -деп қазақтарға ой салады. Осылайша, Шідерті болысында сегіз көшпенді ауыл үшін жер кестіріп алып, әрі диқан, әрі малшы тірлігін үйлестіре жолға қойған отырықшылар поселкесін салды. Сөйтіп, халықты отырықшы өмірге көшіп, жерді осы жолмен аман сақтап қалуға шақырады

Айқаптықтар патша үкіметінің “отырықшы жұрт нормасына” байланысты құйтырқы саясатының мәні мен астарын түсінді. Осы норма арқылы үкімет өзіне жерді көбірек босатып алуды көздеп отырғанын “Айқап” зиялылары халыққа ұқтырғылары келді. “Отырықшы норманы” алу қажеттілігі жайындағы зиялылардың бағытын отарлау саясатының негізінде қарастырсақ, оның сол кезең үшін дұрыс екендігін айтар едік.

Осы кезеңдегі отырықшылыққа көшуді жақтаған алғашқы ұлттық бейресми басылымдардың бірі - “Қазақстан” газеті болды. 1911-1913 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметінде Бақытжан Қаратаев Елеусін Бұйрын, Ғұмар Қарашевтармен бірігіп “Қазақстан” газетін шығаруға мол үлесін қосады. Газеттің идеологиялық бағыт-бағдары мен мазмұнын белгілеуде Бақытжан Қаратаев өлшеусіз үлес қосты. Соның нәтижесінде “Қазақстан” газеті ағартушылықтың жаршысы, әлеуметтік даму мен жаңару идеясын аңа заман ағымына сай уағыздаған демократиялық мазмұндағы басылымдардың біріне айналды. Оның газет идеологы болғанын мынадан байқаймыз: 1912 жылы Бақытжан Қаратаев “Қазақстан” газетінің редакциясына келген хаттарға шолу жасай отырып, Ғ. Жүсіпов деген азаматтың газетке ақшалай көмек бере алатынын жоғары бағалап, жауап ретінде былай жазады: “Сіз ақшалай көмектессеңіз де болды. Қаламмен газетке рухани көмекті көрсетушілердің бірі біз боламыз” [14. 76б] “Қазақстан” газетінің алғашқы екі номері 1911 жылдың наурыз мамыр айларында Орда қаласында жарық көрген. Мұнда қуғынға ұшыраған редакция кейін Орал қаласына көшіріледі. “Қазақстан” газетінің барлық шыққан саны-16. Газет қаражат жетіспеуіне байланысты біраз уақыт шығуын тоқтатып, тек 1913 жылдың 27 қаңтарында ғана қайта шыға алды. Ол туралы жаңа шыға бастаған “Қазақ” газеті: “Оралский қаласында он шақты нөмірі шығып тоқтаған “Қазақстан” жаңадан шыға бастады . . . “Қазақстанның” 27 қаңтарда шыққан бірінші нөмірі басқармамызға келді”, -деп жазды. Бірақ газетің қайта шыға бастауы ұзаққа бара алмады. Сол жылдың 16 ақпанында шыққан екінші нөмірінен кейін газет өзінің шығуын біржола тоқтатты. [21. 171б] “Қазақстан”өз мақалаларында феодалдық заманның күні өтіп, қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын, отырықшылыққа көшіп, егіншілік, сауда кәсіптерімен айналысу керектігін насихаттады.

Бақытжан Қаратаев сонымен қатар, 1911-1914 жылдар аралығында “Айқап” журналында М. Сералин, Б. Сыртанов, Ж. Сейдалин, Р. Мәрсеков сияқты қайраткерлердің тез арада жалпы қазақ сьезін шақыру туралы идеяларын қолдап, белгіленген тәртіп бойынша, патша үкіметінен арнайы рұқсат алу арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Ондағы мақсаты - ат төбеліндей қазақ зиялыларын қуғыннан, жазалаудан сақтап қалу еді.

1916 жылы қазақ даласынының аспанын қара бұлт қаптады. Маусымның 25 жұлдызындағы патша өкіметінің 19 бен 31 жас аралығындағы қазақ жастарын соғыстың қара жұмысына алу туралы жарлығы ел арасында наразылық тудырды. Пара мен ақшаға белшесінен батқан орыс чиновниктері мен болыстар бір-бірімен ауыз жаласып, жастары 19- ға толмаған немесе 40-тан асқан ауру-сырқау немесе пара бере алмаған қазақтарды қосақтап байлап, Ресей майданының қара жұмыстарына жіберіп жатты. Мұндай озбырлық әрекеттерді өз көзімен көрген Бақытжан Қаратаев баяғы университет қабырғасынан ажырамас досы көкшетаулық юрист Жанша Сейдалинмен бірге Петроградқа арнайы сапар шегіп, IV Мемлекеттік Думаның өкіліне қырғыздар туралы түсінік хатын тапсырады. Бұл хатта олар қазақтарды қара жұмысқа алу жөнінде 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарлықты қайта қарауды талап етеді. Жарлық шыққаннан бері жергілікті билеушілер мен әскери әкімшілік 19 бен 30 жастағыларды ғана емес, пара бергендердің айтуымен жасы 19-ға жетпеген бозбалаларды, 31-ден асып кеткен адамдарды қойдай көгендеп әкетіп жатқандарын ашына айта келіп, бұл Жарлық Мемлекеттік Сенатта арнайы қаралмаған кейін заңсыз деп батыл тұжырым айтады.

Б. Қаратаев Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясын патшаның тақтан құлауын қуанышты оқиға ретінде қабылдайды. 1917 сәуір айында уақытша үкімет соғысты жалғастыра беру мәселесін талқылау үшін Ресей мұсылмандарының съезін өткізеді. Мұны Б. Қаратаевтың большевиктер партиясының қатарына өтуін, екі революция аралығындағы Ресейдегі саяси шиеленіс пен идеялық күрестің жемісі деп қарауға тиіспіз. Ол большевиктердің “жер шаруаларға берілсін”, “зауыттар жұмысшыларға”, “билік Кеңестерге” сияқты тартымды ұрандардың арбауына түсіп, Кеңес үкіметі жағына өтеді.

Сонымен, II Мемлекеттік Дума депутаты болған Б. Қаратаев сол кездегі ең өзекті мәселе болған жер мәселесін шешу үшін басқа да қазақ депутатарымен бірлесе белсенді әрекет етті. Ол сондай-ақ Дума жұмысында аграрлық, ар-ождан, ұсыныс білдіру комиссияларының құрамында жұмыс жүргізген болатын. 1907 жылғы Думаның 16 мамырдағы 39 пленарлық отырысында Бақытжан Қаратаев сөз сөйлеп, сөзінде ол бұл жүргізіліп жатқан саясаттың түпкі мақсаты Ресей ішіндегі 13 помещиктің мүддесін қорғау үшін, жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып беріп отырғандығын ашық айтады. Бұл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді. Алайда, патшаның 1907 жылғы 3 маусымдағы заңы бойынша Дума таратылып, қазақ сияқты шет аймақтағы халықтар келесі Мемлекеттік Думаға сайлау құқығынан айырғанына қарамастан, Б. Қаратаев Мұсылмандар фракциясы арқылы қазақтың мүддесін көздейтін ұсыныстарын жіберіп отырды. 1907-1916 жылдар аралығында Б. Қаратаев “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттері арқылы феодалдық заманның күні өтіп, қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын, отырықшылыққа көшіп, қала болып егіншілік, сауда, білім-ғылымға көңіл бөлу керектігін насихаттады. Қазіргі күнгі көзқараспен қарағанда сол кезең үшін бұл екі пікірдің де дұрыс екендігіне көз жеткізіміз.

Бақытжан Қаратаев - патша өкіметінің саясаты салдарынан туған жеріндегі қиындықтарды көзімен көріп, жан дүниесімен сезініп, халқының азаттығы үшін бар ғұмырын сарп еткен батыл күрескер. Бақытжан Қаратаевтың саяси көзқарасының қалыптасуы Санкт-Петербургтағы студенттік жылдарынан бастау алып, қоғамдық-саяси қызметінің басталуын 1905-1907 жылдардағы революцияда Орал және Торғай қазақтарының атынан жолданған петицияны даярлауға қатысуынан, 1905 жылы Орал қаласында өткен бес облыстың делегаттық сьезінде “Қазақ конституциялық демократиялық партиясын” құрудағы әрекетінен көруге болады. II Мемлекеттік Дума депутаты болған Б. Қаратаев сол кездегі қазақ қоғамы үшін ең өзекті мәселе болған жер мәселесіне ерекше көңіл бөлді. 1907 жылғы Думаның 16 мамырдағы 39 пленарлық отырысында Бақытжан Қаратаев сөз сөйлеп, сөзінде ол бұл жүргізіліп жатқан саясаттың түпкі мақсаты Ресей ішіндегі 13 помещиктің мүддесін қорғау үшін, жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып беріп отырғандығын ашық айтып, патша әкімшілігінің отарлау саясатын сынады. Б. Қаратаев “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газеттері арқылы феодалдық заманның күні өтіп, қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, отырықшылыққа көшіп, қала салып, егіншілік, сауда, білім-ғылымға көңіл бөлу керектігін насихаттады.

Б. Қаратаев Ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы алды. Алайда, 1917 сәуір айында Ресей мұсылмандарының съезінде Б. Қаратаевтың большевиктер партиясын қолдайтын пікірінен оның қазақ зиялыларымен көзқарастарының қарама-қайшы келгендігін аңғаруға болады. Біз Б. Қаратаевтың большевиктер партиясының қатарына өтуін, екі революция аралығындағы Ресейдегі саяси шиеленіс пен идеялық күрестің жемісі деп қарауға тиіспіз. Ол большевиктердің “жер шаруаларға берілсін”, “зауыттар жұмысшыларға”, “билік Кеңестерге” сияқты тартымды ұрандардың арбауына түсіп, Кеңес үкіметі жағына өткен болатын.

Азамат соғысы жылдарында 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ елін басқаратын Революциялық Комитет құру туралы декрет жариялайды. 1919 жылдың 24 шілдесінде Ленин қол қойған мандат бойынша Б. Қаратаев Қазақ революциялық комитетінің мүшесі ретінде тағайындалып, Б. Қаратаев заң (юстиция) бөлімінің меңгеруші қызметін атқарады. Қаратаевтың революциялық комитет жүргізген саясатка күмәнданған кездерде аз болмады. Өмірінің соңында бұл күдіктері күшейе түскен болатын. Себебі, Б. Қаратаев большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізумен дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен безіндіретін ілімінің астарын, мақсатын дер кезінде түсіне білді. Большевиктердің құйтырқы саясатына әбден қанық болған Бақытжан Қаратаев 1927 жылы партия қатарынан өз еркімен шығады. 1921-1924 жылдары ол Ақтөбе қасында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін, өмірінің соңында ғылыми-шығармашылық жолға бет бұрған болатын.

Қорыта келе, Қазан төңкерісі орнағаннан кейін елде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан қазақ азаматтарының бірі- Б. Қаратаев болды. 1918 жылы 13 наурызда Орал қаласында өткен Облыстық жұмысшы, шаруа, солдат депутатарының съезінде Б. Қаратаев облыстық Совдептің мүшелігіне сайланып, юстиция комиссары болып тағайындалады. Алайда елдегі орын алған саяси билік үшін күресте Орал қаласындағы “облыстық әскери үкімет” көп кешікпей жергілікті советті таратып, бүкіл өкімет билігін қолына ала бастайды. Саяси тұтқын ретінде ұсталған Б. Қаратаев Орал түрмесінде өмірінің ең қиын сәттерін басынан өткізеді. Соғыс жылдарындағы қиын сәттерге қарамастан, Б. Қаратаев түрмедегі саяси тұтқындардың басын біріктіру арқылы өздерінің күресін тоқтатпаған еді. Орал қаласының 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев бастаған дивизияның қаланы азат етуі арқасында босатылып, өлім жазасынан құтқарылады. Сол жылы 4-армияның революциялық әскери кеңесінің ұйғарымымен Орал облыстық революциялық комитет құрылып, мүшелерінің бірі ретінде Бақытжан Қаратаев кірді. Азамат соғысынан елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ елін басқаратын Революциялық Комитет құру туралы декрет жариялайды. 1919 жылдың 24 шілдесінде Ленин қол қойған мандат бойынша Б. Қаратаев Қазақ революциялық комитетінің мүшесі ретінде тағайындалып, заң (юстиция) бөлімінің меңгеруші қызметін атқарады. Қаратаевтың революциялық комитет жүргізген саясатка күмәнданған кездерде аз болмады. Өмірінің соңында бұл күдіктері күшейе түскен болатын. Себебі, Б. Қаратаев большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізумен дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен безіндіретін ілімінің астарын, мақсатын дер кезінде түсіне білді. Большевиктердің құйтырқы саясатына әбден қанық болған Бақытжан Қаратаев 1927 жылы партия қатарынан өз еркімен шығып, 1921-1924 жылдары ол Ақтөбе қасында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін, өмірінің соңында ғылыми-шығармашылық жолға бет бұрған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
«Айқап» журналы
«Айқап» журналы және ХХ ғ.б.әдебиеттің даму мәселелері (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
М. Сералиннің шығармашылығы
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Жұмағали Тілеулин – ХХ ғ. көрнекті қайраткері
Алғашқы қазақ заңгері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz