Күшті дамыту үшін жаттығулар кешені



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті КеАҚ
Оңалту бөлімі, спорттық медицина және дене шынықтыру

Реферат

Тақырыбы: Күштің физикалық сапасын тәрбиелеу

Орындады: Омарова А.
Факультет: жалпы медицина
Топ: 110 топ
Қабылдады: Есеева А.

Нұр-Сұлтан
2021

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Күштің физикалық сапасын тәрбиелеу
Күшті дамыту үшін жаттығулар кешені
Күшті дамыту амалдары мен әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер

Кіріспе
Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан - тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.
Болашақ мамандарды кәсіптік және қимылдық даярлауда бұлшықеттің күшін дамыту маңызды орын алады.
Бұлшықет күші -- бұл адамның кедергіні жеңу қабілеті, яғни бұлшықеттің тырысуы арқылы оған қарсы тұру. Өндірісте де, үйде де көптеген жұмыс түрлері бұлшықет күшіне жоғары талаптар қояды. Бұл пайдалы қазбаларды іздеу, өндіру, жерасты, құрылыс, бұрғылау, ағаш кесу, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстар. Кез-келген қозғалыс (өндірісте, үйде және спортта) бұлшықет күшіне жұмысқа қабілеттілікті анықтайтын физикалық қабілеттердің бір түрі ретінде негізделген. Күш көбіне төзімділік пен шапшандыққа байланысты.
Бұлшықеттің күші екі негізгі режимде көрінеді: изотоникалық және изометриялық. Изотониялық режімінде бұлшықеттер жиырылу (қысқартылу немесе жиырылу) арқылы қозғалыс жасайды (динамикалық күш).
Изометриялық режімінде бұлшықеттер ширығады, бірақ қозғалыс жасамайды (статикалық күш). Динамикалық, статикалық және аралас күштер жүйке-бұлшықет тырысуының әртүрлі деңгейлерімен орындалады.
Бұлшықет күшінің білінуі келесі факторларға байланысты:
ОЖЖ жайғдайына;
Бас ми қабатының тиісті қызметіне;
Физиологиялық қөлденең жолақты бұлшықет;
Бұлшықетте болып жатқан биохимиялық процесстер.
Өзіндік күштік (статикалық режимде білінетін), жылдамдық-күштік (динамикалық режимде білінетін), сондай-ақ жарылғыш күшке (ең кішкене уақыт кезеңінде күштің көп мөлшерін көрсету мүмкіндігі) бөлінеді. Жылдамдық-күштік тырысулар меңгеру мен жол беру болып бөлінеді. Мысалы, жатып тіреу кезінде қолды бүгіп және жазу кездегі бүгу жол беру болып, ал жазу меңгеру болып саналады.

Күштің физикалық сапасын тәрбиелеу
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:
Жеңу тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет жиырылады, қысқарады. Мысалы, белтемірде тартылу.
Көну тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет созылады, ұзарады. Мысалы, белтемірден төмен түсу, салбырау.
Қозғалмайтын (статикалық) тәртіп. Бұл кезде бұлшық ет ұзындығы өзгермейді. Мысалы, белтемірде асылып тұрып, екі аяқты кеудеге бұрыш жасай көтеріп, бірнеше ондаған секөнд ұстап тұру.
Күштің пайда болу түрлері:
Жеке күш мүмкіншілігі статикалық кезде (дене қалыбын ұстау) және ақырын қозғалыс кезінде пайда болады. Мысалы, еденнен жай қарқында итерілу, аспа темірде тартылу, шалқадан жатып кеудені көтеру жаттығуларын жасағандағы спортшының өз күш мүмкіншілігін көреміз.
Күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғары нәтижеге жетеді. Мысалы, жеңіл атлетикадағы диск, ядро, граната, найза лақтыру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жаттығулары.
Бірдей жаттығу жасау кездегі адамның күші дене салмағына байланысты. Абсолюттік және салыстырмалы бұлшықет күші ұғымы бар.
Абсолютті күш -- бұл адам өзінің дене салмағын ескерместен көрсете алатын максималды күші.
Салыстырмалы күш -- меншікті массаның бірлігіне келетін күш.
Әр түрлі салмақтағы адамның күшін салыстыру үшін салыстырмалы күш деген ұғым пайдаланылады. Бұл - 1кг адам салмағына келетін күш мөлшері. Спортшылардың салмағы өсуімен бірге абсолюттік күші де көбейеді, ал салыстырмалы күші азаяды. Жаттығушылар абсолюттік немесе салыстырмалы күштерді спорт түрлеріне байланысты дамытады. Мысалы, жеке сайыстағы спортшыларға (ауыр салмақ дәрежесіндегілер), лақтырушыларға (найза, граната) абсолюттік күш қажет, ал гимнасттарға, акробаттарға, палуандарға, жеңіл салмақ дәрежесінде штанга көтеретін спортшыларға салыстырмалы күш керек, ол күш неғұрлым көп болса, соғұрлым спортшылардың дене дайындығы жоғары болмақ.

Күшті дамыту үшін жаттығулар кешені
Күштің даму дәрежесі түрлі конструкциялардың динамометрлері көмегімен өлшенеді.
Күштемелі жаттығулар кедергілік сипатына байланысты келесі топтарға бөлінеді: сыртқы кедергісі бар жаттығулар, серіктестің қарсы әрекеттесуі жаттығулары, сыртқы ортаға қарсы әрекеттесу жаттығулары, жалпы гимнастика жаттығулары (кермеге тартылу, қолды тіреуішке бүгу және жазу және т.б.).
Дененің пішіні мен салмағын, бұлшықеттер рельефін үйлесімді дамытып, күштемелі жаттығуларды орындау кезінде бұлшықеттің жиырылуын бақылайтын үйлестіру мүмкіндіктерін жақсарту үшін, мүмкіндігінше барлық негізгі бұлшықет топтарын қамту керек. Еңбек және өмір жағдайында ең маңызды болып табылатын бұлшықет топтарының дамуына баса назар аудару керек. Бұған омыртқа бағанасының бүккіштері пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИКЕМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістері
Баланың күшін дамыту
Батыс дәстүрлі емес жаттығу жүйелері
Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары
МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Аэробика бойынша фитнес-бағдарламалар. Олардың түрлері, сипаттамасы, міндеттері, құралдар мен әдістемелік ерекшеліктері
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Дене тәрбиесі міндеттері
Пәндер